This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👨⚖️Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды
Бұл туралы Антикор хабарлады.
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Оларға сотталушыны бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау сылтауымен 18 млн теңге заңсыз сыйақы алу жолымен алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айып тағылды. Сотта айыпталушылар кінәлі деп танылды.
Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Орман өртін дер кезінде анықтау үшін спутниктік, космостық әдістерді жеткілікті мөлшерде пайдалана алмай отырмыз.
«Түскі формат» бағдарламасында қонақта болған Қазақстанның табиғатты қорғау ұйымдары қауымдастығының мүшесі Талғат Кертешев осындай пікір білдірді.
Шалғайдағы орман шаруашылығы мекемелерінде тіпті интернет желісі жоқ. Рацияларының қашықтығы әрі кетсе 15 шақырым жерге дейін барады. Сондықтан өрт шыққан бойда дер кезінде хабар беру мүмкіндігі аз. Елде дала өрттерінің біраз аумаққа жайылып кеткеннен кейін бірақ мәлім болып жататыны содан,-дейді эколог.

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қарулы шабуыл жасалған Руслан Берденовтың жағдайы қазір тұрақты ауыр деп бағаланып жатыр. Шымкент әкімінің орынбасарына төрт сағатқа созылған ота жасалды. Оның өміріне қауіп жоқ.
Еске сала кетейік, 21 сәуір күні кешке шенеунікке аңшы мылтығымен үш рет оқ атылған. Оқ оң жамбас пен иыққа тиген. Шабуыл жасаған күдікті ретінде әкімдікке қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС қызметкері Ернар Жиенбайұлы ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Руслан Берденов ақпан айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Оған дейін екі жыл мәжіліс депутаты болған.

Астанада КНБ қызметкерінің мәйіті табылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл хабарды түнде жариялады. Мәліметтерінше, мәйіт тұрғынүй кешенінің ауласында табылған. Не болғаны белгісіз. Полиция тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл хабарды түнде жариялады. Мәліметтерінше, мәйіт тұрғынүй кешенінің ауласында табылған. Не болғаны белгісіз. Полиция тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Мұнай бағасы төмендеді
Қара алтын құны бір күнде бірден 3 пайызға арзандады. АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер әлемдік нарыққа өз әсерін берді. Қос тарап соңғы рет Римде бас қосып, ядролық бағдарламаны ортақ талқыға салған. Сарапшылар, екіжақты мәміле оң нәтижелі боларына сенімді.
Даулы мәселе атыс-шабыссыз шешіліп, сәйкесінше мұнайға салынған санкцияларда күшін жоюы мүмкін.
Қазір Brent маркасы 2 пайызға арзандап, бір баррелі 66 доллар 53 центке саудаланып жатыр. WTI шамамен 3 пайызға құнсызданған. Қазір оның бағасы 63 долларға тең.

Доллар 3 жылдағы ең төменгі деңгейге құлдырады
Доллар күрт арзандады. Жыл бастала әлемдік экономиканы әбігерге салған көк қағаз 3 жылдық ең төменгі деңгейге бір-ақ түсті. Инвесторлар АҚШ-тағы жағдайды үрейлене бақылап отыр. Себебі, америка өз ішінде тайталасқа түсті.
Ел Президенті Дональд Трамп пен Федералды резервтік жүйе төрағасы Джером Пауэлл арасында текетірес басталды. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Трамп командасы орталық банк басшысын қызметінен босату мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген. Бұл доллар бағамын құлдыратты. Бір күн бұрын оның құны 1 пайызға арзандап, өзге валюталар үшін 98 доллар 38 центке бағаланған. Бүгін тағы құнын жоғалтқан америкалық купюра 97,92 деңгейінде саудаланып жатыр.
Саяси қақтығыстың өршуінен Уолл-стрит те күрт төмендеді. Барлық үш негізгі индекс көрсеткіштері бір мезетте құнын жоғалтты.

Atameken Business - Жаңалықтар
Гарвард шетелдік студенттерді қабылдау құқығынан айырылуы мүмкін. АҚШ Президенті Дональд Трамп әйгілі оқу орны өз мәртебесін асыра пайдаланып отыр деп айыптады. Университет барлық салықтан босатылған. Қазір Ақ үй билігі оған қарсы күресті күшейтті. АҚШ-тың…
Гарвард университеті Трамп әкімшілігін сотқа берді
Әйгілі оқу орны 2 млрд доллардан астам үкіметтік қаржыландыруды тоқтатқан Трамп әкімшілігінің үстінен шағымданып, федералдық сотқа жүгінді.
Дональд Трамп президент болғалы бері оқу орындарында солшыл идеология және антисемитизммен белсенді күресіп келеді. Ол Газадағы қақтығыс басталғалы колледж кампустарында күшейген Израильге қарсы жаппай наразылықты осындай үрдістердің көрінісі деп санайды.
Мұндай талаптар бірқатар университетке, соның ішінде Принстон мен Колумбияға да қойылды. Алайда әкімшіліктің әрекетіне сотқа бірінші болып Гарвард университеті шағымданды.

