🌿 «Алматы Жазы»: қалада бір апта ішінде 60 субұрқақ тазартылды
26 маусымда басталған «Алматы Жазы» қалалық акциясы аясында мегаполисте қалалық субұрқақтар тазартылып, жуылып, жаңартылып жатыр.
Қазірдің өзінде 66 субұрқақтың 60-ы ретке келтірілді, қалғандары жаңғыртылып жатыр. Сондай-ақ, жеке аумақтардағы субұрқақтарды тазарту және жаяу жүргіншілер субұрқақтарына қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Көбінесе жеке меншіктегі субұрқақтар қараусыз қалады, жұмыс істемейді немесе күрделі жөндеуді қажет етеді.
Аудан әкімдіктері мен «Eco Almaty» ЖШС жеке меншік иелерінің субұрқақтарына қызмет көрсету қажеттілігі туралы түсіндіреді. Соның нәтижесінде екі субұрқақтың иесі оларды қалаға беруге дайын екендіктерін білдірді.
Алматыда барлығы 150 субұрқақ бар, оның 66 коммуналдық және 84 жекеменшік. Акция 6 шілдеге дейін жалғасады және қала инфрақұрылымына ұқыпты қарауды қалыптастыруға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.
🌟🚰 #Алматы #субұрқақтар #экология #АлматыЖазы #ТазаҚазақстан
Facebook | Instagram | Telegram | TikTok