Almaty_akimdigi
5.75K subscribers
15.1K photos
1.81K videos
66 files
6.19K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Алматы қуыршақ театры Канаданы бағындыруға аттанды

🎭 Алматы қуыршақ театры Оттавадағы халықаралық фестивальде бақ сынайды. 3-4 шілдеде театр артистері The First international Ottawa Puppet фестивалінде «Ромео мен Джульетта» қойылымын ұсынады. Бұл канадалық көрерменнің алдында өнер көрсететін ең алғашқы қазақстандық театр.

«Ромео мен Джульетта» талай додада жүлделі орындарға ие болған қойылым. Театр ұжымы халықаралық фестивальдарда «Гран-при» алып, түрлі марапат иеленген.

Мәдениет басқармасының хабарлауынша, театр жан-жақты дамып келеді. Артистер Түркия, Германия мен Ресейде білім алған. Әкімнің тапсырмасымен 10 жылда алғаш рет өнер ордасының ғимараты жаңғыртылып, жөндеуден өтті. Сондай-ақ, театр маусымның басында артистердің жалақысы 30% артты.

Театрдың жетістігі – Алматы қаласының қолдауы мен бірлескен күш-жігерінің нәтижесі. Біз артистерімізді мақтан тұтамыз және Канадада ойдағыдай өнер көрсетуін тілейміз!

🌟🇰🇿 #театр #қуыршақтар #Алматы #Канада #РомеоДжульетта

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok