Ассалаумағалейкум, есімім Мағжан, экс-фельдшермін. Қазір — Penalty.kz сайтында спорт журналисі және редакторымын.
Бұл парақшада спорттағы медициналық тақырыптарды түсінікті тілмен талдайтын боламын. Яғни, көп жағдайда біздер спортшылар жарақат алғанын оқып, естіп, көріп келеміз.
Бірақ, ол қандай жарақат екенін, немен байланысты екенін, қаншама уақытта жазылатынын толыққанды білмей жатамыз. Менің мақсатым, сіздерге осындай осындай сәттерді, осындай ақпаратты барынша түсінікті, қарапайым тілмен жеткізу.
Тағы да қоса кететін жайт: тематика тек жарақаттарды ауқымайды. Жалпы, спорт пен медицинаға қатысты, зиянды іс әрекеттерге қатысты қызықты ақпараттарды да осы блогтан оқи аласыздар.
P.s. барлық ақпарат пен мәлімет сенімді дереккөздерге сүйене отыра айтылады.

Penalty.kz — Қазақстан спорт жаңалықтары: Футбол, UFC, бокс
Қазақстан мен әлем спортының соңғы жаңалықтары. Футбол, бокс, UFC, хоккей және теннис әлеміндегі ең маңызды оқиғалар, матчтар мен жекпе-жектер туралы ақпарат
Қазақстан клубтары жекеге өткеннен кейін трансферлік кезеңде BOOOOOM жасап жатыр. Әйгілі "Челси" сапында АПЛ чемпионы атанған, біраз жыл Англия алаңдарын тоздырған Виктор Мозес енді қызылордалық "Қайсардың" намысын қорғайтын болды. Ендеше менің алғашқы материалым дәл осы нигериялық желаяқ футболшы туралы болмақ.
Виктор Мозес – жылдамдық пен физикаға сүйенетін футболшы. Оның ойыны әрдайым жоғары қарқынмен, флангтағы үздіксіз қозғалыспен ерекшеленді. Бірақ дәл осы стиль оның мансабындағы ең үлкен проблемасына айналды – жарақаттар.
Жалпы мансабында Мозес түрлі деңгейдегі жарақаттар алған екен. Алайда ең ауыр әрі негізгі травмасы – ахилл сіңірінің жарақаты болды. Ахилл сіңірі балтыр бұлшықеттерін өкшемен байланыстырады және футболда спринт, секіру, бағытты күрт өзгерту кезінде негізгі рөл атқарады (үшінші суретте). Сондықтан бұл сіңірдің жарақаты футболшы үшін ең қауіпті диагноздардың бірі саналады.
2022 жылдың тамызынан 2023 жылдың наурызына дейін Мозес ахилл жарақатына байланысты жеті айдан астам уақыт алаңға шықпады. Мұндай жарақат әдетте 5–7 айда жазылады, алайда толық қалпына келу әрдайым мүмкін бола бермейді. Көп жағдайда футболшы бұрынғы жойқын жылдамдығын жоғалтып, басқа бұлшықеттерге артық салмақ түсіреді.
Ахилл жарақатынан кейін Мозестің бұлшықет, сан, балтыр, тізе және бел аймағындағы проблемалары жиілей түсті. Бұл – ағзаның үлкен тапсырмаларды бұрынғыдай көтере алмай қалғанының айқын белгісі.
Жарақаттарға жиі жолығудың бірнеше себебі бар: жас ұлғаюы, жоғары қарқынға негізделген ойын стилі, бұрынғы ауыр жарақаттардың салдары және жасанды алаң факторы.
Осы жерге тоқталып кетейік. Қызылордада салынған су жаңа стадионның алаңы өкінішке орай жасанды (төртінші суретте).
Жасанды газонда аяқ пен жер арасындағы қарсылық жоғары болып, буын мен сіңірге, әсіресе ахилл мен балтырға түсетін жүктеме артады.
Сондықтан бірнеше тур қатарынан жасанды алаңда ойнағаннан кейін Мозестің қайта жарақат алып, алаңға шықпай қалуы әбден мүмкін.
Sport24.kz ақпаратына сүйенсек, Виктор жаңа клубта айына 8 миллион теңге, жылға шаққанда шамамен 160 мың АҚШ доллары көлеміндегі жалақы алады екен. Негізі ҚПЛ деңгейіне өте үлкен жалақы емес. Бірақ, алғашқы үш-төрт тур ойнап, одан кейін медицина қызметкерлерінің жұмысын көбейтетін 35-жастағы легионер дәл қазір "Қайсар" клубына қажет па?
