Aqorda 🇰🇿
53.9K subscribers
11.1K photos
2.43K videos
13.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласына жұмыс сапарының екінші күні

🇰🇿🇺🇸Второй день рабочего визита Главы государства в Нью-Йорк

🎦 t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады

– Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді Президент.

🤼‍♂️ t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с победой чемпиона мира Ризабека Айтмукана

Поздравляю борца вольного стиля Ризабека Айтмукана с завоеванием золотой медали на чемпионате мира по борьбе в Белграде! Он стал первым казахским чемпионом мира по вольной борьбе. Это историческое достижение. Уверен, что яркая победа Ризабека Айтмукана будет способствовать популяризации спорта среди подрастающего поколения, – отметил Президент.

🤼‍♂️ t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇴 Мемлекет басшысы Румыния Президенті Клаус Йоханниспен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

▪️Румыния – Қазақстанның Шығыс Еуропадағы жетекші сауда серіктесі.

▪️Бүгінде екіжақты сауда-саттық көлемі 20 пайызға артып, 1,3 миллиард долларға жетті.

Біз Румынияны достас мемлекет ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің тарихына, жүргізіп отырған саясатыңызға және халқыңыздың дәстүріне құрметпен қараймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

✔️Мемлекет басшысы сауда-экономикалық қарым-қатынастарға тың серпін беру үшін Үкіметаралық комиссияның, Қазақстан және Румыния Іскерлік кеңесінің жұмысын жандандыру керек екенін айтты.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇷🇴 Глава государства провел переговоры с Президентом Румынии Клаусом Йоханнисом

Касым-Жомарт Токаев отметил позитивные тенденции развития торгово-экономических связей между двумя странами.

▪️Румыния выступает ведущим торговым партнером Казахстана в Восточной Европе.

▪️На сегодняшний день объем двусторонней торговли вырос более чем на 20% и составляет 1,3 млрд долларов.

Мы рассматриваем Румынию как очень дружественное государство. Мы уважаем вашу историю, вашу политику, традиции вашей страны и народа, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.

✔️Президент Казахстана отметил, что для придания дополнительного импульса торгово-экономическому взаимодействию необходимо активизировать работу Межправительственной комиссии и Делового совета Казахстана и Румынии.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇴 Мемлекет басшысы Румыния Президенті Клаус Йоханниспен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. ▪️Румыния – Қазақстанның Шығыс Еуропадағы жетекші сауда…
🇷🇴 Клаус Йоханнис Қазақстан мен Румыния арасындағы екі жақты ынтымақтасты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді

Мен және менің командам бүгін сіздермен осы жерде кездескеніміз үшін қуаныштымыз. Өйткені біз сенімді экономикалық және саяси серіктес елдерміз. Осы кездесу алдында мемлекеттеріміздің өзара қарым-қатынасының тарихымен таныстым. Сізбен саяси диалогты жоғары деңгейде нығайтуға зор мүмкіндік бар деп ойлаймын, – деді Румыния Президенті.

✔️Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде, сондай-ақ БҰҰ және ЕҚЫҰ аясындағы өзара ықпалдастық жайында пікір алмасты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Клаус Йоханнисті Астана халықаралық форумына негізгі қонақтардың бірі ретінде қатысуға шақырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇷🇴 Глава государства провел переговоры с Президентом Румынии Клаусом Йоханнисом Касым-Жомарт Токаев отметил позитивные тенденции развития торгово-экономических связей между двумя странами. ▪️Румыния выступает ведущим торговым партнером Казахстана в Восточной…
🇷🇴 Клаус Йоханнис выразил приверженность дальнейшему развитию двустороннего сотрудничества Казахстана и Румынии

Для меня и моей команды очень приятно встретиться здесь сегодня, поскольку мы являемся очень хорошими экономическими и политическими партнерами. Вы знаете, я перед нашей встречей узнавал историю взаимоотношений наших стран. И я думаю, что у нас с Вами есть отличные возможности для укрепления политического диалога на высоком уровне, – отметил Президент Румынии.

✔️Состоялся обстоятельный обмен мнениями по международной повестке дня, а также обсуждены вопросы взаимодействия по линии ООН и ОБСЕ.

В завершение встречи Глава нашего государства пригласил Клауса Йоханниса принять участие в работе Международного форума Астана в качестве одного из основных гостей.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇴 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Румыния Президенті Клаус Йоханнистің кездесуі

🇰🇿🇷🇴 Встреча Касым-Жомарта Токаева и Президента Румынии Клауса Йоханниса

🎦 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇲🇪 Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичпен келіссөз жүргізді

Кездесу барысында Президент Қазақстан Черногорияны Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Подгорица қаласында Қазақстанның Консулдығын ашу жоспары туралы айтты. Бұл қадам екі ел арасындағы іскерлік және тұлғааралық байланыстарды дамытуға тың серпін береді.

Біздің елдеріміздің арасы жақындай түсті. Себебі азаматтарымыз Астанадан Подгорицаға тікелей әуе рейсімен ұшады. Жыл сайын 40 мыңнан астам адам визасыз режимді пайдаланады. Қазақстан азаматтары Черногорияға еңбек демалысын өткізу үшін ұшып барады. Әрине, бұл елдеріміз арасындағы гуманитарлық байланыс пен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға тың серпін береді. Біз Подгорицада өз Консулдығымызды ашуды жоспарлап отырмыз. Аталған салалардағы оң нәтижелерге, әсіресе экономикалық ынтымақтастықтағы жетістіктерге қарай сіздің еліңізде елшілігімізді ашуымыз мүмкін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇲🇪 Касым-Жомарт Токаев провел переговоры с Президентом Черногории Яковом Милатовичем

В ходе встречи Глава нашего государства отметил, что Казахстан рассматривает Черногорию как важного партнера в Юго-Восточной Европе.

