Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.4K photos
2.59K videos
14.2K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Глава государства провел заседание оперативного штаба

Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание оперативного штаба по ликвидации аварии на шахте имени Костенко АО «АрселорМиттал Темиртау» в Карагандинской области.

Первым о ходе спасательных работ и текущей обстановке доложил министр по чрезвычайным ситуациям Сырым Шарипханов.

В шахте на момент аварии находились 252 человека. Самостоятельно поднялись 206 работников. На данный момент в аварийно-спасательных работах задействованы 10 отделений, 55 горноспасателей и 12 единиц техники. Работы ведутся в районе двух добычных участков. Видимых очагов горения нет. Работа будет продолжаться круглосуточно, – сказал Сырым Шарипханов.

❗️Глава государства, заслушав доклад министра по чрезвычайным ситуациям, поручил продолжить поисково- спасательную операцию в усиленном режиме с привлечением всех необходимых средств.

Сейчас граждане ставили вопрос о предоставлении им информации каждые 10-15 минут. Если возможно, надо это обеспечить. Предоставьте одного человека, который будет общаться с людьми. Нельзя их изолировать и оставлять без информации. Это очень чувствительный и абсолютно недопустимый момент. Надо бороться до самого конца, день и ночь, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.

t.me/aqorda_resmi
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният зардап шеккен азаматтарға көрсетіліп жатқан медициналық көмек туралы мәлімет берді

Медициналық көмек жедел әрі толық көрсетіліп жатыр. Әртүрлі деңгейде газдан уланғандар токсикология бөлімшесінде ем алуда. Медициналық көмек көрсетуге барлық дәрігер жұмылдырылды, – деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты.

Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалады. Ол республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді. Жәрдемақы көлемінің жалпы орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 400-500 мың теңгеден басталады. Егер балалар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Әзірге барлық төлемді өтеу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктеледі. Кәсіпорын ұжымдық шартқа сәйкес жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндетті. «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы жерлеу рәсімдеріне байланысты барлық шығынды, сондай-ақ балаларды жоғары оқу орындарында оқытуды өз мойнына алуға тиіс, – деді Светлана Жақыпова

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынға тиесілі меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру жөніндегі мәмілені ресімдеу процесі аяқталуға жақын екенін баяндады.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният зардап шеккен азаматтарға көрсетіліп жатқан медициналық көмек туралы мәлімет берді – Медициналық көмек жедел әрі толық көрсетіліп жатыр. Әртүрлі деңгейде газдан уланғандар токсикология бөлімшесінде ем алуда. Медициналық…
Министр здравоохранения Ажар Гиният доложила об оказании медицинской помощи пострадавшим

Медицинская помощь была организована сразу в полном объеме. Люди, получившие отравление газом разной тяжести, получают лечение в отделении токсикологии. Для оказания необходимой медицинской помощи задействован весь врачебный состав, – сказала Ажар Гиният.

Министр труда и социальной защиты Светлана Жакупова рассказала о социальной помощи, которая будет оказана семьям погибших.

Семьям погибших будут назначены пособия по потере кормильца из трех источников: республиканского бюджета, социального страхования и компании по страхованию жизни. Общий ежемесячный средний размер выплат составит 400-500 тыс. тенге до достижения иждивенцами 18-летнего возраста. Если дети будут обучаться в вузах, то до 23 лет. Выплата всех средств пока будет обеспечена именно через «АрселорМиттал Темиртау». Компания обязана в соответствии с коллективным договором оплатить риски годовой оплаты. Все расходы, связанные с погребением, АМТ берет на себя. Обучение детей в вузах тоже должен взять на себя АМТ, – отметила Светлана Жакупова.

