Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
6.18K subscribers
174 photos
70 videos
3 files
133 links
📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym
Download Telegram
"Кедей әрі қарапайым пайғамбардың өмірін уағыздап жүріп байып кеттік қой" депті бір молда баяғыда... #әпендішілік
3D
<unknown>
3D дыбысты Құран

Құлағыңызға наушник 🎧 тығыңыз да, көзіңізді жұмып алып тыңдаңыз 🙂 Құранның құдыретін сезінесіз

Медитация іздеп жүргендерге жіберсеңіздер болады 😉

@apendim
Не істейміз, жамағат?

Біз де Американың жалауын әбүйерімізге жабыстырып көшеге шығамыз ба!? #әпендішілік
📢 Көп намазханды толғандырып жүрген сұрақ:

Хабибтың бойын көру үшін Parimatch сайтына тіркелу жаиз ба?

Күн батқанша пәтуа тауып алу керек еді...😊 #әпендішілік

@apendim
Шұғыл арада билік 23 қазанды "день Бората" немесе "Ту күні" деп белгілеу керек.

Әр жылы осы күні авамызды туға өзгертіп, флешмоб өткізіп, Боратқа қарсы боратып пост жазайық!

Әйтпесе, 4 маусым Рәміздер күнін тойлап жатқан ешкімді көрмедім..! #әпендішілік

@apendim
Осы поптардың арасында "сақал қою "сүннет" пе әлде "уәжіп" пе" деген талас жоқ сияқты ғой)

Сақал мәселесінде бізден гөрі солар сүннетке көбірек "еретін" секілді ме деймін...

Мен-мен деген поптарды шақырып молдаларға "TedTalksPop: "әлемдік дәстүрлі діндердегі сақалдың рөлі және десакрализация мен секуляризмнің дефектілері" деген семинар тренинг ұйымдастырып жіберсе қалай болар екен, әә?😊

Рухани келісім күні түсірілген суреттерді тамашалап отырып туындаған ой ғой, әшейін) #әпендішілік

@apendim
​​Батыста жыл сайын қараша айында Movember (mustache - мұрт, november - қараша) акциясы өтеді. Акцияның мақсаты қуық асты безінің қатерлі ісігімен күресуге қолдау көрсету және ер адамдарда кездесетін түрлі ауруларға халықтың назарын аудару. Акцияға қатысушылар арнайы қорға қаржы аударып, қараша айы бойы сақал мұртына ұстара тигізбей өсіреді.

Ай соңында мұртын әдемі өсіргендер мен қаржы жинауға ат салысқандар марапатталады.


Міне, мәуліт айы басталды. Бізде Мәуліт айы жыл сайын стандартты нұсқада өтеді. Мешітішілік шараларды қоспағанда, театрда тойлаудан әрі аспайды. Меніңше, бізге мәулітті кең көлемде насихаттау үшін мейлінше әр тараптандыру керек. Әрине, бұл "Мен Пайғамбарымды мақтан тұтамын" деген секілді популистік шаралар болмауы керек.

Мысалы, мәуліт айы кезінде арнайы "Мәуліт қоры" жұмыс істесе...

Жамағат арасында сира оқудан, салауат айту, "Шәмәил Мухаммадия" кітабы бойынша хадис жаттаудан, Пайғамбарды ﷺ дәріптейтін жырлар мен нәшид айтудан түрлі жарыстар мен шаралар жүзега асса...

Сондай-ақ, әр адам мәуліт айында Пайғамбарымыздың ﷺ күнделікті іс әрекеттерінің бірнешеуін немесе нәпсісіне ауыр амалдардың бірін өзіне бекітп, соны бір ай бойы үздіксіз орындауға тырысса және орындамаған жағдайда белгілі бір сумманы нәзір ретінде белгілеп, ай соңында барлық штрафын "Мәуліт қорына" аударса...

Әрі осы үрдіс акция/марафон ретінде жамағат арасында насихатталса... деп ойлаймын. Мысалы:

- Мәуліт айы бойы күніне ең кемі 1000 рет салауат айтамын;
- Мәуліт бойы әр күні ең кемі 500 тг садақа жасаймын;
- Мәуліт бойы күніне бір пара Құран оқимын...


нағыз болмаса:

- Мәуліт бойы сестралардың сторисін аңдымаймын, оларға лайк баспаймын;
- Бір ай бойы UFC/ Жайдарман/ вайн қарамаймын
- Бір айы бойы сақалыма тиіспеймін... т.б.


Ал, Сіз қандай ой айтар едіңіз?
Садақадан гөрі қарыз бергеннің екі пайдасы бар:

1) Қарызды әрдайым шын мұқтаж адам сұрайды;
2) Берген ақшаң соңында өзіңе қайтып келеді;

@apendim
"Хабибтай ұлым болсын десең, Абдулманаптай әке бол..!"

Апта мақалы

@apendim
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Баяғының батырлары" деген сөз болушы еді ғой. "Баяғының бәйбішелері" дейміз бе енді..😁😁😁

Бас-басымызға осындай дана бәйбішелер бұйырсын!!!😁

#әпендішілік #тоқалоңай
"ПІЛ КӨРУГЕ КЕЛМЕДІМ..."

Бірде Яхия ибн Мағин есімді ғұлама жас кезінде атақты мужтаһид Мәлик ибн Әнәстың мәжілісінде отырғанда, біреу жанұшыра жүгіріп келіп:

"Мына жақта піл жүр!" - деп айқайлайды:

Піл деген мақұлықты естігендері болмаса, өз көзімен көрмеген шәкірттер өре түрегеліп пілді тамашалауға жүгіреді. Тек Яхия ғана отырған орнынан тапжылмайды. Сонда имам Мәлик Яхияға қарап:

"Сен неге піл қарауға бармадың?" деп сұрайды. Сонда Яхия:

"Мен өз елімнен мұнда білім алу үшін, сіздің нұрлы жүзіңізді көріп, жақсы қасиеттеріңізді үйрену үшін келдім. Піл көруге емес..!" деп жауап берген екен...

Имам Мәликке Яхияның айтқаны ұнап, кейін оны "әл-Ақил" (Ақылды) деп атайтын болған екен.

Пысы: Кейде алыстан ұстаз келсе, кей жамағаттың мешітке келудегі мақсаты дәріс соңында ұстазбен сэлфи жасап кету ғана. Бірде Қабылбек ұстазбен фотоға түсу үшін иіріліп тұрған жамағатты көріп "егер ұстазбен тілдесуге сәлде болса уақытың болса дұға сұра, насихат ал, кеңесін тыңда, бірақ оны фото үшін құртудың не жөні бар" деп ойланғаным бар... Әрісі, солардың дені ұстаздың жарытып он сабағын тыңдамағандар. Фотоға түсу үшін де достойно болу керек қой😊

Әрине, бұл ұстазбен ертелі-кеш жүздесіп, дәрісін алып жүрген жандарға еш қатысы жоқ.

@apendim
"Сәбинадай қатыным болсын десең, Қуаттай батыр бол..!"

апта мақалы

@apendim
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Баяғының бәйбішелері -2" 😊

Құдай-ау қайда сол жылдар,
Дана бәйбіше мол жылдар
Ақырын-ақырын азайып
Жоғалып кетті-ау, болғырлар...😁😔

#әпендішілік #тоқалоңай
​​​​Бірде бір әпенді таң намазынан кейін шәкірттерімен алқа мәжілісінде отырса, бір мүриді жан ұшыра жүгіріп келіп:

- О, Әпендім! Суық хабар! Сіздің шапаныңыз бен сәлдеңізге деп жинаған 500 000 теңге таңертең Kaspi-ден ұшты-күйлі жоғалып кетті! - дейді. Сонда әпенді бес секундка үнсіз қалып, кейін:

- Әлхамдулилла, - дейді.

Біраз уақыттан соң әлгі мүриді қайта жүгіріп келіп:

- "О, Әпендім! Сүйінші! Ақша қайтарылды! Kaspi банкте ақау болған екен!"

Сонда әпенді тағы да үнсіз қалып, кейін:

- Әлхамдулилла - дейді.

Жанындағы мүридтер түсінбей әпендіден неге екі жағдайда да "Әлхамдулилла" дегенін сұрайды.

Сонда әпенді:

"Кеше түнде қатты IPhone 12 алғым келіп, қапелімде ақшам болмай, предзаказға сол 500 000 теңгені жұмсап қойып едім. Соны ойлап, дұрыс жасағаныма іштей шүкір еттім. Ал екінші жағдайда, сірә, "банк потверждение бермесе керек" деген ой келіп, не де болса оның да бір қайыры бар шығар деген оймен "әлхамдулилла" дедім" деген екен...😅

@apendim
Қайбір жылы Францияда теракт болғанда, бүкіл әлем бірге қайғырдық, аватарымызды француз жалауына ауыстырдық. Бәйтеректі боядық.

Былтыр Франциядағы әйлігі Notre Dame шіркеуі өртке оранғанда бүкіл ел болып күрсіндік...

Бірақ сол Францияның Адамзаттың Ардақтысын әжуалап жатқанда еш әрекет етпегенімізге қайранмын... #біркемдүние

@apendim
Кеше бір бауырым:

"Сәке, ертеңнен бастап срочно тәжуид үйренгелі жатырмын" дейді.

