Абдусамат Ханафин
1.22K subscribers
632 photos
339 videos
19 files
43 links
Бұл каналда менің ойларым, кітаптан түртіп алғаным және тағы да басқа өзім пайдалы деп көрген дүниелерді кездестіресіз. Парақша белгілі бір бағытта емес.
Download Telegram
Адам (а.с.) жәннаттағы қателігі арқылы адам баласы жер бетінде өмір сүруге мүмкіндік алды. Егер ол мүлт кетпегенде, адамзат қазір де жәннатта болар еді. Ал жәннат – сынақ мекені емес. Яғни жәннат сынақ мекені болмағандықтан, адам баласы толық адам шыңына жетіп, Жаратушысын танып-біле алмайтын еді.

Сондықтанда Адам атаның (а.с) жаңсақтығы – жүз мыңдаған пайғамбарлардың пайғамбарлық шыңдарға, миллиардтаған адамдардың толық адам шыңына жетуіне арқау болды.
Бұл дүниеде ең мықты адам - өз ілімі үшін малын жұмсай алған адам

أقوى إنسان في هذا العالم هو الذي أنفق ماله في سبيل تعاليمه
💬 «Білмейтіндер үндемегенде, өздері де тыныштықты сезініп, адамдарға да тыныштық сыйлайтын еді. Қателіктері азайып, дұрыс тұстары көбейетін еді.»

💬 «لو سكت الجهال لأحسوا بالسلام وأسلموا للناس. سيكون هناك عدد أقل من الأخطاء، والمزيد من النقاط الصحيحة.

📕 الحافظ المزي، أكملو تهذيب الكمال
و إذا تأخر عليك الرزق فأستغفر الله

Егер ризығың кешігіп жатса Алладан кешірім сұрам көп истиғфар айт.
Имам Әш-Шафиғи былай деген:

علمان لا يحيط بهما أحد: الحديث واللغة
«Ешкім түсіне алмайтын екі ғылым бар: хадис және тіл (араб).
мотивация (Араб мақалы):

إضْرِبْ حَديداً حامِياً

📚Аударма (сөзбе-сөз): темірді ыстық кезінде соғыңыз. Яғни, бірден жасаңыз және кейінге қалдырмай, қол жеткізіңіз!
Жүрегім таза болса болдығо деп айтатындарға.

Ғалымдарымыз жүректің тазарыуына жәрдем беретін 4 нәрсе бар деген:
1) Көп зікір
2) Аз сөйлеу
3) Жеке қалу (ғибадатпен)
4) Ішіп жеуді азайту.
Сонда оларда осы нәрселер табылған ба ?
🔖Бір минуттық әзіл:

‎جَاءَ الرَّجُلُ إلَى زَوْجَتِهِ حَزِينًا وَ هِيَ تَسْألُ:
‎- مَا بِكَ؟
‎- أمَرَ السُّلْطَانُ بِقَتْلِ كُلُّ رَجُلٍ لَا يَتَزَوَّجُ زَوْجَةً ثَانِيَةً.
‎- إذًا اخْتَارَكَ اللّهُ وَ أعَدَّ لَكَ الشَّهَادَة - أجَابَتْ الزَّوْجَة

Ер адам әйеліне мұңайып келді ол сұрайды:
- Саған не болды?
- Сұлтан екінші әйелін алмаған барлық ер адамдарды өлтіруге бұйрық берді.
- Демек, Алла сені таңдады және сені шейіт етті! - деп жауап берді әйелі.
يقول النبي صل الله عليه و سلم
Пайғамбарымыз(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:

من ودع شيئا لله
Кім Алла үшін бір нәрсемен қош айтысса

أي ترك شيئا لله
Алла үшін бір нәрсені тастаса

عوضه الله خيرا منه
Алла оның хайырлы нәрсемен орнын толтырады
اسلام عليكم ورحمة وبركاته
Араб тіліне 3орын бос..
Және Құран тажуид 4 орын бос..

Қатысамын десеңіздер байланыс 87758204989

Бағасы 15мың..
Фиқһи пайдалар:

📚Табиинул хақоиқ кітабынан.

Кейбір ғалымдарымыз Құранды кішкентай балдарға беру макруһ деп санаған, ал кейбір ғалымдарымыз бұған еш әбестігі жоқ деп айтқан. Осы көзқарас дұрыс, себебі оларға дәретті міндеттеу қиыншылық тудырады, ал оларға Құранды балиғат жасқа дейін бермеу Құран жаттаудың азаюына әкелетін болғандықтан, зәрулік жағдайында рұқсат етіледі.
Күре тамырдан да жақынбыз..

Жұма қабыл болсын!
‎إِذَا صَلَّيْتَ فَصَلِّ صَلَاةَ مُوَدِّعٍ

“Егер намаз оқысаң, (осы өмірмен) қоштасып бара жатқан адам сияқты намаз оқы”.

📖Рисалатул-мустаршидин.
Мүміндердің әміршісі Осман (р.а.)
Адамның ішіне сақтаған сырын Алла Тағала оның жүзі мен тілі арқылы ортаға шығарады.

Яғни ішіне сақтаған сыры жақсы болса, жүзінен жақсылық байқалады, ал ішіне сақтаған сыры жаман болса, жүзінен жамандық көресің.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Кейбір әуелгі,ізгілер өзінің бауырына былай деп хат жазатын болған:«Бауырым! Мүмкін саған (бұл дүние өзіңе) тұрақты болып көрінер,дегенмен (сен бұл дүниеден) тұрақты түрде жүріп бара жатырсың (Қияметке қарай беттенуің үздіксіз жылжып келеді),сен сенігізінде өте жылдам (өзіңе білінбеседе) жүріп бара жатырсың,өлім сағаты саған беттеніп келеді,мына дүние тіршілігі болса артыңда (ұмыт қалып) қалып барады,ал артта қалып,өткен өмірің болса сенімен Қияметте жолыққанша саған қайтып келмес…

Ибн Роджаб/Джами’.
Курсымызға тағы 5орын босады..
Қатысып үлгеріңіздер!!!
Қазіргі уақыт жылдам, тез құбылуда барлық нәрсенің моделі сәт санап өзгеруде. Кеше ғана үйреніп -білген ілімің бүгін жарамай қалатын дәуірде өмір сүріп жатырмыз.
«Кітаптарды ұстаған әр адам дана болмайды, себебі білім — парақтардың ауырлығында емес, түсініктің тереңдігі мен сананың жоғарылауында.»
Forwarded from Мирас Ерланұлы (Miras Yerlanuly)
Достар, сіздерге жақсы жаңалығымыз бар.

Сенім шуағы кітабы сатылымда.

Бұл еңбекте адам баласын екі дүние бақытына жетелейтін һәм бүкіл салиқалы амалдардың іргетасы – Әһлу сүннет уәл-жамағат ғалымдарының сенімі келтірілген. Кітап қазақ даласында ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан Матуриди ұстанымына сай етіп жазылған. Осы сенім мектебіне үлес қосу мақсатында имам Әбу Ханифаның (Алла ол кісіні рақымына алсын) «Әл-фиқһ әл-акбар» атты еңбегіне қазақша түсіндірме жазуды жөн көрдік. Бұл шағын ғана еңбекте сенім мәселесіне байланысты бірқатар маңызды мәліметтер айтылған.
Кітап барша оқырман қауымға арналған.

Кітаптың құны 4500 тг

Реквизиттер:
87753891675
Мирас К

Чекті осы сілтемеге жіберіңіз!