✔️Бүгінгі сөз
"Түрлі адамдар түрліше күн көреді",
Біреулер су, біреулер у береді.
Сен өмірге келіп те үлгермейсің,
Біреу сені жамандап үлгереді".
© Қадыр Мырза Әли.
#бүгінгісөз
"Түрлі адамдар түрліше күн көреді",
Біреулер су, біреулер у береді.
Сен өмірге келіп те үлгермейсің,
Біреу сені жамандап үлгереді".
© Қадыр Мырза Әли.
#бүгінгісөз
✔️Бүгінгі хадис
من طريق نهشل بن سعيد الترمذي ، عن الضحاك ، عن ابن عباس مرفوعاً ، ولفظه : ( طلب الْعلم سَاعَة خير من قيام لَيْلَة ، وَطلب الْعلم يَوْمًا خير من صيام ثَلَاثَة أشهر ) .
Табиғин Даххәк, сахаба Абдулла ибн Аббастан мына риуаятты жеткізген. Онда былай делінеді:
"Бір сағат білім үйрену - бір түн бойы құлшылық қылғаннан хайырлы. Ал, бір күн білім үйрену - үш ай ораза ұстағаннан хайырлы".
©әд-Дәйләми, "Мүснәдуль Фирдаус".
#бүгінгіхадис

فلكل جواد كبوة، و لكل سيف نبوة...
"Сүрінбейтін тұлпар жоқ, мүлт кетпейтін қылыш жоқ".
©Араб мақалы.
#бүгінгісөз
فلكل جواد كبوة، و لكل سيف نبوة...
"Сүрінбейтін тұлпар жоқ, мүлт кетпейтін қылыш жоқ".
©Араб мақалы.
#бүгінгісөз
✔️Бүгінгі хадис
إِذَا وُضِعَ عَشَاءُ أحَدِكُمْ وأُقِيمَتِ الصَّلَاةُ، فَابْدَؤُوا بالعَشَاءِ ولَا يَعْجَلْ حتَّى يَفْرُغَ منه وكانَ ابنُ عُمَرَ: يُوضَعُ له الطَّعَامُ، وتُقَامُ الصَّلَاةُ، فلا يَأْتِيهَا حتَّى يَفْرُغَ، وإنَّه لَيَسْمَعُ قِرَاءَةَ الإمَامِ. صحيح البخاري.
"Егер қайсы біреулеріңе кешкі ас қойылған кезде намазға қамат айтылса, кешкі асты бастаңдар. Ол асты ішіп болғанша асықпасын".
Сахаба Абдулла ибн Омар қашан алдына ас қойылған кезде қамат түсірілсе, имамның қырағатын естіп отырса да асын ішіп болмайынша намазға келмейтін.
©Хадис. ("Сахих Бұхари").

«АЯН» сөзіне қысқаша талдау https://islam.kz/kk/articles/aqida/arturli/ayan-sozine-qysqasha-taldau-3257/#gsc.tab=0
Islam.kz
«АЯН» сөзіне талдау / Абдусамат Қасым
«Аян» сөзі - араб тіліндегі عِيَان (ъиян) сөзінің қазақша нұсқасы. Оның түбірі - арабшадағы «көз» деген ұғымды білдіретін «ъайн» (عَين) сөзінен шыққан. «Аянның» (عِيَان) араб тіліндегі сөздік мағынасы: «бір нәрсені ап-айқын және күмән тудырмайтындай анық…
✔️Бүгінгі аят
قُلْ إِنِّي أَخَافُ إِنْ عَصَيْتُ رَبِّي عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ.
"Егер, Раббыма қарсы келер болсам, ұлы күннің азабына тап боламын ба деп қорқамын - де!"
Құран Кәрім, Зүмәр - 13.
#бүгінгіаят

✔️Бүгінгі дұға
اللهم إني أعوذ بك من الفقر والقلة و الذلة، وأعوذ بك من أن اَظْلِمَ أو اُظْلَمَ.
"Аллаһым! Пақырлықтан, таршылықтан және қорланудан саған сыйынамын. Және де біреуге зұлымдық жасап қоюдан, әрі өзім де зұлымдыққа ұшыраудан Саған сыйынамын!"
#бүгінгідұға

✔️Балаға мал қалдырма, тәрбие қалдыр!
Мұқатил бин Сүлеймен деген кісі аббасит халифасы әл-Мансұрдың таққа отыру рәсіміне келеді. Сонда халифа әл-Мансұр оған:
- Бізге уағыз-насихат айтқын, ей Мұқатил! - дейді.
- Көргенімді айтайын ба, әлде естігенімді ме? – деп сұрайды Мұқатил.
-Көргеніңді айт, - дейді халифа.
- Уа, мүміндердің әміршісі! Халифа Омар ибн Абдульазиз өзінен кейін он бір ұрпақ және он сегіз алтын динар ғана қалдырған еді. Оның бес динары кебініне, төрт динарымен жерлейтін жері сатып алынды, қалғаны балаларына бөліп берілді. Тура сол сияқты, халифа Һишәм ибн Абдульмәлик те өзінен кейін он бір ұрпақ қалдырды. Бірақ, қалдырған мұрасынан әр баласына бір миллион динардан тиді. Аллаға ант етейін, уа, мүміндердің әміршісі! Мен бір күні мархұм Омар ибн Абдульазиздың балаларының бірін Алла жолындағы соғысқа жүз сәйгүлік садақа етіп жатқанын көрдім. Ал, Һишәмның балаларының бірін базарларда қайыр тілеп жүргенін көрдім, - деген екен Мұқатил ибн Сүлеймен астарлап (рахимаһуллаһ)...
©"Шүкірі жоқ нығмет: Бала сүю" атты мақаладан.
#бүгінгісөз.

قال الحسن البصري رحمه الله: عظ الناس بفعلك ، ولا تعظهم بقولك.
Табиғин Хасан әл-Басрый айтқан екен:
"Адамдарға ісіңмен уағызда, сөзіңмен (ғана) емес!".
©Кәләм Тойыб.

"Имам Шафиғи жас күнінде ілім іздеп Медине шаһарындағы Имам Мəликке келеді. Жас жігіттің бойындағы зеректік пен біліктілікті жəне тақуалықты бірден байқаған Имам Мəлик оған:
"Байқаймын, Алла тағала жүрегіңе нұр салған екен. Оны əсте күнəнің қараңғылығымен өшіріп алма!" - деп ескертіпті.

أَحَبُّ الأعمالِ إلى اللهِ أدْومُها و إن قَلَّ.
"Амалдардың ішінде Аллаға ең сүйкімдісі - аз да болса, жалғасымды болғаны".
Хадис сахих. ("صحيح الجامع").
#бүгінгіхадис
أَحَبُّ الأعمالِ إلى اللهِ أدْومُها و إن قَلَّ.
"Амалдардың ішінде Аллаға ең сүйкімдісі - аз да болса, жалғасымды болғаны".
Хадис сахих. ("صحيح الجامع").
#бүгінгіхадис
✔️Бүгінгі сөз
وَفِي التَّتَارْخَانِيَّة لَوْ افْتَتَحَ خَالِصًا لِلَّهِ
تَعَالَى ثُمَّ دَخَلَ فِي قَلْبِهِ الرِّيَاءُ فَهُوَ عَلَى مَا افْتَتَحَ.
«Фәтәуә Татарханияда былай делінген: "Егер намазын ықыласпен Алла үшін оқуға ниет етіп бастап, кейін (намаз оқу барысында) жүрегіне рия кірсе, оның намазды бастаған сәттегі ниеті назарға алынады"».
©Ибн Нүжейм. (Әшбәһ уән Назаир).
#бүгінгісөз.
#фиқһнегіздері

Мұсылманша амандасу үрдісі – қазақтың ертеден бері қалыптасқан амандасу тәсілі. «Ассаләмуғалейкум», яғни, «саған есендік болсын» деуден тұратын бұл амандасу тәсілі, асылында, тек амандасу ғана емес, қарсы алдыңдағы кісіге жақсы тілек-дұғада болуды да білдірмек. Соның үшін амандасқанда "Сәләм" сөзін анық әрі дұрыс айтқанымыз абзал. Өкінішке орай, көп жағдайда, әсіресе жастар жағы мұсылманша амандасуды бұзып айтатынын жиі байқап жатамыз. Осыған орай, төмендегі мұсылманша амандасу тәсілінің дұрыс үлгілері мен бұрыс үлгілерін беріп отырмыз:
https://islam.kz/kk/questions/arturli/durys-amandasyp-jurmiz-be-1524/#gsc.tab=0

Дұрыс амандасып жүрміз бе?
Ассаләму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Сұрағым: “Саламалейкум” деп амандасып тұрған танысыма қасымдағы қыз “өлім тілеп тұрсың” деп зекіп тастады. Қаншалықты дұрыс әңгіме? Оның амандасуында қателік бар ма? Алтынай.
✔️Бүгінгі сөз
قال سفيان الثوري: "ينبغي للرجل أن يكره ولده على العلم فإنه مسئول عنه".
"Әкесі өз баласын білім алуға мәжбүрлеуі тиіс. Шынында, ол оған жауапты".
Суфянус Сәури (р.а.).

Деймін да!
Қазіргі таңда әлем лидерлерінің назары Түркия қарулы күштеріне тиесілі "беспилотниктерге" ауып отыр. Оның Сирия мен Армениядағы сәтті қолданылысы, түріктің ҰҰА-сына (ұшқышсыз ұшатын аппарат) жақсы реклама болды.
Бүгінде Ресейлік БАҚ тек соны әңгімелеуде. Әсіресе, Зеленскийдің Түркия сапары Ресей тарапын ойландырмай қоймады. Өйткені, егер Зеленский Түркиядан беспилотниктерді көптеп сатып алар болса, Донбастағы қарсы тараптың әскери жасағын айтарлықтай әурелейтіні сөзсіз деп отыр ресейлік сарапшылар...
Қорыта айтқанда, бауырлас Түрік елі өзінің озат технологиясымен әлемді мойындатып жатқандығы қуантады. Бізше? Біздің әлеуетіміз қандай деңгейде?
"Жау жоқ деме, жар астында" деген ата-бабамыз! Соған біздің елдің қарулы күштері қаншалықты дайын? #деймінда

БАТЫЛДЫҚ
"Хандақ соғысы кезінде Пайғамбарымыздың әпкесі Хазірет Сафия бинт Абдульмутталиб (صفية بنت عبد المطلب) әйел, бала-шағалармен бірге Хассан бин Сабиттың «Фари» атты қорғанын паналайды. Яһудилерден он шақты кісі әлгі қорғанға келіп, оқ жаудыра бастады.
Олар ішке кірмекші болды. Солардың ішіндегі біреуі қорғанның айналасын қарап, ашықтау бір жер іздеп жүрген еді. Ал осы уақытта Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз сахабаларымен Хандақта дұшпандармен соғысып жатқан болатын.
Хазірет Сафия (радиаллаһу анһа) амал жоқ, осы тығырықтан шығу үшін (әрі өзін және қасындағы әйел, бала-шағаларды қорғау үшін) өзі амал жасауға көшті. Басын бір орамалмен жақсылап байлап, қолына бір таяқ алды. Сөйтіп, сарайдан төмен қарай түсе бастады. Есікті ашып, байқатпастан әлгі жүрген яһудиге жақындай бастады. Қолындағы таяғымен оның басынан ұрып өлтірді.
Сонда оның өлгенін көрген өзге де яһудилер қатты сасып:
«Бізге бұл жердегі әйелдерді қорғаштайтын ешкім жоқ деп еді ғой» - деді де қорқып, қаша жөнелді...
(Хайсәми VІ, 133-134; Уақиди ІІ 462)...
© "Өркениет шыңындағы жауһарлар" атты кітаптан.
#бүгінгісөз.
#тарихтанғибрат.

قال حكيم: إن سر تعاسة الانسان فى خمسة أشياء داخل نفسه: الشهوة الغضب الغرور الأنانية التملك.
"Адамның бақытсыз болуының сыры ішіндегі бес нәрседе:
1. Құмарлық.
2. Ашу.
3. Тәкәппарлық.
4. Менмендік (ЭГО).
5. Дүниеге деген құштарлық.
© Хәкім.