Aikyn.kz
2.73K subscribers
5.73K photos
1.6K videos
2 files
3.15K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
✉️ Мемлекет басшысы спорт ардагері Сейілда Байшақовтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ футболының аңызына айналған даңқты спорт ардагері Сейілда Байшақовтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

– Сейілда Икрамұлы «Қайрат» футбол командасының сапында көп жылдар бойы өнер көрсетіп, жасындай жарқыраған еді. Білікті бапкер ретінде жастарды жеңіске жетудің қыр-сырына үйретіп, елімізде осы спорт түрінің дамуына зор үлес қосты. Өмірде адал еңбек етіп, өшпес із қалдырған Сейілда Икрамұлының есімі мен бейнесі мәңгі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
🎓Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

Testcenter.kz сайтында бүгіннен бастап 3 тамызға дейін докторантураға түсу емтиханына өтініш қабылдау басталды.

Тестілеуге қатысу құны – 21 072 теңге.
🔥Түркістан облысында құрғақ шөп пен бұталар өрті сөндірілді

13 шілде сағат 01:30-да Түркістан облысы ТЖД Дағдарыс жағдайлары басқармасына Келес орманшылығында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті.

ҚР ТЖМ мәліметінше, алдын ала болжам бойынша 2 га аудандағы құрғақ шөп пен бұталар өрті сағат 05.50-де оқшауланып, сағат 08.00-де сөндірілді.

📍Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан, Түркістан облысы ТЖД 93 адам мен 13 бірлік техника жұмылдырылды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Алматы әкімі Ерболат Досаев халықтан кешірім сұрады

Ерболат Досаев Әл-Фараби мен Абай даңғылындағы жөндеу жұмысы неліктен бір уақытта басталғанын түсіндірді.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
‼️Білім беру саласы: мемлекеттік аудиторлар жымқыруларды жасырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы ірі жымқыруларды тергеуді жалғастыруда.

Қылмыстар мемлекеттік аудиторлардың жасырушылығымен жасалғаны қылмыстық істердің материалдарымен расталды.

Мәселен, Жетісу облысында бюджет қаражаты «өлі жандардың» шоттарына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру мен иемдену арқылы ұрланған.
‼️76 жастағы ер адам көше сыпырып жүрген жұмысшыны қағып өлтірді

Ауыр техниканың астында қалған азамат сол жерде қаза тапты. Полицияның дерегінше, марқұм қалалық коммуналдық кәсіпорында жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылығы оның отбасына көмек көрсететінін жеткізді. Айтуынша, 64 жастағы азамат былтыр зейнетке шығып, мекемемен еңбек келісімшартын биыл күзге дейін ұзартқан.
⚡️Бақытжан Байахметов ШҚО әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды
‼️Семей қаласында ер адам суға батып кетті

11 шілде күні Ертіс өзенінің "Пристань" қалалық жағажай ауданында 1998 ж.т. ер адам мас күйінде шомылуға барып, жоқ болып кетті.

Бір сағат ішінде құтқарушылар ер адамның жансыз денесін тапты. Іздеу жұмыстарына барлығы жеке құрамнан 4 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АСХАТ ОРАЛОВ:
«БУКМЕКЕРЛІК КЕҢСЕЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ЖАРНАМАЛАУ ДӘУІРІ ӨТКЕНГЕ АЙНАЛУЫ КЕРЕК»

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов вице-министрлердің, комитет төрағаларының және ҚР МСМ аппарат басшысының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.

Күн тәртібіндегі басты тақырып - лудоманиямен күрес.

«Мәдениет және спорт министрлігі жанынан заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобы құрылып, белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінгі таңда қала көшелеріне қарайтын болсақ, елордадан бастап шалғайдағы ауылға дейін әрбір көшеде билбордтар, баннерлерде құмар ойындардың жарнамасы тұр. Ешқандай тәртіп жоқ. Сондықтан бұнын бәрін тоқтатуымыз керек. Керек болса арнайы бұйрықтарға, заңға да өзгерістер енгізу қажет. Бұл мәселені шешуді созбай, тез арада шешім қабылдауымыз маңызды. Осы бағыттағы жұмысты күшейтуіміз керек»,- деді Асхат Оралов.
Мемлекет басшысы Премьер-министр Әлихан Смайыловты қабылдады

📌 Президентке еліміздің биылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, сондай-ақ Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) болған апаттардың себептерін тексеру нәтижелері жөнінде баяндалды.
🔥Ақмола облысының өрт сөндірушілері құрғақ шөп өртін сөндіруде

Ақмола облысында өрт қауіптілігінің бесінші өте жоғары дәрежесі аясында құрғақ шөп өртенді. Өрт Біржан сал атындағы ауданының Қайнар ауылынан 15 км жерде орын алды.

Секундына 7 метрге дейін соққан жел мен ауа температурасының +38 градусқа дейін көтерілуі өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда.

Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 1 100 гектарды құрайды.
Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД және ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Дереккөз: ҚР ТЖМ
🇰🇿 📞🇳🇱 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті
🌦️Ертең еліміздің кейбір өңірінде жаңбыр жауады деп болжанады

Алматыда аптап ыстық жалғасады: +36+38 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.
🇰🇿✉️🇫🇷 Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды және барша француз халқын Францияның ұлттық мейрамы – Бастилияны алу күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Франция арасындағы сенімді саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастыққа негізделген стратегиялық серіктестіктің нығайып келе жатқанын атап өтті.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
‼️ІІМ "Дикий Арман" тобын әшкерелеу бойынша 3 арнайы операция жүргізді
❗️Мемлекет басшысына Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді

Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды.

Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.

Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Мемлекет басшысы биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды.

Баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Ақмола облысы Біржан Сал ауданында құрғақ шөп өрті сөндірілді

🛑14 шілдеде 08-50-де Біржан сал ауданы Қайнар ауылынан 15 км жерде құрғақ шөптің алдын ала болжам бойынша 1100 га алаңдағы өрті сөндірілді.

🧑🏼‍🚒🚒Құрғақ шөптің жануын жоюға Ақмола облысы ТЖД 75 адамы және 15 техникасы жұмылдырылды.

Дереккөз: ҚР ТЖМ
Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдады деген күдікті іздестіріліп жатыр

Мыңбаева Азиза Мамытқызы 1963 жылы туған. ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша күдікке ілінді.

Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Сатылатын үйлердің иелеріне ол жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада төлеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген.

Қазіргі уақытта әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған.

Іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие барлық адамдарды "102" арнасына немесе көрсетілген нөмірлер бойынша хабарлауды сұраймыз (8-771-671-56-63) 57-27-42, 51-22-01, 57-27-60, 57-01-02, факс: 57-03-41.