Сол күйі,
кітап оқылмады, фильм қаралмады, кездесу бұйырмады, хаттар жазылмады, қоңырау шалынбады.
@aitqynkeldineni ✍🏼

Театрда көрермен мәдениеті әлі қалыптаспаған!!!
Бірақ, келген көрерменге риза боласың, шын көңілімен келеді ғой біздікілер. Арқа-жарқа күліп, ебіл-дебіл жылап, соңында алақаннан қан шыққанша шапалағын ұрып, танымаса да сториске салып кетеді ғой шіркіндер-ай! 💔🫂

Театр туралы көп нәрсе жазып тұрайын, өтетін формат сияқты ☕
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
“Саған айтылмаған сөздер”
…Білесің бе, кейде саған айтқым келген сөздер жүрегімде тұншығып қалады. Уақытында айтылмаған сөз — мәңгілік үнсіздікке айналады екен…
Бұл сезімнің дауысын ешкім естімейді, тек жүрегім ғана біледі.
Кейде өзімді алдап, “уақыт бәрін емдейді” деймін. Бірақ уақыт тек - сүюдің үнсіз болатынын ғана үйретеді.
Саған жазылмаған хаттарым бар. Айтылмаған сөздерім. Және ең ауыры…
…Махаббат кейде сөзсіз де сезіледі. Мүмкін, сен де бір күні соны жүрегіңмен ұғарсың…
#монолог1

aitqyń keldi neni?
“Саған айтылмаған сөздер” …Білесің бе, кейде саған айтқым келген сөздер жүрегімде тұншығып қалады. Уақытында айтылмаған сөз — мәңгілік үнсіздікке айналады екен… Бұл сезімнің дауысын ешкім естімейді, тек жүрегім ғана біледі. Кейде өзімді алдап, “уақыт бәрін…
Екінші монологқа түзетулер енгізу керек сияқты, тым жұпыны болып тұр.
Осы монолог тым болмаса 30 реакция жинаса монолог 2 шығады деп арзан блогерлер сияқты на жалость давить етейін бе?

Тиктоктан Ая Шалқардың қазақша сөйлегенін көріп сәәәл НЕТІП қалдым. Көбі идеальный санайды ғой сол қызды, шетелде тұратын сияқты ғой, соған бола мен де қазақша сөйлей алмайтын шығар деп ойлайтынмын. Жоқ, қазақшасы таза, екі-үш тілде ойланатыны көрініп тұр.
Біздің елде жүрген сорлы блогерлер екі сөздің басын қоса алмайды ғой.
Айтайын дегенім ол емес, жаңағы видеоны қарап отырсам, әжемнің радиосы деп айтып қалды, сол радио біздің үйде де таңның атысы кештің бастысы жүріп тұратын ауылда. Ата мен әже үшін ол кәдімгі ақпарат көзі еді, өшіріп кетсең біттің дей бер.
[Ойым шашырап, әйтеуір жазып шықтым бірдеңе]

Ұйықтар алдын, және таңертең ұйқыдан тұрғанда көзге мына пайдалы жаттығуларды жасап жүріңіз. Күніне бір-екі рет қарап тұрсаңыз көзіңіз демалады🙂
«Мұқағали ХХІ» атты муздрама бар театр репертуарында, бұрын фойеде «Күнделік» (лирикалық кеш) деп аталып жүретін. Қазір, соны дамытып сахнаға шығарды.
Театр заңы бойынша, қойылым уақытында фото/видео түсіруге болмайды, бірақ бұл кеш еркін форматта өтетіндіктен, қосылып ән айтып, билеп, фото/видео түсіруге рұқсат етілген.
Театрға неше түрлі көрермен келеді, сахнадан көрерменді анықтап көріп тұрамыз, сторис түсіруді қатырады ғой біздің көрермен, бүгін көрерменмен қосылып ән айтылып жатқанда залға қарасам бір ата, қағаздағы жазуды әжеге қарап оқып, әнді айтып беріп тұр.
Не деген махаббат ол сонда?!
Махаббаттары сондай берік болуы үшін не істеу керек?!
Себебі көп адамның қолынан келмейді ол нәрсе

