Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.3K photos
2.58K videos
14.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Касым-Жомарт Токаев принял участие в саммите глав государств «Центральная Азия – США»

Президент Касым-Жомарт Токаев в рамках визита в Нью-Йорк принял участие в саммите глав государств Центральной Азии и Соединенных Штатов Америки.

▪️В повестке дня диалога – вопросы совместной работы для дальнейшего укрепления суверенитета, устойчивости и процветания Центральной Азии через партнерство С5+1 в области экономики, энергетики и безопасности.

На саммите Касым-Жомарт Токаев выступил после Президента США Джозефа Байдена, также в мероприятии приняли участие Президент Кыргызстана Садыр Жапаров, Президент Таджикистана Эмомали Рахмон, Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов, Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев.

✔️В ходе встречи были обстоятельно обсуждены перспективы дальнейшего развития стратегического партнерства, политического диалога, торгово-экономического, инвестиционного и гуманитарного сотрудничества, а также вопросы сохранения мира и стабильности в Евразии.

✔️Особое внимание было уделено экономическому сотрудничеству, а также возможностям для американских компаний в таких сферах, как разработка важнейших полезных ископаемых, возобновляемые источники энергии, обрабатывающая промышленность и другие.

✔️Кроме того, в рамках дискуссии были затронуты перспективы укрепления сотрудничества в решении проблем безопасности, включая кибербезопасность, терроризм, насильственный экстремизм, незаконную миграцию и наркотрафик.

Казахстан рассчитывает на поддержку США в создании в Алматы Регионального центра ООН по Целям устойчивого развития для Центральной Азии и Афганистана.

🇰🇿🇰🇬🇹🇯🇹🇲🇺🇿🇺🇸 t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎦 «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттер басшыларының саммиті

🎦 Саммит глав государств «Центральная Азия – США»

🇰🇿🇰🇬🇹🇯🇹🇲🇺🇿🇺🇸 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – АҚШ» мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысты

Касым-Жомарт Токаев принял участие в саммите глав государств «Центральная Азия – США»

🇰🇿🇰🇬🇹🇯🇹🇲🇺🇿🇺🇸

🎦 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇺🇳 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында сөз сөйледі

🇰🇿🇺🇳 Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на Общих дебатах 78-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН

t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Бүгінде адамзат баласы бұрын-соңды басынан өткермеген аса үлкен сын-қатерлермен бетпе-бет келіп, геосаяси қақтығыстардың жаңа кезеңіне өтті.

Бұған БҰҰ Жарғысындағы халықаралық құқықтың негізгі принциптерінің бір мезетте бұзылуы себеп болып отыр. Құқықтық темірқазықтың жойылуы қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіне уақыт өткен сайын ауыртпалық түсіріп, түрлі қарама-қайшылық тудырады.

Басты халықаралық құқықтық құжаттардың тәртібін сақтамау, тоқтатып қою және оны тәрк ету тәжірибесі – өте алаңдатарлық жағдай. Өйткені мұның соңы адамзаттың араздығына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай сауда жүйесін бұзады, экономиканың өзегі саналатын тасымал тізбегін әлсіретеді, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігіне зардабын тигізіп, инфляцияның қарқынын күшейтеді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«Сегодня человечество сталкивается с невиданными прежде колоссальными сдвигами и вступает в очередной период геополитического противостояния.

Суть угрозы исходит из одновременной эрозии основополагающих принципов международного права, воплощенных в Уставе ООН. Разрушение этих столпов ложится все более тяжелым бременем на существующую систему международных отношений и порождает конфронтацию.

Практика несоблюдения, приостановки и выхода из ключевых международных правовых документов вызывает крайнюю озабоченность, поскольку может привести к точке невозврата. Такая ситуация нарушает работу торговой системы, ослабляет цепочки поставок, которые являются двигателем экономики, а также наносит ущерб продовольственной безопасности и ускоряет инфляцию»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы:

«Қазіргі қалыптасқан кері үдеріс адамдардың қайғысын қалыңдата түседі. Әлемде 108 миллион адам мәжбүрлі түрде босқынға айналды, 1 миллиардтан астам адам кедейлікте өмір сүріп жатыр, 2 миллиард адам негізгі дәрі-дәрмектерге қол жеткізе алмай отыр. Ақыр соңында адамзат болашақта әлемнің тұрақты дамуына сенімін жоғалтуы ықтимал.

Өскелең ұрпақ өздеріне мұра болып қалатын әлемнің енді жақсаратынына сенбейді. Сондықтан Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына өзінің мызғымас адал екенін тағы бір рет мәлімдейді.

Осында жиналған көшбасшылар адамзаттың тағдыры мен болашағына жауапты. Дегенмен біз БҰҰ-ның 80 жылдығына таясақ та, Ұйымның алғаш құрылған кезіндегі жағдайға қайта оралуға сәл қалдық. Шын мәнінде, саяси мәселелерді күшпен шешу тұйыққа тірейді. Диалог – жаңа принциптер мен нормалар бойынша келісімге қол жеткізуге мүмкіндік беріп, қолайлы орта қалыптастырудың жалғыз жолы»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства:

«Сложившиеся негативные тенденции еще более усугубляют страдания людей. 108 млн человек являются вынужденными переселенцами, более 1 млрд живут в нищете, 2 млрд не имеют доступа к основным лекарственным средствам. Конечным результатом может стать потеря человечеством уверенности в стабильном развитии мира в будущем.

Молодое поколение больше не верит, что мир, который они унаследуют, будет лучше. Поэтому Казахстан считает необходимым вновь заявить о своей непоколебимой приверженности принципам Устава ООН.

Собравшиеся здесь лидеры несут ответственность за судьбу и будущее человечества. Однако, приближаясь к 80-летию ООН, мы почти полностью вернулись к исходной точке Организации. Силовое решение политических вопросов на самом деле ведет только к тупику. Диалог – это единственный способ создать благоприятную среду, позволяющую достичь согласия по новым принципам и нормам»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Қабылданып жатқан барлық шешімге қарамастан, әлемнің көптеген аймағында қақтығыстар жалғасып жатыр. Біз барлық тарапты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың жалпыға бірдей нормаларын негізге ала отырып, қақтығыстарды реттеудің дипломатиялық жолын іздеуге шақырамыз.

Осы орайда Қазақстан Украина дағдарысын саяси реттеуді қолдайтын түрлі мемлекеттер мен елдер топтары ұсынған барлық бастамалар мен жоспарларды жоғары бағалайды»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Несмотря на все предпринимаемые усилия, конфликты продолжаются во многих регионах мира. Мы призываем все стороны искать дипломатическое решение конфликтов на основе Устава ООН и общепризнанных норм международного права.

В этой связи Казахстан высоко оценивает все усилия и планы, предлагаемые различными государствами и группами стран в поддержку политического урегулирования украинского кризиса»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Халықаралық дауларды шешуде әрқашан дипломатия мен диалог басшылыққа алынуы керек. Сондықтан біз қазіргі жаһандық институттардың жалғыз жүйесін тұрақтандыруға барынша күш салуымыз қажет.

Қауіпсіздік Кеңесіне жан-жақты реформа жасамай, біз аталған қиындықтарды жеңе алмаймыз. Бұл – адамзат баласының басым көпшілігінің мүддесіне сай келетін заманымыздың ең үлкен қажеттілігі.

Кеңесте «орта державалардың» және барлық дамушы елдердің үні күшейетініне, анық естілетініне кәміл сенемін. Байқауымызша, Қауіпсіздік Кеңесі тығырықтан шыға алмайтын сияқты. Сондықтан бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды рөл атқара алуы үшін оның құрамында басқа елдер, соның ішінде Қазақстан да болуы керек»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«В разрешении международных споров всегда должны преобладать дипломатия и диалог. Поэтому мы должны сообща приложить максимум усилий для стабилизации единственной существующей системы глобальных институтов.

Без всеобъемлющей реформы Совета Безопасности нам не удастся справиться с этими вызовами. Это насущная потребность нашего времени, отвечающая интересам подавляющего большинства человечества.

Глубоко убежден, что голоса «средних держав» и всех развивающихся стран в Совете должны быть усилены и четко услышаны. Поскольку Совет Безопасности, по-видимому, не в состоянии выйти из тупика, он должен стать более представительным, чтобы другие страны, включая Казахстан, могли играть более значительную роль в поддержании мира и безопасности»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы:

«Біздің өңірде Ұйымға мүше мемлекеттердің ықпалдастығының жандануы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті құрлықтағы делдалдық пен бітімгершілікке үлес қосуға қабілетті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыруда оң ықпал етті.

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде Әділетті әлем мен келісімді жақтайтын дүниежүзілік бірлік туралы бастама көтерді. Біз сіздерді осы игі іске қосылуға шақырамыз. Бұл – жаңа қауіпсіздік парадигмасын, әділ экономикалық ортаны және таза планетаны қамтитын бастама»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства:

«В нашем регионе растущая активность стран-участниц стала позитивным фактором в превращении Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии в полноценную международную организацию, способную внести вклад в посредничество и миротворчество на континенте.

Аналогичным образом Казахстан как действующий председатель Шанхайской организации сотрудничества выдвинул Инициативу о мировом единстве за справедливый мир и согласие. Эта инициатива, к которой мы приглашаем вас присоединиться, включает в себя новую парадигму безопасности, справедливую экономическую среду и чистую планету»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Жаһандық Оңтүстік пен жаһандық Солтүстік арасында ашық диалог орнату – оның негізгі арқауы. Біз бетпе-бет келген барлық сын-қатерлердің ішінде ядролық қаруды қолдану қаупі ең жойқыны болуы мүмкін.

30 жыл бұрын Қазақстан Кеңес өкіметінен мұраға қалған төртінші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартты. Сондықтан ядролық күн тәртібінің логикасын қайта қарау керек. Ядролық державалар арасында ядролық қарудан ада әлем құру жолында өзара сенім мен ынтымақтастық болғанда ғана жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз ете аламыз.

Осыған байланысты Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты қатаң сақтайтынын мәлімдейді. Біз қарусыздану және қаруды таратпау саласы бойынша жаңа тетіктерді дамытуды қолдаймыз. 2045 жылға қарай ядролық қарудан толық бас тартудың стратегиялық жоспары қазіргі көшбасшылардың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан ең маңызды үлесі болуы мүмкін.

Өз кезегінде COVID-19 пандемиясының ауыр салдары болашақ биологиялық қауіп-қатерлер алдында біздің дәрменсіз екенімізді көрсетіп берді. Қазақстан Ассамблеяның Бас хатшысы мен Төрағасын Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру процесін бастауға үндейді»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Открытый диалог между Глобальным Югом и Глобальным Севером является его центральным пунктом. Из всех вызовов, с которыми мы сталкиваемся, пожалуй, самым разрушительным является угроза применения ядерного оружия.

30 лет назад Казахстан добровольно отказался от четвертого по величине унаследованного ядерного арсенала. Именно поэтому логика ядерной повестки дня должна быть пересмотрена. Только взаимное доверие и сотрудничество между ядерными державами на пути к миру, свободному от ядерного оружия, могут обеспечить глобальную стабильность.

В этой связи Казахстан заявляет о своей неизменной приверженности Договору о запрещении ядерного оружия. Мы поддерживаем развитие новых механизмов в области разоружения и нераспространения. Стратегический план полного отказа от ядерного оружия к 2045 году вполне может стать самым значительным вкладом нынешнего поколения лидеров в обеспечение глобальной безопасности.

В то же время COVID-19 болезненно продемонстрировал нашу уязвимость перед будущими биологическими рисками и угрозами. Казахстан обращается к Генеральному секретарю и Председателю данной Ассамблеи с призывом запустить процесс создания Международного агентства по биологической безопасности»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Біз Бас хатшы ұсынған «Бейбітшіліктің жаңа күн тәртібін» қолдаймыз. Бұл стратегиялық құжат әлемде белең алған сенімсіздік пен өшпенділікке қарсы тұруы керек.

Қазақстан келесі жылы өтетін Болашақ саммитінде Болашақ пактісін қабылдау ісінде сындарлы және қолдаушы рөлін атқарады. Бірақ қару-жараққа тыйым салумен немесе декларацияға қол қоюмен ғана бейбітшілік орнамайды. Бейбітшілік мәдениетін қалыптастыруда дінаралық және конфессияаралық диалог маңызды рөл атқарады.

Жуырда қасиетті кітаптарға құрметсіздік таныту актілері болды. Біз осы жағдайға алаңдаушылық білдіреміз. Исламға және басқа да діндерге қатысты жасалған мұндай тағылық әрекеттерден еркіндіктің, сөз бостандығының және демократияның нышаны білінбейді. Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«Мы приветствуем «Новую повестку дня для мира» Генерального секретаря. Этот стратегический документ должен противостоять вакууму доверия и растущей враждебности в мире.

На предстоящем в следующем году Саммите будущего Казахстан будет играть конструктивную и поддерживающую роль в принятии Пакта будущего. Но поиск мира – это не только запрет оружия или подписание деклараций. Ключевую роль в формировании культуры мира играет межрелигиозный и межконфессиональный диалог.

Поэтому мы обеспокоены недавними актами глубокого неуважения к священным книгам. Подобные варварские действия в отношении Ислама или любой другой религии не могут быть восприняты как выражение свободы, свободы слова и демократии. Все священные книги, включая Коран, заслуживают правовой защиты от вандализма»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы:

«Түптеп келгенде, бейбітшілік мәдениеті тек «бірлігіміз – әралуандығымызда» және өзара құрмет қағидаттарына негізделе алады. Сондықтан мен Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің елеулі рөлін мақтан тұтамын.

Қазақстан – өзінің ұлттық мүддесін көздей отырып, өзекті халықаралық мәселелерді шешудің үнемі бейбіт жолын іздейтін мемлекет.

Тәуелсіздік, аумақтық тұтастық және егемендік – мұның бәрі халқымыз қазір де, келешекте де басшылыққа алатын мызғымас қағидалар. Біз барлық стратегиялық мәселе бойынша негізгі одақтастарымызбен қарым-қатынасымызды жалғастыра береміз»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства:

«Наконец, культура мира может быть основана только на принципах единства в многообразии и взаимного уважения. Поэтому я горжусь значимой ролью Съезда лидеров мировых и традиционных религий, проводимого в Астане.

Если говорить кратко, то Казахстан – миролюбивое государство, которое отстаивает свои национальные интересы и находится в постоянном поиске мирного решения международных проблем.

Независимость, территориальная целостность и суверенитет – основные принципы, которыми мой народ будет руководствоваться и сейчас, и в будущем. Мы будем продолжать сотрудничество с нашими основными союзниками по всем стратегическим вопросам»

t.me/aqorda_resmi