ADYRNA.KZ
3.63K subscribers
9.41K photos
2.99K videos
7 files
11.3K links
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда бозбаланы ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп алған түлектер бейнеүндеу жариялап, жәбірленушіден кешірім сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Толығырақ:
https://adyrna.kz/post/199914
Ақтөбеде экс-әйелін қылқындырып өлтірген ер адам 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Толығырақ:
https://adyrna.kz/post/199919
Бүгін, 31 мамырда Павлодар облысында суға кеткен кеме капитанының денесі табылды. Құтқарушылар оны өзеннің төменгі ағысынан алып шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.


Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199924
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Өзбекстан мен Қазақстан шекарасында адамдар мен көліктердің жиналу себебін түсіндірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Толығырақ:
https://adyrna.kz/post/199943
Бүгін, 31 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа салтанатты түрде пәтер сертфикаттарын табыстады.

https://adyrna.kz/post/199945
⚡️Бүгін 1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күні

Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

“Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы мерекеден басталады. Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды” делінген Президент құттықтауында.

Толығырақ: https://adyrna.kz/post/199970
Алматы облысында жолаушылар автобусындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Алматы облысының Байсерка ауылында қоғамдық көлік өртенді», - делінген сенбі күні тараған хабарламада.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ал сіз балаңызға жиі көңіл бөлесіз бе?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада LRT құрылыс алаңындағы жұмысшылардың қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Қытайлық компания қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бір күн бұрын желіде жұмысшылардың темір блокты бос жолдың үстінен кабельдермен тасымалдап жатқанын көрсететін видео тарады. Бұл жағдайға қатысты Астана қалалық көлік басқармасы түсініктеме берді. Басқарма мәліметінше, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғаны үшін компанияның екі басшысы қызметінен шеттетілген.

“Ұлы Дала даңғылы мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында басқалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін LRT құрылыс алаңында мердігердің қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы тіркелді. Металл арка құрылысына CTS компаниясы рұқсат бермеді, осыған байланысты уақытша тоқтатылды”, – делінген хабарламада.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Баға индексі бір аптаның ішінде өзгеріссіз қалды. Ұлттық статистикалық бюро азықтың жылдық мәнде 0,6% төмендегенін анықтады.

“Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, - делінген бюро таратқан хабарламада.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауардың бағасы анықталған.

Күріш – 491 тг/кг, қырыққабат – 128 тг/кг, ияз – 116 тг/кг.

🤔Ай сайын азық-түлікке қанша қаражат жұмсайсыз?
🔥Батыс Қазақстанда монша мен тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеп.
Оқиға түнгі 2-лер шамасында болған.
«Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында монша өртеніп, жалын жеке тұрғын үй мен гаражға тарады», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Кейінірек құтқарушылар 198 шаршы метр аумақтағы өртті толығымен сөндірген.
Шымкентте тұрғынның есекті бордақылап, сататыны белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы KYN.KZ агенттігінде есектің қарын-ішегіне дейін қапқа салып, шұңқырға тастаған азаматтың бейнесі жарияланған.
Жарияланған видеода есік алдында жайылып жүрген есектерді көруге болады. Видеода сөйлеген ер адамның сөзінше, есекті бағып жүрген тұрғын малдың аяқ-сирағы мен қарын-ішегін қапқа салып, шұңқырға тастаған.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Үндістанда бір тәулік ішінде бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.
Елдің солтүстігі мен шығысындағы аптап ыстықтан бір тәулікте 85-тен аса адам көз жұмды. Қаза тапқандар саны нақтылануда. Басылымның хабарлауынша, ең көп өлім-жітім Одишада тіркелген. Үндістанның шығыс жағалауындағы бұл штатта аптап ыстықтан 46 адам көз жұмып, тағы бірнеше адам ауруханаға жатқызылған.
Ал Бихарда 16 адам қаза тапты. Уттар-Прадеште 15 адам қайтыс болса, Джаркханд пен Раджастханда жоғары температурадан 4 адам көз жұмды.
Солтүстік Үндістанда және елдің шығысындағы кейбір аймақтарда аптап ыстық жалғасып жатыр
⚡️ 2020 жылы 24 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» жарлыққа қол қойды. Содан бері аталған комиссия құрылып, саяси қуғын-cүргін құрбандарын ақтау жұмыстарын жүргізді. Комиссия өз жұмысын 2023 жылы аяқтады.

ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстарына 425 ғалым, зерттеушілер мен сарапшылар қатысты. Олардың 260-тан астамы өңірлік комиссияларға тартылды. Олар республика бойынша 60 мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттарда жұмыс істеді.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыдағы саябақтың бірінде тегін балмұздақ таратылды. Алайда тәттіге жармасқандардың әрекеті көптің ашуына тиді, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы.
Бейне әлеуметтік желіде тараған. Видеодан тегін балмұздаққа таласып, бірін-бірі жыққан. Алайда мереке қарсаңында тегін таратылған тәттіге тек балалар ғана емес, ересек адамдар да таласқан.
“Тіпті Африкадада балалар су ішу үшін кезекте тұрады”, “біздегі менталитет осындай", - дейді желідегі оқырмандар.

https://adyrna.kz/post/200073