✔️Жаңаөзенде әлеуметтік нысандарға мониторинг жасалды
⚡️«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің мүшелері көшпелі кеңес отырысы аясында Жаңаөзен қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарға мониторинг жасады.
🗣Мониторингтік топ мүшелері «Арай» шағынауданында орналасқан Оңалту орталығының жұмыс барысымен танысты. Орталық 0-18 жас аралығындағы 320 ерекше баланы қабылдауға арналған. Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіліп, ерекше білім беру бағдарламасы бойынша арнайы логопед, дефектолог, психолог, әлеуметтік педагогтар қызмет етеді. Мұнда тек Жаңаөзен қаласынан ғана емес Қарақия, Маңғыстау аудандарынан келген балаларда ем қабылдай алады.
📌«AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Сармурзина Пания Оңалту орталығының ерекше балалар қабілетін арттыруға, білім беруге мүмкіндігі бар екенін, сондай-ақ нысан барлық қажетті құрал-жабдықпен жабдықталғанын, санитарлық тазалығы сақталғанын атап өтті.
🗣Сондай-ақ, кеңес мүшелері Жаңаөзен арнайы мектебіне барды. Оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін жасалып жатқан жұмыстарымен танысты. Арнайы асханасына, медициналық кабинеті мен жалпы сыныпты аралады. Өз кезегінде мониторингтік топ арнайы мектептің жұмысын бақылауға алып, ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қажет екенін тілге тиек етті.