AMANAT партиясы
8.26K subscribers
14.6K photos
2.67K videos
7 files
4.79K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏆Таразда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында спорт сайысы өтті

Таразда «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында балаларға арналған «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі өтті. Іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қоры, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Кәсіпкерлер қауымдастығы, облыс басқармалары атсалысты.

📌Спорттық шараның ашылу салтанатында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов фестивальдің мақсаты - балалардың спорттық өнерін насихаттау арқылы денсаулықтарын жақсарту, дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше шұғылдануға жағдай жасау, олардың арасындағы достықты нығайту екенін жеткізді.

Спорт жарысына келген балалар алаңда бір жұдырықтай жұмылып, командалары үшін барын салды. Жамбыл ауданынан келген Арсен Күнбесұлы екі жылдан бері бочча инклюзиялық спорт түрімен шұғылданып келеді.

💬«Бочча паралимпиадалық спорт түріне жатады. Бұл спорт дәлдікті қажет етеді. Жалпы, біздің арамызда бочча спортымен жарыстар жиі ұйымдастырыла бермейді. Бүгін «AMANAT» партиясының қолдауымен біз үшін мереке болып отыр. Себебі біз өзіміз секілді балалармен жарысқа түсіп, мықтылықтығымызды дәлелдеп жатырмыз», – дейді жарысқа арнайы дайындалып келген Арсен Күнбесұлы.

Жалпы, фестивальге Тараз қаласы мен аудандардан барлығы 32 команда қатысып, «Бочча», «Біз жеңімпаз боламыз!», «Жеңіл атлетика» турлары бойынша сынға түсті. Ал жарыстың жеңімпаздары республикалық сында облыс намысын қорғайтын болады.
🎶 Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Дарынды тұлғаларымыз мен талантты жастарымыздың мәдениет саласына қосып жатқан үлесі зор.

Сіздерге толағай табыс пен зор денсаулық тілейміз. Шығармашылықтарыңыз шыңдалып, шабыттарыңыз шарықтай берсін! Еңбек жолдарыңыз абыройлы, өнердегі жұлдыздарыңыз жарық болсын! 💐
🎶 Уважаемые работники культуры и искусства!

Примите искренние поздравления с вашим профессиональным праздником!

Ваша преданность делу и талант неизменно обогащают нашу культуру, вносят значительный вклад в духовное развитие общества. Желаем вам творческих успехов, новых свершений и благополучия! 💐
📌Түркі елдері жеңілдетілген кеден дәлізін енгізіп, тауар айналымын арттырмақ

✔️Алдағы сәрсенбіде Мәжіліс депутаттары Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді қарағалы отыр.

Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруды көздейді. Осыған орай Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Еркін Әбілдің пікірін білген едік, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

🌐Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/turki-elderi-zhenildetilgen-keden-dalizin-engizip-tauar-ajnalymyn-arttyrmak
📌Тюркские страны объединяются: соглашение о свободной торговле откроет новые возможности

✔️Страны ратифицируют соглашение между правительствами государств – членов Организации тюркских государств о создании упрощенного таможенного коридора. Вопрос будет рассмотрен завтра, 22 мая, на пленарном заседании Мажилиса. Подробнее о проекте закона в интервью inbusiness.kz рассказал депутат Мажилиса, член фракции AMANAT Еркин Абиль.

🌐Подробнее: https://inbusiness.kz/ru/news/tyurkskie-strany-obedinyayutsya-soglashenie-o-svobodnoj-torgovle-otkroet-novye-vozmozhnosti
📌«Қазақ тұлпары – халқымыздың өр намысының, асқақ рухының белгісі» – Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаттары заң шығару бастамасы тәртібімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлепті. Ондағы негізгі мақсат –қостанайлық жылқы тұқымының тектік қорын сақтау, сондай-ақ оның асыл тұқымдық қасиеттерін жақсарту және мал басын ұлғайту үшін селекциялық және асылдандыру жұмысын жүргізуге заңнамалық мүмкіндіктер ашу.

⚡️Ертеңгі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының күн тәртібінде осы мәселе де қаралғалы отыр. Соған байланысты біз осы мәселені көптен бері көтеріп, мемлекеттік қолдау шараларын заңнамалық тұрғыдан жетілдіруді көздеген жұмысшы топтың басы-қасында жүрген Мәжіліс депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Аманжол Әлтаевқа бірнеше сауалымызды қойдық.

🌐Толығырақ: https://nege.kz/news/kazak-tulpari-halkimizdin-or-namisinin-askak-ruhinin-belgs-mazhls-deputati-498425
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Бесплатная парковка, увеличение зарядных станций: владельцам электромобилей в Казахстане облегчат условия

🚙 По всему миру наблюдается активный процесс внедрения электромобилей. Жители таких стран как Китай, Германия, Великобритания, Франция и США лидируют по количеству электрокаров на своих дорогах.

Казахстан тоже идет в ногу со временем и здесь речь не просто о модной тенденции, а об экологическом и экономическом аспектах. Так, депутаты Мажилиса инициировали законопроект о популяризации электромобилей. В эту среду, 22 мая, законопроект будет рассмотрен во втором чтении на пленарном заседании Палаты.

⚡️Что предлагается и как это изменит жизнь казахстанцев, корреспонденту Azattyq Rýhy рассказал депутат Мажилиса, член фракции AMANAT, руководитель рабочей группы по законопроекту Арман Калыков.

🌐Подробнее: https://rus.azattyq-ruhy.kz/politics/65582-besplatnaia-parkovka-uvelichenie-zariadnykh-stantsii-vladeltsam-elektromobilei-v-kazakhstane-oblegchat-usloviia
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді

Президентке Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқанын баяндады.

🏠 Үкімет басшысының мәліметі бойынша қазіргі кезде 61352 адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

✔️20 мамырдағы жағдай бойынша 26 мыңнан астам отбасына 100 АЕК мөлшерінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл жұмыстар Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстарында толықтай аяқталды. Ал Солтүстік Қазақстан облысында бірреттік қаржылай көмекті 6090, Қостанай облысында 4085, Атырау облысында 3730 отбасы алды.

✔️Қазіргі таңда баспаналары қираған 239 отбасы үйлер мен пәтерлерге қоныстанды. Атап айтқанда, Қостанай облысында 146, Ақмола облысында 57, Ақтөбе облысында 28, Қарағанды облысында 6, Павлодар облысында 2 баспана тұрғындардың игілігіне берілді.

Сонымен қатар Үкімет басшысының дерегіне сәйкес өңірлерде 873 жаңа үйдің құрылысы жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, Батыс Қазақстан облысында 357, Қостанай облысында 88, Ақтөбе облысында 153, Атырау облысында 70, Солтүстік Қазақстан облысында 200, Павлодар облысында 5 тұрғын үй салынып жатыр.

⚡️Қазірге дейін 891 отбасыға үйлерін жөндеу және қалпына келтіру шығындары үшін жалпы сомасы 1,9 миллиард теңге көлемінде өтемақы төленген.

📍Жалпы, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда 11137 тұрғын үй тексеріліп, 7863 нысанды бағалау жұмыстары аяқталды.
Бағалау ісінің аяқталуына қарай, зардап шеккен тұрғындарға аса қажетті дүние-мүлік сатып алу үшін 150 АЕК-ке дейін қосымша өтемақы төленіп жатыр. Сондай-ақ өлген малдың өтеуі үшін мемлекеттен бөлінген қаржылай көмектің көлемі 1,3 миллиард теңгеден асты.

Мемлекет қолдауынан бизнес те тыс қалмайды. Тасқыннан зардап шеккен кәсіпкерлердің шығынын өтеу механизмдері анықталып, тиісті жұмыстар басталып кетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM