Oıymdy qaģazģa...
5 subscribers
19 photos
2 videos
1 link
(c) Əміржан Төрежанұлы.
Download Telegram
Сыртым міс қақпаймын десе, ішім алай-дүлей. Кеудемде лаулаған от. Миллион жыл гүрілдеп жатып, міне-міне атқылағалы жатқан жанартау секілді. Сорлы жүректің жылағаны сондай, аққан жасынан тұңғиық қара, көкжиекте шегі жоқ мұхит құралған. Сол сұсты суда батып барамын. Тынысым тарылды. Күресетін әл жоқ. Бұл не қылған қайғы? Оны қайда апарып көмемін? Не қылмақ керек?
Неге кеудемнен шығып кетердей, беймазданып тынымсыз соғасың? Қалауың не? Неге шамалы қаттылау болмадың? Мұншалықты неге қажыдың, бейшара? Басымда тұрған миға берсеңші дабылыңды. Сен емес пе, денемдегі ең биік ет? Сен емес пе, ақылмен арпалыста үнемі жеңіп шығатын? Мүмкін бұрыс жолда шығармын? Қашанғы қан жылап қайғырмақсың?
Айтшы, тілдесші. Хакім Абай айтпақшы, тамақтан да, мақтаннан да, күлкі мен тойдан да, әлем аруымен қосылсаң да уақыт өте жалығатын боласың деп тіл қатшы! Дүниенің алтынын әкелсең де тыншымаймын деші! Фәнидің алдамшы екендігін көрсетіп бақилыққа дайындалуға септігіңді тигізші! Жалғыз келдің - жалғыз кетесің деші!
О менің жүрегім! Өзіңнің иең Жаратқанның мақұлығы емес, Жаратқанның тек Өзі ғана екенін бетіме басшы!
👍1
Батсам да күнәға белден
Ояттың қалдырмай елден
Жиырма төрт сағат тағы бір
Мүмкіндік Өзің жіберген!
Түркия елінен ерекше қайырлы жаңалық! Кезінде Осман Империясын құлатып түріктердің “атасы” атанған Мұстафа Кемальдың “жетістіктерінің” арқасында “мешіт” атауын жоғалтып, музейге айналған “Айя Софияға” Ердоған күні кеше өз мәртебесін қайтармақ мақсатта жарлық шығарған болатын. Әрине жарлық парламент қаралымында. Оң нәтиже шығар деген сенімдеміз.
Түркия ғана емес күллі үмбетті қуантар бұл жаңалыққа жаға ұстап сол баяғы кемалисттер мен Грекия, Египет сынды иттер де қарсы үріп шықты.
Бұл мәселе бірінші рет көтеріліп жатқан жоқ екен. Бұған дейін Ердоған билікке келгелі бері бірнеше рет тұспалдап да, ашық та айтқан. Бірақ елдің ішкі саясатынан қазанның қақпағы жабулы қап кете берген.
Бұл жолы неге сенімдіміз? Бұл жолы Ердоған, Таяу Шығыстағы Дамаск, Мәскеу, шетелдің қуыршағы - Хафтарты қудалауымен, Жерорта теңізіндегі Афинамен таласта жеңістерімен мақтана алады. Осыған орай, грек елінің қорғаныс министрі ел билігі мен халқын Түркиямен әскери қақтығысқа дайындалуға үндеген. Грекияның истерикасының себебі де осы ғой. Басқалары ше? Сирияда бір, арабтармен мұнай қақтығысында қатарынан жеңіліске ұшырап, экономикасы құлау үстінде тұрған Путиндік Урусия Жерорта теңізіне “не до этого” деп қарар. Еуразиялық Одақ елдері АҚШсыз ауыздарын аша алмайды. Ал АҚШтың өзі, кезінде 2016 жылы марқұм Гейдар Джемаль болжап кеткендей, азаматтық соғыстың табалдырығында тұр.
Осы нотада Осман империясының басты символы болған Айя Софияға мешіт мәртебесін қайтару - Ердоғанның ғана емес күллі ислам әлемінің жеңісі іспетті! Біз үшін де, бізден еместерге де.
Біздің өкіметтің “сюрприздеріне” таңқалуды баяғыда қойғанбыз ғой. Бірақ кешегісі ерекше, бөлек болды да. Бүкіл әлем пандемиямен күресіп жатса, той тойлап аспанға түбіртегіне миллиондар жазылған отшашу атып жүр. Әйтпесе осыдан бірнеше күн бұрын ғана президенттің: “Той қуатын емес, ой қуатын кез” дегені бар емес пе? Жарайды, жоғарыдағы ағалар үшін ел ішінде аманшылық, бәрі “под контролем” шығар, бірақ тым болмаса әлемдегі жағдайға ұят болады деп шамалы “солидарность” танытса. “Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды”ның кебі ғой.
“Өлсең өліп кет, қырылмасаң одан әрі - туылған күн бәрінен де маңызды” деген ДӘУ кісінің еркелігі мен соған жақын төртаяқты туфлижалағыштардың құйтырқылықтары да сол баяғы. Неткен жиеркенішті еді!

Осыдан соң саяси позицияң қандай болмақ? Билікті біреу даттаса, оны қорғап, жақсы көруге қандай негіз бар? Қалайша “Алға Нұр Отан” деп ұрандатпақсың?
Бұл атқатмінерлер төмендегі қаралар бас көтерсе дәрменсіз бейшара екендерін қашан түсінеді? Халықтың ашуын көрді де ғой.
Былтыр арыстықтар Шымкентте көтеріліп шыққанда, сол жерде жүріп өз көзіммен көргенім: мемлекет өз қорғанышы, қаруы ретінде пайдаланатын полиция - ДӘРМЕНСІЗ! Кейін алаңға марқұм Әбдуғаппар ұстаз бен Арман ұстаз келіп қана халықты сабырға шақырып тарасқан. Қажыған халық біраз жерді таптап кетер еді, шыны керек.
Бас көтерген қараны басуға молдаларға сасық телеарналарында жала жауып келген зайырлы мақұлықтар осындай кезде зәру болып қалды.

Жә, бәрін айт та, бірін айт. Ашуға тиіп отқан, жанартауды атқылатып жатқан сол бір отшашу ғой кешегі. Не тапты содан? Сол бір нәрсені аспанға пақылдатқаннан не шықты? Қандай терең ой жатыр, не қылған пәлсафалық ол?
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2016 жыл. Шілденің 15-інен 16-сына қараған түні ФЕТО террористік ұйым жетекшісі Фетхуллах Гюленнің жақтастары - Түркияның бірнеше генералы ХУНТА, яғни әскерилер билікті күштеп тартып алмақ болды. Бірақ террористік акт таңға жуық басталмай жатып бүлікшілердің жеңілісімен аяқталды. Себеп: түріктердің елін, туын, басшысын сүйгендігі. Әділ басшылары Ердоған “отанды қорғаңдар” деп шақырғаны сол, халық әскери бүлікшілерге қарсы бас көтеріп шыға келді. 2 200 адам жараланып, 251 адам ажал құшқан. Жеңіс танкінің астына жатып, кеудесін оққа тосып шахид атанған түрік халқынікі! Шынымен батыр адамдар! Қызғанам. Ердоғанға сондай халық бұйырғанын, түріктерге сондай басшы бұйырғанын қызығып қызғанам.
Recep Tayyip ve Geydar
Американың басты мақсаты белгілі - саяси Ислам атты “қауіпті” түбірімен жою.

Америкалықтардың қалауы - тарихи аренаға Исламның басқалармен тең құқықты ойыншы ретінде қайта келмеуі, субъект ретінде пайда болмақ түгілі атының да жазылмауы керек. Ислам мемлекеті ретінде де, Ердоғандық Түркия ретінде де.

Ердоғанның басқаруындағы қазіргі Түркия легитимді саяси Исламның орталығына айналуда. Мұның перспективасы - жаңа тарихта Саудтық Арабия да, Индонезия мен Мысыр да жасай алмаған нәрсе - Исламның субъективтілігін қайтару мүмкіндігі.

Ал саяси Ислам деген түсінік қазіргі қолданыстағы либералды тәртіп үшін ең үлкен қауіп, оның ең үлкен қорқынышы.
Солған раушан гүліміз, шоқтанып өшкен жалынымыз...

Ешқандай қоспасыз, ешқандай кітаби сөзсіз: барында жақсы көрмегендей, барында сағынбағандай қазір сағынып отырмын. Барда қадірі кетеді дегендей, жансыз, шөгіп қалған, көгерген денесін қолыма алғанда ғана түсіндім: қаншалықты жақын, қаншалықты қымбат, қаншалықты керек адам екенін. Кеш...

Фирдаусилық бол, апатайым❤️
1
Адам алдына әлдебір мақсатты көздейді және оның жолында ыстығы мен суығы болсын, биігі мен тереңі болсын, керек десең радикалды көзқарасты ұстана отырып түбінде діттеген төшкісіне үйтіп-бүйтіп жетеді.
Сол қалаған нәрсенің шыңына жеткенінде, бір сәуле жарқ етеді де сөнеді де қалады. Ары қарай тас қараңғы. Шыңға шыққан жеңісінің иісі де жоқ. Рахатын сезіне алмайды.
Себеп? Бәлкім о баста істі бастамасқа ниет еткенде “бұл нәрсе маған не үшін керек, қол жеткізген соң бұл нәрсемен не қылмақпын” деген сұрақ болмаған-ды. “Просто захотел - взял и получил”. Мүмкін жай ғана қызық, мүмкін жай ғана принцип. Пәлсафасыз алынған трофей бағаланбайды-ау. Келісерсіз.
Былтыр Палестина мен Израиль террористік мемлекет арасындағы эскалацияда 250-ге жуық (оның ішінде 100-ге жуығы бүлдіршіндер) палестиндік қаза тапқан қақтығыста Украина Үкіметі мен президенті В.Зеленскийдің ұстанған позициясы. (суретте)

Тезисті түрде: украиндық иудей Израильдің Палестинаның жерін оккупация жасағанын қолдап отыр. Астына біреу жауап қалдырған екен. Цитата:
“Сендер (палестиндіктерді) осындай жағдай өз бастарыңа келіп, орыстың ұшақтары Киев, Харьков, Одесса қалаларын талқандағанда ғана түсінесіңдер.”

2022 жыл. Украина мен Ресей - екі славян бірінің етін бірі жеп жатыр. Былтыр Зеленский қолдаған Израиль Украинаға қарумен көмектесу былай тұрсын, керісінше хохолдарды қыруға Ресейге жаңа технологияларын жіберіп отыр.

Жо-жоқ, не злорадствую, Құдай сақтасын!
🇰🇿 🤝 🇹🇷