Классик қаламгер Әкім Тарази дүниеден өтті.
Белгілі жазушы 91 жасында қайтыс болды.
Жақындарына және көзіқарақты оқырман қауымға көңіл айтамыз🕊️
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Белгілі жазушы 91 жасында қайтыс болды.
Жақындарына және көзіқарақты оқырман қауымға көңіл айтамыз🕊️
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Көшедегі валюта бағамы жазылған таблоларды алып тастау ұсынылды. Бұған көзқарасыңыз?
Anonymous Poll
42%
Иә. Мүлде қажеті жоқ. Интернеттен тауып алуға болады
46%
Қарсымын. Бұл ыңғайсыздық тудырады, жедел ақпаратқа қолжетімділікті шектейді
11%
Нақты жауап беру қиын. Егер жол белгілерін жауып, қозғалысқа қауіп төндірсе, тыйым салу қажет
2%
Сіздің пікіріңіз...
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев пен Бердімұхамедов газ саласындағы серіктестікті кеңейту мәселесін талқылады
Нақты айтқанда, Қазақстан тарапының шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді.
Мемлекет басшысы «Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Булдак» темір жол құрылысының жобасына назар аударып, аталған жоба табысты жүзеге асса, көлік бағыттарын әртараптандыруға, экспорт нарықтарын кеңейтуге жол ашатынын айтты.
Сонымен қатар Солтүстік – Оңтүстік бағытындағы транзит әлеуетін арттыруда «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жол магистралы мен құрылысы жүріп жатқан «Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы» автокөлік жолы маңызды рөл атқарады.
Бұдан бөлек, Қазақстан тарапы Түрікменстанға мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ IT-мамандардың біліктілігін арттыру ісінде жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Forwarded from AB Silk Way
2024 жылы Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, туристік мақсатпен 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Оның ішінде 10,4 млн адам елде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енді.
Туризм және спорт министрлігі келтірген ресми статистикаға сәйкес, шетелдік меймандардың елімізде орташа болу мерзімі – 4 күн. ТМД елдерін есепке алмағанда, Қазақстанға ең көп турист келген елдердің тізімі келесідей:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сарапшы: Ақша айырбастау пунктерін цифрландыруды бастау керек
Адамдар валютаны айырбастау үшін қашанғы айырбас пунктеріне барып жүреді? Қаржы нарығының сарапшысы Бауыржан Мұқанов бұл саланы да біртіндеп цифрландыруға көшіру қажет деп санайды. Сөзінше, бұл ақша айналымындағы ашықтықтың кепілі болады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Адамдар валютаны айырбастау үшін қашанғы айырбас пунктеріне барып жүреді? Қаржы нарығының сарапшысы Бауыржан Мұқанов бұл саланы да біртіндеп цифрландыруға көшіру қажет деп санайды. Сөзінше, бұл ақша айналымындағы ашықтықтың кепілі болады.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сауда соғысы ушығып барады: Енді Қытай сес көрсетті
Валюта нарығында әлі тұрақтылық жоқ. Доллар соңғы 2 аптаның ішінде 22 теңгеге қымбаттады. Әсіресе, Трамптың тариф саясаты елдегі америка банкнотасының курсын күрт көтеріп жібергені бар.
Курс.кз сайтының мәліметінше, қазір Астананың айырбас бекеттерінде көк қағаз 522 теңгемен саудаланып жатыр. Доллармен қоса еуроның да шарықтағаны байқалады. Еуроодақ ресми ақшасының бағамы 600 теңгеден асып кетті. Қара алтын базарындағы бағалардың төмендеуін алға тартқан сарапшылар: «алдағы уақытта валюта курсы шарықтай беруі мүмкін» дейді.
Оған қоса, Қытай Вашингтонмен ымыраласқан елдерге сес көрсетіп отыр. Ресми Бейжің нендей ескерту жасады? Енді жаһан экономикасын һәм Қазақстанды не күтіп тұр?

Өз валютасын құлдыратқан Ақ үйдің көздегені не?
Ақ үй долларды қолдан құлдыратып жатыр. АҚШ-тың бас қаржыгеріне сөзі өтпеген Трамп ережесіз ойын бастады. Салдарынан көк қағаз 3 жылдықтағы ең төменгі деңгейге бір-ақ түсті. АҚШ валютасымен қатар қор нарықтары да құлап жатыр. Сарапшылар саяси текетірестің салдары әлемді қымбатшылық жайлай ма деп алаңдаулы. Жаһан экономикасы құбылған тұста Қазақстан қайтпек?