Премьер-министр Алихан Смаилов сообщил, что Правительством достигнута предварительная договорённость с акционерами АО «АрселорМиттал Темиртау» и завершается процесс оформления сделки по передаче права собственности на предприятие в пользу Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
❗️Үкіметтік комиссия мүшелерінің баяндамаларын тыңдаған Президент апатты жою және кеншілерді құтқару үшін барлық шараны қабылдауды, сондай-ақ қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету жөнінде тапсырма берді

Сіздердің міндеттеріңіз – адамдармен тікелей жұмыс істеу, кездесу, сондай-ақ жедел топты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Біз қазір қалыптасқан жағдайды түсіндіру, ең бастысы, шешім қабылдау үшін жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Жергілікті әкімдік тиісті шешім қабылдауы қажет. Кәсіпорынның сұраныстарына сүйене отырып, қажетті нәрсенің бәрін анықтаңыздар. Үкіметтік комиссия барлық мәселені пысықтауға тиіс. Мен не істеу керек екенін айттым. Әркім өзіне қатысты жұмысты біледі. Министрлер, басшылар өздерінің жұмыс тәсілдерін білуі керек. Президент әр оқиға сайын келіп, тапсырма береді деп күтіп отыруға болмайды. Вадим Борисович Басинге кәсіпорынды басқаруды өз қолына алуды тапсырамын. Үкімет пен әкімдікке жан-жақты тиісті көмек көрсетуді, Төтенше жағдайлар министрлігіне мүдделі құрылымдармен бірлесіп, апат салдарын жою және кеншілерді құтқару үшін барлық шараларды қабылдауды тапсырамын. Ішкі істер министрлігі зардап шеккен адамдардың отбасыларымен жұмыс істеуі керек. Үкіметтік комиссияға азаматтардың қаза болуына әкеп соқтырған өрттің мән-жайын тергеуді, барлық кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
❗️Үкіметтік комиссия мүшелерінің баяндамаларын тыңдаған Президент апатты жою және кеншілерді құтқару үшін барлық шараны қабылдауды, сондай-ақ қаза тапқан және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсету жөнінде тапсырма берді – Сіздердің…
❗️Заслушав доклады членов Правительственной комиссии, Президент поручил принять все меры по ликвидации аварии и спасению работников шахты, а также оказать всестороннюю помощь семьям погибших и пострадавших горняков

Ваша задача сейчас – работать напрямую с людьми, встречаться с ними, а также снарядить оперативную группу. Надо работать сейчас как единый кулак по разъяснению ситуации и, самое главное, по принятию решений. Принимайте решения на местах. Исходя из потребностей своего предприятия, определите все, что вам нужно. Правительственная комиссия должна отработать все вопросы. Я уже сказал, что нужно делать. Каждый знает свой фронт работы. Все министры, руководители должны знать свой маневр. Каждый раз Президент не должен приезжать и давать поручения. Поручаю Басину Вадиму Борисовичу взять на себя управление. Поручаю Правительству и акимату оказать всестороннюю необходимую помощь, министерству по чрезвычайным ситуациям совместно со всеми заинтересованными структурами принять все меры по ликвидации аварии и спасению работников шахты. Министерство внутренних дел должно работать с семьями пострадавших. Правительственной комиссии поручаю провести расследование обстоятельств пожара, повлекшего гибель людей, привлечь к ответственности всех виновных, – заявил Глава государства.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді

Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание оперативного штаба по ликвидации аварии на шахте имени Костенко в Карагандинской области

🎦 t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға орай көңіл айтқан барлық шет мемлекеттер басшылары мен қазақстандықтарға ризашылығын білдірді

«Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, осынау қиын сәтте жылы лебіздерін жолдап, қолдау көрсеткен мемлекеттер басшыларына, қоғам қайраткерлеріне, азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Мемлекет басшысы Х парақшасында.

t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев поблагодарил глав иностранных государств и соотечественников за соболезнования и поддержку в связи с трагедией в Карагандинской области

«Выражаю искреннюю благодарность главам государств, общественным деятелям, гражданам, которые выразили соболезнования, высказали слова поддержки и сочувствия семьям погибших шахтеров и проявили солидарность в этот трудный момент», – написал Глава государства на своей странице в Х.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿29 қазан – Жалпыұлттық аза тұту күні

🇰🇿29 октября – День общенационального траура


t.me/aqorda_resmi
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апатқа байланысты келіп түскен көңіл айту жеделхаттары мен телефон қоңыраулары

Қазақстан Президентінің атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде. Сондай-ақ мемлекеттер басшылары телефон арқылы да көңіл айтып жатыр. Олар қаза тапқан кеншілердің отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.

