ABAIBOL🇰🇿
52.5K subscribers
1.65K photos
897 videos
1 file
1.58K links
Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы

Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
abaibolkz@gmail.com

📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
10 жыл бұрын сөздік айналымымызда «мем» сөзі болмаған кезде мем болған видео. Күле отырайық.

Әрине, видеодағы жағдай күлетіндей дүние емес. Дей тұрғанмен, күлмеу де мүмкін емес. «Позитивті» жаңалығым осы, енді🤷‍♂️

❗️Айтпақшы, 15 сәуір Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні құтты болсын, ғашықтар!😊

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔞КЕЛІНІН БАЛАҒАТТАҒАН ҚАЙЫН АТА СОТТАЛДЫ

Қызылорда облысы, Арал ауданы. Жергілікті сот шешімімен егде жастағы ер адам сотталды. Анықталғандай, сотталушының үстінен өзінің келіні арыз түсірген екен. Ішкілікке құмар қайын атасы әрдайым үй тыныштығын бұзып, келінін балағаттайтын болыпты. Нәтижесінде, әбден мезі болған келіншек қайын атасының үстінен арыз жазып жіберген. Сот шешімімен, «ибалы» қайын ата 5 тәулікке қамалып кетті. Сондай-ақ, оған 3 ай арақ ішуге тыйым салынды.

❗️5 күннен соң не болады екен?

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔞ЖОҒАРҒЫ ҚАБАТТАН СЕКІРГЕН ЕР АДАМ КӨЛІККЕ ҚҰЛАП МЕРТ БОЛДЫ

Ақтау. Оқиға 13 сәуір күні, «Інжу» тұрғын үй кешенінде болған. 51 жастағы ер адам жоғарғы қабаттағы пәтерінен секіріп, аулада тұрған көлікке түскен. Нәтижесінде, ер адам оқиға орнында мерт болды. Әзірге «өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша іс қозғалып отыр. Тергеу амалдары жалғасуда.

❗️Эпидемия…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞ҮШ АДАМ АСПАЛЫ КӨПІРДЕН ҚҰЛАП ҚАЗА ТАПТЫ

Абай облысы, Ақшәулі ауылы. 16 сәуір күні Қаракөл өзеніндегі аспалы көпір үзіліп, үш адам суға қайтыс болды. Анықталғандай, марқұмдар аталмыш көпір арқылы мотоциклді өткізбек болған. Бірақ, көпір салмақты көтере алмай үзіліп түскен. Нәтижесінде, үш адам суға батып кеткен екен.

❗️21 ғасыр... ал, бізде әлі аспалы көпір…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔞БҰРЫНҒЫ ЖҰБАЙЫН БАУЫЗДАП ТАСТАҒАН ЕР АДАМ

Шымкент. Жергілікті жансақтау бөлімшесіне 33 жастағы келіншек ауыр хәлде жеткізілген. Жәбірленуші бауыздалған болып шықты. Бұл жайлы адвокат Жанна Оразбақова мәлімдеп отыр. Анықталғандай, мұндай сұмдыққа барған жәбірленушінің бұрынғы күйеуі. Келіншек тірі қалғанымен, болашақта жүре алмайды. Себебі, экс-күйеуі мойынын осып қана қоймай, жұлынын да кесіп жіберген екен.

Қандықол экс-күйеуі өзіне қол жұмсамаққа тырысып, білектерін кесіп тастаған. Алайда, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды. Үстінен «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Жәбірленушінің есімі Ақмарал, 33 жаста. Төрт баланың анасы екен.

❗️Өзінің балаларының анасы ғой… сөзім жоқ…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ABAIBOL🇰🇿
🔞Шерзат Полаттың ісі бойынша күдіктілерге тағылған айыптаулар жарияланды. Бастапқыда 11 адамның күдікке ілінгені хабарланған еді. Алайда, бүгінгі сот отырысына тек 9 айыпталушы қатысты. Тергеу тұжырымы бойынша, Шерзатты пышақтап өлтірген Абзал Шынасыл. ▪️Абзал…
Талдықорған қаласында 16 жастағы Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушылар – 9 адам. Сот процессі ашық форматта, яғни, тікелей эфирде өтіп жатыр.

▶️ Тікелей эфирді қарау: https://www.youtube.com/live/6ZvWrcA42YA?si=8YGH5XF0zHYYBDRz

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ABAIBOL🇰🇿
Талдықорған қаласында 16 жастағы Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысы басталды. Айыпталушылар – 9 адам. Сот процессі ашық форматта, яғни, тікелей эфирде өтіп жатыр. ▶️ Тікелей эфирді қарау: https://www.youtube.com/live/6ZvWrcA42YA?si=8YGH5XF0zHYYBDRz…
🔞Шерзат Полаттың ісіне қатысты күдіктілер жайлы ақпарат:

▪️Абзал Шынасыл – 25 жаста, қазақ. Білімі орта, уақытша жұмыссыз, бойдақ. Бұрын сотталмаған.

