Atameken Business - Жаңалықтар
24.2K subscribers
8.81K photos
3.77K videos
4 files
15.5K links
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шерзат Полаттың жақын-жуықтары 9 сотталушының біріне кешірім берді.

Ол күдіктілердің ішіндегі ең жасы, мектеп оқушысы - Думан Ысқақ. Марқұмның әкесі "оның бұл іске мүлде қатысы жоқ, керісінше, оқиға болған жерден оған қаш деп айттым" деп еске алады. Оның сөзінше, қалғандары жазаға лайық. Өйткені, ұлына аяушылық танытпады. Және қанды оқиға басталмай тұрып, топта болған жігіттің бірі «хуторскиймін, Хутордың жігіттеріміз» деп таныстырған. Қаржаубай Нұрымов бұл сөзден қатты сескеніп қалғанын жасырмады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Президент Ресейдің Энергетика министрін қабылдады

Сергей Цивилев Владимир Путиннің хабарламасын жеткізді.

Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын энергетика саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!🌷

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Трамп салықтық тарифтерді уақытша тоқтатты.

Мұндай шешімге елдегі Қаржы және Сауда министрлері ықпал еткен. Алайда, бұл бастаманы Трамптың сауда жөніндегі кеңесшісі Питер Наварро мүлдем қолдамаған. Ол керісінше, еселенген алымдарды енгізуді талап еткен.

Ай басында жарияланған баж салығы қор нарығын күрт құлдыратты. Бұл Ақ үйде үлкен алаңдаушылық туғызды. Қазір Трамптың қатаң салықтық саясаты қайта қаралуда. 9 сәуірде Трамп келіссөздер жүргізуге дайындық білдірген елдерге қатысты баж салығын арттыруды 90 күнге тоқтататынын мәлімдеді. Бұл елдер үшін импорттық тариф мөлшері 10% деңгейінде сақталады. Мұндай жеңілдікке көршілес жатқан Канада мен Мексика да ие болды.

Тек Қытай мен АҚШ арасындағы тайталас өршіп тұр. Қарсылас қос тарап бір-біріне 100 пайыздан артық мөлшердегі салықтарды енгізген болатын.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Израиль өз қателігін мойындады

Израиль әскері 15 дәрігерді қателесіп атып өлтіргенін мойындады. Ел билігі бұны «кәсіби қателік» деп бағалаған. Еврей сарбаздары Газада гуманитарлық миссия құрамында жүрген ақ халаттыларға жасаған шабуылды ХАМАС ұйымымен байланыстырды. Олар қаза тапқандардың бірі лаңкестермен ауыз жаласқан деп айыптаған.

Алайда, мәліметті растайтын дәлел болмады. Қайғылы жағдай осыдан бір ай бұрын 23 наурызда болды. Түнде Қызыл Жарты Ай палестиналық ұйымының жедел жәрдем көлігі, Біріккен ұлттар ұйымы мен Газа азаматтық қорғанысының өрт сөндіру машинасына шабуыл жасалған. Көлік ішіндегі қарусыз дәрігерлер түгелдей мерт болды. Қызыл Жарты Ай және басқа да халықаралық ұйымдар дабыл қағып, әділ тергеу жүргізуді талап етті.

Израиль билігі тексерістен кейін Голани атқыштар бригадасының батальон командирінің орынбасарын қызметінен босатты. Ол түнде жедел жәрдемді ХАМАС көлігімен шатастырды деген тоқтамға келген.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Президент Моңғолиядағы елшіні ауыстырды.

Ғабит Қойшыбаевты босатып, орнына Алмас Сейтақыновты отырғызды.

Бұған қоса, Шри-Ланкаға - Сергей Викторовты, Швецияға - Олжас Сүлейменовты дипломат етіп жіберді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Зеленский Путинге атысты тоқтатудың жаңа форматын ұсынды.

Украина президенті көтерген жаңа бастама 30 күндік бітім аясында азаматтық инфрақұрылымды зымыранмен, сондай-ақ ұзақ қашықтықтағы ұшқышсыз ұшақтармен соққы беруді тоқтату. Зеленский бұл туралы өз ойымен телеграм желісінде бөлісті.

Бұған дейін қос тарап Пасха мейрамына орай қанды қырғынды бір күнге тоқтатқан болатын. Араға үш жыл салып кеше түнде Украина аспанында тыныштық орнады.

Десе де, Зеленский Мәскеудің уақытша келісімді 2 мың рет бұзғанын мәлімдеді. Кремльде Киевті дәл солай айыптады. Енді Украина Президенті қарымта соққы бермей, екіжақты бітімге ұмтылатынын жеткізді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
«Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржылық пирамидаларының қызметі тоқтатылды

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, пирамида ұйымдастырушылары салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген.

Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңге болған, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды.

Мысалы, «Warner Bros» жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін «есептелетін» сыйақылар алған.

Тергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды.

Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Борышкерлерден тартып алынған мүлікті аукционда өз ыңғайына қарай сатып жүргендер бар.

Соның арқасында ұшан-теңіз пайда тауып отыр. Ал борышкерлерге айтарлықтай нұқсан келуде. Өйткені олар айырмашылықты өтеуге міндетті.

Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты.

Сөзінше, аукционды өткізушілер бастапқыда бағаны негізсіз көтеріп өткізбей тастайды. Артынша, құнын түсіріп, өздері (не жақындары) сатып алады.

