Arasha
117 subscribers
3.93K photos
582 videos
5 files
7.03K links
Ақпараттық-құқықтық сайт. Оқыңыз! Көріңіз! Талқылаңыз!
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысы Қордай ауданында рейд кезінде кафе әкімшісі полицияның заңды талабына бағынбай, тәртіп сақшыларын балағаттап, қарсылық танытқан. Ол хаттама толтыруға кедергі келтіріп, заттар лақтырып, учаскелік инспекторға қол жұмсауға әрекет жасаған.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 378 және 380-баптары бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Соңғы айларда Қазақстандағы ең көп талқыланған компаниялардың бірі – “VD Stroy Engineering”. Әсіресе журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық істен кейін бұл атау қоғам назарынан түспей қойды.

Бірі компанияны ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып жүрген құрылыс алпауыты дейді. Енді бірі оның айналасында ықпалды адамдар тұр деп күмәнданады. Әлеуметтік желіде түрлі болжам, байланыс, «жоғары жақтағы қолдау» туралы әңгіме көбейді.

Осы даулардан кейін “VD Stroy Engineering” компаниясының жетекшісі Азамат Усимбеков алғаш рет ашық сұхбат беріп, қоғамда жүрген негізгі сұрақтарға жауап қайтарды.

https://arasha.kz/20127-biz-prezidenttin-tuysy-emespiz-azamat-usimbekov-algas-ret-barlyq-aiypqa-zauap-berdi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. 12-қабаттағы өткел балконның жиегіне шығып кеткен кішкентай баланы тұрғындардың бірі дер кезінде байқап қалған.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам бірден лифтімен жоғары көтеріліп, баланы қауіпсіз жерге алып шыққан. Абырой болғанда, оқиға адам шығынымен аяқталмады.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала пәтерден өздігінен шығып кеткен. Сол сәтте әкесі қатты ұйықтап жатқан болған.

Көпшілік әлеуметтік желіде ер адамның батылдығына алғыс айтып жатыр. Белгілі болғандай, баланы құтқарып қалған азаматтың есімі — Нұрбек.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысы Түрген маңында екі «зебраның» жүгіріп жүрген видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Алайда көпшіліктің таңданысын тудырған жануарлар шын мәнінде ақ түске боялған есектер болып шықты.

Иесінің айтуынша, жануарларды демалыс базасына туристердің назарын аудару мақсатында бояған. Сондай-ақ ол қолданылған бояудың жануарларға зиянсыз екенін мәлімдеді.

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, алдын ала мәлімет бойынша, «жолақты» есектердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі таңда аталған жағдайға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дабыл сигналы қосылды. Экипаж орындарына жайғасып, қозғалтқыштар іске қосылады.

АҚШ-тың әйгілі B-52 Stratofortress стратегиялық бомбалаушысы бірнеше минут ішінде ұшуға толық дайын күйге өте алады.

Мұндай маневр «қырғи-қабақ соғыс» кезеңінде арнайы әзірленген. Оның басты мақсаты — қарсылас зымырандары әскери базаларды жойып үлгермей тұрып, америкалық ядролық бомбалаушыларды әуеге көтеру болған.

Ондаған жыл өтсе де, алып бомбалаушы дәл осы миссияға арналған жаттығуларды әлі күнге дейін жалғастырып келеді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әзербайжанныңастанасы Баку қаласында қалалардың болашағы, экология және тұрақты дамумәселелеріне арналған әлемдегі ең ірі халықаралық алаңдардың бірі — 13-шіДүниежүзілік қалалық форум (WUF13, World Urban Forum) өтті. Форумға әлемнің 182елінен өкілдер, халықаралық ұйымдар, сарапшылар, үкімет және азаматтық қоғаммүшелері қатысты. Фору

маясында «Climate Resilient Cities and Communities across the Caspian Region:Unlocking Climate Finance for Urban Adaptation» атты экологиялық сессияда Жаңаадамдардың AntiTrash азаматтық науқанының өкілдері Каспий теңізі мәселесінкөтерді. Каспий өңіріндегі климатқа төзімді қалалар туралы талқылау адамныңтабиғатқа, елге және айналасындағы ортаға деген жауапкершілігі туралы тақырыпқаайналды. Осығандей

ін Жаңа адамдар Қазақстан ішінде Каспий мәселесін көтерген болатын.Белсенділер Ақтаудағы теңіз жағалауында Каспий маңындағы барлық мемлекеттергеүндеу жасап, экологиялық бастамалар өткізді және өңірлік экологиялық саммиттетеңіздің сақталуы мәселесін талқылады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауылында биіктігі 30 метр болатын Эйфель мұнарасына ұқсас құрылыс бой көтерді. Ерекше нысанды мектептің 2006 жылғы түлектері ауылға сыйға тартқан.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл ауылдағы көптен келе жатқан дәстүрге айналған. Әр жылғы түлектер мерейтойларын атап өту кезінде туған ауылына пайдалы тарту жасап келеді.

Осы жылдар ішінде Жалпақталда түлектердің қолдауымен бірнеше саябақ, балалар ойын алаңдары, мүсіндер мен субұрқақ салынған. Ал жаңа Эйфель мұнарасы ауылдың көрікті орындарының біріне айналып үлгерді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астана – Шымкент бағытындағы FlyArystan әуе компаниясының FS7309 рейсі бірнеше сағатқа кешікті. Жолаушылар ұшақтың ұшу алдында жөнделіп жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірді.

Жолаушылардың сөзінше, 23 мамырға жоспарланған рейс әуелі 20:30-ға, кейін 22:30-ға шегерілген. Әлеуметтік желіде тараған жазбаларда қозғалтқышқа техникалық жұмыстар жүргізілгені айтылды.

Кейбір жолаушылар жөндеу туралы ақпараттан кейін ұшаққа отырудан бас тартқан. Сондай-ақ билет ақшасы қайтарылмағаны жөнінде шағымдар жарияланды.

Кейін FlyArystan жағдайға қатысты пікір білдіріп, рейстің кешігуіне ұшақтың құстармен соқтығысуы себеп болғанын хабарлады.

Компания мәліметінше, әуе кемесінің зақымдану деңгейі тексеріліп, жолаушыларға су мен тамақ берілген. Әуе тасымалдаушысы қауіпсіздік басты орында екенін атап өтті.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden аренасында өткен тарихи концертіне дайындық барысы туралы баяндайтын «Қошеметке дейін: Димаш Құдайбергеннің арманы» (Before The Applause: The Dream of Dimash Qudaibergen) атты деректі фильмінің трейлерін көпшілік назарына ұсынды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енген алғашқы қазақстандық атанды
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызылорда қаласындағы «Арай» саябағында аттракционнан болған ауыр оқиға салдарынан 18 жастағы жігіт ауыр жарақат алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, аттракцион жас жігітті басып қалып, салдарынан дәрігерлер оның сол аяғын жамбастың жоғарғы үштен бір бөлігі деңгейінде, ал оң аяғын тобық буыны тұсынан ампутациялауға мәжбүр болған.

Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, аттракциондағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облыстық су спорт түрлерінен олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы әрі жаттықтырушысы Тимур Алиханов Ұлттық ескек есу спорт түрлері федерациясының атқарушы директоры Дәулет Сұлтанбековтің тарапынан агрессияға ұшырағанын мәлімдеді.

Оқиға 7 маусым күні Түркістандағы олимпиадалық есу арнасында өткен байдарка мен каноэде есу бойынша Азия чемпионаты кезінде болған. Алихановтың айтуынша, жанжал барысында мас күйде болғаны айтылған Сұлтанбеков оны екі рет жақ тұсынан ұрған.

Сондай-ақ, жәбірленуші федерация өкілі көпшілік алдында балағаттап, жұмыстан шығарамын деп қорқытқанын жеткізді. Оның сөзінше, болған жағдай бейнебақылау камераларына жазылып қалған.

Оқиғадан кейін Алиханов полицияға жүгінгенімен, бірден қысымға тап болғанын айтады. Оның мәлімдеуінше, Сұлтанбеков пен Түркістан облыстық спорт мектебінің директоры Нұрлан Айтбеков одан арызын қайтарып алуды талап еткен. Бас тартқаннан кейін федерация өкілі қарсы арыз жазған.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақмыс» Тобы өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуге және кәсіпорындардың жұмыс тиімділігін жақсартуға бағытталған өндірістік техника мен жабдықтарды жаңарту бағдарламасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Arasha.kz.

https://arasha.kz/20613-qazaqmys-ondiristin-qauipsizdigi-men-senimdiligin-arttyru-usin-texnikany-zanartyp-zatyr
Акция барысында су айдындарына жақын аумақтарды санитарлық тазартуға ерекше назар аударылып отыр. Жұмыс Есіл өзенінің жағалауы бойында, сондай-ақ Сарыбұлақ учаскелері мен басқа да су нысандарында жүргізілуде. Қатысушылар қоқыс жинап, жағалау аумағын тазартып, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіруде.
https://arasha.kz/19765-su-aidyndary-men-zagalaulardy-tazartu-elordada-moldir-bulaq-ekoakciiasy-otude
«Astana Eurasian Book Fair – 2026» көрмесіне 80-нен астам кітап шығару, танымдық-ғылыми білім беру және полиграфиялық компаниялар қатысады. Оның тең жартысы – қазақстандық ұйымдар. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла, Ұлыбритания елдерінен көптеген ұйым қатысқалы отыр.

https://arasha.kz/19543-astana-eurasian-book-fair-2026-elordada-xalyqaralyq-kitap-kormesi-otip-zatyr
«Ақпараттық-түсіндіру жұмысын, ең алдымен жастар арасында күшейту қажет, әсіресе демалыс кезеңі жақындап келеді. Осы жазда елордада спорттық, киберспорттық бағыттағы көптеген бұқаралық іс-шара өтеді, олардың аясында жастардың кең ауқымын қамтитын ірі есірткі қылмысына акциялар ұйымдастыруға болады», – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірхан.

https://arasha.kz/19706-astanada-500-den-astam-esirtki-saity-bugattaldy
2025 жылы өткен турнир үлкен табысқа жетті: онлайн көру көрсеткіштері рекордтық деңгейге жетіп, халықаралық аудитория тарапынан жоғары қызығушылық болды. Соның нәтижесінде Астана әлемдік киберспорттың жаңа орталықтарының бірі ретінде өз мәртебесін нығайтты. 2026 жылы турнирдің қайта өткізілуі осы жетістіктің логикалық жалғасы болды.


https://arasha.kz/19809-pgl-astana-2026-alemnin-uzdik-komandalary-elordada-bas-qosady
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Павлодарда телефон алаяқтарының арбауына түскен екі зейнеткер банк бөлімшесінде петарда жарып, салдарынан жеңіл жарақат алды.

Оқиға бүгін сағат 16:00 шамасында «Халық банкінің» бөлімшелерінің бірінде болған. Полицияның мәліметінше, зардап шеккендер бұған дейін жалған инвестициялық жобаларға ақша салып, алаяқтардың құрбанына айналған.

Кейін күдіктілер қайта хабарласып, жоғалтқан қаражатты қайтарып беруге уәде еткен. Ол үшін зейнеткерлерге торт пен петарда сатып алып, нақты нұсқауларды орындауды тапсырған. Нәтижесінде егде жастағы азаматтар торттың ішіне жасырылған пиротехникалық бұйымды банк ғимаратының ішінде тұтатып жіберген.

Жарылыстан екі адам жеңіл жарақат алған. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып, алаяқтардың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарды белгісіз адамдардың нұсқауларын орындамауға және күмәнді қоңырауларға сақтықпен қарауға шақырды.