00:00-ге дейін ұйықтап үлгермедім, демек түнгі ойлар басталды деген сөз🙌🏼🥲
aitqyń keldi neni?
“Саған айтылмаған сөздер” …Білесің бе, кейде саған айтқым келген сөздер жүрегімде тұншығып қалады. Уақытында айтылмаған сөз — мәңгілік үнсіздікке айналады екен… Бұл сезімнің дауысын ешкім естімейді, тек жүрегім ғана біледі. Кейде өзімді алдап, “уақыт бәрін…
Енді 15 реакция жетпей тұр🙂
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қай қаладансыз?
Anonymous Poll
37%
Астана
14%
Алматы
12%
Көкшетау
21%
Шымкент
21%
Басқа, комментке жазам🥲
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кейде бәрі баяу ағып жатқандай көрінеді, бірақ шын мәнінде уақыттың аяғы жерге тимей жүріп келеді. Мен бүгінге қарап отырып, кеше қайда кеткенімді ұмытып қалам. Қағазға түсірмесем, кей сәттер өмірімде мүлде болмағандай, естеліктің елесінде ғана қалғандай сезіледі. Бәрі тым жылдам өтеді – күлу де, уайымдау да, қоштасу да.
Мен кейде тоқтап, терең дем аламын. Айналама қараймын. Аспанға, көлеңкелерге, адамдардың көздеріне, үнсіз сәттерге… Бірақ олар да кішкентай толқындардай, байқалмай кетіп жатады. Мен сезінгім келеді — толық, шынайы, бүкіл жаныммен.
Біз жиі ертеңге асығамыз. Жоспар құрамыз. Болашаққа үміт артамыз. Бірақ ертең келгенде, ол тағы да “ертеңге” айналып кетеді. Ал бүгін… бүгін жай ғана өтіп кетеді. Артымызда қалатын тек – түйсік пен өкініш, кейде – кішкентай бақыт ұшқыны.
Мүмкін, уақытты бақылаудың жолы – оны тоқтатуға тырыспау шығар. Оны өзгерту емес, сезіну керек. Өйткені өмір — мәңгілік емес, бірақ әрбір сәттің ішінен шексіз мағына табуға болады.

«Адам кейде тым көп сөйлей береді… Бірақ ең маңыздысы – айтылмай қалады. Ішімде бір үнсіздік бар, күн сайын тереңдеп бара жатқан. Сырт көзге бәрі тыныш. Жымиып қоямын, жауап қайтарамын… Бірақ ішімде дауыл. Ішімде үнсіз айқай.»
«Түндер бар… ұйқысыз. Көзімді жұмсам - ойлар. Көзімді ашсам - бос қабырға. Ал сол қабырғаға үнемі бір көрінбейтін бейне қарап тұрғандай. Бір сұрақпен: “Неге үнсізсің?” - дейді. Жауап таба алмаймын.»
«Бұл үнсіздік - қорқыныш емес. Бұл - шаршаған жүректің тыныштығы. Сенім жоғалған сәттегі тыныштық. Адасқан сезімдердің тығылып қалған үні.»
«Сыртта күлкі естіледі. Біреу біреуге “бәрі жақсы болады” деп жатыр. Қызық… біз бәрі жақсы болады деген сөзге неге әлі де сенгіміз келеді? Бәлкім, үнсіздігіміздің өзі сол - сенгіміз келген үміттің жұрнағы шығар.»
«Мен көп ойлаймын. Шамадан тыс. Бір сәтте бәрін тоқтатқым келеді. Бірақ ішкі үнсіздік рұқсат етпейді. Ол менің ең шынайы күйім. Мен өзіме жалғыз осында ғана ашылам. Ішімдегі тұңғиыққа тек осы үнсіздікпен түсемін. Өйткені сөз - әлсіз. Ал үнсіздік - шындық.»
#монолог2

Достар, сәлем!
Қазір шығармашылық тұрғыдан кішкене үзіліс алып жатырмын. Мұндай сәттер әрбір адамға керек деп ойлаймын - тоқтап, тынығып, қайта бағыт алу үшін.
Уайымдамаңыздар, бұл қоштасу емес. Жақында, жаңа ойлармен, жаңа шабытпен, сіздерге айтар көп жаңалығыммен ораламын. Арнада үнсіздік орнаса да, бұл жай ғана тыныштық алдындағы дауыл деп біліңіз.
Сол уақытқа дейін арнадан алыстамаңыздар, керісінше достарыңызды шақырыңыздар!
Мен үшін ең қымбат дүние — сіздердің қолдауларыңыз.
Сол үшін алғыс айтамын! Кездескенше!
🙌🏼🫂