ADYRNA.KZ
3.73K subscribers
8.83K photos
2.77K videos
7 files
10.7K links
Download Telegram
Желіде революцияға дейін түсірілген қазақтардың суреті тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сурет саясаттанушы Серік Белгібайдың желідегі парақшасында жарияланған. Суреттің Омбыда түсірілгені анықталды.

“Оң жақтағы орамал таққан әйел – атамның анасы Қадиша. Қасында менің арғы атамның әпкесі, Қадишаның қайын сіңілісі бар. 1920 жылдардың басындағы алғашқы ашаршылық кезінде Қадиша жеті баласымен бірге аштықтан өлді. Арғы атамның әкесі Белгібай Омбыда саудагер болған. Большевиктер келгенде оны өлтірді.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
АҚШ-тың экс-президенті TikTok желісінен жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Америка Құрама Штаттарының 45-ші президенті Дональд Трамп 1 маусым күні TikTok желісіне қысқа видео жүктеді. Алғашқы жазбасы жарияланған аккаунтта қазірдің өзінде 700 мыңнан астам жазылушысы бар.
Алайда бұрынғы басшы 2020 жылы Америка Құрама Штаттарының президенті ретінде әлеуметтік желіге тыйым салуға тырысқан болатын.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мәссаған😳. Мына пікірге не дейсіз?👇
2024 жылы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес елдің бүкіл аумағы бірыңғай сағаттық белдеуге көшті. Содан бері бүгін тура 3 ай өтті. Алайда уақыт белдеуі теңескенге дейін де, теңескеннен кейін де өзгеріске қарсы жұрттың қарасы азаймады.  Өйткені, елдің сағаты жылжыған аймағы жаз шығып,  күн ұзарғанда уақыттың зардабын көріп отырғандарын айтуда. 

Қазақстан Үкіметі бірыңғай сағат белдеуіне көшуді көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартады, бизнесті жүргізуге, мемлекеттік органдар мен шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылына оң әсер етеді деп түсіндірді. Сондай-ақ, бірыңғай уақыт белдеуінде болған кезде сапарларды жоспарлау, мемлекеттік басқару, банктік аударымдар жасау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету ыңғайлы, бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттыратынын және көптеген қызмет салаларына оң әсерін беретінін айтты. Алайда, халықтың басым көпшілігі жұмыс істейтін кеңсе қызметкерлері мен педагогтарға ыңғайсыздық тудыруда. 

Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқи аласыз
Қызылордада дене шынықтыру пәні мұғалімін өлтірді деген күдікпен сол мектептің ұстазы ұсталды. 

Ақпаратты Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
растады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дұрыс айтады👏 Сіз келісесіз бе?👇
Қазақстанда қай өңірдің қызметкерлері ең көп жалақы алатыны анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
ҚР Ұлттық статистика бюросында 2024 жылдың 3 маусымында 2023 жылғы еліміздегі еңбек бойынша негізгі көрсеткіштер туралы ақпарат жарияланды.
Бюро мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа жалақы көлемі 364 295 теңгені құраған. 2023 жылғы алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,6%-ға артық екені анықталып отыр.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 000 теңге мөлшерінде белгілен болатын.

Ал 2023 жылы өңірлік бөліністе ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленген. Атырау азаматтарының ең жоғарғы жалақысы - 607 635 теңге. Жалақысы жоғары өңірлер қатарында екінші орынға Маңғыстау облысы жайғасқан. Мұнда айлық мөлшері – 535 156 теңге. Ал Ұлытау облысында жоғарғы жалақы 483 812 теңгені құрап, Қазақстан бойынша үштікке енген.

Ал ең төменгі жалақы алатын өңірлер қатарында 4 облыс бар.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Елімізде 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі.
Жыл сайын тойланатын атаулы күн мемлекеттілігіміз бен ұлттық бірегейлігіміздің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін бекітуге арналған.
Тәуелсіздікті айшықтайтын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне Елтаңба, Ту және Әнұран кіреді.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы 1992 жылғы 26 маусымда бекітілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің негізі ретінде Қазақ киіз үйінің символдық бейнесі қабылданған. Елтаңбада "Шаңырақ", "Кереге", "Босаға", "бес бұрышты жұлдыз", "Кереге", "Уық", "желбау", "босаға", "Тұлпар", "арқар мүйізі", "Үлкен буын", "Үлкен масақ", " Ортаншы буын", "Ортаншы масақ", "кішкентай буын", "кішкентай масақ", "Желбаудың шашағы", "Желбаудың сақинасы" және латын қарпіндегі "Qazaqstan" сөзі элементтері бейнеленген.
Қазақстан Республикасының Туы 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді.
Ресейлік журналист Тувалық баланы оңалтуды ұйымдастырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталының тілшісі.

Шетелдік БАҚ беттерінде тележүргізушінің жоғарғы сынып оқушыларының зәбір көрген балаға көмек көрсетіп жатқанын хабарлады.

Ксения Собчак игі ісі туралы алдын ала жазба жарияламай, тек баланы ауруханаға орналастырған соң айтуды жөн санағанын атап өтті. 3 маусым күні БАҚ өкілі баланың қауіпсіздікте екенін мәлімдеді.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
“Қазақ тілі міндетті емес” деп жарнама таратқан Forte банк басқарма төрағасы Бекжан Пірматов қазақ тіліне қатысты дауға жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.
Өткен айда Қазақстандағы банк әлеуметтік желіде жарнама таратып басы дауға қалған. Себебі қызметкерлерді шақыру мақсатында жасалған жарнамада қазақ тілін білудің маңызы жоқ екені көрсетілген. Желі қолданушылары тақырыпты қызу талқылап, көптің ашуын тудырған. Бүгінде банк басшысы басқарма тарапынан кеткен қателікті мойындады.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Алматыда полиция қызметкерінің пара алып жатқан сәті бейнеге түсіп қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Тәртіп сақшысының заңсыз әрекеті түсірілген видео желіге тарап кетті.

Ол шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алған. Антикор желідегі видеоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
😍Биыл елімізде талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Абитуриенттер арасында ҰБТ тестінен ең жоғарғы балл жинағандар бар. Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жалпы 140 баллдың 138-ін еншіледі. Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже.
Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.
Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаев мұнай терминалын мемлекет меншігіне қайтарды. Оның құны - 66 млн доллар, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Мемлекет меншігіне қайтарылған терминал Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан. Оның жалпы аумағы 134 гектарды құрайды. Терминал экс-президенттің құдасына 2011 жылы өткен болатын.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
Балқаш қаласының әуежайын жөндеуге бюджеттен қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеген.

Балқаштағы әуежайындағы жол мен перрон 17 жылдан кейін қайта жөнделмек. Жобаның құны - 3,8 миллиард теңгені құрап отыр.

Әуежай құрылысына жауапты бас мердігер - “Казахдорстрой” ЖШС. Серіктестік ресурстарды жұмылдырып, арнайы техниканы, инженерлік-техникалық қызметкерлерді орналастырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастағанын мәлімдеген.

Айта кетейік, Балқаш әуежайы 1967 жылы салынған. Онда жөндеу жұмысы соңғы рет 2007 жылы жүргізілген.
Утиль алымның мәселесін қарайтын комиссия құрамына алты министр орынбасары кірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы kolesa.kz-ке сілтеп.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утиль алымының мәселесін қарайтын комиссия құрамын бекітті.

Комиссия құрамына депутаттар, өнеркәсіп және құрылыс, экология және табиғи ресурстар, қаржы, ауылшаруашылық, цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері кірді.

Толығырақ сайттан оқи аласыз⚡️
Ақтауда есірткі сатты деп айыпталған ер адамның сотына қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.

4 маусым күні Маңғыстау облыстық соты облыс прокуратурасының БҚО Полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына қатысты арызын қарады. Сот алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттік рәміздердің авторы кім?🤔👇🇰🇿
⚡️ Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың қызы Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Настоящее время» басылымына сілтеп.

Дмитрий Песковтың қызы Елизавета ЖСН-ге ие болды.

«Ресей президентінің баспасөз хатшысының қызының аты-жөні Елизавета Пескова Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алды; туған күндері де сәйкес келеді», - деп жазылған басылым мәліметінде.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жастар Мемлекеттік Рәміздердің авторын біле ме?🤔
⚡️Тосыннан келген сұраққа сіз қалай жауап берер едіңіз?👇
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Алматыда экс-полицей биік мұнараға шығып, наразылық білдірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оның әрекеті әлеуметтік желіде тараған. Ол жұмысынан босатылған.

Жағдайға қатысты ПД түсініктеме берді.

📌Толығырақ adyrna.kz сайтынан оқыңыз
Түркиялық менеджер Альп Ер Тунга Ерсой Алматы әуежайының президенті қызметінен кетеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Жоспарға сәйкес, Альп Ер Тунга Ерсой әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысы аяқталған соң Алматы халықаралық әуежайының президенті қызметінен кетеді», - делінді ресми жауапта.

Толығырақ: https://adyrna.kz/post/200395