Aikyn.kz
3.66K subscribers
6.92K photos
1.92K videos
2 files
3.84K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Мектептегі күзетші, еден жуушылардың айлығы 100 пайызға көбейді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Пәтер алу – қазір әр қазақтың бас ауруына айналған өзекті мәселе. Әйтеуір жылжымайтын мүлікке ие болсам, бір емес, тіпті бірнешеуін алып қойсам деп ойламайтын адам Қазақстанда өте аз шығар. Сондықтан бұл салаға қатысты сұрақтар біздің қоғамда жиі талқыланады.

Биыл пәтер алғысы келетін жас отбасылар не істеуі керек? Қай ипотекалық бағдарлама тиімді? Тұрғын үй бағасы тағы қымбаттай ма? «Бастапқы жарнасыз үй алуға болады» деген жарнамаға сенуге бола ма?

Осы тақілеттес сұрақтарға Aikyn.kz тілшісіне тұрғын үй нарығындағы белгілі сарапшы Қайрат Қожанов жауап берді.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Авторлық қоғам меншік иелеріне табыстың тек 1/3 ғана төлейді

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиевтың Әділет министрі Ерлан Сәрсембавқа қойған сұрағы.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменованың Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке кітапханашы мамандығының тартымдылығын арттыру туралы жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
Ағылшын тілі магистратураға түсуге кедергі болмауы керек

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Пранк жасаушылар өз істеріне жауап бере ме?

«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Мақсат Толықбаевтың Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қоғамдық қауіпсіздік мәселелері туралы жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
"Ақша бөлінді, бірақ нәтиже жоқ"

Премьер-Министр өңірлерді дамытуға бөлінетін қаржыны дұрыс игеруді тапсырды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Ринат Зайытов: «Кітап оқымаған адам ақпараттық аштыққа ұшырайды»

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әуе қорғанысы күштері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындалуда

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгінгі күннің өзекті жаңалықтарын Astana TV-дан көріңіз!

@aikyngazeti
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 «100 кітап»: Ұлттық сауалнама басталды

🔸 Қалтаның қамы – халықтың зары

🔸 Өз тілің – өзегің, өзге тіл – көкжиегің

🔸 «Қаржы пирамидасы» ауылға жетті

🔸 Әлеуметтік кәсіпкерлердің әлеуеті қалай?

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!
1 миллион теңге пара алған облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы сотталды

Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Ақтөбе қаласының № 2 соты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Ш. және оның орынбасары Д. қатысты үкім шығарды.

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында олар дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін жүзеге асыруға лицензияны кедергісіз бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 1 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды.

Сот лауазымды тұлғаларды пара алғаны үшін, ал кәсіпкерді пара бергені үшін кінәлі деп тауып, оларға мемлекеттік қызметте, судьяда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20-дан 35 млн теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

@aikyngazeti
Несие төлейтіндер үшін ең пайдалы ақпарат

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Президент: «Әр жылдары елімізде түрлі диалог алаңдары мен қоғамдық органдар құрылды. Алайда бүгінгі мерейтойлық жиында Ассамблеяның қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру мен ұлттық бірегейлікті бекіту ісінде баламасы жоқ басты платформаға айналғанын және алдағы уақытта да солай болып қала беретінін атап өткім келеді. Ассамблея – мемлекеттігімізге арқау болған аса маңызды құрылым. Бұл – Ассамблеяға артылатын жүктің салмағы да жеңіл емес деген сөз. Ұлттық мүдделерімізді қорғап, егемендігімізді нығайту – қастерлі парыз. Мұны Ассамблея мүшелері терең сезінеді деп ойлаймын.

Ассамблея барша азаматтарды ортақ құндылықтар мен мақсаттарға жұмылдыратын жалпыхалықтық орган ретінде жұмыс істеуі керек. Басты міндет – Қазақстан халқының татулығы мен ауызбіршілігін, мемлекетіміздің тұтастығы мен киелі Тәуелсіздігімізді нығайту. Алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Біз болашақта да осы бағытта нақты шаралар қабылдаймыз. Мен 2022 жылы Ассамблеяны дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Оның мерзімі де аяқталып келеді. Сондықтан жаңа құжатты дайындау жұмысына қазірден бастап кірісу керек, яғни, 2026-2030 жылдарға арналған басымдықтарды айқындау қажет. Тұжырымдаманың жобасында қоғамды ұйыстырып, үйлесімді дамуға жол ашатын жаңа әдіс-тәсілдер көрініс табуы керек. Сондай-ақ Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық этностардың құқықтарын қорғауға арналған негізгі қағидаттар көрсетілуге тиіс.

Үкімет этносаралық саладағы республикалық және өңірлік жұмыс жоспарының барлығын жан-жақты сараптап, оның тиімділігін арттыруға қатысты ұсыныс енгізуі қажет. Жалпы, ұлт бірлігін нығайтуда барлық мемлекеттік және қоғамдық механизмдерді жетілдіруді жалғастыру керек».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясындағы сөзінен.
Президент келесі маңызды міндеттерге тоқталды:

1. Ассамблея аймақтардағы жұмысты жандандыруы керек.

Былтыр Түркістанда жаңа Достық үйі ашылды. Енді осындай Достық үйін халық тығыз қоныстанған Алматы облысында салу қажет. Түрлі этнос өкілдері тұратын Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да аудандарда Ассамблея ашу керек.

2. Ақпараттық кеңістікте бірлік мен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу қажет

Салалық министрлік, өңір әкімдері ҚХА журналистер клубының құрамына жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қосып, клуб жұмысының бірыңғай алгоритмін жасауы керек

3. «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдалану

А. Пушкин, Т. Шевченко, Ф.Достоевский, М. Шолохов және басқа да тұлғалардың музейлерін көпшілікке таныту үшін экспозицияларын Астана мен Алматыда ұйымдастыру маңызды. Кейбір этномәдени бірлестіктер бірегей өнер және этнографиялық жеке коллекциялар еліміздің мәдени мұрасына айналуға тиіс.

@aikyngazeti
«Қастерлі Отанымызды көркейту – баршаға ортақ парыз. Менің бастамаммен былтырдан бері «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Жалпыұлттық жобаға 6 миллионнан астам адам қатысты. 1,6 миллион тоннадан аса қоқыс жиналды. 3,3 миллион көшет отырғызылды. «Таза Қазақстан», бұл – біздің бүгінгі және ертеңгі күніміздің кепілі. Сондықтан жұмыс үздіксіз жалғаса береді.

Біз әр азаматтың, әсіресе, жастардың бойына тазалық, ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек. Таза я тазалық, бұл – киелі сөздер. Ары таза адам ешқашан елін сатпайды. Біз «Қазақстан – ортақ үйіміз» деп үнемі айтамыз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек. Ассамблея бұл идеяны жан-жақты дәріптеп келеді. Бұл – өте тиімді әрі пайдалы жұмыс. Тазалық әр үйден басталуы керек. Сонда ғана «Таза Қазақстан» боламыз. Кішкентай кезінен тазалыққа үйренген бала кейін жауапкершілігі жоғары, саналы азамат болып өседі. Елге жанашыр болады. Сондықтан бүгін мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін, барлық этномәдени бірлестіктерді «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсене қатысуға шақырамын. Бұл – жай науқан емес, бұл – өскелең ұрпаққа озық білім мен тәлім-тәрбие беру деген сөз.

Баршамызға қатысы бар идеологиялық маңызды іске әр қаланың, ауылдың, көшенің және ауланың тұрғындарын жұмылдыру керек. «Таза Қазақстан», бұл – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Бәріміз Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстанда өмір сүргіміз келеді».

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінен.

@aikyngazeti
Президент:

«Қазіргі күрделі жағдайды жеке мүддесіне пайдаланғысы келетін түрлі популистер мен саясаткерсымақтар бар. Ел мүддесіне қастық ойлаған ондай адамдарға тұтас қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Алда күрделі кезең келе жатыр. Оңай болмайды. Бірақ алаңдауға еш негіз жоқ.

Мен көп жағдайда «Бұл қиындық та артта қалады» деп ашық айтамын. Сол сөзімді осы жерде тағы қайталағым келеді. Біз сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз. Бұл жолы да солай болады. Ең бастысы, барынша жинақы болып, нақты нәтижеге ұмтылуымыз керек. Кез келген ауқымды дағдарыстан кейін зор мүмкіндіктерге жол ашылады. Сол мүмкіндіктерді дер кезінде әрі дұрыс пайдалану қажет.

Әр істе темірдей тәртіп болуы қажет. Сонда еліміз де орасан зор табысқа жетеді. Баршаңызға мәлім, Заң мен тәртіп – менің стратегиялық бағдарымның арқауы. Мен әр сөйлеген сөзімде осы қағидаттарға арнайы тоқталамын. Таза Қазақстан, Заң мен тәртіп, Адал азамат идеяларының өзегі де – осы».

@aikyngazeti