Касым-Жомарт Токаев поделился планами по открытию консульства Казахстана в Подгорице в следующем году. Данный шаг придаст дополнительный импульс развитию деловых и межличностных связей между двумя странами.

Наши страны стали очень близки друг другу, поскольку наши люди летают прямым рейсом из Астаны в Подгорицу. Ежегодно более 40 тыс. человек пользуются безвизовым режимом. Граждане Казахстана прилетают в Черногорию, чтобы провести свой отпуск. Конечно, это дает очень большой импульс для развития гуманитарных связей и экономического сотрудничества между нашими государствами. Мы планируем открыть свое консульство в Подгорице. Возможно, по мере получения положительных результатов, прежде всего, в экономическом сотрудничестве, мы откроем посольство в Вашей стране, – сказал Касым-Жомарт Токаев.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇲🇪 Мемлекет басшысы Черногория Президенті Яков Милатовичпен келіссөз жүргізді Кездесу барысында Президент Қазақстан Черногорияны Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы Подгорица қаласында…
🇲🇪 Яков Милатович екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

Черногория Президенті жан-жақты байланысты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

Президент мырза, мен Сізбен кездескеніме өте қуаныштымын. Өзіңіз білетіндей, біз Қазақстан мен Черногория арасындағы достықты өте жоғары бағалаймыз. Осы кездесуге менімен бірге еліміздің Премьер-министрі де келді. Ол Черногорияны қазақстандық туристер үшін тартымды етуге ерекше қызығушылық танытады. Екі ел арасындағы тікелей әуе рейсінің қызмет көрсете бастағанына өте қуаныштымыз. Бізге Қазақстаннан туристердің көптеп келетіні қуантады, – деді Яков Милатович.

✔️Президенттер халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді және тараптардың Біріккен Ұлттар Ұйымы аясындағы өзара ықпалдастығының жай-күйін талқылады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір-бірін өз елдеріне ресми сапармен келуге шақырды.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇲🇪 Касым-Жомарт Токаев провел переговоры с Президентом Черногории Яковом Милатовичем В ходе встречи Глава нашего государства отметил, что Казахстан рассматривает Черногорию как важного партнера в Юго-Восточной Европе. Касым-Жомарт Токаев поделился планами…
🇲🇪 Яков Милатович со своей стороны также отметил позитивную динамику развития двустороннего сотрудничества

Президент Черногории выразил намерение и далее укреплять всесторонние связи.

Господин Президент, я очень рад встрече с Вами. Как Вы понимаете, мы очень ценим дружбу между Черногорией и Казахстаном. На эту встречу cо мной приехал и Премьер-министр нашей страны. Должен сказать, что Премьер-министр очень заинтересован в том, чтобы сделать Черногорию более привлекательной для казахстанских туристов. Мы очень рады появлению прямого рейса между Казахстаном и Черногорией. Рады, что к нам приезжает много туристов из Казахстана, – отметил Яков Милатович.

✔️Президенты также обсудили вопросы международной повестки дня и взаимодействие сторон в Организации Объединенных Наций.

В завершение Касым-Жомарт Токаев и Яков Милатович обменялись приглашениями совершить взаимные визиты.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇪 Қасым-Жомарт Тоқаевтың Черногория Президенті Яков Милатовичпен өткізген келіссөзі

🇰🇿🇲🇪 Переговоры Касым-Жомарта Токаева с
Президентом Черногории Яковом Милатовичем

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎦 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Румыния, Черногория президенттерімен өткізген кездесуі

🎦 Встреча Главы государства Касым-Жомарта Токаева с президентами Румынии и Черногории

🇰🇿🇷🇴🇲🇪
t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласына жұмыс сапары аясында Орталық Азия мен АҚШ мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысты.

▪️Жиында С5+1 серіктестігі арқылы экономика, энергетика және қауіпсіздік салаларында Орталық Азияның егемендігін, орнықты дамуын және өркендеуін одан әрі нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеу мәселесі талқыланды.

Саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Джозеф Байденнен кейін сөйледі. Сонымен қатар шараға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

✔️Кездесу барысында стратегиялық серіктестікті, саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.

✔️Саммитте экономикалық ынтымақтастық мәселесіне, сондай-ақ америкалық компаниялардың маңызды қазба байлықтарды игеру, жаңартылатын энергия көздері, өңдеу өнеркәсібі және басқа да бағыттарды дамыту мүмкіндіктеріне баса мән берілді.

✔️Бұдан бөлек, пікірталас барысында қауіпсіздік проблемаларын, соның ішінде киберқауіпсіздік, терроризм, экстремизм, заңсыз миграция және есірткі тасымалы секілді қауіп-қатерлерді шешу үшін ынтымақтастықты нығайту перспективалары қарастырылды.

Қазақстан Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталығын ашу ісінде АҚШ тарапының қолдауына сенім артатынын жеткізді.

🇰🇿🇰🇬🇹🇯🇹🇲🇺🇿🇺🇸 t.me/aqorda_resmi