Ақтөбе облысы әкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысы әкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысы әкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
♻️ Бүгін Ақтөбе облысы аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Ақтөбенің тазалығына бірге үлес қосайық!» іс-шарасы өтті.
📍Облыс орталығында Әлия Молдағұлова ескерткішінің аумағы, Шернияз көшесі мен жақын маңдағы саябақтың айналасы ретке келтірілді. Жастар белсенді түрде қоқыстарды жинап, алаңды сыпырды. Саябақтағы қоқыс қалдықтары полигонға шығарылды.
«Жас сақшы» жастар ұйымының белсенділері, ЖОО студенттері, колледж оқушылары тырма, күрек және сыпырғышпен жабдықталды.
Сондай-ақ, коммуналдық шаруашылық мекемелерінің қызметкерлері ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын жүргізді.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты - қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару және халықты экологиялық бастамаларға тарту.
Ақтөбе облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға барлығы 368 мыңнан астам ақтөбелік қатысты.
Аумақтар мен қоғамдық демалыс орындарын тазалауға 7227 мекеме мен 4123 кәсіпорынның қызметкерлері жұмылдырылды. Сенбіліктер кезінде 90439 аула, 289 саябақ пен сквер жиналды, 206 су айдынының жағалауы, 85 метрден астам арық, 42 субұрқақ қоқыстан тазартылды. 257 ескерткіш жөнделіп, 14 мың шаршы метрден астам тротуар плиталары ауыстырылды.
Аумақтарды жинауға және қоқысты шығаруға 5 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылып, полигонға 62 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ағаш отырғызу жұмыстары да белсенді жүргізілді. Көктемде елді мекендерде 335 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
#ТазаҚазақстан #tazaqazaqstan