Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
6.17K subscribers
174 photos
70 videos
3 files
133 links
📝Пайдалы жазбалар, өнегелі оқиғалар, сарказм мен мысқылға толы әңгімелер.
✍️ @iamsyrym
Download Telegram
- Мен сені “машаЛла брат” деп ойлап жүрсем, “әстағфируллаһ брат” екенсің ғо… 😅🤦‍♂️

✍️ Екі ахидің әңгімесі
Бізге әулиедей көрініп жүрген Шоңбай болсын, Тұрсынбаева, Балқия болсын, олардың ешбірі шынайы кәсіпкер емес. Оларда ешқандай өндіріс немесе технология жоқ. Максимум ресторан яки дөнері бар адамдар.

Қызығы, солар Стив Джобс, Джек Ма, Илон Маск сияқты өндіріс не технологиясы бар әлемдік кәсіпкерлердің сөздерін жиі келтіреді. Бірақ өздері ақыл айтып қана ақша жасап жүр.

Парадокс)
Қазіргі қоғамда ақылы көптер ақылы аздардың қалтасын қағумен байып жатыр. Ең қызығы, олардың негізгі аудиториясы - қазақ қыздары. Әйел табиғатының рухани һәм әлеуметтік әлсіздігін инфоцыгандардан бастап, сексекоучтарға дейін әдемі пайдалану үстінде.

Бір кем дүние дерсің…
Қой ауруы тек қазақтарда бар сияқты. Жын тек мұсылмандарға кіре ме деймін…

Түнгі ой.
Қарбаласып жүріп ақша толы әмиянын жоғалтып алған әпенді:

- “Ақшамды ғана алғаныңа шүкір” деп Құдайға алғыс білдірген екен…

@apendim
Балаға жақсы есім қою - әкенің міндеті. Ал, одан да маңыздысы балаға жақсы тәрбие беру.

Аллаға шүкір қоғамда пайғамбарымыз бен исламдағы тарихи тұлғалардың есіміне ие бүлдіршіндер көптеп өсіп келеді.

Баланың есімі қандай әдемі болса, тәрбиесі де сондай көркем болуы керек.

Болашақта Мұхаммедтер ұрлық жасап, Османдар адам ұрып, Фатималар клубта қыдырып, Әминалар сыра ішіп отырмауы тиіс. Бұл елдігіміз бен қатар діндарлығымызға да үлкен сын…
8 наурызда гүл, жаңа жылда подарка, Құрбан айтта қой сатуды үйрететін курсты қайдан сатып алуға болады?😅

#әпендішілік
🌼 8 НАУРЫЗ ЖАЙЛЫ ТӘМСІЛ

Таңғы сағат 5.47. Құбылаға қарай жайылған қызыл мақпал жайнамаз үстінде құлай жатқан Әпенді үнсіз ғана тәсбих тартуда... Түздегі ызыңдаған жел бойына суық дарытып, бойы құлази түсті. Шапанына орана түсіп, ұйықтап кетсем дәретім бұзылып кетпесін деп аяғын қымтай жүрелей отырды. Бөлмеге эл-тасбихтің LED сәулесі қиғаштай түсіп, көгілдір нұрға бөлеп тұр.

Осынау таңғы үнсіздікті шылдыр еткен дауыс бұзды. Әпенді селк ете қалды да, дереу телефонына үңілді. Сұрапқал инста-мүриді екен. Өзі жылына үш-ақ рет жазады: желтоқсанның аяғы және наурызда екі рет.

- Уа, исі Инстаграмға аты мәшһүр Әпендім! 8 наурыз күнін тойлауға бола ма әлде болмай ма? Мына жақта мүрид біткен қырық пышақ болып жатқан жайымыз бар. Төрелігін Сіз айтсаңыз деп жазып тұрмын...

- Ее, Сұрапқал шәкіртім.. Кеудедегі шерді, көңілдегі мұңды қозғадың ғой.. Бұл әлгі сенің ата-бабаңды аштан қатырып, Алашыңды қойдай қырған сәбеттік кәмунизм кезінде енген мереке емес пе еді. Осы күнді ойлап тапқан ана Клара қатын кезінде зұлматшы Сталин мен Ленин атамммен рөмкелесіп, талай түн сырлас болғанын көне көз әпенділер жиі айтып отырушы еді. Өмірі де үлгі тұтарлық жан емес-ті. Күйеуі өлгесін баласындай бозбаламен көңіл қосты. Ал, феминстшіл құрбысы Роза баласымен төсектес атанды...

Кеше сенің жазатыныңды сездім де 8 наурыз тарихын білмек болып, Гугл шейхтан сыр тартсам, мұның тарихы сонау Нью-Йорк пен Парижде шерулеткен жүзекшелердің бастау алады екен... Енді, өзің ойлашы, Сұрапқал балам, осындай күнді қалай мерекелемексің?

- Жөн айтасыз, Әпенді атам. Бірақ жай мереке ретінде атап өтсе ше..?

- Бұл енді боқ түскен ыдысқа, палау салып бергендей ғой, мүриджан...

- Бірақ Қабылбек ұстаз, болады деді емес пе???

- Енді, ол Қабылбек қой...

- НМУда да тойлап жатыр..???

- Енді ол НМУ ғой...

- Абдусамат Қасым да рұқсат етіп жатыр..???

- Енді ол Абдусамат қой...

Диалогты шылдыр еткен келген смс бөліп жіберді..

“Ваш заказ одобрено.
Спасибо за покупку
Ваш Каспи”


Кеше қапелімде ақшасы болмағасын Каспи Ред арқылы төрт әйеліне төрт букет гүлге сатып алғаны есіне түсе кетті...

#ескіпост
Наурыз келген сайын қоғамда әйелдердің еркектердің ықыласы мен қошыметіне мұқтаж екенін, оларға әрдайым еркектерден жылулық жетіспей жүргенінін түсінемін...

Ол еркек әкесі, күйеуі, баласы, тіпті әріптесі болуы да мүмкін...

Өміршең ислам діні әйелдің қоғамдағы құқығы мен мән-маңызын 14 ғасыр бұрын бекітіп, жерге құлаған әйел статусын тіктеп берген дін. Олардың абыройын көтеріп, арсыздықтан сақтау үшін әуретін жабуы туралы аяттар түсірді.

Әйел әркімнің құмарының құлқы мен қолжаулығына айналмас үшін некелесу санын төртке дейін қысқартты....

Тіпті, Алла Тағала 176 аяттан тұратын сүреге «Әйелдер» деген атау берді.

Ислам Ананың статусын Әкеден жоғары қойған дін.

Үлкендігі жер мен көктей Жәннатты ананың табанының астына сыйдырып қойғаны және бар...

Ислам қарындасына, туған қыздарына көркем мәмілесі мен тәрбиесі үшін астыранын өзен аққан Жәннатты уәде еткен дін...

Мүбәрак пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде «Сендердің ең жақсыларың әйелдеріңе жақсы қарағандарың» десе, сахабаларының «Адамдардың ішінде кімді ең қатты жақсы көресіз» деген сұрағына «Айша» деп жауап беріп, некелі жарына деген құрметі мен қадір қасиетін сездірген...

Алла Тағала Адам Атаға серік болсын деп Хауа анамызды жаратса, сәби Мұсаны Әсия анамыз арқылы перғауыннан құтқарды...

Исаны Мәриям анамыз арқылы ерекшеледі. Қасиеті жоғары Зәмзәм бұлағына Ажар анамызды себепкер етті...

Алла Тағала ақырғы пайғамбары Мұхаммедке арқа сүйері етіп Хадиша анамызды берді әрі ол ең алғашқы мұсылман болды.

Әрине, мұндай мысалдар өте көп.... Бұл бізге Исламның әйел затын қаншалықты құрметтегенін ұқтырады...

ДЕМЕК, ислам желісімен өмір сүретіндер үшін 8 наурыз қалыпты күн ғана. Мұсылман түсінігі мұндай бір күндік мерекелерге мұқтаж емес.

Әйелдер де бір күн сыйлық алып, қошымет көргеніне мәз болмай қоғамдағы құндылығын сақтап қалуға тырысса екен деймін...
Үйленгендерден үйрену һәм үйленбегендерге үндеу – 4: ӘЙЕЛІҢДІ ӘЛПЕШТЕ (қатынның құны)

Не деген ұзааақ тақырып деп ойлап болсаңыз, әңгімені бастайық. Бір күні «Сендердің жақсыларың әйелдеріңе жақсы болғандарың» деген хадисті зікір етіп жатып, ұлы ойдың тұңғиығына батып кеттім-нақ.

Бізде мынадай стреотипті бар, мысалы, әйелінің сөзін сөйлейтін еркекті «өкшесүйер» (подкаблучник), әйелінің үйінде тұратын еркекті «күшіккүйеу» дейміз. Бұған қарсылық танытқым кеп отқан жоқ, әйтсе де кейбір кезде қатынның құнын жөнсіз түсірмеген жөн бе деймін.

Айтқым келгені мынау. Біз еркектер өз қатындарымызға қарызбыз, қарыз болғанда банктікі мұның қасында түк емес. Мысалы, әйелдің мойнында ең кемі бес адамның жұмысы бар: бала бағу, тамақ әзірлеу, кір жуу, үй жинау, саған көңіл бөлу. Кейде түнгі он екіден кейін өзіміз тағы жұмыс тауып береміз еще...)

Ал, еркектерде екі-ақ жұмыс бар: тамақ ішу, телефон шұқып, колеса ақтару.

Бәлкім, базбіреулер ол әйелдің міндеті емес пе дер. Бірақ, өзің сол міндеттерді бір сәт өзің ақтарып көрдің бе? Кейде, әйелім шаруаларымен сыртқа шығып үш батырмен үйде қалсам, үш сағат зорға шыдаймын-нақ. Ал, ол болса, таңнан қара кешке дейін үйде, Карл, түсінесің бе?!

Кейде тамақ уақытылы дайын болмай қалса тағы кеп бұрқылдаймыз. Хафиздің тынымсыз екені, Әминнің үндемей жүріп бүлдіретіні, Шәмилдің бұтына кәк еткені былай тұрсын ағаларымен бірігіп жиналған үйді бес минутта шашудың мастері екені, ал қатыным олардың кір-қоңын жуып, құйрығын тазалап, шашылған үйді жинаймын дегенше тамақ істеуге үлгермегенін дәл сол уақытта түсінуге шама жетпейді. Как будьто азаннан кешке дейін диванда аяғын көтеріп қойып, телефон шұқып, Қалаулым көріп жатқандай көреміз. Тамақ па, болды аспан жерге төңкеріліп, каспи банк құлап қалса да уақытында дайын болуы керек біз үшін.

Кейде әйелің қабағы бұзылып отырса, «осы саған не жетпейді» деп дікеңдейтініміз тағы бар. Сондағы ай сайын табатын табысымызды бұлдап отқанымыз.

Байлар қаласа, аспазшы алады, үй тазалаушы, бала күтуші жалдайды. Ал, бізде мұның бәрін ҚАТЫН деген бір адам атқарады. Если честно жігіттер, егер әйелдің әр ісіне ақша төлейтін болсақ ше, әлгі бұлдаған зарплатаңның жұғыны да қалмайды-нақ.

Мысалы, кафеде ең арзан сорпаның өзі 700 теңге тұрады. Түскі комплексті астың орташа құны 700-1000 тг құрайды. Ал, әйелің осыны саған тегіннен тегін ең кемі үш жылдан бері пісіріп жатыр емес пе?! Бұл бер жағы, әшейін...

Қатын қарандаш па, маркер ма білмеймін, бірақ біз үшін өзімізден қымбат ұрпағымызды дүниеге әкелетін жан. Еркектердің бұл үшін маңдайы терлеп, арқасы бусағаны болмаса, жарықтық әйел, тоғыз ай көтеріп, тоғыз күн толғатып барлық қиындықты көреді. Еще содан кейін «фигураң бұзылған» деп әңгіме айту қандай күнәһарлық десеңізщі?!

Бір бойдақ танысым айтатын, маған тұрмысқа шығатын қыздың обалына қалам ба деп қорқамын. Өзін танығаннан айтқаны ғой. Егер біз әйел болсақ, өзің сияқты еркекке тұрмысқа шықпақ түгіл, суретіне лайк та баспас та едік қой. Рас па?

Солай досым, қатынның құны тым қымбат, біз ойлағаннан да. Себебі, сен оған қарызсың. Бұдан кейін тоқал туралы әңгіме айту тахриман макрух кабиран жиддан болар нақ.

Енесінің үйінде тұратын өкшесүйер еркекше жазып кетсем, мені кешіріңдер. Әпендішілік қой. Бірақ шындық осы, тфу...!

Пысы. Бұл жазбаны екі күн бұрын зәужәмның туған күніне орай жазған едім. Нүктесін қою бүгін бұйырды 🙂

✍️10.03.2020

Пып-пысы: Бұл жазба жазылғанда мен үш баланың әкесі едім, Шәмилдің екіге толмаған кезі болатын
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек.

Әуелі - бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек..

Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.

Екінші - ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді…

✍️ Абай Құнанбайұлы | 41 қара сөз

🌸 ДАНАЛЫҚ ДӘРІСТЕРІ

#қарасөз
Жақында Хафиз (үлкен ұлым) “әке “кеф” сөзінің аудармасы қалай?” деп сұрады. “Қай тілден” десем, “ағылшынша” дейді. Дыбысталуына қарасам бізге таныс “кәһф” сөзіне ұқсайды. Сосын “үңгір” шығар дей салдым.

Кейін гугл транслейтке жазып қарасақ “cave” сөзі қазақша шынымен “үңгір” екен.

Таң қалдым…
Ұлдарымның кейбір қызықты һәм пайдалы естеліктерін каналда бөлісіп қоюды жөн көрдім. Болашақта есейіп ер жеткенде не мен өмірден озып кетсем “әкем не жазды екен” деп каналды ақтарар, бәлкім. Сол кезде әкелерінің өздері туралы жазған қызықты дүниелерін оқып бір тамсанып, “менің қаншалықты жақсы әке болғанымды” біле жүрер…🥲
“Егер өмір тағы берілсе, сенімен қайта үйленуші едім…”

Көп неке осындай махаббатқа мұқтаж…
Жарықтық Қожекең баласын сүтке жұмсапты.
– Балам, міне ақша, осыған сүт әкел. Байқа, жолда төгіп алма - деп, шапалақпен тартып жіберіпті.
– Қожеке, балаңыз әлі сүтті төккен жоқ, неге ұрасыз? – депті қасында тұрған көршісі.
– Сүтті төгіп алғаннан кейін, шапалақтың не пайдасы бар?! – депті сонда Қожекең))
Қазір таңда жақсы мұсылман болу үшін ішінара фемизинмді түсініп, аратұра толеранттық танытып, гуманистік кей пікірлерлі қолдап, модернизмнен аз-мұз дәм тату керек пе дерсің…
Намазды Қағба қарап оқу шарт, бірақ оразаны Саудияға қарап тұтыңдар деген аят түгіл, мәудуғ хадис те жоқ. КСА-да Айдың көрінбеуі бізге дәлел болмағанындай, көрінуі де бізге үкім емес. Ауызды өз өлкеңдегі Күннің қозғалысына қарап бекіткеніңдей, Рамазанды да өз еліңдегі Айдың тууына қарап анықтайсыңдар, уа мұхтарам әпенділерім..!
Рамазан мүбәрак болғай, әпенділерім! Алла бұл айды баршаңызға берекелі етсін!🌙
Осыдан 6-7 жыл бұрын ораза туралы saum.kz деген сайт ашқам. Себебі ол уақытта ораза жайлы толыққанды ақпарат беретін бірде-бір діни платформа болмады, сәләфиліктен басқа.

Сайт дизайнын самоучка IT досым тегін жасап берді. Сапалы жасатуға қаржым болмады. Сайтты Рамазан бойы күнделікті мыңнан аса адам қолданып жүрді. Алайда техқұрылымы ойдағыдай болмай, сайтты спамдар мен фишинг хаттар жаулап, бір маусымнан кейін жабылып қалды.

Екі жыл бұрын ескі ноутбугымды ақтарып, сарымайдай сақталып жатқан бүкіл архивты қайта жинап, @orazabot деген бот-плафторма аштым. Аллаға шүкір әлі күнге дейін аман-есен жасап тұр🙂

Он мыңнан аса тіркелуші бар екен. Сіздерден де тіркеліп, бөлісіп, қолдап қоюларыңызды сұраймын😇
Күн сайын ауызашарға баратындардың сторисін көргенде өзіңді дым авторитеті жоқтай сезінеді екенсің😅