Aqorda 🇰🇿
57.4K subscribers
11.8K photos
2.52K videos
13.8K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
🇰🇿🇨🇳 17-18 октября Президент Казахстана с официальным визитом посетит Китайскую Народную Республику

В Пекине Касым-Жомарт Токаев проведет переговоры с Председателем КНР Си Цзиньпином, Премьером Госсовета КНР Ли Цянем и Председателем Постоянного комитета Всекитайского собрания народных представителей Чжао Лэцзи, а также примет участие в III Форуме высокого уровня «Один пояс, один путь».

📌 Также запланирован ряд встреч с руководителями крупных китайских компаний.

t.me/aqorda_resmi
✉️ Мемлекет басшысы ақын Несіпбек Айтұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлының дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

Несіпбек Айтұлы ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді өркендетуге сүбелі үлес қосып, руханият саласының алға басуына күш-қайрат жұмсады. Қазақстан тәуелсіздігінің жыршысына айналған ақынның тартымды туындылары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына мол әдеби-мәдени мұра қалдырған Несіпбек Айтұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

t.me/aqorda_resmi
✉️ Глава государства направил телеграмму соболезнования родным и близким поэта Несипбека Айтулы

Президент Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования родным и близким в связи с кончиной выдающегося поэта, лауреата Государственной премии, заслуженного деятеля Казахстана Несипбека Айтулы.

Несипбек Айтулы внес значительный вклад в развитие национального искусства и культуры, возрождение духовной сферы. Известные произведения поэта, ставшего вестником независимости Казахстана, получили заслуженное признание среди широкой читательской аудитории. Светлый образ Несипбека Айтулы, прожившего яркую жизнь и оставившего после себя богатое литературное и культурное наследие, навсегда останется в нашей памяти, – говорится в телеграмме.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен келді

Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы сап түзеген Бейжің әуежайында ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды.

Екі күндік ресми сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумына қатысады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады.

Бұдан бөлек, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇳 Президент Касым-Жомарт Токаев прибыл с официальным визитом в Китайскую Народную Республику

В аэропорту Пекина Главу государства встретили министр промышленности и информационных технологий КНР Цзинь Чжуанлун и другие официальные лица. У трапа самолета была выстроена рота почетного караула.

В ходе двухдневного официального визита Президент Казахстана проведет переговоры с Председателем КНР Си Цзиньпином, Премьером Госсовета КНР Ли Цяном и Председателем Постоянного комитета Всекитайского собрания народных представителей Чжао Лэцзи, а также примет участие в III Форуме высокого уровня «Один пояс, один путь».

Кроме того, Касым-Жомарт Токаев примет участие в торжественной церемонии открытии бюста Абу Насра Аль-Фараби на территории Пекинского университета языка и культуры.

Программа визита также предусматривает ряд встреч с руководителями крупнейших компаний Китая.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇳 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді

Қытай елінің басшысы Қазақстан Президентін Бейжіңдегі Халық жиналысы үйінде қарсы алды. Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Содан кейін мемлекеттер басшылары өз делегацияларымен бірге Үлкен шығыс залында келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумына қатысуға шақыруын зор ықыласпен қабыл алып, Қытайға тағы да сапармен келгенін атап өтті.

Қазақстан Сіздің осы жаһандық бастамаңызға алғашқы күннен бастап қолдау білдірді және оны ілгерілетуге белсенді атсалысып келеді. Осыдан тура 10 жыл бұрын Астанада сөйлеген сөзіңізде Сіздің осы бастама туралы айтқаныңыз есімізде. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сізді осы мегажобаны жүзеге асыру барысында керемет нәтижеге қол жеткізуіңізбен құттықтаймын және айтулы шараның табысты өтуіне тілектестік білдіремін. Сондай-ақ Сізді Қытай Халық Республикасының құрылғанына 74 жыл толуымен және Ханчжоуда өткен XIX жазғы Азия ойындарындағы Қытай командасының зор жетістігімен құттықтаймын. Біз Қытайдың қарқынды дамуын ерекше ықыласпен бақылап отырмыз. Сіздің дана басшылығыңызбен Қытай әлемдік жетекші державаға айналуды көздеген асқақ мұратына жетуге батыл қадам жасап келеді, – деді Президент.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇳 Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев и Председатель КНР Си Цзиньпин провели переговоры

Лидер Китая встретил Президента Казахстана в Доме народных собраний Пекина. В честь высокого гостя была выстроена рота Почетного караула. Затем главы государств со своими делегациями начали переговоры в Большом восточном зале.

Касым-Жомарт Токаев отметил, что он с большим удовольствием принял приглашение Си Цзиньпина вновь посетить Китай для участия в 3-м Форуме международного сотрудничества «Один пояс, один путь».

С первых дней Казахстан твердо поддерживает Вашу глобальную инициативу и активно участвует в ее продвижении. Мы всегда помним, что ровно 10 лет тому назад эта инициатива была изложена в Вашей речи в Астане. Пользуясь случаем, хотел бы поздравить Вас с блестящими результатами в реализации этого мегапроекта и пожелать успешного проведения знакового мероприятия. Поздравляю Вас с 74-летием со дня образования Китайской Народной Республики и блестящим выступлением команды Китая на XIX летних Азиатских играх в Ханчжоу. Мы с большим воодушевлением следим за бурным прогрессом Китая. Под Вашим мудрым лидерством Китай уверенно приближается к достижению высокой цели – стать передовой мировой державой, ─ заявил Президент Казахстана.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿 Мемлекет басшысы жан-жақты әрі мәңгілік стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-қытай қатынастары қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды

Біз барлық бағыт бойынша тиімді мемлекетаралық ықпалдастықты жолға қойдық. Сіздің былтыр қыркүйек айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз өзара байланыстардың барынша нығаюына тың серпін берді. Сапар аясында елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың жаңа «алтын 30 жылдығы» басталды. Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық табысты дамып келеді. Айтарлықтай өсім бар. Инвестицияның жалпы көлемі 21 миллиард доллар болатын 52 бірлескен жоба жүзеге асырылып жатыр. 2024 жыл Қытайда Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Бұл осы сала үшін мол мүмкіндіктерге жол ашады. Өзара мәдени-гуманитарлық байланыстар үшін қолайлы жағдай жасалуда. Мемлекетаралық қарым-қатынастарды мүлдем жаңа деңгейге шығару үшін Қазақстанның да, Қытайдың да орасан зор әлеуеті бар деп санаймын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, құрметті Төраға Си Цзиньпин, Сізді келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿 Главой государства подчеркнута положительная динамика развития казахско-китайских отношений, отвечающих уровню вечного всестороннего стратегического партнерства

Мы выстроили эффективное межгосударственное взаимодействие по всем направлениям. Мощный импульс комплексному углублению связей придали итоги Вашего государственного визита в Казахстан в сентябре прошлого года, в ходе которого был дан старт новому «золотому 30-летию» сотрудничества между нашими странами. Успешно развивается торговля между нашими государствами. Рост значительный. Продолжается реализация 52 совместных проектов с объемом инвестиций в 21 млрд долларов. 2024 год объявлен Годом казахстанского туризма в Китае, что откроет большие перспективы для этой сферы. Создаются благоприятные условия для взаимного культурно-гуманитарного обмена. Считаю, что у Казахстана и Китая имеется колоссальный потенциал для вывода межгосударственных связей на качественно новый уровень. Пользуясь возможностью, хотел бы пригласить Вас, уважаемый Председатель Си Цзиньпин, посетить Казахстан с государственным визитом в следующем году, ─ сказал Касым-Жомарт Токаев.

t.me/aqorda_resmi
🇨🇳 ҚХР Төрағасы шақыруын қабыл алғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті

Жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумына қош келдіңіз. Орнықты әрі қарқынды қазақ-қытай қатынастары екі ел арасындағы өзара сенімді нығайтып, бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау ісінде батыл әрекет етуге септігін тигізеді. Халықаралық жағдайдың қалай құбылатынына қарамастан, Қытай мен Қазақстан өздерінің бастапқы ұстанымдарынан айнымай, бір-біріне жәрдемдеседі. Елдеріміз арасында достық қатынастар орнаған жылдар ішінде біз мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік қалыптастыра алдық. «Бір белдеу, бір жол» жобасын 10 жыл бұрын Қазақстанда көтерген едім, – деді Си Цзиньпин.

ҚХР Төрағасының айтуынша, Қытай Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды толықтай қолдайды.

🇰🇿🇨🇳 Келіссөз барысында тараптар сауда-экономика, мұнай-газ, мұнай химиясы, энергетика, қаржы, көлік-транзит, атом өнеркәсібі, машина жасау, туризм, электронды коммерция және жоғары технология салаларындағы жан-жақты ықпалдастықты дамыту мәселелерін талқылады. Мемлекеттер басшылары бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ мәдениетаралық байланыстарға жағдай жасау маңызды екеніне назар аударды.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇨🇳 ҚХР Төрағасы шақыруын қабыл алғаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті – Жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумына қош келдіңіз. Орнықты әрі қарқынды…
🇨🇳 Председатель КНР поблагодарил Президента Казахстана за принятие приглашения и отметил важность укрепления взаимовыгодного сотрудничества

Добро пожаловать на 3-й Форум высокого уровня международного сотрудничества «Один пояс, один путь». Здоровые, стабильные и динамичные китайско-казахские отношения способны укрепить доверие между двумя странами и решительно содействовать поддержанию мира и стабильности. Независимо от того, как изменится международная ситуация, Китай и Казахстан будут придерживаться своих первоначальных устремлений и помогать друг другу. За годы дружбы наши страны успели выстроить вечное всестороннее стратегическое партнерство. 10 лет назад я впервые инициировал проект «Один пояс, один путь» в Казахстане, − отметил Си Цзиньпин.

Председатель КНР подчеркнул, что Китай полностью поддерживает суверенитет и территориальную целостность Казахстана, а также масштабные реформы, проводимые Касым-Жомартом Токаевым.

🇰🇿🇨🇳 В ходе переговоров стороны обсудили вопросы развития всестороннего сотрудничества в торгово-экономической, нефтегазовой, нефтехимической, энергетической, финансовой, транспортно-транзитной сферах, а также в атомной промышленности, машиностроении и туризме, электронной коммерции и высоких технологиях. Лидерами подчеркнута важность реализации совместных инвестиционных проектов и создания условий для взаимного культурного обогащения.

Кроме того, состоялся обмен мнениями по актуальным вопросам международной и региональной повестки дня.

t.me/aqorda_resmi
🇰🇿✍️🇨🇳 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің келіссөзі нәтижесінде екі елдің делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы экономикалық даму саласындағы алмасу және ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім;

3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы «Тачэн – Аягөз» теміржолын салу жобасы бойынша ынтымақтастықты бірлесіп дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісім;

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына рапсты экспорттау кезіндегі фитосанитариялық талаптар туралы хаттама.

t.me/aqorda_resmi
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿✍️🇨🇳 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің келіссөзі нәтижесінде екі елдің делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды: 1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Қытай Халық Республикасы Даму және реформалар жөніндегі…
🇰🇿✍️🇨🇳 По завершении переговоров Касым-Жомарта Токаева и Си Цзиньпина членами делегаций двух стран был подписан ряд документов:

1. Меморандум о взаимопонимании между Агентством по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан и Государственным комитетом по развитию и реформам Китайской Народной Республики по обмену и сотрудничеству в области экономического развития;

2. Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута, в том числе для контейнерных поездов сообщением Китай – Европа;

3. Меморандум о взаимопонимании между Министерством транспорта Республики Казахстан и Государственным комитетом по развитию и реформам Китайской Народной Республики по совместному развитию сотрудничества по проекту строительства железной дороги «Тачэн – Аягоз»;

4. Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Китайской Народной Республики по развитию Транскаспийского международного транспортного маршрута;

5. Протокол между Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан и Главным таможенным управлением Китайской Народной Республики о фитосанитарных требованиях при экспорте рапса из Республики Казахстан в Китайскую Народную Республику.

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі

Встреча Касым-Жомарта Токаева и Си Цзиньпина

🎦 t.me/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿✍️🇨🇳 Құжаттарға қол қою рәсімі

🇰🇿✍️🇨🇳 Церемония подписания документов

🎦 t.me/aqorda_resmi