ADYRNA.KZ
3.63K subscribers
9.41K photos
2.99K videos
7 files
11.3K links
Download Telegram
ADYRNA.KZ
Video
Елордада қоғам қайраткері, саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлын полиция қызметкерлері ұстап алып кетті.

«Бүгін таңғы жетіде ол қаңтар оқиғасы кезінде туыстары зардап шеккен әйелдерді қорғау үшін Астанаға ұшып кетті. Олар үкімет ғимаратының жанында наразылық білдіріп, қаза тапқандарға қатысты басталған қылмыстық істерді тоқтатуды талап етті. Үкімет үйінің маңына жиналған наразы топтың барлық мүшесін полиция ұстап әкетті. Ал Рысбек Сәрсенбайұлы оларға араша түсуге тырысты, алайда оны да ұстап, көлікке салып, полиция бөлімшесіне апарды. Бөлімше табалдырығын аттаған соң оның денсаулығы сыр берді. Жедел жәрдем шақырылып, оған алғашқы көмек көрсетілді. Қазіргі кезде жағдайы жақсы, бір қалыпты. Ол өзін полиция қызметкерлерінің заңсыз ұстағанына наразылық білдіруде. Оған қатысты қандай шара қолданылатыны әлі белгісіз. Оларды әлі де полиция бөлімшесінде ұстап отырғандықтан, Рысбек Сәрсенбайұлы әйелдерді босатуды талап етуде», — деп мәлімдеді оппозициялық саясаткер Болат Әбілов.

https://t.me/adyrnaportal
ADYRNA.KZ
Photo
Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Тоқаев жолдауына қатысты өз пікірін білдіріп, одан айналасындағы шенеуніктерден тезірек құтылуын сұрады.

"Тоқаевтың жолдауынан бері бірнеше күн өтті. Қоғамда әсіресе президент сайлауы мен жеті жылдық мерзімге қатысты қызу талқылау жүріп жатыр. Кезектен тыс президент сайлауын өткізу қажеттілігіне негізгі аргумент ретінде реформалар алдында президент мандатын жаңадан бастау немесе қайтадан растау қажеттілігі айтылады. Біріншіден, Тоқаевқа өзінің кеңесші сымақтарын тыңдамау керек еді. Тоқаевтың айналасындағы барлық шенеуніктер кеңестік инженерлер сияқты. Олар не жасаса да, түбінде бәрібір Калашников автоматы шығады. Қазір де солай, олар кезектен тыс президент сайлауы және конституцияны біржақты өзгерте салу арқылы өкілеттігін ұзартудан басқа артық ештеңе ойлап таппады. Не ексең, соны орасың деген осы. Екіншіден, дұрыс реформалар жасау үшін жаңа мандат қажет емес. Дұрыс реформа жасасаң, саған деген халықтың сенімі артып, мандатың автоматты түрде нығая түседі. Сондықтан бұл жай ғана өз өкілеттігін ұзартудың сылтауы. Ал бұл Тоқаевқа деген сенімді төмендетеді. Құрметті кеңесшілер, сіздер артық қылам деп тыртық қылдыңыздар. Президент мырза, мұндай саяси кеңесші сымақтарыңызды желкелеп қуып шығыңыз", - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер Тоқаевтан күтетін нақты әрекеттерге тоқталды.

"Қалай істеген дұрыс болар еді? 1. Тоқаев «қолшоқпар» парламент арқылы барлық қажетті заңдарды қабылдайды. «Партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Орталық сайлау комиссиясы туралы», «Тәуелсіз БАҚ туралы», «Митингтер мен шерулер туралы» және тағы басқа. 2. Содан соң, Тоқаев парламент сайлауы өтетіні жөнінде хабарлап, сайлауды келесі жылдың күзіне қояды. 3. Конституцияға сәйкес 2024 жылы өзі президент сайлауына қатысады. Егер ол дәл осылай істегенде, мен оның жеңіске жететініне 100% сенімдімін. Бірақ бірнәрсе дұрыс болмады. Қазіргі жағдай маған мүлде ұнап тұрған жоқ", - деді Марғұлан Сейсембай.

https://t.me/adyrnaportal
⚡️«Егемен Қазақстан» газетінің Бас директоры лауазымына Дихан Қамзабекұлы тағайындалды

https://t.me/adyrnaportal
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көк-Төбе маңындағы өрт уақытылы өшірілді

Адам шығыны жоқ. Тұрғын үй секторына қауіп төніп тұрған жоқ.

https://t.me/adyrnaportal
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сұмдық! Алматыда өрт тудырып жүрген диверсант көрініс тапқан видео пайда болды. Бұл - елдегі өрттердің қастандық екеніне нақты дәлел!

https://t.me/adyrnaportal
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қарағанды облысының Шет ауданында да өрт шықты. Бірақ, өрт сөңдірушілер байқалмайды.
Алматыда өртті ауыздықтай алмай жатқанда, қиырдағы ауылдағы жағдай қандай екен?

https://t.me/adyrnaportal
Forwarded from PARANOIA.KZ (Alash KZ)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей сарбаздарының соңғы шайқасы. Қаза тапқан сарбаздың телефонынан табылған видео. Украина әскері жариялады.
Қастандық па, сәйкестік пе?
Forwarded from ULYS
⚡️Бүгін таңертен Нұр-Сұлтан әуежайының халықаралық терминалында Дубайға ұшып бара жатқан Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің суреті тарауда

📍Астанада бұрынғы әріптестерімен “сырға салу” мәселесін реттеп тастап кетіп бара жатса керек.

https://t.me/ulys1
7 қыркүйек күні таңертең Қарағанды облысында 3 табиғи өрт және 5 дала өрті ауыздықталды.

Барлық ошақтарға Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың ТЖД және орман шаруашылығының күштері жұмылдырылған. Барлығы 362 адам, 83 бірлік техника жұмылдырылған.

https://t.me/adyrnaportal
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қоғамдық кеңесінің жаңа төрағасы белгілі болды

Антикор қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында кеңес төрағасы қайта сайланды. Бұл ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов болатын.

https://t.me/adyrnaportal
Парламент мәжілісінің депутаттары Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке мәртебесінен айыруды ұсынды

Заң жобасында Тұңғыш Президент күні «жоғары қоғамдық-маңызды әлеуеті бар» күн болып есептелетіні, бірақ одан артық болмайтыны айтылған. Айтпақшы, заң жобасы бүгін қаралады.

https://t.me/adyrnaportal
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында дала өрті әлі сөнген жоқ

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығына жайылған өрттің жалпы ауданы 700 гектарға жетті. Өртті сөндіруге 320-дан астам адам мен 25 техника жұмылдырылды. Елді мекендерге төніп тұрғын қауіп жоқ екені айтылды.

https://t.me/adyrnaportal
Ақтөбеде банк менеджері 777 млн теңге жымқырған

Tengrinews хабарлауынша, ол қызметтік жағдайы мен банктің ақпараттық жүйесін пайдаланып, 777 миллион теңгеден аса бөтеннің мүлкін ұрлаған.

Прокурор сотталушыны 10 жыл бойы банк саласында қызмет атқару құқығынсыз 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Бірақ кішкентай баласы бар болғандықтан, сот жазаны жеңілдетіп 5 жылға соттады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/adyrnaportal