Әмсилә أمثلة
1.67K subscribers
215 photos
417 videos
145 files
413 links
Каналдан сарф (морфология) пәніне қатысты сабақтар таба аласыздар.
Download Telegram
Forwarded from Abylaikhan Suiindik
Алла елшісі ﷺ рамазанның соңғы он күнінде не жасайтын еді?

Пайғамбарымыз ﷺ рамазанның соңғы он күндігіне кірген шақта жеңін түріп, белін буып, үй ішін түнде құлшылыққа оятып, түндерін толықтай намаз оқумен өткізетін.

Соңғы он күнде мың айдан артық болған бір түн бар. Яғни бұл түн — сексен үш жылдан артық.

Үмметтің көпшілігі алпыс үш жыл ғана өмір сүреді, демек, бір түн сенің өміріңнен де артық болмақ. Нух а.с. қауымының өмірі ұзақ болатын. Ал біз бір түнде бір адамның толық өмір сүру уақытына қол жеткіземіз.

Бұл түн — өмірі қысқа болған үмбет үшін ғажап, орнын толтыратын сыйлық. Енді елестетіп көрші, осындай түндегі сауапты зая кетірген жан қапыда қалған жан болмай ма?!

©️Шейх Әли Һәни (хафизаһулла)
Ораза айт мерекесі құтты болсын
تقبل الله منا ومنكم صالح الأعمال
Forwarded from kuandyk_orazbayev
Ассаламу алейкум, құрметті ағайын!

Қалдарыңыз қалай?
Көптен бері үнсіз қалған каналымды қайта жандандыруды жөн көрдім.

Бұл жолы сіздермен
исламдық қаржы, халал табыс жолдары, дүние мен ақыретке пайдалы білімдер, әрі кейде жеке ой-толғаулармен бөлісіп отырамын.

Сіз үшін қандай тақырыптар қызық?
Комментке жазыңыз немесе маған жеке хат жіберіңіз.
Осы жолы бірге дамимыз, ин ша Аллаһ!

Қош келдіңіздер қайта.
فالزبد يمثل حال الكفر يعلو حتى يظن أنه غلب الحق ثم لا يلبث أن يزول ويثبت ما ينفع الناس
Көпіршік (көбігі) — күпірліктің жағдайын бейнелейді: ол жоғары көтеріліп, бір сәтке ақиқатты жеңгендей көрінеді, бірақ көп ұзамай жоғалып кетеді, ал адамдарға пайдасы бар нәрсе тұрақтап қалады.
Forwarded from Kalima
📚 Араб тілін тереңірек меңгергіңіз келе ме?

Сіздерге практикалық араб тілі сабағын ұсынамыз!

🔹 Араб тілі синтаксисін (наху) түсінуде қиналып жүрген шәкірттерге арналған
🔹 Сабақтар жеңіл әрі түсінікті форматта өтеді
🔹 Бірінші және екінші мәбдәлды оңай иғробтап үйренесіз
🔹 Негізгі құрал — «Тәркиб» кітабы

Теория емес — нақты практика!
Қиын тақырыптарды бірге жеңілдетеміз

📅 Орын шектеулі — асығыңыз!
📩 Толық ақпарат алу үшін хабарласыңыз: @sultanibrahimov
Араб тілін араб емес адамдарға үйрету бойынша білікті маман,
Иордания университеті Әдебиет факультетінің «تعليم اللغة العربية لغير الناطقين بها» мамандығы бойынша магистранты.
Араб тілін меңгеруде қиындық көріп жүрген талапкерлер үшін бұл тәсіл оқу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді.

Калима арнасына жазылып қойыңыздар
Шейх Әлидің наху (араб грамматикасы) оқыту жүйесінде ең алғаш оқытылатын кітап — «مبادئ دروس العربية».
Бұл кітаптың жаңа баспасы жарық көріпті.
Forwarded from Kalima
Арабша әріп танып, оқи аласыз ба?
Алайда араб тілін бастай алмай жүрсеңіз, уақыт келді!
Мына бір айлық курс сізге арналады

Бұл 1 айлық курста сіз:
• Күнделікті қолданылатын арабша сөйлемдерді үйренесіз
• Қарапайым диалог құрастырасыз
• Сөйлеу дағдыңызды дамытасыз
• Арабша ойлай бастайсыз

Талап етілетіні: араб әріптерін танып, оқи алу
Топта тек 6 адамға ғана орын бар

Бағасы: 7 900 теңге

Қосылу үшін жазыңыз: @JangeldiDarhan
Қазақ тіліндегі сөзжасамның бір қызық құбылысы —
есім негізді етістік (есімнен етістік туындату).

Мысал:
қозы → қозылау
құлын → құлындау
бұзау → бұзаулау
жұмыртқа → жұмыртқалау

Бұл сөздердің бәрі — есім сөздер.
Ал оларға жұрнақ жалғану арқылы қимылды білдіретін етістікке айналады.


Бұл — тек қазақ тіліне тән емес.
Араб тілінде де дәл осындай құбылыс бар:
اشتقاق الفعل من اسم جامد
(зат есімнен етістік жасау)