Aikyn.kz
3.63K subscribers
6.91K photos
1.92K videos
2 files
3.84K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
«Қастерлі Отанымызды көркейту – баршаға ортақ парыз. Менің бастамаммен былтырдан бері «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Жалпыұлттық жобаға 6 миллионнан астам адам қатысты. 1,6 миллион тоннадан аса қоқыс жиналды. 3,3 миллион көшет отырғызылды. «Таза Қазақстан», бұл – біздің бүгінгі және ертеңгі күніміздің кепілі. Сондықтан жұмыс үздіксіз жалғаса береді.

Біз әр азаматтың, әсіресе, жастардың бойына тазалық, ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек. Таза я тазалық, бұл – киелі сөздер. Ары таза адам ешқашан елін сатпайды. Біз «Қазақстан – ортақ үйіміз» деп үнемі айтамыз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек. Ассамблея бұл идеяны жан-жақты дәріптеп келеді. Бұл – өте тиімді әрі пайдалы жұмыс. Тазалық әр үйден басталуы керек. Сонда ғана «Таза Қазақстан» боламыз. Кішкентай кезінен тазалыққа үйренген бала кейін жауапкершілігі жоғары, саналы азамат болып өседі. Елге жанашыр болады. Сондықтан бүгін мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін, барлық этномәдени бірлестіктерді «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсене қатысуға шақырамын. Бұл – жай науқан емес, бұл – өскелең ұрпаққа озық білім мен тәлім-тәрбие беру деген сөз.

Баршамызға қатысы бар идеологиялық маңызды іске әр қаланың, ауылдың, көшенің және ауланың тұрғындарын жұмылдыру керек. «Таза Қазақстан», бұл – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Бәріміз Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстанда өмір сүргіміз келеді».

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінен.

@aikyngazeti
Президент:

«Қазіргі күрделі жағдайды жеке мүддесіне пайдаланғысы келетін түрлі популистер мен саясаткерсымақтар бар. Ел мүддесіне қастық ойлаған ондай адамдарға тұтас қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Алда күрделі кезең келе жатыр. Оңай болмайды. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ.

Мен көп жағдайда «Бұл қиындық та артта қалады» деп ашық айтамын. Сол сөзімді осы жерде тағы қайталағым келеді. Біз сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз. Бұл жолы да солай болады. Ең бастысы, барынша жинақы болып, нақты нәтижеге ұмтылуымыз керек. Кез келген ауқымды дағдарыстан кейін зор мүмкіндіктерге жол ашылады. Сол мүмкіндіктерді дер кезінде әрі дұрыс пайдалану қажет.

Әр істе темірдей тәртіп болуы қажет. Сонда еліміз де орасан зор табысқа жетеді. Баршаңызға мәлім, Заң мен тәртіп – менің стратегиялық бағдарымның арқауы. Мен әр сөйлеген сөзімде осы қағидаттарға арнайы тоқталамын. Таза Қазақстан, Заң мен тәртіп, Адал азамат идеяларының өзегі де – осы».

@aikyngazeti
Қазақстандық полицейлер тұрғындарға үндеу жасады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Қытайдың Тайань қаласында таэквондодан President’s Cup – Asia Region халықаралық турнирі басталды.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы екі жүлдеге ие болды.

Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) мен Әзиза Қаражанова (53 келіге дейін) жарыстың қола жүлдегері атанды.

Екі спортшы да жартылай финалға дейін жеткен. Финалға берілетін жолдаманы сарапқа салған кездесулерде Төлеуғали оңтүстіккореялық Пак Чунсанға есе жіберсе, Қаражанова ирандық Мобине Нематзадеден жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Батырхан Төлеуғали мен Әзиза Қаражанова 2026 жылғы Азия чемпионатына қатысуға жолдама жеңіп алды

@aikyngazeti
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қарағанды қаласында есірткі сатқан күдікті қылмыс үстінде ұсталды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
▪️Қазақстандық ғалымдардың еңбектері дүниежүзіндегі ең беделді журналда жарияланды

▪️1 қыркүйектен бастап мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі

▪️Түркістанға қайта оралған қазына

@aikyngazeti
Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдарда салынып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 45%-ы ауылдық жерлерде салынады. 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашты.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы 460 мың орындық жаңа форматтағы 217 мектептің құрылысы жоспарланған.

@aikyngazeti
Енді кез келген азамат тұрғын үй кезегіне тұра алады

24 мамырдан кейін не өзгереді?

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Таиландта дзюдодан Азия чемпионаты басталды

60 келіде сынға түсіп жатқан Нұрәділ Әлжан монғолиялық балуанды жеңіп кетті

@aikyngazeti
Денсаулық сақтау және ойын бизнесіне қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері Ғалия Тынбаева (48 келіге дейінгі салмақ) және 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Довлатов қола жүлдегерлер атанды

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгінгі күннің өзекті жаңалықтарын Astana TV-дан көріңіз!

@aikyngazeti
Қорғаныс министрлігі: Үздік фотосурет

Әскери парадқа дайындық барысында Ми-35 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының ұшу алдындағы жаттығулары.

@aikyngazeti
Жаңа Салық кодексі жобасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерімен қатар кітап басып шығару ісін қосымша құн салығынан (ҚҚС) босату көзделіп отырғаны айтылды.

Әрине, баспалар салықтан босағанымен, асып-тасып байып кете қоймас. Әйтсе де кітап саласындағы кез келген жеңілдік қазір ауадай қажет-ақ.

Бірақ бұл жерде тағы бір үлкен мәселе бар. Баспаханалар мен кітапқа қажетті өнімдерді жеткізетін кәсіп түрлері де салықтан босай ма? Бұл жағы әлі белгісіз. Ал Үкімет ұсынуы мүмкін жеңілдік бұл тығырықты тарқатып, әдеби нарықты жандандыра ма?

Осы сұрақтар төңірегінде Aikyn.kz сайты еліміздегі ең беделді баспаның жетекшілерімен сөйлесіп, шағын дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Денис Сергиенко Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

Қытайдың Цзуньи қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында отандасымыз мәре сызығына екінші болып келді, - деп хабарлайды Qazsport

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Жетісу» волейбол клубы Азия Чемпиондар лигасының финалына шықты.

Жартылай финалда "Жетісу" қыздары таиландтық «Nakhon Ratchasima Qmin C VC» командасын жеңіп кетті.

Видео: Qazsport

@aikyngazeti