Aqorda 🇰🇿
57.9K subscribers
12.5K photos
2.6K videos
14.3K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Мемлекет басшысы Бейжіңде Әбу Насыр Әл-Фарабиге қойылған бюстті салтанатты түрде ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі білім алған Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орта ғасырлық философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюстті салтанатты түрде ашу рәсіміне қатысты.

Ашылу рәсіміне ҚХР білім министрінің орынбасары Ван Гуанянь, университеттің Партия комитетінің хатшысы Ни Хайдун, ректоры Дуан Пэн және Мемлекет басшысына сабақ берген университет профессоры Лю Шицинь, сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік өнер мұражайының директоры, мүсін авторы У Вэйшань қатысты.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, Әл-Фарабидің әлемдік өркениетке қосқан зор үлесіне айрықша тоқталды.

Баршаңызға мәлім, Әл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы, оның әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі орасан зор. Әл-Фараби Қазақстан аумағында туып-өсті, білім іздеп көптеген елге барды. Математика, жаратылыстану, астрономия, филология және басқа да бірқатар ілімді дамытуға зор еңбек сіңірді. Адамзаттың дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ол философиялық туындыларында әділдік идеясына ерекше назар аударды. Қайырымды қоғам және үйлесімді мемлекет құру мәселесіне баса мән берді. Адамгершілік пен рухани құндылықтарды дәріптеді. Ғалым музыка және каллиграфия өнерін зерделеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев энциклопедиялық деңгейдегі, яғни жан-жақты білімі бар Әл-Фарабиді замандастары Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп атағанына назар аударды.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял участие в церемонии открытия бюста Аль-Фараби в Пекине

Президент Касым-Жомарт Токаев принял участие в торжественной церемонии открытия бюста средневекового философа и ученого Абу Насра Аль-Фараби на территории Пекинского университета языка и культуры.

В церемонии открытия также участвовали заместитель министра образования КНР Ван Гуанянь, секретарь партийного комитета университета Ни Хайдун, ректор университета Дуань Пэн, профессор университета Лю Шицинь, а также директор Государственного художественного музея Китая и автор бюста У Вэйшань.

Глава государства в своем выступлении остановился на вкладе Аль-Фараби в интелектуальный подъем мировой цивилизации.

Великий мыслитель Востока, который внес значительный вклад в развитие всей мировой цивилизации, Аль-Фараби родился и вырос на территории Казахстана. Он объездил многие страны в поисках знаний, сыграл выдающуюся роль в становлении математики, естествознания, астрономии, филологии, осуществлял исследования в других отраслях науки. Неизмерим его вклад в развитие человечества. В своих философских произведениях Аль-Фараби акцентировал внимание на идее Справедливости. Он придавал особое значение формированию милосердного общества и гармоничного государства, отстаивал нравственные и духовные ценности. Ученый изучал такие виды искусства, как музыка и каллиграфия, – сказал Президент.

Касым-Жомарт Токаев отметил, что современники называли Аль-Фараби, обладавшего энциклопедическими познаниями, «Вторым учителем» после Аристотеля.

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы ғұлама ғалымның еңбектері әрдайым өзекті, мән-мағынасын жоғалтпайтынын атап өтті

Оның шығармалары – әлемдік ақыл-ойдың алтын қорына қосылған құнды қазына. Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндерінің жаһандық тізіміне енгізілді. Біз 2020 жылы осы мерейтойды ерекше атап өттік. Халықаралық ғылыми симпозиумдар, конференциялар ұйымдастырылды. Монографиялар мен жинақтар басып шығарылды. Деректі фильмдер түсірілді. Мұның бәрі Әл-Фарабидің еңбектерін терең түсінуге мүмкіндік береді, оның мол мұрасын жан-жақты насихаттауға жол ашады. Енді Қытай ғалымдары мен жастарына философ жайлы бірқатар ғылыми еңбектер қолжетімді болады. Осы құнды деректермен, ең алдымен, Бейжің Тіл және мәдениет университетінің оқытушылары мен студенттері таныса алады. Бұл – қуантарлық жайт. Мен де кезінде осы оқу орнында тура қырық жыл бұрын білім алдым. Сондықтан бүгін Әбу Насыр Әл-Фарабидің мүсінін ашу – мен үшін зор мәртебе, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ұлы ойшылдың мұрасы білім ордасында жан-жақты зерттелетініне, сол арқылы мәдени байланыстарымыз нығая түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар осы бастамаға қолдау білдірген Қытай Үкіметіне, Бейжің Тіл және мәдениет университетіне, Қытайдың Мемлекеттік өнер мұражайына және көрнекті мүсінші У Вэйшаньға зор ризашылығын білдірді.

t.me/aqorda_resmi
Глава государства подчеркнул, что труды ученого всегда актуальны и не теряют своей ценности

Его произведения – это сокровище, вошедшее в золотой фонд мировой научной мысли. 1150-летие Аль-Фараби, которое отмечалось в 2020 году, вошло в глобальный список памятных дат ЮНЕСКО. Были организованы международные научные симпозиумы, конференции. Вышли в свет монографии и сборники. Были сняты документальные фильмы. Все это позволило глубже осмыслить труды Аль-Фараби, открыло возможности для популяризации его богатого наследия. Теперь ряд научных работ, посвященных философу, будет доступен китайским ученым и молодежи. Радует то, что в первую очередь с этими ценными материалами смогут ознакомиться преподаватели и студенты Пекинского университета языка и культуры, – сказал лидер Казахстана.

Касым-Жомарт Токаев напомнил, что в свое время он обучался в данном учебном заведении, поэтому открытие бюста Абу Насра Аль-Фараби является для него большой честью. Глава государства выразил уверенность в том, что здесь наследие великого мыслителя будет всесторонне изучаться, тем самым способствуя укреплению культурных связей. Он также высказал признательность Правительству Китая, Пекинскому университету языка и культуры, Государственному художественному музею Китая и выдающемуся скульптору У Вэйшаню за поддержку этой инициативы.

t.me/aqorda_resmi
Президент Бейжің лингвистикалық институтында тағылымдамадан өткен кезінде өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелесті

40 жылдан кейін білім алған университетіме келіп, өзіңізді аман-сау көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздің еңбекқорлығыңызды, табандылығыңыз бен ерік-жігеріңізді ерекше бағалаймын. Сіздің шәкірттерге берген біліміңізге баға жетпейді. Мұның бәрі сіздің кәсібилігіңізді, ыждағаттылығыңызды және өз ісіңізге деген адалдығыңызды көрсетеді. Құрметті демалыста екеніңізді білемін. Соған қарамастан, университеттің қоғамдық өміріне атсалысуды жалғастырып, мәдениетаралық байланыстардың дамуына зор үлес қосып жүрсіз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Лю Шициньге алғыс айтып, оған зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Мұнан соң Мемлекет басшысына университетте оқыған кезіндегі өзінің архив құжаттарын көрсетті.

Іс-шара соңында Президент Бейжің Тіл және мәдениет университетіне Әбу Насыр Әл-Фарабидің портретін сыйлап, осы оқу орнында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен әңгімелесті.

t.me/aqorda_resmi
Президент также тепло побеседовал с профессором Лю Шицинем, который преподавал Касым-Жомарту Токаеву в Пекинском лингвистическом институте во время его стажировки

Мне очень приятно спустя 40 лет вновь оказаться в стенах моего университета и встретить Вас в добром здравии. Хочу особо отметить Ваше трудолюбие, стойкость и бодрость духа. Знания, которыми Вы делились со своими учениками, бесценны. Все это подтверждает Ваш профессионализм, усердие и любовь к своему делу. Я знаю, что Вы находитесь на заслуженном отдыхе. Несмотря на это, Вы продолжаете участвовать в общественной жизни университета и вносите большой вклад в развитие межкультурных связей, – заметил Глава государства.

Касым-Жомарт Токаев поблагодарил Лю Шициня и пожелал ему крепкого здоровья и долгих лет жизни.

После беседы Главе государства показали архивные документы о его учебе в университете.

В завершение мероприятия Президент подарил Пекинскому университету языка и культуры портрет Абу Насра Аль-Фараби и встретился с казахстанскими студентами, обучающимися в учебном заведении.

t.me/aqorda_resmi