Ainat Kabidulla ⚽️
560 subscribers
471 photos
11 videos
61 links
Барлық сұрақтар бойынша: @ainatooo

Ютуб арнам: https://youtube.com/@ainatkabidulla?si=_c-a57KZm1nzcIg1

Инста парақшам: https://www.instagram.com/ainat.kabidulla?igsh=aDYyc3M1MGp6emI1&utm_source=qr
Download Telegram
Владимир Жарковтың хабарлауынша, Қайрат Нұрдаулетов жақын уақытта «Жетісу» ФК бас бапкері қызметінен кетуі мүмкін.

Айта кетерлігі, ол талдықорғандық клубтан команданың нәтижесі нашар болғандықтан емес, басқа себеппен кеткелі отыр.

Дереккөздерге сүйенсек, Қазақстан футбол федерациясы оны ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы ретінде қарастырып жатыр.
😱 Йонсен тоқтар емес

🇰🇿"Ордабасы" ойыншысы Бьорн Йонсен 5 матч қатарынан гол соғып келе жатыр.

Ол 15-турдан бастап мына клубтарға гол соқты:

🇰🇿 "Ұлытау"
🇰🇿 "Ұлытау" (екінші айналым)
🇰🇿 "Каспий"
🇰🇿 "Алтай"
🇰🇿 "Елімай"
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4
Луиш Нани алдағы ойынға қатыспайды

"Ақтөбе" ФК ойыншысы Луиш Нани 19-тур аясында өтетін "Оқжетпеске" қарсы матчқа қатыса алмайды.

Естеріңізде болса, Нани отбасылық себептерге байланысты Португалияға аттанған еді. Ойыншы 25 шілдеге дейін оралып үлгермейді.

Сонымен қатар, ол кеше "Алтайға" қарсы өткен ойынға да қатыса алмады.
- 100 000 теңге немесе +1 хорват

🇰🇿"Астана" хорватиялық шабуылшы Никола Буричпен келісімшартқа отырды. 29 жастағы ойыншы "Динамо Загреб", "Домжале", "Новара", "Копер" секілді клубтарда доп тепкен.

🇭🇷 Бурич "Астана" сапындағы бесінші хорватиялық легионер.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌟Өткен турдың үздіктері

🇰🇿"Тобыл" қақпашысы Данил Устименко тізімге екінші тур қатарынан еніп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿"Қайрат" жалпы құны: 12,6 млн
Орташа жас: 24,5
Легионерлер: 9
УЕФА рейтингі: 165

🇨🇾"Омония" жалпы құны: 15,13 млн
Орташа жасы: 25,5
Легионерлер: 17
УЕФА рейтингі: 101
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2
"Қайрат" жеңіске жете ала ма?🤔
Anonymous Poll
55%
"Қайрат" жеңеді
55%
"Омония" жеңеді
Өткен жылы да "Қайрат" - "Пафос" матчында қонақтар алғашқы минуттарда қызыл қағаз алса да, "Қайрат" жеңе алмап еді. Тіпті жеңілуге сәл қалды.

Бүгінде кипрлік командаға қарсы шамамен сондай ойын болып жатыр. 34-минутта "Омония" ойыншысы Него Лоик қызыл қағаз алды. Бірақ алматылықтар әлі есеп теңестіре алар емес. Live есеп 1:0. Шамасы осы есеппен аяқталуы керек.
4
🇪🇺 «Қайсар Аренаға» ресми түрде УЕФА-ның IV санаттағы стадионы мәртебесі берілді!

🇰🇿 Бұл клуб пен өңір спорты үшін маңызды белес. Енді «Қайсар Арена» халықаралық талаптарға толық сай келетін заманауи спорт нысаны ретінде танылып, жоғары деңгейдегі ресми кездесулерді қабылдауға мүмкіндік алды. Оның ішінде Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигалары секілді мәртебелі жарыстардың барлығын қабылдай алады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
🇰🇿 “Тобылдың" "Паневежиске" қарсы құрамы

Матч 20:30-да басталады

🔰 Алға "Тобыл"!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇪🇺 Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 37-орынға төмендеді

🇪🇺🇪🇺 Еурокубоктардың екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтардан кейін жаңартылған УЕФА коэффициенттер рейтингінде Қазақстан 37-орынға сырғыды. Елдің бес жылдық коэффициенті қазір 12.000 ұпайды құрайды.

🇰🇿Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі сырт алаңдағы алғашқы матчта Кипрдің «Омония» клубынан 0:1 есебімен жеңілді. Еурокубоктар іріктеуінде жеңіс үшін ұлттық қауымдастыққа бір ұпай, тең ойын үшін 0,5 ұпай беріледі, ал жеңіліс ұпай әкелмейді.

🇰🇿 Осы аптада Қазақстан қоржынына ұпай қосқан жалғыз клуб – Қостанайдың «Тобылы» болды. Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуде литвалық «Паневежиспен» 1:1 есебімен тең ойнап, ел қоржынына 0,125 ұпай әкелді.

📈 Жаңартылған рейтингте Қазақстан 37-орынға түсіп, 12.250 ұпайы бар Латвияға 36-орынды беріп қойды. Ал 38-орында 11.625 коэффициентімен Финляндия орналасқан.

🇰🇿🇰🇿 Еске салсақ, бұған дейін «Астана» мен «Елімай» Конференциялар лигасындағы жарыс жолын аяқтаған болатын. Елордалық клуб Албанияның «Динамо Ситиіне» (1:0, 1:4) жол берсе, семейлік команда Арменияның «Алашкертінен» (1:1, 2:2, пенальти сериясында – 5:6) жеңілді.

