aitqyń keldi neni?
418 subscribers
447 photos
97 videos
38 files
116 links
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры актёры. (Астана қ.)
Download Telegram
Кейде бәрі баяу ағып жатқандай көрінеді, бірақ шын мәнінде уақыттың аяғы жерге тимей жүріп келеді. Мен бүгінге қарап отырып, кеше қайда кеткенімді ұмытып қалам. Қағазға түсірмесем, кей сәттер өмірімде мүлде болмағандай, естеліктің елесінде ғана қалғандай сезіледі. Бәрі тым жылдам өтеді – күлу де, уайымдау да, қоштасу да.

Мен кейде тоқтап, терең дем аламын. Айналама қараймын. Аспанға, көлеңкелерге, адамдардың көздеріне, үнсіз сәттерге… Бірақ олар да кішкентай толқындардай, байқалмай кетіп жатады. Мен сезінгім келеді — толық, шынайы, бүкіл жаныммен.

Біз жиі ертеңге асығамыз. Жоспар құрамыз. Болашаққа үміт артамыз. Бірақ ертең келгенде, ол тағы да “ертеңге” айналып кетеді. Ал бүгін… бүгін жай ғана өтіп кетеді. Артымызда қалатын тек – түйсік пен өкініш, кейде – кішкентай бақыт ұшқыны.

Мүмкін, уақытты бақылаудың жолы – оны тоқтатуға тырыспау шығар. Оны өзгерту емес, сезіну керек. Өйткені өмір — мәңгілік емес, бірақ әрбір сәттің ішінен шексіз мағына табуға болады.

@aitqynkeldineni ✍🏼
«Адам кейде тым көп сөйлей береді… Бірақ ең маңыздысы – айтылмай қалады. Ішімде бір үнсіздік бар, күн сайын тереңдеп бара жатқан. Сырт көзге бәрі тыныш. Жымиып қоямын, жауап қайтарамын… Бірақ ішімде дауыл. Ішімде үнсіз айқай.»

«Түндер бар… ұйқысыз. Көзімді жұмсам - ойлар. Көзімді ашсам - бос қабырға. Ал сол қабырғаға үнемі бір көрінбейтін бейне қарап тұрғандай. Бір сұрақпен: “Неге үнсізсің?” - дейді. Жауап таба алмаймын.»

«Бұл үнсіздік - қорқыныш емес. Бұл - шаршаған жүректің тыныштығы. Сенім жоғалған сәттегі тыныштық. Адасқан сезімдердің тығылып қалған үні.»

«Сыртта күлкі естіледі. Біреу біреуге “бәрі жақсы болады” деп жатыр. Қызық… біз бәрі жақсы болады деген сөзге неге әлі де сенгіміз келеді? Бәлкім, үнсіздігіміздің өзі сол - сенгіміз келген үміттің жұрнағы шығар.»

«Мен көп ойлаймын. Шамадан тыс. Бір сәтте бәрін тоқтатқым келеді. Бірақ ішкі үнсіздік рұқсат етпейді. Ол менің ең шынайы күйім. Мен өзіме жалғыз осында ғана ашылам. Ішімдегі тұңғиыққа тек осы үнсіздікпен түсемін. Өйткені сөз - әлсіз. Ал үнсіздік - шындық.»

#монолог2

@aitqynkeldineni ✍🏼
Достар, сәлем!

Қазір шығармашылық тұрғыдан кішкене үзіліс алып жатырмын. Мұндай сәттер әрбір адамға керек деп ойлаймын - тоқтап, тынығып, қайта бағыт алу үшін.

Уайымдамаңыздар, бұл қоштасу емес. Жақында, жаңа ойлармен, жаңа шабытпен, сіздерге айтар көп жаңалығыммен ораламын. Арнада үнсіздік орнаса да, бұл жай ғана тыныштық алдындағы дауыл деп біліңіз.

Сол уақытқа дейін арнадан алыстамаңыздар, керісінше достарыңызды шақырыңыздар!

Мен үшін ең қымбат дүние — сіздердің қолдауларыңыз.
Сол үшін алғыс айтамын! Кездескенше!

🙌🏼🫂
Бір аптаға үнсіз кеттім. Іштей тыныстадым. Үзіліс - ол тоқтау емес, ол тереңге бойлау.

Қазір мен қайта осындамын.
Бірақ бұрынғыдай емеспін, аздап тынышталып, аздап өскен шығармын.

Арамыздағы үнсіздік - ол да диалог.

Сен осындасың ба?
Тосын сый, тосын сый!

Ағаң оралды😁
"Көлеңке болғым келеді"

Кейде адам болудан шаршайсың. Сөз айтудан. Өтінуден. Сезімді білдіруден емес - соның естілмейтінінен шаршайсың.

Бір сәт келеді - өзіңді емес, көлеңкеңді ұсынғың келеді. Себебі көлеңке үндемейді. Бірақ әрдайым қасында.

Мен сөйлеуден қалдым. Көзіммен айттым. Тынысыммен жеткіздім. Бірақ кейде ол жеткіліксіз. Себебі адамдар кейде тек дауысқа ғана жауап береді. Ал мен үнсіз естілгім келді.

Кешірімді сөзбен емес - қалуыммен айтқым келді.

Көлеңкең болайын.
Бірақ сен оны байқай білсең…

#монолог3

@aitqynkeldineni ✍🏼
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Айтқың келді нені?» - монологтар топтамасы басталады.

Достар, осы арнада мен өз ішкі үнімді, шындық пен үнсіздіктің арасындағы диалогтарымды бөліскім келеді.

Алдағы күндері "Айтқың келді нені?" атты «авторлық монологтар» топтамасын шығара бастаймын. Бұл - жүректің ішкі дауысы, айтылмай қалған сөздер, жәй ғана адамның ішкі әлемі туралы.

Осы идея сізге қызық па?

Жіберейін бе?
Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді 🪐💘

Мереке құтты болсын💓
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дәл өзіңдей қайдан ұқсын қайғымды ел,
Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл.
Ғашықтықпен өткен күндер ғана өмір,
Ал қалғаны жәй күндер.
Көлмен көлдей, таумен таудай теңдесе,
Белдесуге талап қылдым мен неше.
Елу бір жыл ғашық болдым Қорланға,
Елу бір жыл өмір сүрдім ендеше.

Мұхтар Шаханов, «Ғашықтық Ғаламаты»


@aitqynkeldineni 🪐
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Айтпақшы гастроль басталды, он жетінші сәуір Қызылорда қаласынан басталған гастроль жалғасып, қазір Түркістанға келіп жайғасып, кешке бір сеанс ойнаймыз. Шымкентте 19 сәуір 19:00, 20 сәуір, 15:00-19:00-де екі сеанс ойнаймыз.

Түркістан, Шымкент, Тараз кім бар, келіңіздер!🙌🏼
Шымкенттеміз, 19.04 - 19:00,

20.04 - 15:00 | 19:00

📍Шанин театрында жүздескенше🙌🏼🫶🏼
Көрермен залында сіздермен бірге Легенда өзі болады❤️‍🔥
Фойеде Мұхтар ағаның автографы қойылған кітаптары сатылады, ақшамен келіңдер😎
Гастроль аяқталды.
Астанадамын. 🙌🏼
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Гастрольде ойларымды жазып аяқтадым. 😔
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жалпы, сіздер маған керексіздер ме, мен сіздерге керекпін бе?