Жолаушы-مسافر في هذه الحياة
7 subscribers
5 photos
2 links
Download Telegram
Раббана атина мин ладунка рахмата, ва хаййи лана мин амрина рашада
Кейде, шыны керек, өзімізді жалғыз сезінеміз…
Достар бар, күлкі бар, әңгіме бар, бірақ іште бір бостық бар.

Адам сол бос орынды толтыру үшін бәрін істейді:
ақша табады,
атаққа ұмтылады,
жұмыс жасайды,
адамдармен сөйлеседі,
бірақ, бәрібір жүрегі тыныштық таппайды.

Себебі, жүрек дүниемен емес, тек Алламен ғана толады.

Құранда айтылады ғой:
«Жүректер Алланы еске алумен ғана тыныштық табады.»

Сен қазір өзіңді жалғыз сезінуің мүмкін. Бірақ, шынында жалғыз емессің. Раббың сені көріп тұр, естіп тұр, әрдайым сенімен бірге.

Жүрегіңді тыныш қылғың келсе — Раббыңа жақында. Сонда ғана жалғыздық жоғалады.
Күнә жасағанда “Джаббарит”,
Құлшылық қылайық десең, “Қадарит” болатындар бар.

(Ақида оқығандар түсінеді)
Құран Кәрімде айтылғандай, егер пенделер тозақтың қандай қорқынышты екенін жүректерімен сезінсе, олар тақуалықтарын арттырып, күнәдан ғана емес, күмәнді нәрселерден де сақтанар еді. Өзін күнәдан сақтау үшін адам ілімге ұмтылып, Аллаһтың мейірімін шын жүрекпен сезініп, Раббысын танығаны маңызды. Жүрекпен иман келтіріп, тозақтың бар екенін еске алған жан намазына берік болып, күнәлі істерден бойын аулақ ұстайды. ИншаАллаһ, ілім мен иманның арқасында адам тақуалыққа жетіп, Раббысының разылығына бөленеді.
Жасыңда қылжың болсаң, өскенде мылжың боласың.
Forwarded from Zhumadilda Eldos
Басыңа келіп түскен сынақ, жаныңдағы бауырлардың ғана емес, өзіңнің де кім екеніңді көрсетеді…
Ердәулет, соңғы кезде мешітте жиі көріп жүрмін, Басына бір сынақ түстіме?💔
Мы живем именно ту жизнь,на которую у нас хватила смелости
1
Жалындап жанған жастық шағыңды — жастықпен арпалысып өткізіп алма, бауырым!
Қәзіргі уақытта адамдар ризықты ақшаның,байлықтың формасында көріп, басқа мал-мүлкі көп адамдарға қызғана қарауымыз өте ұнамсыз нәрсе.

Бәлкім, сізге берілген иман басқаға нәсіп болмаған шығар.

Бәлкім, сіздің жан-дүниеңіздің тыныштығы бай бауырыңызға бұйырмаған шығар.

Бәлкім, ата-анаңызбен бір дастархан үстінде, күлімсіреп отырып ыстық шәй ішуіңіз билігі бар бауырыңызға бұйырмаған шығар.

Бәлкім, сен қайғы туралы айтсаң, саған үміт туралы сөз қозғайтын адамдарың бар болуы атағы шыққан бауырыңа бұйырмаған шығар.

Сол сияқты мысалдар өте көп. Сол үшін ризықты тек билік пен байлық деген ұғымды ойдан шығарып, шынайы нығметтерге шүкір ете білейік.
Қандай іспен шұғылдансаң да, жақсылық пен жамандық деген өлшемі бар.

Қанша кітап оқысаң да, пайдалы және пайдасыз деген өлшемі бар.

Қанша мақала, жазба, кітап жазсаң да, сөздің ақиқат пен жалған деген өлшемі бар.

Өлшеулі ғұмырда шексіз ештеңе жоқ. Таразы бар.

Сондықтан қалай болса, солай өмір сүремін, шайтанның идеясы таусылғанша дінді қаралай беремін, мас болғанша мұсылмандарға жала жаба беремін деген азғындықтың да есебі болады. Оған да таразы бар.