шимай
11 subscribers
101 photos
13 videos
5 files
10 links
үзінділер.
Download Telegram
біздің шынайы уайымымыз - Құран ғана болу керек. сол кезде Аллаһ Құранға махаббатты ашып қоя салады.

Жания ұстаз
1
өзіңізден сұрап көріңізші Алланың алдында дәрежеңіз қандай? білгіңіз келсе Құраныңызға қараңызшы…

Жания ұстаз
2
сіз қазіргі сынақтарыңызға сабыр қылып жүргеніңіз үшін ,Аллаһ Тағала өміріңіздің қай тұсына нығмет жаудырып қоя салатынын білмейсіз. біз жәй көркем түрде сабыр ету керекпіз.

إِنَّ مَعَ ٱلْعُسْرِ يُسْرًا

Айзада ұстаз
Forwarded from nazik jandy🕊️
ең хайырлы уақыт - Пайғамбарымызды ﷺ танумен өткізген уақыт💚
2
Forwarded from سكينة
сұлумын деп уақытыңызды айна алдында сағаттап сарп етпеңіз. киімдерім әдемі деп, бар көркіңізді жұрт назарына жаюдан сақтаныңыз. әйелді қадірлі ететін- ажары емес, ар-ұяты мен парасаты. нағыз құндылықтың қандай екенінен хабарсыз мына уақытта, ғұмырлық болған жан сұлулығын арттырыңыз, нәзігім🌟

sakeena
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1💘1
жолда кітаппен бірге🤍
қандай күшті,иә?
1
Forwarded from үзінді
біз білмейміз Алла қазір бізден разы ма ,разы емес пе. бірақ оны Құрандағы Аллаһтың жәннаттық ,тозақтық адамдардың сифатын баяндағанына қарап ажыратуға болады. жаннатық адамдардың сифаттарына сіз келесіз бе ?

“ат-тариқатуль мухаммадия” дәрісінен.
1
Пайғамбарымыз ﷺ шам намазының екі рәкәғат сүннетінде “кәфирун” мен “ықылас” сүрелерін оқыған. мұндағы мақсаты : күн мен түнді ,Алланың серігі жоқ ,жалғыз екендігі туралы сеніммен бастау. ( белгілі болғандай бұл екі сүреде таухид мәселесі айтылады)

💭аш-шамаил Мухаммадия
1
Forwarded from үзінді
қазір адамдарда Құранға қарағанда ,телефонға деген махаббат күштірек. телефонмен 24 сағат отырса да жалықпайды,бірақ жарты сағат Құран оқыса шаршап қалады. Құран оқығанда берілетін сый оны қызықтырмайды. не үшін ? өйткені Құранға деген иман жоқ. нық иман болса - Құранды жанымыздан тастамас едік ,бір күніміз болсын Құранды ашпай өтпес еді ,5 минут сайын Құранды ашатын едік.

“ат-тариқатуль мухаммадия”
дәрісінен
Forwarded from үзінді
•адамның Аллаға деген махаббаты - Пайғамбарымызға ﷺ еруімен көрінеді .

•қаншалықты Оған ﷺ ,Оның ﷺ сүннетіне еретін болсақ - соншалықты бұл біздің Аллаға деген махаббатымыздың көрсеткіші.

сүннетті қаншалықты тәрк етіп қойдың - бұл сенің Аллаға деген махаббатынның кемшілігі.

“ат-тариқатуль мухаммадия” дәрісінен
Пайғамбарымыздың ﷺ дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстауының даналығы:

Әбу Хурайрадан риуаят етілуінше ,Пайғамбарымыз ﷺ : “амалдар дүйсенбі және бейсенбі күндері көрсетіледі . сондықтан,менің амалым ораза хәлімде көрсетілгенін жақсы көремін”, деген

пенденің амалдары Алланың құзырына дүйсенбі және бейсенбі күндері көрсетілгенде ,оның ораза хәлінде болуы қандай жақсы!

тағы бір даналық : Пайғамбарымыздан ﷺ дүйсенбі күнінің оразасы туралы сұрағанда Ол ﷺ : “ бұл сондай күн ,бұл күні мен дүниеге келгенмін және пайғамбар болып жіберілгенмін немесе сол күні маған Құран түсірілген”,деп айтқан.

💭әш-шәмәйл Мухаммадия

#сүннет
ашура - мухаррам айының 10-ыншы күні. бұл күні Аллаһ тағала Мусаны (алейһис салям) құтқарып ,Перғауын мен оның әскерін жермен жексен еткен. Муса (алейһис салям) осы күні шүкіршілік ретінде ораза ұстаған болатын. Пайғамбарымызбен ﷺ мүмін-мұсылмандарда осы ниетте ораза ұстаған.

💭әш-шәмәйл Мухаммадия

#сүннет
сахабалар есікті тырнақтың ұшымен қағатын. есікті адам шошып кететіндей қатты қағу дұрыс емес. қақаннан кейін есікті ашпаса 4 ракағат намаз оқылатындай уақыт күту керек.

қазіргі кездегі “телефон соғу” мәселесі де осыған кіреді. бір хабарласқанда алмаса , 4 ракағат намаз оқылатын мөлшерде күту керек. қайта-қайта хабарласу - әдепсіздік.

“ат-тариқатуль мухаммадия” дәрістерінен
Forwarded from Beisenali Olzhas
Шейх Бәдір Алим әл-Миртаһи:

«Араб тілінде сөйлесу – ғибадат».

Сафахат мин сабри әл-уләма, 77
Forwarded from Beisenali Olzhas
Beisenali Olzhas
Шейх Бәдір Алим әл-Миртаһи: «Араб тілінде сөйлесу – ғибадат». Сафахат мин сабри әл-уләма, 77
Бұл сөзді шейх Мухаммад Аууама былай түсіндіреді:

Егер де адам "мен Пайғамбарымызға (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) еліктеп араб тілінде сөйлесемін" деп ниет етіп сөйлесе, онда ол осы тұрғыдан ғибадат жасаған болып саналады.
Forwarded from Ruhani tuys🤍🕊
Білім мен надандықтың арасы бір ғана тоқтау, бір ғана қадам.


Сізді бүгін білімнен, Құраннан, кітаптан, зікірден, намаздан бір күн ғана ұзадым ғой дерсіз, шайтан үшін бұл ұлан-асыр той.
1
Forwarded from Ruhani tuys🤍🕊
Омар ибн Хаттаб (р.а) аты жүрмей қалса менің қателігімнен,менің күнәмнің кесірінен болар дейтін. Мына ат Аллаһ тағалаға мойынсұнады. Маған жүрмей тұрса демек Аллаһ тағалаға мойынсұнып тұрғаны.(пілдің өзі қағбаға қарсы жүрмей жатып алған ғой)
Әйелі айқайласа да үндемей отыратын. Неге шыдап отырсың десе «мені күнадан тыйған осы айел, балаларымды тәрбиелеген осы әйел қалай мен шыдамаймын».
қарапайым сұраққа қарапайым жауап, шын мәнінде Алладан қорқуды көздеп тұр.


Біз олардан үнемі өзімізді тәрбиелеуді, Аллаһ тағаланың разылығын іздеп тұруды үйренеміз🤍🕊



#дәрістен
1