Мысалы, Астана қаласында сауда-саттық кезінде аукцион жеңімпазы мүліктің құнын 1 сек ішінде растаған. Нәтижесінде мүлік небәрі 7,5 млн теңгеге сатылды, бұл нарықтық құнынан 100 млн теңгеден 13 есе төмен.

Осыған ұқсас мысал Ақмола облысында болды, онда дәл осындай схемамен 2 млн теңгеге жер учаскесі өткізілген, бұл мүліктің бағалау құнынан 15 есе аз.

Бұл мәселеге тосқауыл қою үшін Заңға түзету енгізу көзделіп отыр.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Астанада сот орындаушысы бір жыл бойы алиментті ұрлаған

Бұған қоса, баланың анасына аударудың орнына өзінің жақын адамына 1 миллион теңгеге жуық ақшаны аударған.

Бұл туралы депутат Снежанна Имашева айтты.

Бас прокуратура 2022 жылы тексеру кезінде еліміздің алты өңірінде 700-ге жуық уақтылы аудармау фактісін анықтады.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент экобелсенділермен «Жастар» саябағында ағаш екті

«Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Рим Папасы Франциск қайтыс болды. Понтифик 88 жасында өмірден озды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Forwarded from AB Silk Way
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🦿 Бейжіңде роботтар алғаш рет жартылай марафон жүгірді

19 сәуірде Бейжіңде әлемде тұңғыш рет адамға ұқсас роботтар арасында жартылай марафон өтті. Оған Қытайдың түрлі өңірлерінен келген 20 команда қатысты. Қатысушылар қатарында университеттер, зерттеу орталықтары мен технологиялық компаниялар болды.

Жеңімпаз – Tiangong Ultra атты робот. Ол 21 шақырымды 2 сағат 40 минутта жүгіріп өтті. Роботты Бейжіңдегі гуманоидты роботтар жасау орталығы құрастырған.

Роботтар жарыс кезінде асфальт, тас жол, шөп және еңісі бар жерлерден өтті. Мұндай жолдарда жүгіру үшін тепе-теңдік пен қимылды нақты басқару қажет болды.

Жарыс ережесіне сәйкес, роботтарға жарыс кезінде батарея ауыстыруға және жөндеу жасауға рұқсат берілді, бірақ оған кеткен уақыт жалпы нәтижеге қосылды.

Айта кетейік, былтыр Қытай спортшысы Хэ Цзе жартылай марафонда 1 сағат 3 минутта жеңіске жеткен, бірақ кейін ол нәтиже күшін жойды — себебі оған басқа спортшылар көмектескен.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Енді Астанадағы ағаштар есепке алынады

Ал қала тұрғындары QR кодтың көмегімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиісті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.

Бұл жайында Президентке елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспарын таныстыру кезінде Жеңіс Қасымбек айтты.

Қала әкімі биыл Астанада 1 млн-нан астам түп жасыл желек егу жоспарланғанын жеткізді. Сонымен қатар 180-нен аса қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру көзделіп отыр.

Аталған жұмыстар шаһардың тарихи көшелерінде, Президент саябағында, Үкімет үйінің айналасында, Есіл өзенінің жағалауында, «Мыңжылдық» аллеясында, Триатлон паркінде, Greenline бульварында, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал және басқа да көшелердің бойында жүргізіледі.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Forwarded from AB Silk Way
🦠 АҚШ: Пандемия Ухань зертханасынан тараған

Ақ үй өз сайтында коронавирус пандемиясы Ухань қаласындағы зертханадан тарады деген нұсқаны «нағыз шығу тегі» деп атады. Бұл бетте сол пікірді дәлелдеуге тырысқан аргументтер берілген.

Мұндай тұжырым бұған дейін 2024 жылы АҚШ Конгресіндегі республикалық партия өкілдері дайындаған баяндамада да айтылған. Олар вирустың табиғатта кездеспейтін белгілері бар деп мәлімдеген.

Алайда демократтар бұл пікірмен келіспей, өздерінің жеке баяндамасын жариялаған. 2025 жылдың қаңтарында АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы да осы зертханадан тарады деген нұсқаны қолдаған, бірақ нақты дәлел ұсынбаған.

Қытай тарапы бұл айыптауларды бірнеше рет теріске шығарып, пандемия тақырыбын саяси құралға айналдырмауға шақырып келеді.

✈️ t.me/atamekenbusiness_silkway
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келді

Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көрермен: Ауыл халқы дала өртін өз күшімен сөндіруге мәжбүр

Дала өрті шықса, ауыл, аудан әкімдіктерінің оған қарсы тұратын мүмкіндігі жоқ. Ал арнайы көмек 5-6 сағат күттіріп келеді. Сондықтан шалғайдағы жұртшылық тілсіз жаумен өз күшімен күресуге мәжбүр болады.

Малдың жайылымы мен қысқы азығын қорғау үшін ауыл тұрғындары жұмылып, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Осы ретте әрбір ауыл әкімдігін бір өрт сөндіру құрылғысымен қамтамасыз ету аса маңызды деп санаймыз.

Мұндай құралдардың болуы өрттің алдын алуды және оны дер кезінде сөндіруді әлдеқайда жеңілдетер еді. Арнамыздың Телеграм парақшасына көрермен осында пікір қалдырыпты.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы комитетінің бас маманы Елдос Зияда жағдайды реттеу үшін қандай шаралар қолға алынып жатқанын түсіндіріп берді.