📆 «Қайрат» пен «Омония» арасындағы қарымта матч 29 шілдеде Алматыда өтеді. Ал 30 шілдеде Қостанайда «Тобыл» өз алаңында «Паневежисті» қабылдайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3
«Паневежис» бапкері: «Қостанайға тек жеңіс үшін барамыз»

Литваның «Паневежис» клубының бас бапкері Тони Коркеакуннас «Тобылға» қарсы Конференциялар лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчының қорытындысын шығарып, қарымта кездесуге қатысты ойын айтты.

«Егер Қостанайға турист ретінде барсам, басқа бағытты таңдар едім. Бұл менің демалатын сүйікті жерім емес. Бірақ біз Қостанайға бір ғана мақсатпен барамыз, ол жеңіске жету. Алғашқы матчтан кейін қажетті тәжірибе жинадық және не істеу керегін жақсы түсінеміз»
Сәтбаев үшін бір бәсекелес азайды: «Челси» Гарначоны жалға жіберді

Аргентиналық жартылай қорғаушы Алехандро Гарначо лондондық «Челсиден» уақытша кетіп, мансабын «Астон Виллада» жалғастырады.

Гарначоның кетуі «Челсидің» шабуыл шебіндегі ойын уақытының бөлінуіне де әсер етуі мүмкін. Жазда «Челсидің» негізгі командасына Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев қосылды. Ол лондондық клуб сапында екі бақылау ойынына қатысып үлгерді.
"Халық командасы" халықты қашан ойлайды?

Жанкүйерлер "Қайрат" - "Омония" арасындағы матчтың билеттер бағасына наразы. Әлеуметтік желідегі посттың астындағы пікірлер төмендегідей.

Билеттердің бағасы жайында дау өткен жылы да болған. Бірақ "халық командасы" өз ұстанымдарын өзгертер емес.
2😱1
🇰🇿 «Қайрат» еурокубоктағы ықтимал үй матчын Түркістанда өткізуі мүмкін

🏟️ Алматыдағы Орталық стадионда 14 тамыз күні Канье Уэсттің концерті өтетіндіктен, «Қайраттың» еурокубоктағы ықтимал үй матчы басқа қалаға ауысуы мүмкін. Бұл туралы клуб ресми мәлімдеді.

🇪🇺 Клуб УЕФА-ға өтініш жасап, кездесуді Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткізуге келісім алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇧🇾 Беларусьтік жартылай қорғаушы Никита Корзун мансабын Жодиноның «Торпедо-БелАЗ» клубында жалғастырады.

🇰🇿🇰🇿 31 жастағы футболшы бұған дейін Қазақстанда «Елімай» мен «Ақтөбе» сапында ойнаған. Соңғы маусымда ол «Ақтөбе» құрамында 20 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін ҚПЛ 19-тур ойындары өтеді

🇰🇿Жетісу - 🇰🇿 Қызылжар 18:00
🇰🇿 Ұлытау - 🇰🇿 Ертіс 18:00
🇰🇿 Ақтөбе - 🇰🇿 Оқжетпес 20:00

🎥 Live: KFF League
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆ҚПЛ, 19-турдың алғашқы күні аяқталды. Қызығы барлық матчта 2:2 есебі тіркелді.

🇰🇿 Жетісу – Қызылжар 🇰🇿 – 1:2

Голдар: 71’ Әнуарбеков – 57’ Нойок, 82’ Баокен

🇰🇿 Ұлытау – Ертіс 🇰🇿 – 1:2

Голдар: 38’ Мартин – 17’ Евтич, 45+1’ По

🇰🇿 Ақтөбе - Оқжетпес 🇰🇿 – 2:1
Голдар: 5' Атанасов, 22' Ерланов - 45' Умаров
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4
🏆 ҚПЛ, 19-турдың екінші күні аяқталып, чемпиондық интрига тіріле бастады.

🇰🇿 Тобыл - Атырау 🇰🇿 - 1:0
26' Милаванович

🇰🇿 Астана - Алтай 🇰🇿 - 4:1
8' Исламхан, 34' Томасов, 60' Кәрімов, 62' Басманов,
12' Дадаев

🇰🇿 Елімай - Қайсар 🇰🇿 - 1:1
45+2' Бахтияров
75' Габриэль

🇰🇿 Қайрат - Ордабасы - 2:1
14' Гуаль, 87' Юккола
90+2 Йонсен

🇰🇿 Каспий - Жеңіс 🇰🇿 3:2
9' Нәбиханов, 30' Амараль, 52' Абылайхан
22' Мартинш, 90' Тұрсынбай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👊 "Каспий" басқасы басқа, бірақ астаналық клубтарды аямайды!

🇰🇿🇰🇿 Бүгін ақтаулық клуб "Жеңісті" 3:2 есебімен тізе бүктірді. "Жеңістің" екі ойыншысы Қуат (әдеттегідей) пен Шараванья қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. "Жеңіс" сапынан Мартинш, "Каспий" сапынан Умаев пенальтиден гол соға алмады. Міне, нағыз матч! Міне, нағыз драма!

🆚 Естеріңізде болса, "Каспий" осы маусымда "Астананы" да өз алаңында 1:0 есебімен жеңген еді. Ол матчта да Әлібек Қасым қызыл қағаз алып, Башич пенальти соға алмай масқара болған еді.

Жалпы маңғыстаулықтар жарап тұр! Соңғы 5 ойын бойы жеңілмей келе жатыр. Бәрін талқандап келе жатқан "Ордабасыны" да бірінші болып тоқтатқан дәл осы клуб еді. Оның үстіне клуб жақын уақытта жекеге өтеді дейді. Маусымның соңғы ойындарын Ақтауда өткізуге ниетті екен. Басы ащы болса да, аяғы тәтті демекші "Каспий" жанкүйерлерінің көңіл-күйі керемет қазір.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2