Almaty_akimdigi
5.78K subscribers
15.8K photos
1.87K videos
66 files
6.45K links
Алматы қаласының басты жаңалықтары
Алматы әкімдігінің ресми арнасы

Официальный канал акимата Алматы

Instagram: https://www.instagram.com/akimat_almaty
Facebook: https://www.facebook.com/almaty.gov.kz
Cайт: https://gov.kz/memleket/entities/almaty
Download Telegram
Сыйлыққа "Киіз үй": Алматыда ерекше акция өтті

Наурыз ұлттық мейрамын тойлау кезінде туристерге тәтті тосынсый жасалды!

Қалалық туризм басқармасы әуежаймен және шекара қызметімен бірлесіп «Сыйлыққа тәтті кәдесый» акциясын өткізді.

Төлқұжатты бақылау мен кедендік бекетке келген әрбір туристке елдің жайлылығы мен қонақжайлылығын білдіретін киіз үй түріндегі печенье мен шоколад берілді. Бұл Қазақстанның бай мәдени мұрасын еске салады.

Туризм басқармасының өкілдері туристерді тарту және еліміздің мәдениеті мен дәстүрін таныстыруда мұндай акциялардың маңыздылығын атап өтті.

🍪 🇰🇿 #Алматы #туризм #мәдениет

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Алматыда 18-19 мамырға қайда баруға болады?

🌟Алматыдағы қызықты демалыс күндеріне дайындалыңыз! 🌃 Музей түнінде өнер әлемін ашыңыз, бірегей көрмеде қазақ балетінің тарихымен танысып, музыкалық саяхаттан ләззат алып, гастрономиялық фестивальде дәмді тағамдардан ауыз тиіңіз!

🎨 🎹 🍽 Алматыда осы демалыс күндері керемет мәдени іс-шараларды өткізіп алмаңыз!

#Алматы #мәдениет #демалыс
****
Куда сходить в Алматы 18-19 мая?

🌟Приготовьтесь к захватывающему уикенду в Алматы! 🌃 Откройте для себя мир искусства на Ночи музеев, окунитесь в историю казахского балета на уникальной выставке, насладитесь музыкальным путешествием и отведайте вкуснейшие блюда на гастрономическом фестивале!

🎨🎹🍽 Не упустите возможность ощутить всю культурную насыщенность этого уикенда в Алматы!

#Алматы #культура #выходные

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда 25-26 мамырда қайда баруға болады?

🌟 Алматыда 25-26 мамыр — демалыс күндеріне арналған жоспар! Әртүрлі елдің қолөнер жәрмеңкесінен бастап балалар мен ересектерге арналған музыка мен спектакльдер фестиваліне дейін түрлі іс-шара бар. Таңдау өзіңізде: түрлі халықтың мәдениетін білу, джаздан ләззат алу, опера әлеміне саяхаттау немесе сахна саңлағын көру. Қапы қалмаңыз! Ең әуелі қайда барасыз?

🎭 🎶 🎨 #Алматы #демалыс #мәдениет

***
Куда сходить в Алматы 25–26 мая?

🌟 Планы на выходные в Алматы, 25–26 мая! 🎉От ярмарки ремесел с мастерами из разных стран до фестиваля музыки и спектаклей для детей и взрослых. Выбор за вами: узнать о культуре народов, насладиться джазом, погрузиться в мир оперы или окунуться в магию на сцене. Не пропустите! Где будете первыми?

🎭🎶🎨 #Алматы #выходные #культура

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🎶 Алматыда Ұлттық домбыра күні тойланады

🇰🇿 Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады. Осыған орай Алматыда 7 шілде күні сағат 20:00-де Абай алаңында «Аңыз Домбыра» концерті өтеді.

🌟 Роза Рымбаева, Ұлжан Байбосынова, Молдир Ауельбекова, Секен Тұрысбек, Айгүл Қосанова, Асылбек Еңсепов, Шолпан Даржанова, Әбділхамит Райымбергенов, Нұркен Әшіров, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, «Қоңыр» тобы, «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Салтанат» би ансамблі және т.б. артистер өнер көрсетеді.

🎵 Танымал күйшілер Кенен Әзірбаев, Төлеген Момбеков, Әсет Бейсеуов, Мейрамбек Жанболатов және т.б. халық әндері мен шығармаларын орындайды.

Ұлттық домбыра күнін бізбен бірге атап өтіңіз!
🎶 🎉 🇰 🇿 #ДомбыраКүні #Алматы #Мәдениет #Музыка

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🤩 Алматылық киіз үйлер Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына көпшілікті тәнті етті! 🤩

Астанада өткен V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында Алматы өзінің сұлулығы мен қонақжайлығын паш етті!

🤩 Қонақтарды Жетісудың барлық мәдени сорттарының атасы саналатын Сиверс алма ағашынан бейнеленген бақ декорациясы ерекше әсерге бөледі.

«Көшпенділер Әлемі» этноауылында туристердің көзайымына айналған үш ерекше киіз үй орнатылды:

* Welcome to Almaty: Бұл футуристік киіз үйде 3D-визуализация және дыбыстық эффектілердің көмегімен қала атмосферасына еніп, көркі көз тартар табиғи сұлулығын, көрікті жерлерін көріп, Алматының рухын сезінуге болады.

* Ұлттық қазына: Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі осы киіз үйде ерекше аспаптар коллекциясын таныстырып, қонақтарды қазақ халық аспаптарының жанды үнімен таңғалдырды.

* Біз кесте: Мұнда қонақтар алматылық шебер Зейнелхан Мұхамеджанұлының ұлттық кесте шедеврлерін тамашалап, шеберлік дәрісінде бағын сынап көре алды.

Алғашқы күні-ақ киіз үйді 5000-нан астам адам көрді! 🤩

Кешкісін қонақтарды Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Айгүл Қосанова және басқа да жұлдыздар қатысқан «Ұлы дала үні» атты керемет концерті өтті.

Алматы өзінің заманауи қала ғана емес, терең тарихы мен мазмұнды мәдениеті бар екенін тағы да дәлелдеді.

#ДүниежүзілікКөшпенділерОйындары #Алматы #туристікорталық #мәдениет #дәстүр #киізүй #музыка #концерт #көрме #тарих

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok