ADYRNA.KZ
3.63K subscribers
9.41K photos
2.99K videos
7 files
11.3K links
Download Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстау облысында ер адам жедел жәрдем мен полиция қызметкерлеріне күш қолданғаны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Lada.kz мәліметінше, тұрғын бір әйелге қол көтерген.

Ал ақ халаттылар әйелдің досы басына әйнек сұғып алғаны хабарланған қоңыраудың түскенін айтады. Ер адам 40 жастағы әйелге шұғыл көмек көрсетуге барған фельдшерлерге де тап берген. Артынша тұрғын жедел жәрдем көлігінің әйнегін сындырып, шабуылдаған.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның 20 қыркүйекте Бейнеу ауданында түстен кейін болғанын мәлімдеді.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Алматыдағы оқу орындары бірінің маңында адам сүйектері табылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ПД Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясының аумағынан адам сүйегі табылғаны туралы хабарлама тарады. Табылған сүйектер академия аумағындағы инженерлік желілерді жөндеу кезінде анықталған.
"Медеу аудандық полиция бөлімі ескі жерлеудің табылуы бойынша тергеу жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Алматы полициясы.
Түркі әлемінің көрнекті ғалымы өмірден өтті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Түрксой Бас хатшысы Сұлтан Раев 22 қыркүйек күні мезгілсіз дүниеден өткен Зейнеш Исмаилдың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Бұл туралы Түрксойдың ресми сайтында жарияланды.

«Доктор, профессор Зейнеш Исмаилдың қайтыс болуы жаныма қатты батты. Түркі әлемінің елеулі ғалымдарының бірі Зейнеш Исмаил туындыларымен түркі әлемінде алтын көпірлер орнатты. Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деді ол.
Зейнеш Исмаил — түркі мәдениеті мен әдебиеті саласында елеулі еңбек сіңірген зерттеуші. Ол Қытайда дүниеге келіп, кейін Түркияға қоныс аударған.

https://adyrna.kz/post/212430

📹: @turkistantvkz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
V Дүниежүзілік Көшпенділер ойынының көкпар сайысынан кейін әлеуметтік желіде қазақ халқын балағаттаған қырғызстандықтардың  бейнесі тарап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
24kg арнасының мәліметінше, кей азаматтар ұсталған. Әлеуметтік желіде ер адам ауыр жүк көлігінің кабинасынан Қазақстан туын жұлып алып тастап жатқан видео жариялаған.
Видеоның 21 жастағы авторы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жеткізіліп, әңгіме жүргізді. Ер адам екі халықтан кешірім сұраған.
"Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті бұдан кейін арандатушылыққа бой алдырмауға және спорттық ойындар төңірегінде қақтығыстарды үдетпеуге, тоқтатуға шақырады. Бұл екі елдің бауырластық және достық қарым-қатынастарына нұқсан келтіруі мүмкін", – деп ескертті Қырғызстанның барлау қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы көкпарда Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салған болатын.
😢ҰҚК Шекара академиясының курсанты қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Шекара академиясының 3 курс курсанты 22 қыркүйекке қараған түні өзіне қол жұмсаған.
Бұл ақпаратты қалалық ПД растады.
Желіде жас жігіттің Достық даңғылындағы көпқабатты үйден секіргені туралы ақпарат тараған болатын. Белгілі болғандай, 2005 жылы туған жігіт Алматыдағы ҰҚК Шекара академиясының курсанты болған.
"Дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайы белгіленеді", - делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында.
Әскери оқу орнының курсанты 21 қыркүйек күні академия аумағынан қалалық сейілге шығуға рұқсат алған. Оның сол күні жоғары қабаттан секіріп, оқиға орнында көз жұмғаны белгілі болды.
Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирге қатыспайтын болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Теннисші Рыбакинаның ойыннан шығуына арқасындағы жарақат себеп болған деген ақпарат тарады.
Ол өткен жылы осы жарыста жартылай финалға дейін жетіп, 390 рейтингтік ұпай жоғалтты.
Елена Рыбакина қатарынан үшінші турнирге қатыспады.
Бұған дейін ол Париж Олимпиадасына да денсаулығына байланысты қатыспаған еді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елордада фестивальға жиналған көрермендер хормен "Анашым" әнін хормен шырқады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Астана қаласындағы «Барыс Аренада» 12 мың көрермен You Fest жастар фестивалінде қазақтың әйгілі «Анашым» әнін бірге орындап, көпті сүйсінтті.
Кеш барысында танымал композитор Марат Омаровтың «Анашым» әні аналарға арналды. Жырды бүкіл зал бірігіп, бір мезетте орындап, ерекше әсер қалдырды.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұрасын түгендеп, жарыққа шығарып, халқымен қауыштырған «Арыс» қорының басшысы Ғарифолла Әнес «Адырнаға» берген соңғы сұхбатында Алаш қайраткерлерінің тұлғалық қасиеті мен олардың мұрасы жайында айтады. Биыл Саяси қуғын-сүргін және Ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында жарияланған сұхбатты сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының жоқтаушысы, Алаш арыстарының мұрасын зерттеп жарыққа шығарып жүрген Ғарифолла Әнес кеше, қыркүйектің 21-інде дүниеден озды. 23 қыркүйек күні сағат 10:00-де Алматыда, Жазушылар одағында марқұммен қоштасу рәсімі өтіп, жаназасы шығарылады.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
22 қыркүйек күні Абай облысында Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі, Абай облысының құрметті азаматы, әнші Бибігүл Төлегенованың 95 жылдығына арналған «Қазақтың Бибігүлі – халықтың бұлбұл үні» атты концерт өтті.
Қазақ тарихы мен әдебиетінде атақ-даңқы Абайдан асқан, Абайдай танымал, Абайдай дара туған тұлға жоқ. Ақын есімімен аталатын көшелер, театрлар, кітапханалар, мектептер, ЖОО мен саябақтар ақынға көрсетілетін құрметтің бір парасы ғана. Ал Абайдың алып тұлғалы ескерткішін кез келген қаладан кездестіруге болады. Бір сөзбен айтқанда, Абай қазақ халқының «бренді».

Деректісі бар, керектісі бар, Абайға арналған фильмдер де жетіп артылады. Сондықтан бүгін Абай Құнанбайұлының бейнесін сомдап, еңбек жолын дәріптеген кейбір фильмдерге шолу жасап, топтастырамыз.
22 қыркүйек күні Пәкістанда 12 мемлекеттің елшілері отырған кортежді алып жүрген полиция көлігі минаға тап болып, жарылды.
Сәтбаев қаласында балабақша бухгалтері өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі көлемде өзіне сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлаған.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанға Тұран жолбарысы популяциясын қалпына келтіру үшін Нидерландыдан екі амур жолбарысы әкелінді.
Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Ораз Тәуірбеков Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

https://adyrna.kz/post/212561
Тағы бір қайратты қазақ өмірден өтті. Ұлттық колориті мол, зиятты зиялы. Күллі еңбегін құндылықтарды қастерлеуге, жәдігерліктерді жаңғыртуға арнаған зерделі зерттеуші. Ғарифолла Әнес... Кешеден бері әлеуметтік желі оны егіле жоқтап жатыр. Жоқтайтындай бар...

https://adyrna.kz/post/212565
Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаевтың жары Мархабат Бесбаева үшінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

https://adyrna.kz/post/212576
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың екі орынбасары тағайындалды.
23-27 қыркүйек аралығында еліміздің барлық мектебінде балалардың қауіпсіздігіне арналған ата-аналар жиналысы өтеді.