Aqorda 🇰🇿
53.9K subscribers
11.1K photos
2.43K videos
13.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Следующим объектом посещения Главы государства стал недавно построенный в Талдыкоргане крытый ледовый каток Jetysu Аrena, где он побеседовал со спортсменами

▪️Спортивный комплекс был полностью построен за счет средств индивидуального предпринимателя и открыт в День Республики. Общий объем инвестиций составил около 900 миллионов тенге.

▪️По словам предпринимателя Мухаметжана Серикулы, комплекс позволяет жителям заниматься такими зимними видами спорта, как шорт-трек, хоккей и фигурное катание.

▪️Кроме того, здесь созданы условия для паралимпийского следж-хоккея. В стране функционируют две ледовые арены, предназначенные для этого вида хоккея, одна из которых расположена в Астане, другая – в Талдыкоргане.

▪️Общая площадь объекта составляет 2235,8 квадратных метров. Комплекс оснащен профессиональным технологическим оборудованием, в том числе холодильником, льдогенератором и спортивным инвентарем, что позволяет проводить непрерывный круглогодичный тренировочный процесс. Ледовая арена соответствует международным стандартам Континентальной хоккейной лиги и Национальной хоккейной лиги.

Касым-Жомарт Токаев выразил благодарность предпринимателю за его деятельность на благо страны.

✔️В беседе со спортсменами Президент отметил, что государство будет и дальше оказывать поддержку данной сфере и поприветствовал активное занятие молодежи спортом.

t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент Жетісу облысындағы мәдениет және спорт нысандарын аралап көрді

Президент осмотрел объекты культуры и спорта области Жетысу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының Жетісу облысына жұмыс сапары

Рабочая поездка Главы государства в область Жетысу

🎦 t.me/aqorda_resmi
✉️ Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

❗️Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

❗️Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

t.me/aqorda_resmi
✉️ Глава государства выразил соболезнования в связи с гибелью шахтеров в Карагандинской области

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев выразил искренние соболезнования родным и близким шахтеров, погибших в результате пожара на шахте им. Костенко в Карагандинской области, а также пожелал скорейшего выздоровления пострадавшим.

❗️Глава государства поручил Правительству оказать всю необходимую помощь семьям шахтеров. Для выяснения обстоятельств случившегося создана правительственная комиссия.

❗️Правительству поручено прекратить инвестиционное сотрудничество с компанией «АрселорМитталТемиртау».

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін Қарағанды облысындағы қайғылы оқиға орын алған жерге келді

t.me/aqorda_resmi
Глава государства Касым-Жомарт Токаев прибыл в Карагандинскую область на место трагедии для выяснения обстоятельств аварии и принятия соответствующих мер

t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты

▪️Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

▪️Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев встретился с семьями и родственниками горняков, погибших в результате трагедии, и выразил соболезнования

▪️Президент подчеркнул, что будет выяснены обстоятельства аварии и оказана необходимая помощь по спасению горняков и семьям пострадавших и погибших.

▪️Глава государства отметил, что 29 октября будет объявлен Днем общенационального траура.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Мен Мемлекет басшысы ретінде баршаңызға көңіл айтамын. Бұл – қасірет. Бәрін түсінемін. Апат болды. Апаттың кесірінен көптеген адам қаза тапты. Сондықтан бұл жерге арнайы келдім. Тиісті шаралар қабылдаймыз, соның ішінде зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетеміз. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары ешқандай мұқтаждық көрмеуі үшін Үкімет, әкімдік және қайырымдылық ұйымдарының алдында жан-жақты көмек көрсету міндеті тұр, – деді Мемлекет басшысы.

Президент бүкіл еліміз бойынша 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын және «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты тиісті шара қабылданатынын жеткізді.

Ертең бүкіл еліміз бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланады. Мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма бердім. Бұл мекеме Үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды. Енді кәсіпорынның өзіне қатысты шаралар қабылдау туралы ойлануымыз керек. Басин Вадим Борисович деген азамат бар. Сіздер оны білесіздер. Ол бір кездері «АрселорМитталда» жұмыс істеген. Облыс әкімінің орынбасары болды. Мен оған қайтып келіп, кәсіпорынды басқаруды тапсырамын. Кәсіпорынның қазіргі басшылығының қолынан ештеңе келмейді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства выразил соболезнования семьям погибших шахтеров

Президент Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования родным и близким горняков, погибших в результате пожара на шахте имени Костенко АО «АрселорМиттал Темиртау» в Карагандинской области.

От своего имени и от имени Правительства выражаю соболезнования. Это трагедия. Я все понимаю, поэтому специально прибыл сюда. Будем принимать меры, в том числе окажем помощь семьям пострадавших. Стоит задача – оказать всемерную помощь по линиям Правительства, акимата и благотворительных обществ, чтобы семьи погибших и пострадавших ни в чем не нуждались, – отметил Глава государства.

Президент сообщил, что 29 октября будет объявлено Днем общенационального траура, и будут приняты соответствующие меры в отношении компании «АрселорМиттал Темиртау».

Завтра будет объявлен День траура по всей стране. Будем принимать меры. Я дал поручение прекратить инвестиционное сотрудничество с компанией «АрселорМиттал Темиртау». Данная компания оказалась самой худшей в нашей истории с точки зрения сотрудничества с Правительством и предприятием. Теперь нам надо подумать о том, чтобы принять меры по самому предприятию. Вы знаете Басина Вадима Борисовича. Он когда-то работал на «АрселорМиттал» , был заместителем акима области. Я ему поручаю вернуться и возглавить данное предприятие, взять под управление. У нынешнего руководства предприятия ничего не получается, – сказал Касым-Жомарт Токаев.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысының айтуынша, жер астында қалған кеншілерді құтқару, зардап шеккен және қаза болған азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету – кезек күттірмейтін міндет

Ең алдымен, құтқару жұмыстары жүргізіледі. Екіншіден, зардап шеккендер мен медициналық көмекке мұқтаж азаматтардың нақты санын анықтауымыз керек. Үшіншіден, осы апаттан зардап шеккендердің барлығының отбасына материалдық көмек көрсетеміз. Егер қажет болса, арнайы қор ашамыз. Мұнымен өзім айналысамын, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазіргі уақытта кеншілердің зейнетке шығу жасына қатысты мәселе қарастырылып жатқанын айтты.

t.me/aqorda_resmi
По его словам, первоочередной задачей является спасение шахтеров, остающихся в забое, а также оказание всемерной помощи пострадавшим и семьям погибших

Первое – спасательные работы. Второе – нам нужно определить точное количество пострадавших и нуждающихся в лечении. Третье – в связи с такой катастрофой мы окажем материальную помощь всем пострадавшим семьям. Если понадобится, создадим специальный фонд, я буду сам этим заниматься, – подчеркнул Президент.

Глава государства также сообщил, что сейчас рассматриваются новые подходы по выходу на пенсию шахтеров.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Сондай-ақ қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың отбасылары ешқандай мұқтаждық көрмеуі үшін Үкімет, әкімдік және қайырымдылық ұйымдары жан-жақты көмек көрсетінін жеткізді.

* * *

Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с родными и близкими горняков, погибших в результате пожара на шахте имени Костенко в Карагандинской области, и выразил соболезнования.

Он также отметил, что Правительство, акимат и благотворительные общества окажут всестороннюю помощь семьям погибших и пострадавших граждан, чтобы они ни в чем не нуждались.

🎦 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы жедел штабтың отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді.

Ең алдымен, құтқару жұмыстарының барысы және қазіргі ахуал туралы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов баяндады.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған. 206 қызметкер өз бетінше көтерілді. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстарына 10 бөлімше, 55 тау-кен құтқарушы және 12 техника жұмылдырылды. Жұмыстар екі өндіру учаскесі аумағында жүргізілуде. Жаңа өрт ошақтары байқалмайды. Жұмыс тәулік бойы жалғасады, – деді Сырым Шәріпханов.

❗️Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрінің баяндамасын тыңдап болғаннан кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын барлық қажетті күшті тарта отырып, күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды.

Жаңа ғана азаматтар әр 10-15 минут сайын ақпарат беріп тұру мәселесін көтерді. Мүмкіндігінше қамтамасыз ету керек. Халықпен қарым-қатынас жасайтын бір өкіл болсын. Жұртшылықты ақпаратсыз қалдыруға болмайды. Бұл – өте шетін әрі мүлдем жол беруге болмайтын мәселе. Біз күн-түн демей, соңына дейін күресуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi