Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы
2.24K subscribers
1.32K photos
444 videos
1 file
1.91K links
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел – бүгіншіл,
Менікі – ертеңгі үшін. © Ахмет Байтұрсынұлы
Download Telegram
Израильская армия осуществила «дикую и беспрецедентную» расправу над 15 сотрудниками здравоохранения и сил гражданской обороны, которые отправились на помощь палестинцам, пострадавшим в результате атаки на Тель-эс-Султан на юге сектора Газа 23 марта.

Пресс-служба правительства в секторе Газа опубликовала заявление после того, как появились кадры, на которых видно, что мишенью атаки стали карета скорой помощи и пожарная машина, в которой находились 15 работников здравоохранения и сил гражданской обороны, которые спешили на помощь пострадавшим от атаки.

«К черной истории оккупационной израильской армии добавилось новое преступление. Видеозапись задокументировала хладнокровное и преднамеренное убийство оккупационной армией Израиля медицинских и гуманитарных сотрудников, а также бригад сил гражданской обороны при выполняли свои гуманитарных обязанностей», — говорится в заявлении.

В заявлении отмечается, что видеозапись была сделана с мобильного телефона работника здравоохранения, чье безжизненное тело было найдено в массовом захоронении, в котором израильские солдаты закопали 15 работников здравоохранения и сил гражданской обороны.

«Мы столкнулись с заранее спланированным и преднамеренным военным преступлением. Это преступление демонстрирует полное пренебрежение к крови гуманитарных и медицинских работников. Израиль – оккупант настолько жесток, что нападает на тех, кто перевязывает раны и тушит пожары, а не на тех, кто носит оружие», - говорится в заявлении.

Власти сектора Газа призвали осудить это жестокое преступление самым решительным образом.

«Мы призываем мировое сообщество, все международные правозащитные и гуманитарные организации, все страны осудить это жестокое преступление», - следует из заявления.

Власти сектора Газа также призвали привлечь к ответственности виновников инцидента.

Администрация США и такие страны, как Великобритания , Франция и Германия, несут полную ответственность за продолжение геноцида в Газе, причастность этих стран к этой массовой расправе станет черным пятном на их истории, - отмечается в заявлении.

Кроме того, власти Газы потребовали инициировать срочное и независимое международное расследование преступления расправы над работниками здравоохранения и сил гражданской обороны.

Военные преступники Израиля должны быть переданы Международному уголовному суду и другим международным судам, виновные должны быть наказаны, - указано в заявлении.

«Необходимо направить комиссии для расследования событий», - отметили власти эксклава.

Подробнее на нашем сайте: http://v.aa.com.tr/3529094

🌐 24/7 в сутки с Агентством «Анадолу»
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Трамптың билігіне қарсы АҚШ-тың 50 штатында мыңдаған американдықтар шеруге шығып көшеге ағылып жатыр. Тарап жатқан ақпараттарға қарағанда, Трамп пен Илон Маскке қарсы 50 штатта 1200 наразылық акциясы өтіпті.
Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы
Трамптың билігіне қарсы АҚШ-тың 50 штатында мыңдаған американдықтар шеруге шығып көшеге ағылып жатыр. Тарап жатқан ақпараттарға қарағанда, Трамп пен Илон Маскке қарсы 50 штатта 1200 наразылық акциясы өтіпті.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент Трамп қазір Израильдің шашбауын көтерумен әлек, американың жағдайы екінші планда сияқты ғой. Израиль үшін Йеменмен соғысып жатыр. Израильдің айдақтауымен Иранға сес көрсетуде. Жақын айларда Трамп Мысырға шүйлігуі мүмкін.

Мысыр араб елдері арасындағы әскер жөннен күшті мемлекет. Израиль одан сескенеді. Мысырдың Синай жерінен әскерлерін кері алуы үшін Израиль тарапы Трамптан араласуын сұрап жатыр.
____
#ақш #сша
Деймін да!
Арзан намыс қуып жүрміз.

Спортшыларға ақша төге бергеннен гөрі, білімді жастарға ақша төгуі керек өкімет. Өнертапқыштарға ақша бөлулері тиіс. Елдің іргесін нығайтатын барлық саланы дамытуы тиіс.

Олимпиядада бокстан алтын ала алмағаны үшін шулаған блогерлер мен журналистер білімнен алтын ала алмаған жастар үшін шулауы керек, егер шын ақылды, шын елге жанашыр болса!

Мысалы, өкімет әртүрлі заманауи қаруларды жасаумен айналысуы тиіс. Ұрда-соқтықтың заманы қалды. Қазір бір дронның өзі көп нәрсені шешіп жатыр. Отандық ПВО жасалу керек. Дрондарды аулайтын ПВО қалқандар жасалу керек.

Өкінішке орай арзан намыс қуып жүрміз. Болмайтын нәрселермен ауырып жүрміз. Өте өкінішті. Бізден Талибан күшті ма деп қалдым әскери тұрғыда. Өткенде Украинаның дронын бейтарап ете алмадық. Бір дрон ұшып келіп Астананың қақ ортасында жарылса да сезбеспіз. Әлемде не болып жатқанына бір үңілсендерші!

Бұрын қайта "бірінші економика", "елу елдің қатарына қосылу" деген сияқты әйтеуір бір мақсат, бір сенім бар еді. Қазір ол да жоқ. Жылда құрылтайда жиналып алып айтатындары бір нәрсе - деструктивті дін, дәстүр т.б. Отыз жыл болды ғой бір әуенді шырқап келе жатқанымызға. Дәстүрді сен бұқара халыққа қалдырсай! Айналыссай маңызды нәрселермен, айналайын-ау. Бар ғой үлгі алатын елдер. Қарап отырып қарның ашады, құдай ақы!
——————-
#деймінда #жарияой
Деймін да!

"Magnum" суппермаркетін байкот жасауды өз басым тиімсіз деп есептеймін. Бір қазақ үшін, мың қазақтың нәпақасына балта шабу қаншалықты ақылға сыйымды?! Түсінемін, егер Магнумдағы жұмыскерлердің бәрі өзге ұлт болып, арасындағы бір қазақты шығарып тастаса, ол кезде байкотты қос қолдап қолдар едім. Бірақ, мен көріп жүрген магнумның ішіндегі жұмыскерлердің 90% қазақтар ғой? Астанадағы үлкенінде де, кішісінде де толған қазақтар істеп жатқан. Бәрі қазақша сөйлейді. Магнум жабылса сол мыңдаған қазақтың нәпақасын кім қамтамасыз етеді?

Оның үстіне қарасам Магнум суппермаркеті өзіміздің қазақстанның компаниясы екен шатаспасам. Шетелдік бір компания болса екен, ақшаны шетел асырып жатыр дейтіндей. Сол себепті, "қазақ тілін сыйламайды" деген құр жай сылтау деп ойлаймын. Оның артында басқа бір конкуренттердің айдақтауы жатқан сияқты. Кім біледі, мүмкін біреулерге "отметкасын" бермегеннен қастанып жатқан да шығар немесе ресейлік бір компанияға орын дайындап жатқан болар. Ойға неше түрлі нәрсе келеді. Не болса да, тегін емес.

Меніңше қазіргі заманда Қазақстанда жергілікті компанияларда қолдан "банкрот" жарату - елдің экономикасына үлкен зардабы тиеді. Сондықтан, байкотты да ойланып жасаған жөн. Онсыз да еліміз тоқырау үстінде. Мен өзім заттарды көбіне Smollдан аламын, үйіме жақын. Сонда да тым жақсы жұмыс жасап жатқан Қазақстандық компанияларды байкот жасауды өз басым дұрыс көрмеймін. Әркімнің айдақтауына ілесе бермеген жөн деп ойлаймын. #деймінда #magnum #заттар
Музыка тыңдау жайында бірер сөз

Музыканы харам дейтін ғалымдар бар, мубах дейтін ғалымдар бар. Бірақ не нәрсенің болса да артығы артық екенін ұмытпау керек. Мубахты да орнымен, шегімен қолдану керек. Мубах шегінен шықса, мәкруһ үкімін тудырады. Музыканы да көп тыңдаса жүрек өлуі мүмкін, әсіресе діни емес өлеңдерді тыңдау. Діни өлеңдердің зардабы аз, өйткені онда зікірлер, салауат айтылады. Ал діни емес өлеңдерді көп тыңдау адамның рухына, жүрегіне, ақылына залал. Тым безу керек демеймін, бірақ та тым көп тыңдауға да болмайды. Нанның өзін шамадан тыс көп жесеңіз зиян емес пе?! Музыканы көп тыңдасаңыз зиян болмауы мүмкін емес. Депресия, стресс сол музыка көп тыңдағаннан да болады. Тыңдасаңыз да орнымен, сағындырып тыңдаған жөн #деймінда #музыка
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Хижабын шешемін деген баламен төбелескен мұсылман қыз. Оқиға 2023 жылы, Кентуки штатындағы бір орта мектепте орын алған екен. Қыз боксер боп шықты.
____
#бокс #ақш #хижаб
Йемендік-Хуситтер Қызыл теңіздегі АҚШ-тың ұшақ тасымалдаушы алып кемелерін соңғы айда 16 рет атқылаған. Бейресми ақпараттарға қарағанда истребительдерді тасымалдаушы алып кеменің бірін істен шығарған деседі, АҚШ екіншісін жіберіпті. АҚШ Йеменге әскер кіргізуді талқылап жатыр екен. Хуситтер біз дайынбыз деп отыр.
Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы
Йемендік-Хуситтер Қызыл теңіздегі АҚШ-тың ұшақ тасымалдаушы алып кемелерін соңғы айда 16 рет атқылаған. Бейресми ақпараттарға қарағанда истребительдерді тасымалдаушы алып кеменің бірін істен шығарған деседі, АҚШ екіншісін жіберіпті. АҚШ Йеменге әскер кіргізуді…
Өткенде бір жігіт осында жазып жатыр "олар шиіттер ғой, неге айта бересің" деген мазмұнда. Кәпірмен соғыста шиіт, сунниті жоқ, әсіресе, Ғаззадағы мұсылмандарды кенедей қырып жатқан және Исламды жоюды көздеген жауға қарсы. Мұндайда бұрынғы түсініспеушілікті жиістіріп қойып, суннит-шиіт деп бөлінбей мұсылманның бәрі бір жұдырық болып, ортақ жауға қарсы тұрулары тиіс. Соны түсінбейтін мұсылман не Исламнан ештеңе білмейтін біреу, не еврейлерге жұмыс жасайтын шпион.
Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы
Өткенде бір жігіт осында жазып жатыр "олар шиіттер ғой, неге айта бересің" деген мазмұнда. Кәпірмен соғыста шиіт, сунниті жоқ, әсіресе, Ғаззадағы мұсылмандарды кенедей қырып жатқан және Исламды жоюды көздеген жауға қарсы. Мұндайда бұрынғы түсініспеушілікті…
Хуситтер ең бірінші - арабтар. Екінші - шиіт. Оларға Иран көмек бермейтінін айтты. Себебі Трамп Ираннан Хуситтерге көмек бермеуін талап етті, әйтпесе Иранға жаман болады деді. Иран Хуситтерге көмек бермейтін болыпты-мыс кей ақпаратқа қарағанда. Бірақ сонда да Хуситтер қоймай Израильді атқылап, АҚШ-тың кемелерімен атысып жатыр. Және де бір басшысы "біз Иранның агенті емеспіз" деп ашық айтты бір видеосында. Мақсатымыз айқын дейді – Ғаззаны бомбылауды тоқтату керек, гуманитарлық көмек кіруі керек...
Ирактағы Иранға қарасты әскери ұйымдардың бәрі АҚШ-ға оқ атпайтын болып шешіпті. Бір тек Хуситтер қоймай атысып жатыр. Өздері де бомбының астында қалып жатыр.
Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы
Хуситтер ең бірінші - арабтар. Екінші - шиіт. Оларға Иран көмек бермейтінін айтты. Себебі Трамп Ираннан Хуситтерге көмек бермеуін талап етті, әйтпесе Иранға жаман болады деді. Иран Хуситтерге көмек бермейтін болыпты-мыс кей ақпаратқа қарағанда. Бірақ сонда…
Хуситтердің күші шектеулі ғой әрине, қашанға дейін тойтарыс береді дейсің. Оның үстіне бұрынғы Йеменнің басшысы қайта билікті Хуситтерден алуды жоспарлау үстінде деседі. АҚШ ол шансты жібермейді.
Бірақ, осы соғыс Ислам тарихына енеді, сонда бүкіл мұсылман мемлекеттері арасында бір ғана Йемендік Хуситтер Ғаззаға болысып, Израильге ресми түрде соғыс ашқан және соңына дейін тұрып берген ел ретінде аты тарихта қалады. Мың жылдан кейін мұсылман ұрпақ сондай бір батыр ұлт өмір кешкендігін мақтанышпен оқитын болады. Ал Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Иордания т.б. Израильге астыртын тауар жеткізіп беріп, ал аштан өліп жатқан Ғаззаға бір қапшық ұн өткізе алмаған ең бірінші - көршілес арабтар, екінші - өзге мұсылман елдері тарихта масқаралықпен еске алынатын болады... Ал Алланың алдында бәріміз жауаптымыз!
#деймінда #ғазза #palestine
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Израильде азық-түлікке мұқтаж отбасылардың қатары күннен күнге артуда деп шулап жатыр жергілікті еврей БАҚ өкілдері. Мына видеода жәрдем алу үшін ұзыннан ұзақ кезекте тұрған азық-түлікке мұқтаж адамдардың қарасы деседі.
____
#израиль
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇱▶️✈️Израиль распространяет страх среди мирных жителей Газы с помощью громкого звука дронов. Непрерывный шум беспилотников вызывает у палестинцев головные боли, стресс и страх.

🌐 Подписаться на канал «Yeni Şafak на русском»
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы
Photo
Йемен-Хуситтер өкіметі бір шеті АҚШ-тың кемелерімен соғысып, бір шеті Израильдің қалаларын зымырандармен атқылап жатыр. Соңғы оқығаным бойынша Хуситтер АҚШ-тың ұшақ тасымалдаушы кемесіне 16 рет шабуыл жасаған болатын. Бейресми ақпараттарға қарағанда Хуситтер АҚШ-тың бір ұшақ тасымалдаушы кемесін істен шығарыпты деседі. АҚШ екіншісін жіберіпті.

Хуситтердің талаптары - Ғаззаны бомбылауды тоқтатсын, гумманитарлық көмек кіргізілсін, АҚШ ұшақтары Йеменді бомбылауын қойсын. Одан басқа талап айтып жатқан жоқ.
Иран Хуситтерден бас тартыпты-мыс кейбір мәліметтерге қарағанда. Өйткені Трамп Иранға ультиматум қойған болатын - Хуситтерге көмекті тоқтатасың, болмаса біз Иранды бомбылаймыз деген. Екінші Ирак қыламыз деді, қысқасы. Соған Иран Хуситтерді жалғыз қалдырыпты деп жатыр бейресми ақпараттарда.

Иранмен бірге Ирактағы Иранның қолдап отырған әскери ұйымдар да қаруларын қойыпты. Бір Хуситтер ғана соңына дейін барамыз деп отыр. Өйткені, олар ең біріншіден - араб, екіншіден - Йемен халқы атам заманнан өзінің жауынгерлігімен танымал халық. Қазір де сол жауынгерлігін дәлелдеп келеді.

Иранның Хуситтерден бетін бұрды деген ақпардың жаны бар, өйткені күні кеше Хуситтердің қолбасшыларының бірі: "Біз Иранның, не, тағы басқа бір елдің жалдамалы әскері емеспіз" деп мәлімдеді. Яғни, Иран көмек бермесе де соғысты жалғастыра береміз дейді.

Президент Трамп Йеменге әскер кіргізу жөнін талқылап жатыр. Егер өкімет мақұл көрсе 300 мың АҚШ әскері, ұшақтардың сүйемелдеуімен Йеменге баса көктеп кіріп, Хусит өкіметін құлатуға тырысады. Ол жолда қанша бейбіт тұрғын қыршын кетеді десеңізші! Хуситтер біз дайынбыз деп отыр.

Хуситтердің қандай саяси мүдделері барын білмедім, бірақ Ғаззада соғыс басталғалы Хамасқа болысып, Израильге соғыс жариялаған жалғыз араб елі және Израильдің кемелерін теңіз жолымен өткізбей миллиардтаған шығынға батырып жатқан да солар. Онымен бірге гиппердыбысты зымырандармен еврейлердің қалаларын атқылауда. Өздерінің сөздеріне сенсек, бір ғана мүдделері бар - Ғаззаны басқыншыдан тазарту. Израильдің жауыздығын тоқтату.

Қалай болғанда да, Хуситтер ұйымы Ғаззаға болысып Из.ге қарсы соғысқан жалғыз ел ретінде тарихта қалатын болды.#деймінда #бейбітшілік #болсын