📞 Соның ішінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров телефон арқылы көңіл айтты және жеделхаттарын да жолдады.

✉️ Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен жақындарына өздерінің көңіл айту жеделхаттарын Ресей Президенті Владимир Путин, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раев және басқалар жолдады.

t.me/aqorda_resmi
Телефонные звонки и телеграммы соболезнования в связи с аварией на шахте имени Костенко в Карагандинской области

На имя Касым-Жомарта Токаева поступают телефонные звонки и телеграммы соболезнования от глав иностранных государств, правительств, а также руководителей международных организаций в связи с человеческими жертвами в результате аварии на шахте имени Костенко в Карагандинской области.

Лидеры, разделяя горечь утраты с семьями погибших шахтеров, передают свои искренние соболезнования, и желают скорейшего выздоровления пострадавшим.

📞 Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев и Президент Кыргызстана Садыр Жапаров выразили слова соболезнования Президенту Касым-Жомарту Токаеву в ходе телефонного разговора, а также направили телеграммы.

✉️ Слова сочувствия и поддержки родным и близким погибших горняков передали Президент России Владимир Путин, Президент Франции Эмманюэль Макрон, Президент Таджикистана Эмомали Рахмон, Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов, Председатель Халк Маслахаты Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов, Президент Азербайджана Ильхам Алиев, Президент Беларуси Александр Лукашенко, Премьер-министр Армении Никол Пашинян, Раис Татарстана Рустам Минниханов, Генеральный директор ВОЗ Тедрос Адханом Гебрейесус, Генеральный секретарь ТЮРКСОЙ Султан Раев и другие.

t.me/aqorda_resmi
Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты телефон қоңыраулары мен көңіл айту жеделхаттары түсіп жатыр

📞 Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қоңырау шалып, Қарағанды облысындағы көмір шахтасында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Мемлекет басшысына және барша қазақ халқына қайғырып көңіл айтты.

▪️Әңгімелесу барысында екі ел басшылары 3 қараша күні Астана қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымы X саммитінің күн тәртібін талқылады.

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және барша түрік халқын Түркия Республикасының 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

📞 Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Қарағандыдағы кен орнында болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

✉️ Сондай-ақ көңіл айту жеделхаттарын Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-президенті, Президент Әкімшілігінің басшысы Мансур бен Заид Әл Нахаян, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, БҰҰ миграция жөніндегі халықаралық ұйымының бас директоры Эми Поуп және басқалар жолдады.

t.me/aqorda_resmi
Телефонные звонки и телеграммы соболезнования продолжают поступать в связи с аварией на шахте в Карагандинской области

📞 Состоялся телефонный разговор Касым-Жомарта Токаева с Президентом Турции Реджепом Тайипом Эрдоганом. Турецкий лидер выразил соболезнования Главе государства и всему народу Казахстана в связи с многочисленными человеческими жертвами в результате аварии на угольной шахте в Карагандинской области.

▪️В ходе беседы главы двух стран обсудили повестку X саммита Организации тюркских государств, который пройдет 3 ноября в Астане.

▪️Касым-Жомарт Токаев поздравил Реджепа Тайипа Эрдогана и турецкий народ со 100-летием образования Турецкой Республики.

📞 Слова соболезнования в телефонном разговоре с Касым-Жомартом Токаевым также высказал Президент Таджикистана Эмомали Рахмон.

✉️ Кроме этого, телеграммы соболезнования направили Президент Исламской Республики Иран Ибрахим Раиси, Президент ОАЭ шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаян, Вице-президент, Премьер-министр ОАЭ, Правитель Дубая шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактум, Вице-президент, Руководитель Администрации Президента ОАЭ шейх Мансур бен Заид Аль Нахаян, Генеральный секретарь ШОС Чжан Мин, Генеральный секретарь ОТГ Кубанычбек Омуралиев, Генеральный директор Международной организации по миграции ООН Эми Поуп и другие.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 23-29 қазан аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Видеообзор рабочей недели Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с 23 по 29 октября 2023 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің биылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелері, соның ішінде кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіп кешенін қолдау, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндалды.

