ABAIBOL🇰🇿
61.4K subscribers
2.46K photos
1.38K videos
1 file
2.71K links
«ABAIBOL» ютуб арнасының телеграм арнасы

Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
abaibolkz@gmail.com

📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz
Download Telegram
▪️ «Бішкектік қанішер», сосын тағы бір деректі фильмнің, бірнеше рилстарымның жұмыстарын аяқтап, кеше бір демала қояйыншы деп едім. Күні бойы саябақта серуендедік, Алматылық зообаққа бардық. Хайуанаттар бағына соңғы рет 13-14 жыл бұрын барған екенмін. Бұрын экзотикалық аңдарға қарап тамсану, таңғалу және сүйсіну сынды сезімдер оянатын. Бұл жолы олай болған жоқ. Қапасқа қамалған аң-жануарларға жаным ашып, көңілімнің құлазығаны-ай… Осындай аңдар түрмесі мен цирктерден адамзаттың бас тартатын уақыты келді.

Кеше осылай философиялық ойларға шомып жүрсем, поштам мен директімде жұрттың жіберген жаңалықтары мен хабарламалары толып қалыпты. Бір күнде елімізде бірталай оқиға болған екен. Қазір бәрін қарап, сұрыптап және зерделеп кезек-кезегімен жариялаймын…

«Ақсақ қой түстен кейін…» деп жүрмеңіздер☝️😉
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
66😭38🥱5👀3💔1
ABAIBOL🇰🇿
🔞ӘКЕСІН САБАП, ӨЛІМІНЕ СЕБЕПКЕР БОЛҒАН САДАҚБАЕВ СОТТАЛДЫ Түркістан облысы, Жетісай қаласы. Сот шешімімен 70 жастағы әкесін қорлап сабаған 41 жастағы Алмас Садақбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған «Адамның дәрменсіз екенін көре тұра азаптау» және…
🔞ӘКЕСІН АЗАПТАП ӨЛТІРГЕН САДАҚБАЕВТЫҢ ЖАЗАСЫ ҚАТАҢДАТЫЛДЫ

Түркістан облысы. 70 жастағы мүгедек әкесін соққыға жығып, өліміне себепкер болған Алмас Садақбаев естеріңізде болар. Оқиға 2025 жылдың қыркүйек айында Қоссейіт ауылында болған еді.

41 жастағы Садақбаевтың 70 жастағы әкесін соққыға жығып жатқаны таспаланған видео тарап, баршамызды шошытқан болатын. Нәтижесінде, қайтыс болған қарияның мүрдесі қайта қазылып алынып, сараптама жасалды. Сөйтіп, марқұмың зомбылықтан мерт болғаны анықталған.

16 қаңтар күні Алмас Садақбаев «адамның дәрменсіз екенін көре тұра азаптау» және «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» баптары бойынша 5 жылға қамалды. Сот барысында егіліп жылаған сотталушы қазақ халқынан кешірім сұрады. Тіпті, бала-шағасының барын ескеріп, жеңіл жаза тағайындауды өтінеді.

Облыстық сот бұрынғы үкімді қайта қарастырып, Садақбаевтың жазасын қатаңдатты. Енді ол 5 жыл емес, 6 жыл абақтыда отыратын болды.

❗️Қайта қарастырып қосқаны бір-ақ жыл ма?!

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10531😢28🤣16🙏3😭3🔥1😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ЖАБЫЛЫП, АЯУСЫЗ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН

Қостанай. 28 наурыз күні «Береке» ықшамауданында сорақы оқиға орын алды. Бір топ жігіт полиция қызметкерін аяусыз соққыға жыққан.

Анықталғандай, сақшы жұмысынан тыс уақытта кішкентай балаларымен серуендеп жүріпті. Сөйтіп, аулада «ауыздарына келгенін оттап жатқан» масаң жігіттерге ескерту жасайды. Арақтан қандары қызу «биоқоқыстар» сақшыға жұдырық ала жүгірген. Бір сақшының еңгезердей үш жігітке шамасы қайдан жетсін?! Олар полиция қызметкерін оның кішкентай балаларының көзінше тепкінің астына алады.

Бірнеше минутта «қырылысқа» тұрғындар араласып, «тепкілеуді» тоқтатады. Тіпті, тұрғындардың бірі әлгі «биоқоқыстардың» бірін ұрып құлатқан. Оқиға орнына келген сақшылар үш малғұнды құрықтап, изоляторға аттандырды. Үштіктің үстінен «Билік өкіліне күш қолдану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция қызметкері қызметтен тыс уақытта кәмелетке толмаған балаларымен қыдырып жүрген. Сол сәтте қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған бір топ адамға ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде олар ашық агрессия танытып, оған физикалық күш қолданған», - деді полиция баспасөз қызметі.


❗️Аталмыш бап бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
74😱46👏9🤯4💊1
🔞ПАВЛОДАРЛЫҚ ТРИЛЛЕР: ӨЗЕНГЕ БАТҚАН БИЗНЕСВУМЕН

Павлодар. Жергілікті сот шешімімен, 63 жастағы Леонид Кузьмич сотталды. Ол өзінің 39 жастағы жұбайы Елена Кузьмичті қасақана өлтірген болып шықты.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 22 тамызында орын алған. Ер адам жұбайымен Ертіс өзенінде қайықпен жүзуге шығады. Бірақ, қайық кенеттен шайқалып, Елена суға құлап батып кеткен. Бастапқыда бұл оқиға жазатайымға баланып, іс тоқтайды. Алайда, марқұмның туыстарының әрекеттерінің арқасында қылмыстық іс қайта ашылған.

Жаңа леппен басталған тергеу амалдары мен сараптамалар сорақы жайттың бетін ашты. Марқұмның күйеуі қылмысын алдын ала жоспарлаған екен. Ол қайықты өзі шайқап, жұбайын қасақана өзенге құлатқан. Байғұс Елена қайыққа қанша ұмтылғанымен, күйеуі оның басын суға басып тұншықтырып өлтірген болып шықты. Яғни, жұбайының өлімін жазатайым оқиғаға ұқсатқысы келген. Ал, қылмысының себебі – сол баяғы дүние-мүлік.

39 жастағы Елена Кузьмич – өңірдегі танымал психолог және жиһаз фабрикасының директоры. Кәсіпорынның жалпы құны 125 млн. теңге. Анықталғандай, ер адам жұбайының ажырасуға әзірленіп жүргенін біліп қойған. Ал, әлгі фабриканы Елена некеге дейін ашқан екен. Яғни, ажырасқан соң, күйеуі 125 млн. теңгенің 1 тиынын да көрмейді. Ол жұбайын өлтіріп, оның кәсібін мұрагерлікпен алмақ болыпты. Сот шешімімен, 63 жастағы Леонид Кузьмич 15 жылға қамалды.

❗️Майкл Дугластың 1998 жылғы «Идеальное убийство» фильмінің сюжетімен пара-пар оқиға…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
58😱42🌚4
🔞ВИЧ ДЕРТІМЕН АУЫРАТЫН ЕР АДАМ 13 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАҒАН

Алматы. 30 наурыз күні сот шешімімен АИТВ (ВИЧ) дертіне шалдыққан ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сорақы оқиға 2025 жылдың тамыз айында болған екен. 13 жасар қыздың әкесі үйінде достарын жинап, себепсіз той тойлатыпты. Бір топ ер адам гу-гулетіп жатқанда, 13 жасар қыз өз бөлмесінде қалың ұйқыда болған. Бірнеше сағаттан кейін, әкесінің ішкілікке тойған бір досы жасөспірімге азғындық жасапты.

Байғұс қыз басынан өткен сұмдық жайлы құрбыларына жайып салған. Ал, құрбылары дереу құзырлы органдарға хабар беріпті. Ал, қыздың анасы оқиға кезінде абақтыда болған. Ол көлікті масаң күйде жүргізгені үшін ұсталып, әкімшілік қамақта болған екен.

Тергеу барысында сорақы жайт ашылды. Әкесінің әлгі азғын досы АИТВ (ВИЧ) дертімен ауратын болып шыққан. Сот шешімімен, ауру азғын өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, жәбірленуші тарапқа 4 млн. теңге өтемақы төлеуі тиіс. Ер адам кінәсін толық мойындағанымен, үкіммен келіскен жоқ. Яғни, қылмысының айтарлықтай ауыр еместігін меңзепті.

❗️2005 жылдан бері ВИЧпен ауыратын сотталғандар су тегін емделеді. Оларды емдеумен СПИД орталықтарының мамандары айналысады екен. Сіз бен біздің ақшамызға…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢8655😱15🙏4👌4💔4
ABAIBOL🇰🇿
🔞КЕЛІНШЕКТІ ӨЛТІРІП, МӘЙІТІН ҚОҒАМДЫҚ ДӘРЕТХАНАҒА ТАСТАҒАН Ақмола облысы, Ақкөл қаласы. 2 қазан күні жергілікті сақшылар 60 жастағы ер адамды құрықтады. Анықталғандай, ол 23 жыл бұрын қанды қылмыс жасаған екен. 2002 жылы 5 қазанда қоғамдық дәретханадан 29…
🔞24 ЖЫЛ БҰРЫН ЖАСАҒАН ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН СОТТАЛҒАН АЗҒЫН

Ақмола облысы. 1 сәуір күні облыстық сот шешімімен 61 жастағы азғын сотталды. Қанды оқиға сонау 2002 жылдың қазан айында Ақкөл қаласында болған екен. Ол кезде 37 жаста болған сотталушы көшеде көлік тоқтатып тұрған 29 жастағы келіншекті байқайды. Көлігіне отырғызған соң, ол келіншекті жергілікті стадион маңына алып келіп әбден соққыға жығады. Мұнысы аздай, келіншектің денесін темекімен күйдіріп, азғындықпен зорлаған. Ақыр соңында жәбірленушінің ауызына топырақ пен шырша бүрін (шишка) салып, тұншықтырып өлтіріпті. Ал, мәйітін жақын маңдағы көше дәретханасының тесігіне тастап кетеді.

Келіншектің мәйіті 2002 жылдың 5 қазанында табылған. Марқұмның бойынан биологиялық қалдықтар табылғанымен, қанішерді анықтау мүмкін болмады. Себебі, ол кезде ДНК-лық саралау деңгейі өте төмен болатын.

23 жылдан соң іс қайта қаралып, тиісті сарапталар жасалады. Нәтижесінде, 2025 жылдың 2 қазанында 60 жастағы азғын ұсталған. Міне, араға жарты жыл салып сот үкімі шықты. 61 жасқа толған азғын 22 жылға қамалды. Сондай-ақ, жәбірленуші тарапқа 10 млн. теңге өтемақы төлейтін болды.

❗️83 жасында бостандыққа шығады…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
79😢35👍22😨12😱3🤯2💊2
ABAIBOL🇰🇿
🔞ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ЖАБЫЛЫП, АЯУСЫЗ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН Қостанай. 28 наурыз күні «Береке» ықшамауданында сорақы оқиға орын алды. Бір топ жігіт полиция қызметкерін аяусыз соққыға жыққан. Анықталғандай, сақшы жұмысынан тыс уақытта кішкентай балаларымен серуендеп…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞САҚШЫНЫ АЯУСЫЗ ТЕПКІНІҢ АСТЫНА АЛҒАНДАР КЕШІРІМ СҰРАДЫ

Қостанай. Естеріңізге салсақ, 28 наурыз күні үш мас жігіт бір сақшыны соққыға жығып еді. Жұмысынан тыс уақытта 5 және 7 жастағы балаларымен серуендеп жүрген сақшы аулада бейәдеп «қылықтар» жасап жатқан жігіттерді көреді. Сөйтіп, ескерту жасағанда әлгі «биоқоқыстар» жұдырық ала жүгірген.

Зардап шеккен полиция қызметкері - 39 жастағы Руслан Қазиев. Шабуыл салдарынан ол бас-ми жарақаты мен дене зақымдарын алған. Қазіргі таңда ауруханада жатыр. Жағдайы орташа. Өміріне қауіп жоқ. Ал, әлгі үшеу тергеу аяқталғанша 2 айға қамауға алынды. Желіде олардың кешірім сұраған видеосы жарияланды.

Оқиғаға қатысты «Билік өкіліне күш қолдану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Сақшының өміріне қауіп төндіргендері үшін іс ауыр бапқа ауыстырылды. Демек, жарыместер 15 жылға дейін қамалуы мүмкін.

❗️Изоляторда тегін «массаж процедураларын» алған шығар…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣74👍2825👌3💯2
ABAIBOL🇰🇿
🔞21 ЖАСТАҒЫ БОЙЖЕТКЕННІҢ ӨЛІМІ: ҚОСЫМША ДЕРЕКТЕР Шымкент. 11 қаңтар күні көпқабатты үйдің ауласында қатігездікпен мерт болған 21 жастағы бойжеткеннің жеке басы жайлы деректер жарияданды. Аты-жөні Нұрай Серікбай. Студент. Үш баланың кенжесі. Ата-анасымен бірге…
🔞НҰРАЙ СЕРІКБАЙДЫ АЙУАНДЫҚЕН ӨЛТІРГЕН ҚАНІШЕР «ЖЫНДЫ»?!

Елімізді дүрліктірген қанды оқиға тосын жалғасын тапты. 21 жастағы Нұрай Серікбайды айуандықпен өлтірген 29 жастағы Шерхан Аймахан жазадан жалтарып кетуі мүмкін көрінеді.

Екі рет өткізілген сот-психиатриалық сараптаманың нәтижесінде, қанішердің ақыл-есінің ауытқуы бар екені анықталған. Қазіргі таңда ол Талғар ауданы, Ақтас ауылындағы психиатриалық ауруханада жатыр. Мәжбүрлі емдеуден «беті бері қараса», қылмыстық іс сотқа өтеді.

Естеріңізге салсақ, қанды оқиға 11 қаңтар күні Шымкент қаласында болған еді. Шерхан Аймахан көпқабатты үйдің ауласында Нұрай Серікбайды қуалап пышақтап өлтірген болатын. Сөйтіп, 2 күннен кейін қаладан 10 шақырым қашықтықтағы ауылдардың бірінен құрықталған.

❗️Әлгі Ақтастағы «жындыханада» адамжегіш Николай Жұмағалиев те жатыр…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱8625🤯6😐5🙈2🥰1
▪️ БІШКЕКТІК МАНЬЯК | №218

30 наурыз күні арнамда жаңа деректі фильм шыққан болатын. Алайда, аталмыш күні ютубта әлдебір техникалық ақаулар орын алып, көптеген көрерменге видеоның шыққаны жайлы хабарландыру жетпепті. Кешірім сұраймын! Өткізіп алған болсаңыз, сілтемесі төменде.

➡️ 🎞 Сілтеме: https://youtu.be/e7UfzrVQOQk
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
50👍20👏11
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞ЖҮЙІТКІГЕН КӨЛІК МОПЕДШІЛЕРДІ ҰШЫРЫП ТҮСІРДІ

Талдықорған. 2 сәуірге қараған түні Жансүгіров пен Балпық би көшелерінің қиылысында сұмдық жол апаты болды. Екі адам мінгескен мопедті жоғары жылдамдықпен жүйіткіген «Toyota Camry» қағып түсірді. Салдарынан мопедшілер бірнеше метрге ұшып құлаған.

Зардап шеккен жігіттер 18 жаста екен. Екеуінің де жағдайы ауыр. Біреуінің бассүйегі мен миы жарақаттанып, қолы сынған. Екіншісінің жарақаттары әлдеқайда ауыр - жамбастың ауыр жарақаттары, аяқтары мен омыртқаның сынуы және тағысын тағы. Деректерге сүйенсек, «Toyota Camry» жүргізушісі бағдаршамның қызыл жануына қарамастан өтіп кетпек болыпты. Қылмыстық іс қозғалды.

❗️Балалар мүгедек болып қалатын болды-ау…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱11624😭19😁4🕊4👀4🤔2🔥1🐳1🌚1😨1
🔞16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫ ТАҢҒА ДЕЙІН ЗОРЛАҒАН

Қызылорда. Аталмыш сұмдық оқиға жайлы құқық қорғаушы Ләззат Рақышева хабарлады. 29 жастағы жігіт сыбайласымен бірге 16 жастағы қызды көлігіне күштеп салып, ұрлап кеткен. Сөйтіп, пәтерге апарып таңға дейін азғындық жасапты. Салдарынан жасөспірім қыз жүкті болып қалған. Деректерге сүйенсек, бір ай бұрын босаныпты.

Құқық қорғаушының сөзінше, жас анаға әлгі азғының туыстары тарапынан қысым көрсетіліп жатыр екен. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Ал, күдікті қамаққа алынды.

⚠️ Жаңа дерек: Азғынның сыбайласының үстінен де қылмыстық іс қозғалып, қамауға алыныпты.

❗️Осындай «екі аяқтылардың» ми көлемі қандай екен?

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢14334👍11😍4👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞НӘРЕСТЕСІН 800 МЫҢ ТЕҢГЕГЕ САТПАҚ БОЛҒАН

Павлодар. Әлжеліні шолу барысында сақшылар қисынсыз хабарландыруға тап болған. Босануға таяған келіншек болашақ нәрестесін сатуға қойған екен. Құны 800 мың теңге. Сақшылар сатып алушының кейіпіне еніп, әлгі келіншекпен келіссөздер жүргізеді. Нәтижесінде, «клиентке» 3 күндік нәрестені табыстап, «гонорарын» алған сәтте келіншек құрықталды.

«Жас ана» 23 жаста. Түркістан облысының тумасы екен. Үстінен қылмыстық іс қозғалып, изоляторға тоғытылды.

«Қазіргі таңда жаңа туған қыз бала дәрігерлердің бақылауында. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты тексеріліп, заң аясында тиісті құқықтық баға беріледі», - деді полиция баспасөз қызметі.


❗️Мұндай қылмыстың жазасы ауыр. Мүлкі тәркіленіп, 9 жылға дейін қамалуы мүмкін.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱5644👍6🤣5🤯4🙏3😁2👻1
🔞ТУҒАН ҚЫЗЫН БІРНЕШЕ ЖЫЛ БОЙЫ ЗОРЛАП КЕЛГЕН

Шымкент. Жергілікті сот шешімімен ер адам ауыр жазаға тартылды. Тергеу деректеріне сүйенсек, ер адам туған қызын 11 жасынан бастап зорлап келген. Азғындық 2021 жылдан 2025 жылға дейін жалғасқан екен.

Жасөспірім басынан өтіп жүрген сұмдық жайлы бірнеше жыл бойы тіс жармай келіпті. Бірақ, 15 жасында төзімі таусылып, полицияға жүгінген. Нәтижесінде, 2025 жылдың қараша айында қылмыстық іс қозғалып, ер адам қамаққа алынды. Ал, жәбірленуші кәмелет жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталығына жайғастырылған.

Сот шешімімен, «азғын әкетай» өмір бойына бостандығынан айырылды. Қылмысы толық дәлелденгенімен, сотталушы кінәсін сол күйі мойындаған жоқ.

❗️Ұзынқұлақтарға сенсек, сотталушы зорлағанын мойындамаған. Демек, кішкентай қызы «өз еркімен келісті» деп меңгезен бе?!

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😨11527🤯11😱9👍3👀3👌2🤓2🤣1
▪️ КҮЛГЕ КӨМІЛГЕН БҮЛДІРШІН | №219

Бүгінгі баяндалатын оқиғаның шет-жағасын естуіңіз мүмкін. Себебі, отандық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса хабарлаған болатын. Дей тұрғанымен, аса айуандық қылмыстың құрбаны тым кішкентай болғандықтан, ақпарат мөлшерлі және үстіртін тарады. Бүгінгі деректі фильмде бәрін түп-тұқиянымен баяндамақпын. Қанды оқиға Павлодар облысындағы Бесқауға ауылында болды. Шамамен 450 тұрғыны бар бұл елді-мекен облыс орталығынан шамамен 190 шақырым қашықтықта орналасқан. Халқының бәрі дерлік мал шаруашылығымен айналысады. Тып-тыныш құлазыған ауыл. Алайда, 2023 жылдың қарашасында қаңыраған ауыл сақшылар мен құтқарушыларға лық толды. Бұл 219-шы қылмыстық іс. Павлодар облысы.

➡️ 🎞 Сілтеме: https://youtu.be/tQsgn7gDrpk
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
75🤯19😱16😢7🍾5💔4🔥3❤‍🔥1🥰1
🔞1 СЫНЫП ОҚИТЫН ҚЫЗДЫ МИНИВЭН БАСЫП КЕТТІ

Атырау. 6 сәуір күні Әл-Фараби атындағы «Binom» мектебінің алдында қайғылы оқиға орын алды. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан қызды «Toyota Hiace» минивэн көлігі басып кеткен. Салдарынан бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды.

Деректерге сүйенсек, оқиға таңғы сағат 07:45 шамасында орын алған. Бүлдіршін бірінші сабағына бара жатыпты. 51 жастағы көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

❗️Мектептің маңында «амбалдай» жол белгілері тұрады ғой. Түрмеде шірісін енді…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😭10621🤯15💔8👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞АВТӨЛІКТІҢ БЫТ-ШЫТЫН ШЫҒАРҒАН КІШКЕНТАЙ ВАНДАЛДАР

Астана. Қисынсыз оқиға 1 сәуір күні Қосшығұлұлы көшесіндегі үйдің ауласында болды. Үш жүгермек әлдебір көлікке шүйлігіп, быт-шытын шығарған. Кішкентай вандалдар көліктің алдынғы әйнегіне секіріп және тепкілеп сындырады. Мұнысы аздай, олар көліктің ішіне де кіріп, апай-топайын шығарған.

Тиісті шағым түскен соң, «боқмұрындар» тез арада табылды. Бейнебақылау камераларының арқасында, олардың тағы бір құрбаны анықталған. Үш бұзық көрші ауладағы басқа көлікті сырып тастаған екен.

Әке-шешелеріне ата-аналық міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін айыппұл салынды. Сондай-ақ, көлік иелерінің шығынын өтеулері тиіс.

❗️Үш «Жан-Клод ВандаЛ»…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣129😱3517😁7👍5🤯5😍3❤‍🔥1👏1💊1
🔞МЫСЫҚТЫ ҚҰТҚАРАМЫН ДЕП МЕРТ БОЛДЫ

Павлодар. Қайғылы оқиға 5 сәуір күні Орталық өнеркәсіптік аймағы көшесінде болды. 50 жастағы ер адам биік ағаштан түсе алмай қалған мысықты құтқармақ болған. Алайда, өзі омақасып құлап, ауыр хәлде ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер оның өмірін арашалай алмапты…

❗️Мейірімді жан болыпты, жарықтық… Арты қайырлы болсын!🙏

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯111🕊5738😭24💔14😱6🙏5
📹 Ютуб арнамның статистикасын шолып шықтым. Сөйтсе, көрерменнің 78 пайызы – Қазақстандықтар. Ал, 7 пайызы – Өзбекстан мен Қарақалпақстандық бауырлар. 3 пайызы – Қырғыз ағайындар екен.

⚡️ Телеграм арнаның статистикасы оқырманның тұрғылықты өлкесін көрсетпейді екен…

Осы орайда сіздерге сұрақ туындап отыр. Қай қаладан немесе ауылдансыз? Көршілес елден болсаңыз, оны да жаза кетіңіз. Өте қызық…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
107👍49👏9🍾5👀3💋1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔞АВТОКӨЛІКПЕН СОҚТЫҒЫСҚАН 7 ЖАСАР «ШАБАНДОЗ»

Тараз. 4 сәуір күні «ерекше» жол-көлік оқиғасы орын алды. Шауып келе жатқан ат «Тойота» көлігінің артқы бөлігіне соқтығысады. Салдарынан 7 жастағы «шабандоз» бала мен аты бірнеше метрге дейін ұшып түскен. Ат оқиға орнында арам өлді. Ал, баланың бір иығы сынып, ауруханаға түсті.

Куәгерлердің сөзінше, ат әлденеден қорқып кетіп, кенеттен шауып кеткен көрінеді. Ата-аналық міндетін дұрыс атқармағаны үшін «шабандоздың» әке-шешесіне айыппұл салынды.

❗️Баланың көретін күні бар екен. Баспен «қадалғанда» тіл тартпай кетер еді…

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯77😭1915👍8😱6🤷‍♂1😍1