AOGU News
247 subscribers
1.22K photos
228 videos
16 files
418 links
Все новости Атырауского университета нефти и газа имени Сафи Утебаева
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент:

«Перед Правительством поставлена важная задача: увеличить к 2029 году долю среднего бизнеса в экономике до 15%. Сегодня данный показатель составляет около 7%. В начале года я поручал принять конкретные решения, направленные на поддержку среднего бизнеса. Подразумевалось, что будут выработаны пакетные меры. Однако их до сих пор нет.

Каждый субъект предпринимательства должен легко ориентироваться и знать, какие есть виды поддержки, как он их может получить. Тогда малый бизнес будет больше заинтересован в переходе в категорию среднего. Сейчас же у нас более 100 мер поддержки, в которых запутается даже сильный специалист. Поэтому следует провести их ревизию на предмет эффективности и сформировать единый понятный бизнесу список преференций и льгот.

Для развития малого и среднего бизнеса можно использовать инструменты финтеха, соответствующие предложения по данному вопросу имеются.

Крайне важная задача – привлечение инвестиций в агропромышленный комплекс. Несмотря на последствия паводков, наши аграрии своевременно завершили посевную кампанию, за что выражаю им большую благодарность.

В этом году финансирование весенне-полевых работ было увеличено в два раза. Но в целом финансирование АПК на 70% осуществляется за счет государства. В отрасль необходимо привлечь и средства коммерческих банков. Проведена работа по субсидированию государственных финансовых институтов для выдачи кредитов аграриям по сниженной ставке. Данный опыт нужно распространить на банки. Это позволит оперативно обеспечивать фермеров необходимыми оборотными средствами, снизить коррупционные риски и упростить процедуру получения кредитов»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс. Алайда шындыққа жанаспайтын ақпарат беру, басқаша айтқанда, мәліметтерді бұрмалау ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отыр.

Арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтады. Егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екені белгілі болды. Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ал мұндай іспен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тарту керек.

Жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепілі. Жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссия әкімдіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурс өткізбей-ақ беру туралы екі мыңнан астам заңсыз шешім қабылдағанын анықтады. Бұл мәселе қатысты екіұшты ұстаным болмауы қажет. Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Ал жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керек. Сондай-ақ оның ауылды көркейтіп, тұрғындарға тұрақты жұмыс беріп отырғанын да ескерген жөн»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«Важнейшей задачей является постепенный переход от прямого субсидирования АПК к обеспечению доступного кредитования. Все выделяемые средства должны быть использованы эффективно. Однако недостоверные данные, а по-другому говоря, фальсификации, не позволяют оценить реальную ситуацию в сельском хозяйстве.

Специальной комиссией уже выявлено несуществующих 2 млн голов крупного и более 3 млн голов мелкого рогатого скота. Такие же факты выявлены и в растениеводстве. Это по сути приписки, на которые выделялись государственные субсидии. Следует прекратить такую преступную практику, а тех, кто этим занимался, привлечь к ответственности.

Земля – это ключевой элемент инвестиционной привлекательности отрасли. Комиссией по изъятию земель выявлено более двух тысяч незаконных решений местных исполнительных органов о предоставлении сельхозугодий без проведения конкурсов. Тут двусмысленности быть не должно. Если землю взяли с нарушением закона и не используют, то эта земля должна быть возвращена государству, причем по упрощенной процедуре. Но если землепользователь добросовестно работает, вложил инвестиции, то нельзя разрушать действующее производство. При этом в расчет следует также взять работу по обустройству сел и обеспечению постоянной занятости сельчан»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы:

«Көптеген меншік иесі өздері пайдасын көріп отырған жерден мыңдаған шақырым алыста тұрады, ондағы ауыл тұрғындарына қамқорлық жасау ойына кіріп те шықпайды. Бізге мұндай жер иелерінің қажеті жоқ. Үкімет пен Бас прокуратура оларға қатысты мәселені мықтап қолға алуға тиіс.

Азаматтар, әсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы керек. Оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі.

Былтыр «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни «тауар несиесін» беру мәселесін қарастыру қажет.

Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды. Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет. Осындай жоба «Amanat» партиясының бастамасымен Жамбыл облысы Меркі ауданында жүзеге асырылды. Үкімет пен әкімдер бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойластыруы керек.

Жалпы отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті. Ал олардың, яғни бизнестің және инвесторлардың заңды қызметіне кедергі жасау аса ауыр құқық бұзушылық деп саналуға тиіс. Демек ондай әрекетке жол бергендер тиісті жазасын алады. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Ал кәсіпкерлер мен инвесторлар өз жұмысын адал жүргізіп, заңды сақтап, салық төлеуден жалтармауы керек»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства:

«Не секрет, что многие землепользователи живут за тысячи километров от земли, приносящей им прибыль, и не заботятся о жизни сельчан. Такие землевладельцы нам не нужны. Правительство и Генеральная прокуратура должны заняться ими.

Перед государством стоит задача стимулировать продуктивную легальную занятость граждан, особенно на селе, чтобы они были непосредственно вовлечены в строительство собственного будущего.

В прошлом году был дан старт проекту «Ауыл аманаты», который в целом показал неплохие результаты. Теперь в рамках данного проекта следует рассмотреть вопрос внедрения нового инструмента – «товарного кредита». При этом важно создать инфраструктуру переработки и сбыта произведенной сельчанами продукции.

В каждом районе необходимо запустить центры для обучения граждан возделыванию разных сельскохозяйственных культур. По инициативе партии «Amanat» такой проект запущен в Меркенском районе Жамбылской области, Правительству и акимам следует продумать его масштабирование в других регионах.

В целом, задача Правительства и всех государственных органов – открыть дорогу отечественному бизнесу и иностранным инвесторам. Воспрепятствование их законной деятельности должно рассматриваться как очень серьезное правонарушение со всеми вытекающими отсюда последствиями. На этот счет я уже высказывался. Предприниматели и инвесторы, в свою очередь, должны проявлять добропорядочность, соблюдать закон, не уходить от налогообложения»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент:

«ҮШІНШІ. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет.

Үкімет 17 ірі жобаның тізімін жасады. Онда терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген. Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды.

Мен жуырда Қарағанды облысында болдым. Сол кезде «Qarmet» металлургия комбинатына бардым. Отандық инвестор келген соң, ондағы ахуал едәуір тұрақталды. Кәсіпорын жаңғыртыла бастады. Бұл қадам өндірілетін өнім көлемін айтарлықтай арттыруға тиіс. Саран қаласының экономикасын әртараптандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Онда автокөлік доңғалағын және тұрмыстық техника шығаратын өндірістер іске қосылды. Соның арқасында бұл елді мекен моноқалалар санатынан шығарылды. Басқа да моноқалаларға дем беру үшін осы тәжірибені қолдану қажет. Жалпы, аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашатын жаңа өндіріс орындарын барынша дамыту керек.

Биыл арнайы Жарлықпен Алатау қаласы құрылғанын білесіздер. Бұл қала қарқынды дамитын, инновация кеңінен қолданылатын әрі білікті мамандар жұмыс істейтін орынға айналуы қажет. Үкімет онда жайлы өмір сүріп, табысты еңбек етуге, инвестиция салуға қолайлы жағдай жасауға тиіс.

Автокөлік құрастыру ісінде оң нәтижелер бар. Осы қарқынды сақтап, жергілікті өндіріс көлемін ұдайы арттыру керек. Мемлекеттің автокөлік өнеркәсібіне көрсетіп жатқан жан-жақты қолдауы түптің түбінде толыққанды автокөлік құрастыру кластері ретінде елдің игілігіне айналуы қажет»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент:

«ТРЕТЬЕ. Следует предпринять системные усилия для полноценного раскрытия промышленного потенциала страны.

Правительством составлен перечень из 17 крупных проектов. В приоритете – освоение высоких переделов. Важно максимально использовать отечественное сырье и комплектующие, налаживать вокруг гигантов смежные производства.

Недавно я посетил Карагандинскую область и побывал на металлургическом комбинате Qarmet. С приходом отечественного инвестора ситуация на комбинате заметно стабилизировалась, начата модернизация предприятия, что должно привести к существенному увеличению производства. В рамках диверсификации экономики в Сарани было запущено производство автомобильных шин и бытовой техники, что позволило исключить этот город из категории моногородов. Этот опыт надо применить и в других моногородах, чтобы вдохнуть в них новую жизнь. В целом, важно активно развивать новые точки роста в регионах.

Как вы знаете, в этом году специальным Указом образован город Алатау, который должен стать местом опережающего развития, притягивающим инновации и таланты. Правительству следует создать привлекательные условия для инвестиций, жизни и работы в этом городе.

Достигнуты положительные результаты в автомобилестроении. Набранные темпы нужно сохранить, последовательно повышая уровень локализации. Оказываемая автопрому господдержка в конечном счете должна вернуться в виде полноценного автомобилестроительного кластера»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамыту – маңызды міндет. Біз полипропилен және полиэтилен шығаратын ірі өндірістік жобаларды жүзеге асыра бастадық. Бутадиен, карбамид, терефтал қышқылын өндіруге арналған басқа да болашағы зор жобалар қолға алынып жатыр.

«Орта Азия – Орталық» магистральді газ құбырының елімізге тиесілі 800 шақырымнан астам бөлігін жаңғырту жұмысы өте қысқа мерзімде аяқталды. Газ тасымалдау бағдарларын әртараптандыру және оның қуатын арттыру қажет. Тұрғындарды және экономиканы газбен қамтамасыз ету – Үкіметтің басты міндетінің бірі.

Былтыр бірқатар газ кеніші игеріле бастады. Сондай-ақ жылына жалпы көлемі бір миллиард текше метр газ өндіретін жаңа кен орындарын игеру жоспарланып отыр. Әзірге бұл жобалар толық іске қосылған жоқ. Сондықтан газды ішкі нарыққа тиімді бөлу қажет. Жылу электр орталықтарын және қарапайым тұтынушыларды көмір орнына газ жағуға көшіру жұмысын байыппен жүзеге асырған жөн.

Үкіметке Жаңаөзендегі, Қашағандағы және Қарашығанақтағы газ өңдеу кәсіпорындарының құрылысын тездетуді тапсырамын. Бұл – басты міндет. Осы саланы табысты дамыту үшін инвестицияның қайтарымын қамтамасыз ететін пәрменді ынталандыру шараларын қысқа мерзімде қабылдау, соның ішінде ақылға сыйымды тарифтер мен көтерме бағаларды белгілеу керек. Газ кеніштеріне геологиялық барлау жасау үшін жаңа инвестиция тарту тұрғысынан алғанда бұл шаралар өте маңызды. Әйтпесе, экономиканы қажетті көлемде газбен қамтамасыз ету мүмкін емес»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«Актуальна и задача дальнейшего развития нефтегазохимической отрасли. Мы начали реализацию крупных производств по выпуску полипропилена и полиэтилена. В разработке находятся другие перспективные проекты: по производству бутадиена, карбамида, терефталевой кислоты.

За рекордный срок завершена модернизация участков магистрального газопровода «Средняя Азия – Центр» протяженностью свыше 800 км. Предстоит расширить мощности и диверсифицировать газотранспортные маршруты. Одной из первостепенных задач Правительства остается обеспечение газом населения и экономики.

В прошлом году начата эксплуатация ряда газовых месторождений, планируется также освоение новых залежей газа с общим объемом добычи в один миллиард кубометров в год. Однако до полного ввода этих проектов следует рационально распределять поставки газа на внутренний рынок, взвешенно подойти к переводу ТЭЦ и бытовых потребителей с угля на газ.

Правительству поручается ускорить строительство газоперерабатывающих предприятий в Жанаозене, на Кашагане и Карачаганаке. Это приоритетная задача. Для успешного развития отрасли предстоит в кратчайшие сроки внедрить действенные стимулы, направленные на обеспечение возвратности инвестиций, включая предоставление адекватных тарифов и оптовых цен. Такие условия крайне важны для новых инвестиций в геологоразведку газовых месторождений. Иначе обеспечить экономику достаточными объемами газа попросту невозможно»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы:

«ТӨРТІНШІ. Инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажет.

Бұл жұмыс, ең алдымен, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс. Қазір энергия өндіретін жаңа нысандар салу үшін берілетін несие шарттарын қолайлы деп айта алмаймыз. Сондықтан Үкімет қаржы институттары арқылы ұзақ мерзімге арналған қолжетімді несие беру жолдарын ойластыруға тиіс.

Мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты, яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл – осы салаға «ұзақ мерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Алайда тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керек. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру – өте өзекті мәселе. Келесі жылдан бастап нақты ережелер енгізілуге тиіс. «Көп тұтынсаң – көп төлейсің» қағидатын басшылыққа алу қажет. Алайда тұтынушылар жеке монополистердің шырмауында жалғыз қалмауға тиіс. Заңнамаға әлеуметтік маңызы бар қызметтер деген ұғым енгізілуі керек. Оны мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі сияқты реттеген жөн»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства:

«ЧЕТВЕРТОЕ. Нужно решить первоочередные инфраструктурные проблемы.

Прежде всего это касается энергетического сектора и коммунального хозяйства. Стандартные условия кредитования строительства объектов новой генерации нельзя назвать приемлемыми. Поэтому Правительству нужно продумать, как обеспечить доступное долгосрочное кредитование со стороны финансовых институтов.

От государства потребуется четкое планирование тарифной политики на долгий срок. Это непременное условие привлечения в отрасль «длинных денег». При этом нельзя допустить необоснованного роста тарифов для потребителей.

До конца года следует утвердить национальный проект по модернизации энергетического и коммунального секторов. Острым остается вопрос формирования культуры экономии коммунальных ресурсов. Со следующего года нужно внедрить четкие нормы их потребления по принципу «больше потребляешь – больше платишь». В то же время потребители не должны оставаться один на один во взаимоотношениях с частными монополистами. В законодательство следует ввести понятие социально значимых услуг и регламентировать их по аналогии с процессами оказания госуслуг»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент:

«БЕСІНШІ. Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды.

Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталды.

Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн. Бұл тәсілді білім бағдарламасы заман талабына сай келетін өз оқу орындарымызға да қолдануға болады. Осы ретте грант құны жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беруге тиіс. Мемлекет қаржысын университеттің бәріне шашыратып, оңды-солды тарата беруге болмайды. Үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керек.

Инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру қажет. Мұндай қадам әр саладағы инновацияға серпін береді. Сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін арттырады. Сонымен қатар ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасын әншейін синекураға және «академиялық туризмге» айналдырмау керек.

Жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де білікті кадрлар даярлауы қажет. Үкімет колледжде жақсы оқыған түлектерді мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке алу мүмкіндігін қарастыруға тиіс»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент:

«ПЯТОЕ. Важно последовательно повышать кадровый потенциал страны.

Обеспечение экономики квалифицированными кадрами – это самая насущная задача. Прежде всего предстоит преодолеть острую нехватку отраслевых специалистов: водников, строителей, энергетиков и многих других. Речь также идет о подготовке специалистов по профессиям будущего. Работа в данном направлении уже начата.

Правительством осуществляется интернационализация высшего образования – в страну привлечены 23 известных зарубежных вуза. Надо оказать всяческое содействие их деятельности, в том числе путем поэтапного расширения госзаказа на подготовку специалистов. То же самое касается и отечественных вузов, образовательные программы которых отвечают современным требованиям. Размер выделяемых грантов должен позволять организовать качественный образовательный процесс. Нельзя распылять государственные средства по всем университетам.

Предстоит усилить связь лучших университетов с реальным сектором экономики. Требуется синхронизировать инновационную политику с научно-технологическими приоритетами страны. Это позволит придать импульс отраслевым инновациям, раскрыть потенциал прикладной науки в вузах.

Нельзя также превращать стажировки ученых за рубежом в некую синекуру и «академический туризм». Квалифицированные кадры должны готовиться не только в вузах, но и в организациях технического и профессионального образования. Правительству следует рассмотреть возможность принятия в отраслевые госорганы выпускников колледжей, показавших высокие результаты»

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын UTEBAYEV UNIVERSITY профессор-оқытушылары мен студенттері тікелей көрсетілім арқылы тыңдады. Ел дамуын айқындайтын құжатта ғылым, жоғары білім, маман даярлау бойынша да маңызды мәселелер айтылды.
Жолдауда айтылған тапсырмалар мен жүктелген міндеттер - университеттің алдағы жұмысына бағдар болады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атом энергиясы мәселенің замануи шешімі болуы мүмкін
UTEBAYEV UNIVERSITY оқу үрдісінде академиялық адалдық – басты құндылықтардың бірі. Құқық бұзушылықтың алдын алуда университет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментімен тығыз байланыс орнатқан.
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жахин Нұрлан Серікұлының қатысуымен адалдық сағаты өтті. Кездесуге университет ректоры Гүлзада Шакуликова қатысып, оқу үрдісіндегі академиялық адалдық қағидаттарын атап өтті.
UTEBAYEV UNIVERSITY академиялық адалдық лигасының мүшесі ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» саясатын ұстанады. Оқу орнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Комплаенс қызметі жұмыс істейді.
Жемқорлық – жоғары оқу орындарында білім сапасының артуына кедергі келтіретін, болашағына кесірін тигізетін індет.
Адалдық - ардың ісі. Университетте таза моральдық ахуал қалыптастыру үшін баршамыз да жауаптымыз.
⚜️ Университетімізге «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында түркиялық ғалымдар келді. Меймандарды АтМГУ ректоры Гүлзада Тәңірбергенқызы қабылдап, бірлескен жұмысқа табыс тіледі.
⚜️ Мустафа Кемаль Гумуш, Эргюн Гультекин, Эрсен Турач, Ясин Канбур, Бахадир Кескин Н.К.Нәдіров атындағы мұнайхимия инженериясы және экология институтында студенттерге, магистранттар мен докторанттарнға дәріс беріп, семинар-тренингтер өткізеді.
⚜️ Шақырылған профессорлар UTEBAYEV UNIVERSITY ғалымдарымен бірге ғылыми зерттеу жасау үшін өсімдік сынамаларын іріктеу бойынша далалық жұмыстар жүргізді.
⚜️ UTEBAYEV UNIVERSITY қонақ профессорларды шақыру тәжірибесін белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бұл жоба университетке ғылыми және академиялық қауымдастықта беделді шетелдік мамандарды тартуға мүмкіндік береді.
Visiting Professor бағдарламасы жоғары оқу орнын интернациоландыруды нығайтып, білімгерлердің кәсіби құзыретін қалыптастыруға ықпал етеді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
UTEBAYEV UNIVERSITY профессор-оқытушылары Erasmus+ жобасының өкілімен кездесті

Erasmus+ Ұлттық офисының координаторы Лаура Палуанова UTEBAYEV UNIVERSITY әкімшілігі мен мен профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесіп, инфосессия өткізді.

Erasmus+ – Еуропалық Одақтың білім беру, оқыту, жастар және спорт саласындағы бағдарламасы, оның мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту, білім беру сапасын арттыру және студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.

Өкілдер әртүрлі бағдарламалар мен мүмкіндіктерді таныстырып, студенттер мен оқытушыларды осы жобаларға қатысуға шақырды. Халықаралық серіктестік, тәжірибе алмасу және шетелде білім алу жолдары туралы ақпарат беріп, Erasmus+ бағдарламасының артықшылықтарын түсіндірді.

Студенттер мен профессор-оқытушылар бұл кездесуде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, халықаралық білім беру жобаларына қатысу арқылы кәсіби біліктіліктерін арттыру және әлемдік деңгейдегі тәжірибе жинақтау мүмкіндіктері туралы көбірек мәлімет алды.