Әрине, пиар жағынан, болашаққа деген амбицияны көрсету жағынан өте қызықты трансфер. Бірақ, клубқа нәтижелі пайда әкелуі екі талай.

Енді осы жарақаттарды ескере отыра (екінші сурет) мені (жалпы футболды түсінетін қазақ жанкүйерін) негізгі сұрақ мазалап отыр.
Жарақат тарихы ауыр, жылдамдыққа тәуелді футболшыны жасанды алаңда толық жүктемемен пайдалану – қаншалықты дұрыс шешім?
Sport24.kz ақпаратына сүйенсек, Виктор жаңа клубта айына 8 миллион теңге, жылға шаққанда шамамен 160 мың АҚШ доллары көлеміндегі жалақы алады екен. Негізі ҚПЛ деңгейіне өте үлкен жалақы емес. Бірақ, алғашқы үш-төрт тур ойнап, одан кейін медицина қызметкерлерінің жұмысын көбейтетін 35-жастағы легионер дәл қазір "Қайсар" клубына қажет па?
Әрине, пиар жағынан, болашаққа деген амбицияны көрсету жағынан өте қызықты трансфер. Бірақ, клубқа нәтижелі пайда әкелуі екі талай.
🔥3
Әр залдың, әр стадионның жанында бір “кішкентай рәсім” пайда болды: жаттығуға кірмей тұрып банканы тарс еткізіп ашып, бір жұтып алу. Құдды бір батырлық сияқты. Әсіресе жас спортшыларда:
Маркетинг соны әдемі қылып миға құйып қойды: “қанат бітеді”, “фокус”, “drive”, “режим” деп те жарнама жасап жатады.
Бірақ шындық басқа. Энергетик – қуат емес. Ол уақытша қамшы. Қамшының да өз ақысы болады: біреуде ұйқы кетеді, біреуде жүрек атқақтап кетеді, біреуде асқазан “күйіп” тұрады. Ал ең жаманы – адам соған үйреніп, өз табиғи күйін ұмыта бастайды.
Энергетиктің “сиқыры” неде?
Қарапайым тілмен айтқанда, оның ішіндегі негізгі қоздырғыш – кофеин. Кофеин миға “ұйқы келтіретін тежегішке” қарсы жұмыс істеп, шаршауды уақытша сездірмей тастайды. Сол үшін адам өзін сергек сезінеді. Бірақ ағзаң шаршауды сезбегенімен, шаршау жоғалып кетпейді – ол кейін екі есе болып қайтады.
Ал көп банкіде кофеин жалғыз "сыйлық" емес.
Кофеинге қосылып:
қант (немесе тәттілендіргіштер)
– тез “подъем” береді, бірақ кейін “құлдырауы” да болады;
қышқылдар, газ – ішкенде тамақты “шымырлатып”, “сергітетіндей” эффект береді, бірақ асқазанға ауыр тиюі мүмкін;
таурин – энергетиктің ең көп айтылатын компоненті.
Міне, таурин туралы да “қорқынышты” сөз көп. Шын мәнінде, таурин – ағзада болатын зат, бірақ энергетикте ол әдейі қосылады, мөлшеріде көп. Тауринді бір ғана “жау” қылып көрсету дұрыс емес: мәселе көбіне “тауриннің өзі” емес, жалпы қоспаның әсерінде – кофеин, тәтті, қышқыл, және бәрі қосылып беретін “жедел стимулда”.
Енді спортшыға ең маңызды жағына келейік. Энергетик ішкен кезде жүрекке не болады?
Сен ауыр жаттығуда онсыз да жүректі “газға басып” тұрсың: пульс жоғары, қысым ойнайды, терлейсің, су кетеді. Осы кезде кофеин қосылса, жүрек одан бетер нагрузкаға ұшырайды. Сондай сәтте "мә , чё то жүрегім дүрсілдеп тұр" дей салады көбісі. Бірақ кей адамда (әсіресе жасырын жүрек проблемасы бар, яғни өзі білмейтін) бұл аритмияға дейін апаруы ықтимал.
Бұған "давлениені" қос, қазақша айтқанда, қан қысымының жоғарылауы да дәл осы сәтте "ассалаумағалейкум" деп онсызда қиналып жүрген ағзаға кері әсерін тигізеді.
Сондықтан энергетикпен “күш” іздеу – рулетка сияқты: бүгін ештеңе болмауы мүмкін, ертең ағза басқа күйде болады (ұйқысырау, су аз, стресс көп), сол кезде соққы қаттырақ тиюі мүмкін.
Тағы бір қақпан – тәуелділікке ұқсайтын әдет. Дәл сол темекі шегу секілді бұл да. Энергетикті жиі ішкен адамда “онсыз жүрмеймін” деген жағдай пайда болады.
Кейде көшеде кетіп бара жатып, әсіресе жазды күндері, жап-жас жасөспірімдердің қолында бір банка энергетик ұстап жүруі кәдімгі атрибутикаға айналды.
Бұл “мінез” ғана емес: ағза кофеинге үйренеді. Басында бір банка жеткілікті болса, кейін екеуге көбейеді, кейде күні бойы созылады. (Өмірден өткен мысал: жақын таныс жігіт күніне осы "ғажайып" сусынның 3-4 банкасын ішпесе, басы ауырады кәдімгідей.) Бір күн ішпей қойсаң – әлсіздік, ашушаңдық, көңілдің құлазығаны келеді. Сосын адам “міне, энергетик керек екен” деп тағы алады. Осылайша шеңбер ашылып, тұйықтала бастайды (замкнутый круг, дүбәрә тілмен айтқанда Ермаш ағамыз ұқсап).
Асқазан мәселесін де көп спортшы елемейді. “Ішім ашып тұр, бірақ жаттығу керек” дейді. Ал энергетиктің қышқылдығы, газдылығы, оның үстіне кофеин – бәрі қосылып асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін. Әсіресе ашқарынға ішсең: тамақ “күйіп”, қыжыл келіп, кейін гастрит сияқты проблемаларға жол ашады бұл шырын. Тіпті “бәрі жақсы” деп жүргеннің өзінде, ағза ұзаққа бармай, бір күні белгі береді.
“энергетик ішсем – қуатым қосылады, мықтырақ жаттығам, шаршамаймын” деген сенім бар.

Кофеин жүрек ырғағын жиілетіп, кей адамдарда ритм бұзылыстарын қоздыруы мүмкін (әсіресе жасырын генетикалық жүрек аурулары болғанда). 2024 жылы Mayo Clinic тәжірибесіне сүйенген зерттеу/талдауларда энергия сусындары генетикалық жүрек ауруы бар адамдарда кенет жүрек тоқтауына жақын уақытта тұтыну факторы ретінде қарастырылғаны айтылды.
Бұған "давлениені" қос, қазақша айтқанда, қан қысымының жоғарылауы да дәл осы сәтте "ассалаумағалейкум" деп онсызда қиналып жүрген ағзаға кері әсерін тигізеді.
Сондықтан энергетикпен “күш” іздеу – рулетка сияқты: бүгін ештеңе болмауы мүмкін, ертең ағза басқа күйде болады (ұйқысырау, су аз, стресс көп), сол кезде соққы қаттырақ тиюі мүмкін.
Тағы бір қақпан – тәуелділікке ұқсайтын әдет. Дәл сол темекі шегу секілді бұл да. Энергетикті жиі ішкен адамда “онсыз жүрмеймін” деген жағдай пайда болады.
Кейде көшеде кетіп бара жатып, әсіресе жазды күндері, жап-жас жасөспірімдердің қолында бір банка энергетик ұстап жүруі кәдімгі атрибутикаға айналды.
Бұл “мінез” ғана емес: ағза кофеинге үйренеді. Басында бір банка жеткілікті болса, кейін екеуге көбейеді, кейде күні бойы созылады. (Өмірден өткен мысал: жақын таныс жігіт күніне осы "ғажайып" сусынның 3-4 банкасын ішпесе, басы ауырады кәдімгідей.) Бір күн ішпей қойсаң – әлсіздік, ашушаңдық, көңілдің құлазығаны келеді. Сосын адам “міне, энергетик керек екен” деп тағы алады. Осылайша шеңбер ашылып, тұйықтала бастайды (замкнутый круг, дүбәрә тілмен айтқанда Ермаш ағамыз ұқсап).
Асқазан мәселесін де көп спортшы елемейді. “Ішім ашып тұр, бірақ жаттығу керек” дейді. Ал энергетиктің қышқылдығы, газдылығы, оның үстіне кофеин – бәрі қосылып асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін. Әсіресе ашқарынға ішсең: тамақ “күйіп”, қыжыл келіп, кейін гастрит сияқты проблемаларға жол ашады бұл шырын. Тіпті “бәрі жақсы” деп жүргеннің өзінде, ағза ұзаққа бармай, бір күні белгі береді.
👍2
Ал енді “әлемдік статистика” деген тақырыпқа шынайы қарайық. 2024–2025 жылдары әлемде кофеині өте жоғары сусындар төңірегінде дау көп болды: кей кейстерде адамдардың өліміне байланысты сот істері қозғалып, компаниялар өнімін алып тастаған жағдайлар да кездесті. Бірақ маңыздысы: әлем бойынша “энергетиктен дәл пәлен адам өлді” деп айта салатын бір ортақ, бәріне бірдей ресми есеп жоқ. Себебі өлімнің себебі көбіне бір ғана нәрсе болмайды: жүректегі жасырын мәселе, дозаның артып кетуі, алкоголь/дәрі-дәрмекпен қабаттасу, сусыздану, қатты жүктеме – бәрі қосылып кетеді. Дегенмен осы дау-дамайдың өзі бір нәрсені көрсетеді: мәселе жай ғана “сусын” емес, ол – дұрыс қолданылмаса, қауіпті факторға айналатын стимулятор.
АҚШ-та Panera Bread компаниясының “Charged Sips/Charged Lemonade” сусындары кемінде екі өлімге байланысты сот талаптарында аталды, соның нәтижесінде компания бұл өнімдерді тоқтататынын жариялады. Бұл туралы AP және The Guardian жазды.
2024–2025 кезеңінде бұл іс соттарда, медиада жалғасып, компанияның даулы өнімді нарықтан алып тастауы “кофеин мөлшері жоғары сусындардың” нақты қауіп екенін тағы еске салды.
Елімізде де энергетиктің "арқасында" қаншама жас спортшыларымыз уақытынан бұрын мансабын аяқтап жатқаны қаншама. Тіпті, жүрегі тоқтап қалып, дәл жасыл алаңда да көз жұмған спортшыларымыз бар. Қайсы бірін айта бересің, және қайтқан кілісердің есімдерін де осындай тақырыпта қозғағым келмейді. Өздеріңіз де білетін шығарсыздар.
Осы әңгімені түйіндей келе, энергетикке ең дұрыс көзқарас қандай?
Оны “спорттың бір бөлігі” деп қабылдау қате түсінік. Ал ең мықты “энергетик” әлі де баяғы үштік: ұйқы, су, тамақ. Осы үшеуі орнына келмей, банкамен қуат іздеу – өзіңді өзің алдау.

👍3
Келесі материалды қандай тақырыпта жазамын деген кезде, ойға алғашқы болып ағылшындық "Тоттенхэм" еске түсті. "Залечь на дно в Брюгге" фильмінде айтылған дәл осы лондондық клуб бірнеше жыл қатарынан жарақат салдарынан BIG SIX атауынан тек стереотип болып қалды. Соңғы жылдары команда тұрақты түрде төменгі ондықтан орын алып жүр.
Басты себеп – жарақаттардың көп болуы.
"Тоттенхэм" жанкүйерлері үшін соңғы маусымдардағы ең таныс көріністің бірі – таблодағы есептен бөлек, емделіп жатқан ойыншылардың құрамы. 2026 жылдың қаңтарында клубтың экс-бас бапкері Томас Франк бұл жағдайды эмоциямен жеткізіп:
Сол сәтте-ақ ағылшын баспасөзі нақты сандарды алға тартты: маусым басынан бері командада 21 жарақат тіркеліп, Тоттенхэм ойыншылары бәрін қосқанда 625 күн жоғалтқан (яғни ойыншылар жарақат салдарынан 625 күн бойы қолжетімсіз болған).
Бұл мақалада эмоцияға емес, дерекке сүйеніп сөйлеймін: Биікке де жете алмаған, бірақ "нәжісте" болмаған "Тоттенхэмнің" жарақат дағдарысы қандай статистикамен өлшенеді, неліктен бір ойыншы бірнеше рет есепке кіріп кетеді, неге дәл hamstring (санның артқы бұлшық етінің созылуы) жиі аталады, және осының бәріне агрессивті ойын стилі мен тығыз күнтізбе қалай әсер етеді, алда бірге білеміз.
Англиядағы көптеген материалдар Premier Injuries базасына сүйеніп, клубтардың жарақат ауыртпалығын екі негізгі өлшеммен береді:
Injury cases (time-loss injuries) – кем дегенде бір ресми матчты өткізуге мәжбүр еткен жеке жарақат оқиғалары;
Player-days lost – ойыншылардың жарақатқа байланысты жалпы қолжетімсіз болған күндері.
Маңыздысы – injury case дегенде бір ойыншы бір маусымда бірнеше рет жарақат алса, ол бірнеше «кейс» болып санала береді. Яғни бұл көрсеткіш «қанша адам жарақат алғанынан» гөрі, «жарақат оқиғалары қанша рет қайталанды, команда қанша рет ойыншылар құрамынан айырылды?» дегенге жақынырақ.
"Тоттенхэмнің" соңғы маусымдардағы негізгі сандары:
2022/23 (Антонио Конте кезеңі): «жоғалған күн» көп
Spurs Web материалында (Daily Mail дерегіне сүйеніп):
маусым ішінде 35 ойыншы кем дегенде бір рет қолжетімсіз болған;
жарақат салдарынан 132 матч (games missed) өткізіп алған;
жалпы 1 085 күн жоғалтқан.
Осы жерде авторлар мәселені тек «сәтсіздік» деп емес, Конте кезіндегі жоғары энергиялы футбол, кей ойыншылардың асығыс алаңға қайтарылуы секілді факторлармен байланыстырып түсіндіреді.
2023/24 (Анге Постекоглу): жарақат «оқиғалары» көп, ойыншылар саны да масқара.
Spurs Web дерегінде 2023/24 маусымына қатысты:
бірінші командада 37 жарақат оқиғасы тіркелген;
22 ойыншы жарақат алған;
1 000 минутқа шаққанда 7.8 жарақат көрсеткіші келтірілген (өте жоғары сандар жарақатқа шаққанда).
2024/25 (Постекоглу): ең қиын кезең — 1 553 күн және жарақат алған ойыншы саны 41 😳.
Осы екі санды бірге оқығанда, 2024/25 маусымында "Тоттенхэм" үшін үлкен жарақат трагедиясының орташа «ауырлығы» шамамен !38! күн (1 553 / 41) екен. Бұл – «бір аптаға шығып қалу» емес, құрам тұрақтылығын бұзатын ұзақ үзілістер көп болғанын аңғартады.
2025/26 (Томас Франк): жарақат саны азайды( шамасы бапкердің ойын стиліне байланысты), бірақ мәселе ешқайда кеткен жоқ.
The Guardian дерегінше, 2025/26 маусымында 22 ойыннан кейін "Қораздарда" 20 жарақат және 625 күн жоғалту көрсеткіші тіркелген. Ал өткен маусымның дәл осы кезеңінде бұл көрсеткіштер 25 жарақат және 707 күн болған.
Бұл – салыстырмалы түрде «жақсарды» деуге болатын белгі. Бірақ 625 күннің өзі әрине аз емес: команда әлі де ойыншыларын жарақат салдарынан көп жоғалтуда.
Сіңір/бұлшықет тартылыпып қалу жарақаты – ең жиі кездесетін травма.
"Тоттенхэм" ғана емес, жалпы Премьер-лигаға тән ең ауыр және жиік кездесетін тренд – сіңір және бұлшықет жарақаттарының көбейіп, ұзаққа созылуы.
The Guardian Premier Injuries базасына сүйеніп, 2024/25 маусымында тіркелген 714 жарақаттың 199-ы бұлшықет тартылып қалуы екенін жазады – бұл 28% шамасындағы көрсеткіш. Ең маңыздысы: сол бұлшықет жарақаттарының 79-ы ойыншылардың алаңнан тыс 30 күннен артық үзіліске кетуіне итермелеген.
Бұл «болмашы тартылып қалу» емес. Бұл – команданың айлап негізгі ойыншыларын жоғалтуы.

«Біз қарғысқа ұшыраған сияқтымыз» деді.

Ал ғылыми зерттеу жағы да осыны нығайтады: UEFA Elite Club Injury Study негізіндегі Br J Sports Med мақаласында бұлшықеьжарақаттарының үлесі ұзақ мерзімде 12%-дан 24%-ға дейін өсіп, екі есеге жуықтағаны айтылады.
"Тоттенхэмнің" жарақаттардан көз ашпау салдары неде?
Жарақат ешқашан бір ғана фактордан болмайды. "Тоттенхэмнің" мысалында төрт себеп айқын көрінеді.
1) Агрессивті стиль: прессинг + жоғары линия + допты қайтару спринті.
Жоғары линиямен ойнайтын команда қарсыласқа бір паспен арқаға тастап кетуге мүмкіндік берсе, қорғаушыға бірден 30–40 метрге жедел спринт қажет. The Guardian дәл осындай жағдайлар бұлшықет жарақатының тәуекелін арттыратынын түсіндіреді.
Яғни агрессивті стильдің қымбат бағасы бар: ол ойынға қарқын береді, бірақ бұлшықетке түсетін қысымды да өсіреді.
2) Тығыз күнтізбе: ойыншылар қалпына келуге уақыт жетпейді.
Sky Sports материалында да клубтардың жарақаты мен кесте тығыздығы тақырыбы біраз айтылды: матчтардың жиілеуі ойыншыларға түсетін жүктемені күшейтеді, яғни қарапайым демалысқа уақыт жетпей қалатын кездер болады.
Ал Sports Medicine журналындағы жүйелі шолуда <4 күн демалыстпен өтетін тығыз матч кезеңдерінде жарақат қаупі 70% құрайтынын жариялады.
Қарапайым тілге аударсақ: «ойын → қалпына келу → қайта ойын» циклі тым жиі қайталанса, дене шаршауды өзіне жинай береді.
3) Ротацияның қысқаруы: минут «белгілі бір топтың» басына үйіледі.
Жарақат көбейген сайын бапкердің ротация жасау мүмкіндігі азаяды, ал қалған негізгі ойыншыларға минут артады. Минут артқан жерде тәуекел де артады. Яғни бір ойыншы жақсы ойнаса да, жаман ойнаса да, бапкердің оны келесі ойынға шығармасына амалы қалмайды, себебі оны алмастыратын ойыншы жоқ 🤷🏻♂️
4) Амалсыз ерте оралу және рецидив: жазылу мен «толық дайындық» бірдей емес.
Жарақаттың ең қиын тұсы – рецидив. Елестетіңіз: бір ойыншы қайтып келді, бір-екі матч ойнады, қайтадан сол бұрыңғы жарақат орнын ұстап қалды – көрермен үшін бұл «қарғыс» сияқты. Бірақ медицинада бұл көбіне «ерте оралу» немесе «артылған жүктемені дұрыс орындамау» сияқты факторлармен түсіндіріледі.
Мысалға, Ван де Веннің бұлшықет проблемасын және оның белгілі бір матчқа асығыс қайтарылып, кейін қайтадан ойынды аяқтай алмай қалған матчтарынан тарих жазуға болатын шығар.
Ең ауыр кезең қай бапкер тұсында болды?
«Кінәлі бапкер» деп бір адамға жауып қою оңай, бірақ әділетсіз. Дегенмен жария деректерге сүйенсек, ең ауыр кезеңдер әртүрлі бапкерлердің тұсына келіп отыр:
Антонио Конте (2022/23): 1 085 күн жоғалту, ойыншылардың 132 ойынға қатыса алмауы, 35 ойыншы қолжетімсіз болған кезең.
Анге Постекоглу (2023/24): 37 күн, 22 ойыншы.
Анге Постекоглу (2024/25): 1 553 жоғалтқан күн және 41 жарақат – ең ауыр «сандық факт» осы маусымда.
Томас Франк (2025/26): 22 ойыннан кейін 19 жарақат/625 күн; өткен маусыммен салыстырғанда төмендеу бар әрине.
Қорытындылай келе: "Тоттенхэмнің" мәселесі "сәтсіздік";қана емес, жүйелік тәуекел. Барлығы италиялық маманнан кейін басталды (естеріңізде болса, Сон Хын Мин Кореядағы оқу-жаттығу жиындарында қатты шаршағаны сонша, тіпті құсқан болатын).
Футболдың қазіргі шындығы бір нәрсені түсіндіреді: агрессивті стиль мен тығыз күнтізбе қатар келсе, ең қымбат ресурс – талант емес, қолжетімділік және физикалық қабілет.
"Тоттенхэм" осы қиындықтың негізгі символына айналды.

Бірақ, бұл тек лондондық клубқа ғана қатысты мәселе емес. Ойындардың көбейуі, үзілістің азайуы, УЕФА және ФИФА-ның бос күнтізбеге табысты көбейту мақсатында ешкімге қажет емес турнирлерді шығарып, көбейтуі – барлық клубтарға кері әсерін тигізуде.Ал лига масштабында бұлышқет жарақатының өзі жалпы травманың шамамен төрттен біріне жетіп, жиі жағдайда 30 күннен ұзақ үзіліске әкеліп отыр.