😍Шымкенттік оқушы әлемнің 36 университетінен шақырту алды. Білім Инновация ер балаларға арналған лицейінде 11 сынып оқитын Дінмұхаммед Маликовтың ҰБТ көрсеткіші де көңіл көншітеді. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ үш тілді жетік меңгерген шәкірт енді шет елде білім алуды жоспарлап отыр.
Дінмұхаммед Маликов – оқу-білімге құштар. Ұстаздардың айтуынша шет тілдерді өздігінен меңгеріп, әлемдік деңгейдегі оқу орындарына тест тапсырған. IELTS сынағынан да сүрінбей өткен. Ендігі арманы – шетелде оқып, сол білімін туған жерді түлетуге сарп ету.
“Шет елде білім алсам да, немесе Қазақстанда оқитын болсам да басты мақсатым ол алған білімім мен тәжірибемді Қазақстанды дамытуға арнау болып табылады. Менің артымда келе жатқан іні-қарындастарыма менің бұл жолым мотивация болды деп үміттенемін”, дейді түлек.

Ресей президенті Владимир Путин сәуір айының басында Дональд Трамптың өкілі Стив Уиткоффпен кездесуде АҚШ-қа Украинадағы ұрыс қимылдарын қазіргі майдан шебі бойымен тоқтатуды ұсынды. Бұл туралы Financial Times басылымы бірнеше дереккөзге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кездесу барысында Путин Мәскеу қазіргі уақытта Киевтің бақылауындағы Украина аймақтарына қатысты кейбір аумақтық талаптарынан бас тартуы мүмкін екенін де мәлімдеді. Бұл — соғыс басталғалы бері Ресейдің өз максималистік ұстанымдарынан бас тартуға дайын екендігін білдіретін алғашқы ресми ишара ретінде қарастырылып отыр.
Алайда еуропалық шенеуніктер бұл ұсынысты сақтықпен қабылдауда. Олар Путиннің бұл әрекетін Трампты Ресейдің басқа талаптарын қабылдауға көндіріп, оларды Украинаға күштеп таңу үшін жасалған айла болуы мүмкін деп санайды.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😳Ресейдің Владимир облысындағы Киржач ауданында орналасқан әскери бөлім аумағында оқ-дәрілердің детонациясынан кейін жарылыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттыққ порталы DW-ге сілтеме жасап.
Ресей Қорғаныс министрлігі жарылыстың қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан болғанын мәлімдеп, кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. Өртті сөндіруге әскери бөлім мен ТЖМ мамандары жұмылдырылған.
Telegram-дағы Astra арнасының хабарлауынша, жарылыс Барсово кентінің жанында орналасқан қорғаныс министрлігінің бас зымыран-артиллериялық басқармасына қарасты 51-ші арсенал аумағында болған. Украиналық Defence Express әскери порталы бұл қойманың жалпы аумағы шамамен 3,5 шаршы шақырым екенін атап өтті.

2025 жылдың 3-4 сәуір күндері Орталық Азия мен Еуропа Одағы елдері саммиті Өзбекстанның Самарқандында өтті. Саммите екі жақ бірнеше келісімдерге қол қойды. Соның бірі – Еуроодақ пен Орталық Азия елдері бір-бірінің шекараларының біртұтастығын мойындау.
Кипр (Оңтүстік Кипр грек жағы) – Еуропа Одағы мүшесі. Тарихты ақтарып қараған адам сол жерде дау болып жатқан Кипр мәселесін түсінеді. Солтүстік Кипрді Түркиядан басқа ешкім мойындамайды. 1983-84 жылдары БҰҰ-ың сол мәселе бойынша шешімдері шыққан. Қазақстан және басқа Орталық Азия елдері БҰҰ жарғыларына сай әрекет етеді. Енді осыған байланысты Анадолы жұртының температурасы көтеріліп басылмай тұр. Талдап көрейік.
1) Ресми Анкара реакция білдірді ме? Жоқ, білдірмеді. Білдірмейтіні де түсінікті жағдай. Білдіргені жақсы еді. Келешектегі жағдайларды реттеп алатын. Мүмкін сахна артында түсініскен шығар, түсініспесе де ОТГ жұмысын жалғастыра береді.
📌Толығырақ сайттан оқи аласыздар

😳Үндістанның Байсаран аңғарында лаңкестік шабуыл жасалды. Куәгерлердің айтуынша, камуфляж киген екі қарулы адам туристерге оқ жаудырған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Үндістан телеарнасына сілтеме жасап.
Олар атпен серуендеп жүрген туристерге бағытсыз оқ атқан.
News18 India телеарнасының хабарлауынша, шабуыл жасағандардың «Лашкар-е-Тайба» ұйымымен байланысы болуы мүмкін.
Оқиға салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тауып, тағы 12 адам жараланған. Дәрігерлердің мәліметінше, жараланғандардың жағдайы тұрақты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 сәуір — Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген еді. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.
"Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады", – делінген Президенттің құттықтауында.
Сондай-ақ, бүгін - Дүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні.

😳Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Ләззат Бердібаеваның қызғалдақпен түскен селфиі халық арасында дау тудырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шенеунік гүлмен түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеген. Бірақ бұл әрекет көп ұзамай қоғамдық наразылық тудырған.
Желі қолданушылары мемлекеттік қорғаудағы гүлдерді не себепті әкім жұлды деген сұрақ қойып, түсініктеме талап еткен. Ал әкімнің айтуынша, тюльпандарды қызына демалыс кезінде біреу сыйлаған, әрі ол жерде гүлдерді жұлмау туралы ешқандай ескерту белгісі болмаған.

Тверь қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің парламенттік комиссиясының 23-отырысында «Роскосмос» бас директоры Дмитрий Баканов Қазақстан тарапымен бірлесе отырып, Гагарин старты алаңында музей кешенін құру және оны ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу бастамасы жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Айта кетейік, Гагарин старты – ғарыш тарихындағы ең маңызды орындардың бірі. Дәл осы алаңнан алғаш рет Жердің жасанды серігі ұшырылған және адамзат тарихындағы тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин ғарышқа аттанған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Папа Францисктің жерлеу рәсіміне жұбайымен бірге қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл – Ақ үйге қайта оралғаннан кейінгі оның алғашқы шетелдік сапары.
«Біз Мелания екеуміз Папа Францисктің жерлеуіне қатысу үшін Римге барамыз. Сол жерде болуды асыға күтеміз», – деді Трамп.
Римнің алғашқы халықаралық бағыт ретінде таңдалуы бақылаушыларды таңғалдырды. Әдетте, америкалық президенттер алдымен Лондонға барады. Алайда наурыз айында Трамп бұл дәстүрден тек тиімді инвестициялық келісімдер болған жағдайда ғана бас тартатынын айтқан еді.

Қорғаныс министрлігі Батыс Қазақстан облысында ұшқан дрондардың құлауын Ресей-Украина конфликтімен байланыстырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «За нами уже выехали» басылымына сілтеп.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, Қазақстан аумағында дрондардың пайда болуының ең ықтимал себебі – оларды Ресей-Украина қақтығысы барысында қолдану. Мұндай инциденттер басқа мемлекеттерде, соның ішінде Румыния, Молдова, Беларусь, Болгария, Польша және Хорватияда да болған.
Қазіргі уақытта Қазақстан қорғаныс министрлігі шетелдік серіктестермен консультациялар өткізіп, дрондардың мүмкін иелерін анықтауды жалғастыруда. Сонымен қатар, ұшу траекториясын өзгерту мақсатында техникалық араласу нұсқасы қарастырылуда.

2025 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстан орталық Қытайдағы Хунань провинциясында өндірілген рельстік көлікке арналған жабдықтарды импорттауда жетекші елге айналды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Хунань провинциясының халық үкіметінің ресми сайтында айтылды.
Чанша кеденінің деректеріне сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Хунань провинциясынан рельстік көлікке арналған жабдықтардың экспорты 45,3 пайызға артып, жалпы сомасы 340 млн юаньға жеткен. Бұл жабдықтарды ең көп импорттаған елдер қатарында Қазақстан, Германия және Гонконг арнайы әкімшілік ауданы бар. Олардың үлесі сәйкесінше 15,7%, 14% және 11,6% құрады.
Атап айтқанда, Қазақстанға рельстік көлікке арналған жабдықтар экспортының көлемі 52,83 млн юаньға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 505 есе өскен.

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық туралы жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
23 сәуір күні өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әріптесіне жасалған шабуылға қатысты нақты деректерді айтты. Ол шабуылдан кейін күдіктіні ұстауға Берденовтің жүргізушісі көмектескенін растады.
«Күдіктіні ұстауға жүргізуші көмектесті деуге болады. Бұл мәселе тергеу барысында нақты анықталады. Алдын ала мәлімет болжам бойынша, жүргізуші көлігімен күдіктінің жанына барып, оны ұстауға әсер еткен болуы мүмкін. Бірақ нақты ұстап, қамауға алу жұмыстарын полиция қызметкерлері жүргізді», – деді Сәрсен Құранбек.
Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары әкімдік басшыларына жеке күзет бөлінбегенін айтты.

Қазақстан Ауғанстанда теміржол салуға 500 миллион доллар инвестиция салуға дайын. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Кабулда Ауғанстанның экономика жөніндегі вице-премьері Абдул Ғани Барадармен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Жоба Ауғанстанның солтүстігіндегі Торгунди қаласынан Гератқа дейін (одан әрі елдің оңтүстігіндегі Спин-Болдакқа дейін) теміржол бағытын тартуды көздейді. Сондай-ақ, Қазақстан бұл жобаны ілгерілету үшін Герат қаласында көлік-логистикалық компания құруды жоспарлап отыр.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында «Қазақфильм» мен «Қазақанимация» мекемелеріне қатысты сындар мен пікірталасқа жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Министрдің айтуынша, аталмыш мекемелерге басшылыққа ең алдымен кәсіби менеджер керек. Ол режиссер немесе актер емес, нақты басқарушылық қабілеті бар маман болуы тиіс.
«Азамат Сатыбалды кеткеннен кейін мен «Қазақфильмнің» менеджментін бақылауға алып, күнделікті жұмысын қадағалап отырмын. Қазір мекеме қаржылық жағынан оң көрсеткішке жетті, бұл – даму бар деген сөз», – деді Аида Балаева.
Сондай-ақ ол «Қазақфильм» басшысы қазақ тілін білмейді деген сынға қатысты өз пікірін білдіріп, нәтиже көрсетіп отырған маманға тіл мәселесі бойынша шабуыл жасауды орынсыз деп атады.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу талаптары өзгеруі тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оның айтуынша, талапкерлерден ағылшын тілінен міндетті түрде емтихан талап ету — қазіргі заманда ғылымға бет бұрған жастардың жолын бөгейтін кедергіге айналуы мүмкін.
Аймағамбетов ағылшын тілі ғылым үшін аса маңызды екенін мойындай отырып, бұл талапты кезінде өзі министр болғанда енгізгенін де жасырмады. Алайда уақыт алға жылжыған сайын технологиялар өзгеріп, жаңа мүмкіндіктер пайда болуына байланысты бұл талапқа қайта көз жүгірту қажет екенін алға тартты.
"Қазір ChatGPT, Gemini сынды құралдардың көмегімен кез келген ғылыми мәтінді санаулы секундтарда сапалы аударуға болады. Демек, жастар ғылыми ізденісін енді осы технологиялардың көмегімен де жүргізе алады"- деді Аймағамбетов.

😱Сейсмологтар Стамбул маңындағы жер сілкінісінен кейін 20-дан астам афтершокты тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмология орталығының (EMSC) мәліметінше, Мәрмәр теңізі маңындағы 6,2 магнитудалы негізгі зілзаладан кейін бірнеше сағат ішінде магнитудасы 5,0-ден 1,6-ға дейінгі аралықта 20-дан астам афтершок болған.
Қайталанған жерасты дүмпулері Стамбул мен оған жақын орналасқан өңірлерде сезілген. Сарапшылар афтершоктар бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін айтып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақыруда.
Бұған дейін 23 сәуір күні жергілікті уақытпен 12:49-да Силиври қаласынан оңтүстікке қарай 26 шақырым жерде 6,2 магнитудалы күшті жер сілкінісі тіркелген болатын.
Жер сілкінісі Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою басқармасы (AFAD) мәліметіне сәйкес, Стамбул, Текирдаг, Ялова, Бурса және Балыкесир провинцияларында сезілді. Қаза тапқандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түспеген.

Қазақстан дипломаттары Стамбул маңында болған 6,2 магнитудалы жер сілкінісінен кейінгі жағдайды бақылап, түрік билігімен байланыста отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Түркия билігінің мәліметінше, 2025 жылғы 23 сәуірде Стамбул төңірегінде 6,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркеліп, оның артынан афтершоктар жалғасуда. ҚР Сыртқы істер министрлігі жағдайдың дамуын Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен үйлестіру арқылы бақылауда ұстап отыр», – делінген хабарламада.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, Қазақстан азаматтарынан Стамбулдағы Бас консулдыққа ешқандай өтініш түспеген.
Қазіргі таңда Стамбулда консулдық есепте 1137 қазақстандық тұр. https://adyrna.kz/post/235256

adyrna.kz
Түркиядағы жер сілкінісі. Қазақстан азаматтарынан шағым түскен жоқ – СІМ | “Адырна” ұлттық порталы
АҚШ коронавирус зертханадан тарады деген жорамалын қайта көтеріп, Қытайды дәлелсіз айыптау арқылы COVID-19-дың таралуын саяси құралға айналдыруын жалғастырып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.
Өткен демалыс күндері Ақ үй COVID-19 індетінің шығу тегі туралы ақпарат беруге арналған жаңа веб-сайтты таныстырды. Онда індеттің Қытайдағы зертханадан тарағаны айтылған.
Сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында Қытай СІМ өкілі Го Цзякунь вирустың шығу тегін зерттеу – маңызды ғылыми мәселе екенін айтты. Ол Қытай бұл бағыттағы жаһандық ғылыми зерттеулерге белсенді түрде қатысып, әрқашан ғылыми және ашықтық принципін ұстанатынын атап өтті.

Рамзан Қадыровтың 17 жастағы ұлы Адам Қадыров Шешен Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы ақпарат Чешенстан Қауіпсіздік кеңесінің ресми сайтында жарияланды.
Адам Қадыровтың республикадағы үшінші лауазымы.
15 жасында Адам Қадыров Шешенстан басшысының қауіпсіздік қызметін басқарған ең жас жетекші атанды.
Ал 2025 жылдың сәуір айының басында Адам Қадыров Ресей ІІМ-нің аймақтық бөлімшесіне куратор болып тағайындалды.