Aikyn.kz
3.19K subscribers
10.9K photos
2.52K videos
3 files
5.89K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
📊 Бүгін Мәжіліс 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуын қарады.

Негізгі көрсеткіштер:
• ЖІӨ өсімі – 6,5%
• Инвестиция көлемі – 22,7 трлн теңге (+13%)
• Өңдеу өнеркәсібінің үлесі (13%) алғаш рет тау-кен секторынан асып түсті (11,9%)

Сонымен қатар:
• Инфляция 12,3%-ға жетті
• Салық түсімдері жоспары 336 млрд теңгеге орындалмады
• Бюджет шығыстары бойынша 303 млрд теңге игерілмеді
• Қаржылық заң бұзушылықтар көлемі 4,4 есе өсті
• Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен активтер көлемі шамамен 4 есе артты

Мәжіліс:
🔹 Үкіметке бюджетті түзету кезінде шығыстарды қысқартуға жол бермеуді
🔹 Ұлттық қор қаражатына цифрлық теңге арқылы бақылау енгізуді және бюджет жоспарлау сапасын арттыруды ұсынды.

@aikyngazeti
👍1
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

– Біз өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік туғанын оң бағалаймыз. Әсіресе, аса маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогына қатысуыңызды құптаймыз. Бұл Құрама Штаттардың Қазақстанмен, Орталық Азиямен ынтымақтастыққа стратегиялық тұрғыдан мән беретінін көрсетеді. Сондай-ақ Сіздің екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді атап өткім келеді. Қазақстан АҚШ кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сіз арқылы Дональд Трампқа ыстық ықыласым мен ізгі тілегімді жолдаймын. Жыл соңына қарай біз кездесеміз деп ойлаймын. Сонымен бірге Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.


@aikyngazeti
👍2
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады

✔️Мемлекет басшысы ведомствоның 2025 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен биыл бес айдағы нәтижелері туралы есебін тыңдады.

Асқарбек Ертаев:

➤ мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалып жатқанын айтты.

➤ халықты еңбекпен қамту бағытында қолға алынған шаралар туралы мәлімет берді.

➤ еңбек қатынастарын реттеу бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы:

📌саланы одан әрі цифрландыру, еңбек адамының құқығын қорғау, мұқтаж жандарға көмек көрсету және әлеуметтік масылдықпен күрес жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

❗️Президенттің айтуынша, қабылданған шаралардың барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы қажет.

@aikyngazeti
👍1
Қызылордада Бердібек Сапарбаевқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👍2
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Кітап оқып, автокөлік иесі атанды

🔸 Жолбарысты жерсіндіру жолында

🔸 Қарты бар елдің қазынасы бар...

🔸 Өндіріс қайтсе «өкініштен» арылады?

🔸 Нурила Аманғалиқызы, профессор: Паллиатив сөзінен қорқудың қажеті жоқ

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424
👍1
"Босану төлемін заңсыз алған": алаяқтық жасаған әйелдердің ісі қаралды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
😱1
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар» өзектендірілді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжат алты бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтиды және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сапалы жұмыс орындарын құруға және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған.

«Жаңа жоспар 2022 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның орнын алмастырады  және экономиканың ағымдағы сын-қатерлерін де, адами капиталды дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттерді де ескереді. Өңірлік нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу тетігін күшейту үшін әкімдіктер халықтың табысын арттырудың өңірлік бағдарламаларын әзірледі»,
— деді Азамат Әмрин.

@aikyngazeti
👍1
ҰБТ-да ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге тағы бір артықшылық қосылды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👍1
Қазақстан болашақ экономикасы үшін кадр даярлау ісіне басымдық беруде

Жұмысшылардың дағдылары мен қазіргі экономика талаптары арасындағы сәйкессіздік негізгі сын-қатерлердің бірі болып қала береді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.


Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, 2030 жылға қарай әлемдегі жұмыс орындарының 22%-ы трансформацияға ұшырайды.

Осыған байланысты еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында дуальды білім беру жүйесін кеңейту, колледждер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ өндірістегі тәлімгерлік жүйені дамыту жоспарланып отыр.

@aikyngazeti
👍1
Қаңтар оқиғасында жоғалған қару-жарақтар табылды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👍1
"Аялдамаға автомат ұстап шыққан": астаналық келіншек елді шошытты

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
😱1
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар туралы мәлімет берілді.

Динара Зәкиева:

➤ биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданды.

➤ Мемлекет басшысына облыс әкімдіктерінде Балалар құқығын қорғау басқармаларын құру жұмысы аяқталып, олардың құзыреттері ұлттық заңнамада бекітілгені және ұйымдастыру рәсімдері жүріп жатқаны жөнінде баяндады.

➤ Психологиялық қолдау орталықтарын құру және психологиялық саламаттылықты айқындаудың бірыңғай бағдарламасын енгізу жөнінде ақпарат берді.

➤ 111 мемлекеттік байланыс орталығына түсетін өтініштер бойынша жүргізілген жұмысқа тоқталды.

❗️Президент «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру мақсатында Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың күш-жігерін жұмылдыру маңызды екенін атап өтті.

@aikyngazeti
👍2
Қызылордадағы аудандық аурухана заңсыз табыс тапқан

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
😱1
Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар анықталды.

Ірі халықаралық турнирде еліміздің намысын 17 боксшы қорғайды.

Ерлер

50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай
55 келіге дейін: Тимур Қабдешов
60 келіге дейін: Серік Теміржанов
65 келіге дейін: Санаталі Төлтаев
70 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов
75 келіге дейін: Тимур Нұрсейітов
80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай


Әйелдер

51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова
54 келіге дейін: Назым Қызайбай
60 келіге дейін: Виктория Графеева
65 келіге дейін: Аида Әбікеева
70 келіге дейін: Лаура Есенгелді
75 келіге дейін: Наталья Богданова
80 келіге дейін: Валерия Аксенова
80 келіден жоғары: Дина Исламбекова


Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді.

@aikyngazeti
👍1
Шетел азаматтары үшін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіру бағасы қымбаттады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) заңсыз рәсімдеу схемасын анықталды

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетел азаматтарына ЖСН беру олардың Қазақстан аумағында жеке қатысуы және міндетті биометриялық сәйкестендіруден өтуі арқылы ғана жүзеге асырылады.

Алайда 2024–2025 жылдары өтініш берушілердің елге келуінсіз-ақ ЖСН рәсімдеуге заңсыз көмектесетін қылмыстық схема ұйымдастырылған.

Схеманы жүзеге асыру үшін әлеуметтік желідегі арна пайдаланылып, сол арқылы ЖСН-ды қашықтан алуға мүдделі шетел азаматтары іздестіріліп, тартылған.

Қылмыстық әрекетке «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Астана қаласы бойынша филиалының қызметкерлері тартылған. Олар ХҚКО ақпараттық жүйесіне көрінеу жалған мәліметтер енгізіп, ЖСН алуға қатысты жалған өтінімдер рәсімдеген.

Заңсыз сыйақы делдалдар арқылы банк аударымдары түрінде беріліп, кейін схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

@aikyngazeti
😱1
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

– Елімізге арнайы келгеніңізге қуаныштымыз. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп сенемін. Елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ. «Қазақ-қырғыз – бір туған» деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз. Қырғыз Республикасының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз бұл оң үрдісті қолдаймыз. Қырғыз Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұны Қырғызстан мен Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға деп айтуға болады. Осыған орай Президент Садыр Нургожоевич Жапаровқа құттықтау хат жолдадым, – деді Президент.


@aikyngazeti
👍1
Перизат Қайраттың тәркіленген көліктері мемлекеттік органдарға тегін берілді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👍1
Ел болашағы жолында: «AMANAT» партиясы «Әділетке» қосылады

Астанада «AMANAT» партиясының кезекті Съезі өтті.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👍1😱1
"AIQYN аптаның" жаңа саны жарық көрді:

🔸 Табысты арттыру – тарқатылмаған түйін

🔸 Сұраныс пен ұсыныс: Еңбектің еленбеген заңы

🔸 Мұхит асқан мундиаль

🔸 Ұрпақ келешегі – ұлт келбеті

🔸 Сұлтанәлі Балғабаев, жазушы-драматург: Қаламның жүгі жеңіл емес

🔸 Стандарт біреу, нәтиже әртүрлі

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!