ADYRNA.KZ
3.33K subscribers
10.8K photos
3.39K videos
8 files
12.5K links
Download Telegram
Қазақстан дипломаттары Стамбул маңында болған 6,2 магнитудалы жер сілкінісінен кейінгі жағдайды бақылап, түрік билігімен байланыста отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Түркия билігінің мәліметінше, 2025 жылғы 23 сәуірде Стамбул төңірегінде 6,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркеліп, оның артынан афтершоктар жалғасуда. ҚР Сыртқы істер министрлігі жағдайдың дамуын Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен үйлестіру арқылы бақылауда ұстап отыр», – делінген хабарламада.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, Қазақстан азаматтарынан Стамбулдағы Бас консулдыққа ешқандай өтініш түспеген.

Қазіргі таңда Стамбулда консулдық есепте 1137 қазақстандық тұр. https://adyrna.kz/post/235256
АҚШ коронавирус зертханадан тарады деген жорамалын қайта көтеріп, Қытайды дәлелсіз айыптау арқылы COVID-19-дың таралуын саяси құралға айналдыруын жалғастырып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.

Өткен демалыс күндері Ақ үй COVID-19 індетінің шығу тегі туралы ақпарат беруге арналған жаңа веб-сайтты таныстырды. Онда індеттің Қытайдағы зертханадан тарағаны айтылған.

Сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Қытай СІМ өкілі Го Цзякунь вирустың шығу тегін зерттеу – маңызды ғылыми мәселе екенін айтты. Ол Қытай бұл бағыттағы жаһандық ғылыми зерттеулерге белсенді түрде қатысып, әрқашан ғылыми және ашықтық принципін ұстанатынын атап өтті.
Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы Адам Қадыров Шешен Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ақпарат Чешенстан Қауіпсіздік кеңесінің ресми сайтында жарияланды.

Адам Қадыровтың республикадағы үшінші лауазымы.

15 жасында Адам Қадыров Шешенстан басшысының қауіпсіздік қызметін басқарған ең жас жетекші атанды.

Ал 2025 жылдың сәуір айының басында Адам Қадыров Ресей ІІМ-нің аймақтық бөлімшесіне куратор болып тағайындалды.
Қазақстандық кәсіпкер, филантроп, BI-Group холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ YPO Kazakhstan президенті Айдын Рақымбаев facebook желісіндегі парақшасында қазақтар «сәлеметсіз бе» деп амандаспаған, деп жазды.

"Армысыздар, достарым! Тарихшылармен әңгімелескенде бәрі де біздің бабаларымыз жүздеген жыл бұрын «Армысыз?» , «Аман-есенсіз бе?» деп амандасқанын айтады. Бабаларымыз қандай дана сөздер мен терең мағынаны қолданған", - деді кәсіпкер.

Айтуынша, «сәлем» мен «сәлеметсіз бе» деген қазаққа ежелгі жебірейлердің «шалом алейхим» және арабтың «ассалаумағалейкум» дегенінен келген.

"Біз бұлай амандасуға үйреніп қалдық және ол да дұрыс. Бірақ, оған қоса ежелгі түрікше амандасу да әдемі естіледі ғой. Осы орайда, менде ұсыныс бар: Отбасында, жұмыста, көшеде бір-бірімізбен таза қазақша «Армысыз?» деп амандасайық", - дейді Айдын Рақымбаев.
Үндістан мен Пәкістан шекарасындағы Аттари біріктірілген бақылау-өткізу бекеті жабылатын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл шешім Кашмирдің оңтүстігінде орын алған терактіден кейін қабылданғанын Үндістанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Times of India басылымының жазуынша, шешім дереу күшіне енеді. Шекараны жарамды құжаттармен кесіп өткен Пәкістан азаматтары 2025 жылдың 1 мамырына дейін осы маршрут арқылы кері оралуына рұқсат етіледі.

Айта кетейік, Үндістан мен Пәкістан арасындағы саяси шиеленістерге байланысты екі елдің арасында ресми шекаралық өткелдер саны шектеулі, соның ішінде ең маңыздысы – Аттари бекеті.

Терактіден кейін Үндістан бірнеше қосымша санкциялар енгізді.
Мәжілісте өткен отырыста Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошұрбаев Каспий теңізін зерттеу бойынша жоспарлар туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мансұр Ошұрбаев Каспий теңізін ластанудан қорғау және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау мақсатында Әзербайжан, Қазақстан және Түрікменстанда "Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру: ластануды басқару және биологиялық әртүрлілікті сақтау әлеуетін арттыру" жобасы іске асырылатынын айтты. Жоба Глобалдық экологиялық қордың гранттық қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Отырыстағы анықтамалық ақпаратқа сәйкес, жоба 5 жыл ішінде жүзеге асады, жалпы қаржыландыру көлемі – 12 миллион доллар.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өзбекстанның Науаи облысының Канимех ауданында жасанды жауын-шашынға арналған қондырғылар орнатылды.

https://adyrna.kz/post/235306 to
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Самарқандағы «Қайғы жамылған ана» мемориалына барған сәтінде онда тек өзбек және ағылшын тілдерінде жазу жазылғанына назар аударып, әріптесіне “ескерту” жасады

https://adyrna.kz/post/235333
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы базарлардың бірінде сатушы болып жүрген мектеп оқушысы филиппиндік блогердің парақшасында хитке айналды.😍👏👏👏

Серджио есімді блогер TikTok желісінде әлемді аз шығынмен аралаудың тиімді жолдарын үйретеді. Бұл жолы ол Қазақстанға саяхаттап келген.

Алматыдағы "Көк базарды" аралап жүріп, ол қазақы стильде безендірілген кәдесыйлар сататын сөрелерге барған. Сауда жасап отырған бала туристің сұрақтарына ағылшынша емін-еркін әрі сенімді жауап берді.
Белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақстан» газетінің бұрынғы бас редакторы Серғазы Мұхтарбеков 65 жасында өмірден өтті. Бұл қайғылы хабарды Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жеткізді.

https://adyrna.kz/post/235345
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін - Қазақстан Республикасының экс-басшысы, елді 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың советтік Қазақстан президенті болған күні.

1990 жылы 24 сәуір күні Қазақ ССР Жоғары Кеңесі «Қазақ ССР президенті қызметін тағайындау және Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады. Сол күні Жоғары Кеңес жаңадан тағайындалған ең биік лауазымды қызметке 49 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады.

https://adyrna.kz/post/235405
Жамбыл облысында  облысындағы Түрксіб бекетінде жүк пойызы рельстен шығып кетті. Оқиға 24 сәуір күні таңғы сағат 05:00 шамасында болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҚТЖ зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.
Салдарын жою үшін апат орнына Тараз және Шу бекеттерінен қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Еске салсақ, 20 сәуірге қараған түні пойыз вагонының дәретханасында бір әйел босанып, сәбиді терезеден лақтырып жібергені жайлы ақпарат тараған болатын.
Өзбекстан Журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің ректоры Шерзодхон Кудратходжа Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Самарқандтағы «Қайғылы ана» мемориалында орыс тіліндегі жазудың болмауына қатысты мәлімдемесіне жауап берді

https://adyrna.kz/post/235436
Елорда тұрғыны Telegram мессенджері арқылы терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияларды тарату үшін пайдаланған, сондай-ақ Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған

https://adyrna.kz/post/235431
2025 жылдың көктемінде музыка әлемі күтпеген жаңалыққа куә болды — Башқұрттың Ay Yola тобы шығарған Homay әні әлемге танылды. Бұл оқиға тек музыкалық жетістік қана емес, сонымен қатар башқұрт мәдениетінің халықаралық деңгейде мойындалуының нышанына айналды.
Сарапшылар хитті "башқұрт мәдениетінің әлемге үлкен серпілісі" деп бағаласа, сыншылар Ay Yola тобының бір мүшесі Украинамен соғысты қолдайтынын еске салып, Башқұртстан билігі тарапынан құрметке ие болған бұл топтың болашақ шығармашылығына күмәнмен қарайтындарын жасырмады.

БАШҚҰРТ ӘНІНДЕ ҰМАЙ МА, ҚҰМАЙ МА? 

Homay әні— Ay Yola тобының “Орал батыр” эпосына негізделген музыкалық цикліндегі екінші ән. Бірінші шығарылым — Batyr әні 2025 жылдың ақпанында шыққанымен, кең танымалдыққа ие болмаған еді. Ал Homay бірден тыңдармандардың жүрегін жаулап алды. Жұртшылық ерекше ықылас аударып, қазақ, өзбек, қырғыз, татар секілді түркі халықтары арасында тез тарап, талқыланып жатты.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәскеу түбіндегі Балашихада қолдан жасалған жарылғыш заттың көмегімен көлік жарылған. Салдарынан Ресей Қарулы күштері Бас штабы бас жедел басқармасы бастығының орынбасары генерал-майор Ярослав Москалик қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресейлік Telegram арналарының хабарлауынша, көлік газ баллонының жабдығының қасына орнатылған қолдан жасалған жарылғыш заттың көмегімен жарылған және генерал подъезден шыққан кезде қашықтан іске қосылған. Жарылыс сәті видеоға түсіп қалған.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әріптесі Руслан Берденов туралы пікір білдірді.
25 сәуірде Эквадорда 6,3 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жергілікті геофизика институтының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Эсмеральдас провинциясынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан.

https://adyrna.kz/post/235532
Бүгін — белгілі сәулетші, Елтаңба мен Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің авторы, ғалым әрі қоғам қайраткері Шот-Аман Уәлихановтың туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

https://adyrna.kz/post/235548