▪️Равиль Сакиев – 27 жаста, қазақ. Білім орта. Мейрамханада администратор болған. Үйленбеген. Бұрын сотталған.

▪️Шыңғыс Белғожаев - Білімі жоғары, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қызмет атқарған. Талғар қаласында тұрған. Бұрын сотталған. Бойдақ.

▪️Дархан Әскентай – 27 жаста. Білімі орта, уақытша жұмыссыз. Ұлты қазақ. Бұған дейін 2017 жылы қылмыстық жауапкершілікке тартылған, бірақ, тергеу барысында іс тоқтатылған екен.

▪️Нұрқияс Ілиясов – 27 жаста, Талғар қаласының тумасы, қазақ. Білімі орта, жұмыссыз, бойдақ. Бұрын сотталған.

▪️Тоқтаубаев Азамат – 25 жаста, білімі орта. Ол жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Бұрын 7 жылға сотталған.

▪️Тоқтаубаев Нұрбол – 29 жаста, білімі орта. Ұлты қазақ. Арнайы техника операторы болып жұмыс істеген;

▪️Дидар Қалиахмет – 27 жаста, Талғар қаласының тумасы, қазақ. Білімі орта. Жүргізуші болып жұмыс істейді, үйленген. Бұрын сотталмаған;

▪️Думан Ысқақ – 17 жаста, Талғар қаласының тумасы, қазақ. Білімі орта. 11-сынып оқушысы.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ABAIBOL🇰🇿
🔞Шерзат Полаттың ісіне қатысты күдіктілер жайлы ақпарат: ▪️Абзал Шынасыл – 25 жаста, қазақ. Білімі орта, уақытша жұмыссыз, бойдақ. Бұрын сотталмаған. ▪️Равиль Сакиев – 27 жаста, қазақ. Білім орта. Мейрамханада администратор болған. Үйленбеген. Бұрын сотталған.…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔞Прокурор Дана Сәрсенбай Шерзат Полаттың айуандық өліміне қатысты айыптау актісін оқыды.

▪️Қанды оқиға 2024 жылы 3 қазан күні Талғар қаласындағы «Қамажай» дүкенінің алдында болған.

▪️Дүкендегі сатып алуын төлемеді деп ойлап қалған Шерзат Дархан Әскентайды ұрған. Шерзаттың әкесі Қаржаубай жанжалдың ушыққанын қаламай, кешірім сұраған. Бірақ, Дархан Әскентай бәрібір «тамыр-таныстарын» шақырады.

▪️Екі тараптан да «қолдаушылар» топырлап дүкен алдына жинала бастайды. Нәтижесінде, дау ушығып, Абзал Шынасыл Шерзаттың досын соққыға жығып талдырып тастаған.

▪️Сағат 00:42 шамасында Абзал Шынасыл Шерзаттың кеудесіне пышақ сұғып алған. Қансыраған Шерзат қашып кетуге тырысқанымен, 50 метрден кейін құлап түскен.

▪️Әкесі Шерзатты дереу ауруханаға апарғанымен, сағат 01:30 шамасында көз жұмған.

Сараптама нәтижесінде, Шерзаттың денесінен пышақ жарақатынан бөлек, мылтықтың дүмбісі мен пышақтың сабынан қалған жарақат іздері анықталды.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ABAIBOL🇰🇿
🔞Шерзат Полаттың ісіне қатысты күдіктілер жайлы ақпарат: ▪️Абзал Шынасыл – 25 жаста, қазақ. Білімі орта, уақытша жұмыссыз, бойдақ. Бұрын сотталмаған. ▪️Равиль Сакиев – 27 жаста, қазақ. Білім орта. Мейрамханада администратор болған. Үйленбеген. Бұрын сотталған.…
🔞Шерзат Полаттың ісіне қатысты күдіктілер мемлекеттік айыптаумен келіспейтіндерін мәлімдеді.

Іс материалдары жарияланған соң, судья Ержан Жанұзақов күдіктілердің пікірін сұрады.

▪️Абзал Шынасыл – «бұзақылық» бабы бойынша ғана кінәсін мойындады. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмысын мойындамады;
▪️Равиль Сакиев – кінәсін мойындаудан бас тартты;
▪️Шыңғыс Белғожаев – кінәсін мойындады. Бірақ, істе қателіктер бар екенін мәлімдеді;
▪️Азамат Тоқтаубаев – кінәсін жартылай мойындады;
▪️Дархан Әскентай – кінәсін мойындамады;
▪️Нұрқияс Ілиясов – кінәсін мойындамады;
▪️Нұрбол Тоқтаубаев – кінәсін жартылай мойындады;
▪️Дидар Қалиахмет – кінәсін толығымен мойындады;
▪️Думан Ысқақ – кінәсін мойындамады;

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔞КӨРЕАЛМАУШЫЛЫҚТАН ҚҰРДАСЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘКЕСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы. 16 сәуір күні «Білім инновация» мектебінің бір топ оқушылары 11 сынып оқитын баланы соққыға жыққан. Оқиға жәбірленушінің үйінің алдында болған екен. Ұлының жан ұшыра айқайлаған дауысын естіген әкесі аулаға шыққан. Нәтижесінде, әлгі бір топ оқушылар жәбірленушіні әкесімен қоса тепкінің астына алыпты.