"Тыныштық па?" десем (осы кезге дейін беймарал жүргенін ойлап):

"Жақында неке ниетімен бір намазхан қызбен танысқан ем. Сөйлесу барысында тәжуид білмейтінімді айтқанымда әлгі қыз "Мә, сонда Сырымның қасында тәжуид білмейтін жігіттер де жүре ме не!?" дегені. Содан күйініп кетіп срочно үйренгелі жатырмын" дейді сабазым.

Мұны естіп мен де күйініп қалдым-нақ. Бұдан былай суретке түсерде абай болмақ керек. Тіпті тәжуид білмейтіндермен шәй ішу қаншалықты жәиз деп ойланып отыр, әпенді-миым...🤔🤔🤔

@apendim
Мәуліт нашид
@apendim
Пайғамбарымыз ﷺ туралы керемет нәшид 🎧
🌸 БАЯҒЫНЫҢ БӘЙБІШЕЛЕРІ-3

Қазақтың қария сөзінде Орта жүз Арғынның Аргүл есімді бәйбішесі ақылына көркі сай, оған қоса адуынды адам болыпты. Келін болып түскен соң Арғыннан Тоты есімді бір қыз, Мейрамсопы есімді бір ұл көріп, баладан тоқтап қалса керек. Содан, Тәңірдің берейін десе рахымы мол ғой деп, біраз жыл күтеді, бірақ бала болмайды. Ақыры әрі ойланып, бері ойланып Аргүл бәйбіше «Қой болмас, өмір өтіп барады, отағасымның бауырын суытпайын, жорық кезінде Ұлы жүз Бәйдібек бидің Момын деген қызына көзі түсті дегенді естіп едім, сол қызға өзім барып құда түсейін!» деген ойға бекініп, жөн-жоралғысын сайлап жолға шығады.

Бәйдібектің ауылы орынында, Момын қыз үйінде екен. Бәйдібек би «Бастасымның бәйбішесі келді!» деп, шат көңілмен қарсы алады.

Сол күні түнде Момын қыз түс көреді. Түсінде бір ақиық қыран аспаннан сорғалап келіп Момынға жеті рет түседі. Қыран бүркіт әрбір түскен сайын Момынның бауырына бір-бірден жұмыртқа пайда болып, жетіге жетеді. Сол жеті жұмыртқаны қызықтап, бауырына басып жатқанда одан жеті балапан шығады. Жетеуі де жұтынып, көктегі қыран әкесіне қарап, қанаттарын сабалай бастағанда Момын қыз оянып кетеді.

Осы түсін ерке де еркін өскен Момын қыз таңертеңгі дәм үстінде айтып береді. Сонда Бәйдібек би: «Шырағым-ай, түсіңнің түйіні бар екен, «Қырықтың бірі − Қыдыр» деуші еді, жоруын бастасымның бәйбішесі Аргүл айтсыншы!» дейді.

Аргүл көктен тілегені жерден табылғандай қуанып кетеді. Сол жерде келген шаруасымен сабақтай отырып, Момынның түсін былай жориды: «Ақиық қыран − Арғын би болар, аңсары ауса айналып қонар. Өңдеріңде танысып, түстеріңде табысып жүрсеңдер, бір-біріңе ықыластарыңның ауғаны болар! − деп келіп, жүзін Бәйдібек биге бұрып сөзін жалғайды. − Уа, Бәйдібек би, қызыңның бауырына береке дариын деп тұр екен, бастасыңа қи, менің де ниетім қабыл болып, көңілім толып қайтсын!» дейді.

Бәйдібек би үн-түнсіз төмен қарап отырып қалыпты. Сонда, ерке де еркін өскен Момын қыз үнсіздікті бұзып: «Әке, Арғын ағаның қанатының астында болсам, ешкімнен қор болмаспын. Батаңызды беріп, ұямнан ұшырыңыз, мен қарсы емеспін!» депті.

Осылайша Арғын би Момынға үйленеді. Момын қыздың түсінде көргені өңінде келіп, Арғыннан жеті ұл көреді. Ол жетеуі өсіп − өніп, өркен жайып, Орта жүз арғын ішіндегі «Жеті Момын» деп аталатын іргелі руларға айналады. #тоқалоңай

@apendim
Жоғарыдағы жазбада соңғы вариантты таңдаған қыздармен қалай таныссақ болады депті ғой бір әпенді...😁
Төрт әйелді еркектерге көп дейді
Ойбай, ойбай бола берсін көп мейлі.
Әйел деген әдемі ғой әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді!


Мұқаң марқұм тірі болғанда осылай жырлар ма еді, кім білсін..)

#тоқалоңай

@apendim