Нұрлан Байбазаровтың баяндамасынан:

➤ инвестициялық жобаларды қаржыландыру көлемі 511 миллиард теңгені құраған. Сонымен қатар шағын және орта бизнестің 18,1 мың жобасына қолдау көрсетіліп, шамамен 1 триллион теңге көлемінде кредит берілген;
➤ агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 447 миллиард теңге қаржы бөлінген. Жыл басынан бері 811,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 47 мыңға жуық отбасы баспаналы болған;
➤ холдингті трансформациялау және цифрландыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді;
➤ «Бәйтерек» алдағы екі жылда экономиканың шикізаттық емес секторын қолдау ауқымын екі есе арттырмақ;
инвестиция тарту және коммерциялық банктерді өңдеу өнеркәсібі жобаларын кредиттеуге жұмылдыру жұмыстары жандана түседі;
➤ ішкі нарықты қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында тамақ өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламалары іске қосылады, сондай-ақ толыққанды экспорт-кредит агенттігі құрылады;
моноқалалар, аудан орталықтары мен ауыл тұрғындарын баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында холдингтің тұрғын үй бағытындағы қызметі транформацияланады;
➤ холдингке еншілес ұйымдардың барлық қызметін цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отырғанын жеткізді.

❗️Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономикалық өсімді қолдау және азаматтардың тұрмыс деңгейін жақсарту үшін жаңа тәсілдер енгізу маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің жұмысын жетілдіруге қатысты бірқатар міндет жүктеді.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаровты қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің биылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелері, соның ішінде кәсіпкерлік пен агроөнеркәсіп кешенін қолдау, халықты тұрғын үймен…
Глава государства принял председателя правления АО «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» Нурлана Байбазарова

Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о результатах деятельности холдинга за 9 месяцев 2023 года, в том числе работе по поддержке предпринимательства и агропромышленного комплекса, а также обеспечению населения жильем.

Из доклада Нурлана Байбазарова:

➤ объем финансирования инвестиционных проектов составил 511 млрд тенге, было поддержано 18,1 тысячи проектов малого и среднего бизнеса на общую сумму кредитов порядка 1 трлн тенге;
➤ финансовая поддержка АПК составила 447 млрд тенге. По итогам 9 месяцев текущего года было введено 811,2 тыс. кв.м. жилья, около 47 тысяч семей получили новое жилье;
➤ в течение двух лет «Байтерек» удвоит объем поддержки несырьевого сектора экономики;
➤ будет активизирована работа по привлечению инвестиций и вовлечению коммерческих банков в кредитование проектов обрабатывающей промышленности;
➤ в целях насыщения внутреннего рынка и повышения экспортного потенциала АПК будут запущены программы финансирования проектов пищевой промышленности, а также создано полноценное экспортно-кредитное агентство;
➤ жилищное направление холдинга будет трансформировано с учетом необходимости обеспечения жильем жителей моногородов, районных центров и сел;
➤ планируется перевести все услуги дочерних организаций холдинга в цифровой формат.

❗️По итогам встречи Касым-Жомарт Токаев подчеркнул важность внедрения новых подходов для поддержки экономического роста и повышения качества жизни граждан, а также поставил ряд задач по совершенствованию деятельности холдинга «Байтерек».

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров Президентке холдингтің биылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелері жөнінде баяндады

🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Председатель правления АО «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» Нурлан Байбазаров доложил Президенту о результатах деятельности холдинга за 9 месяцев 2023 года

🎦 t.me/aqorda_resmi
Қарағанды облысындағы шахтада болған апатқа байланысты келіп түскен көңіл айту жеделхаттары

✉️
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қарағанды облысындағы кен орнында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты шет мемлекеттердің басшыларынан, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары әлі келіп жатыр.

🇨🇳 Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин қайғылы оқиғаға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтты.

«Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қытай Үкіметінің және халқының, сондай-ақ өзімнің атымнан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Көңіл айту жеделхаттарын Болгария Президенті Румен Радев, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы Желька Цвиянович, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай және басқалар жолдады.

t.me/aqorda_resmi