Қазіргі таңда, әкесі мен ұлы ауруханада жатыр. Баланың миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған. Ал, әкесінің аяғы сыныпты. Айыптылардың жеке бастары анықталып, ана-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізілген. Нәтижесінде, оқушылардың мұндай қылмысқа баруының себебі белгілі болған. Анықталғандай, жәбірленуші шетелдік жоғарғы оқу орнына грантпен түсіп кеткен екен. Мұны білген оқушылар құрдасының сәттілігін көре алмай, пысықтығы үшін «жазалауды» шешіпті. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.

❗️Іштарлық – емі жоқ дерт. Бірі бұл «дертті» мотивация ретінде қолданса, бірі – мынау оқушылар…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔞ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАМАҚ БОЛҒАН ЖІГІТТІ САҚШЫ ҚҰТҚАРДЫ

Астана. 18 сәуір күні Тариатлон саябағындағы көпірден секіргелі тұрған жігітті байқаған тұрғындар полиция шақырған. Оқиға орнына келген сақшылар оны сабырға шақыруға тырысқанымен, жігіт көпірден секіріп кетеді. Нәтижесінде, Нұрсұлтан есімді сақшы суға түсіп, жігітті құтқарып алды. Жас жігіттің мұндай әрекетке баруының себебі беймәлім.

❗️Жарайсыз, Нұрсұлтан!

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔝 15 МИНУТТА 11.845 ТЕҢГЕ!

Аталмыш алаңдағы «Mummyland Treasures» ойнын ойнап 15 минутта 11.845 теңге таптым. Бұл сомаға мұрын шүйіре қараудын қажеті жоқ. Себебі, бұл табыс табу жолы емес. Жәй көңіл көтеру құралы. Ал, болмашы ойын ойнап, 12 мыңдай табу – жақсы ғой.

Яғни, депозитке 1500 теңге салып, 100 теңгеден қойып ойнадым. Сөйтіп, 2410 теңге, сосын, 2250, 3825 және 3360 теңге ұттым. Жалпы сомасы 11.845 теңге. Мұның бәрі 15 минутта. Бұдан қомақтылау сома ұтамын деп үміттенбей-ақ қойған дұрыс. Еліктіру үшін басында осылай ұсақтап ұтыс береді. Осыны місе тұтып, шығып кеткен абзал. Сосын, 1-2 күннен соң оралып, тағы да ұсақтап «жұлып» кету керек.

📣Төмендегі сілтеме арқылы «Покердом» алаңы 100 тегін айналым, сондай-ақ, салымды 200 пайызға дейін ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырған. Ерігіп іш пысқанда ойнап көруге болады. Мұнда пәтер немесе көлік алатын ұтыс шығара алмайсыз. Бірақ, сусын, темекі, я болмаса тәттілер алуға болады😁

➡️Сілтеме: https://5pd-stat.com/click/675849a76bcc63265d2cd554/17/15061/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞ҚАН ЖОСА КҮЙДЕ КӨШЕДЕ ЖҮГІРГЕН ЖАРТЫЛАЙ ЖАЛАҢАШ ЕР АДАМ

Петропавл. 16 сәуір күні Жамбыл көшесінде жүрген қала тұрғындары қорқынышты көріністің куәгер болған. Әлдебір жартылай жалаңаш ер адам көшеде жүрген екен. Сөйтіп, жүгіріп бар күшімен бағаналарды басымен соға бастаған. Нәтижесінде, үсті-басы толығымен қанға малынып кетеді.

Оқиға орнына сақшылар жеткенше, әлгі ер адам басын қатты жарақаттап үлгеріп, есінен танып қалған көрінеді. Нәтижесінде, ауыр хәлде жансақтау бөлімшесінде жатқызылды. Анықталғандай, 33 жастағы ер адам ауыр есірткілердің әсерінде болған екен. Қазіргі таңда ессіз күйде ауруханада жатыр. Жасанды тыныс алу құрылғысына қосулы. Жағдайы ауыр.

❗️Өзін «мынандай» жағдайға жеткізгеніне қарағанда, «тәжірибелі» нашақор сияқты. Адам болмайды-ау…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞ЖОЛДАН ӨТІП БАРА ЖАТҚАН 12 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ТРАКТОР СОҒЫП КЕТТІ

Ақмола облысы, Зеренді ауылы. 17 сәуір күні Сейфуллин-Ленин көшелерінің қиылысында оқыс оқиға орын алды. 12 жастағы екі оқушы қыз жолдан өтіп бара жатқанда, бұрылғалы жатқан трактор шөмішімен қыздардың бірін соғып өтті. Абырой болғанда, қыз дін аман. Денсаулығына да зиян тимепті. Ал, трактор жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылды.

❗️Жолдан өткенде айналаңызға, яғни, оң мен солға қарап өтіңіздерші!

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ABAIBOL🇰🇿
🔞ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАҒАН МҰҒАЛІМ?! Семей. 19 қараша күні, жергілікті мектептің мұғалімі құрықталып, тергеу изоляторына тоғытылды. Деректерге сүйенсек, әлгі «ұстаз» алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген. 32 жаста. Сегізінші сыныпта оқитын қызды зорлағаны…
🔞13 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫНЫ ЗОРЛАҒАН МҰҒАЛІМ СОТТАЛДЫ

Семей. 18 сәуір күні жергілікті сот шешімімен 8 сынып оқушысын зорлаған 32 жастағы ер адам сотталды. Анықталғандай, айыпталушы алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі. Яғни, «НВП ағай» болған. 13 жасар қызға қатысты азғындықты өзінің автокөлігінде жасаған екен. Сөйтіп, 2024 жылдың 19 қарашасында құрықталған еді. Міне, 5 айға созылған бұл іс мәресіне жетіп, «НВП ағай» өмірінің аяғына дейін бас бостандығынан айырылды. Дегенмен, айыпталушы кінәсін сол күйі мойындаған жоқ.

❗️Абақтыда енді өзі «8 сынып оқушысы» болады…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞ЕР АДАМ БЕСІНШІ ҚАБАТТАН ҚҰЛАП КЕТТІ

Ақмола облысы, Атбасар қаласы. Жергілікті тұрғындар түсініксіз көріністің куәгері болды. Яғни, әлдебір ер адам 5 қабаттағы балконнан салбырап тұрған. Нәтижесінде, қолының дәрмені таусылғаннан болар, жерге гүрс етіп құлайды. Десекте, «ямакасидің» көретін күні бар екен. 34 жастағы ер адам ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Ішкі органдары мен басы қатты зақымдалған екен. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

❗️Бәлкім, «сүйіктісінің» күйеуі келіп қалған болар…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫНДАҒЫ САҚШЫНЫ ПЫШАҚТАДЫ

Павлодар. 19 сәуір күні полицияға 15 жастағы қыз қоңырау шалып көмек сұраған. Айтуынша, араққа сылқия тойған әкесі анасын соққыға жығып жатқан. Оқиға орнына келген сақшыларды жасөспірім қыз күтіп алып, пәтерге алып келеді. Нәтижесінде, сақшылар жұбайын тепкінің астына алып жатқан ер адамға тап болды. Алайда, жанжалды тоқтатпақ болғанда, әлгі «ас үй Хабибі» сақшыларға қарсылық көрсете бастаған. Тіпті, пышақ ала жүгіріп бір сақшының қолына жарақат салған. Десекте, алқаш құрықталып, абақтыға тоғытылды.

❗️Қызмет барысындағы сақшыға күш көрсету – ауыр бап. 5 жылға дейін қамалуы мүмкін. Оған қоса, жұбайы арыз жазып, аяғына дейін барса, жаза мерзімі ұлғаймақ. Бірақ, «Құдай қосқан қосағы» арыз жазғанның өзінде, соңына дейін баруы екіталай.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔞АЛМАТЫЛЫҚ МАРАФОНДА ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Алматы. 20 сәуір күні «Almaty half Marathon» шарасы болып, 10 мыңға жуық адам қатысты. Қатысушылар 14 мыңнан бастап, 160 мың теңгеге дейінгі жарнасын төлеп қатысады. Ал, жеңімпаздарға 200 мыңнан бастап, 700 мың теңгеге дейінгі ұтыстар көзделген болатын. Салауатты өмір салтын насихаттайтын бұл дәстүрлі шара қаралы оқиғамен ұштасты. Марафон барысында екі адам көз жұмған. 84 жастағы Аққоян Рсалиев және 21 жастағы Нұрбол Ахмади. Марқұмдардың жүректері тоқтап қалған көрінеді.

Аталмыш оқиғадан кейін туризм және спорт министрі Ержан Мырзабосынов тексеру шараларының басталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, марафонға қатысушылардың денсаулығына қатысты талаптардың қатаңдайтынын айтты.

❗️Айта кетерлігі, бұл марафон барысында болған алғашқы адам өлімі емес…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM