SARAPSHY.INFO - сараптама мен талдау
177 subscribers
629 photos
33 videos
1.31K links
Сараптама мен талдау материалдарын жариялайтын ақпарат агенттігі

📢 Егер сізді толғандыратын шұғыл, өзекті немесе көкейтесті мәселе болса, бізбен байланыса аласыз.

Редакциямыз әрдайым қоғам үшін маңызды тақырыптарды көтеруге дайын.
📞 87051778070
Download Telegram
Құрамында зиян бояғыштар бар шайлар сатылымнан алынды

Қазақстанда бірқатар қара шай маркаларын әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты елде бірқатар шай түрлерін сатуға тыйым салынды. Олардың қатарында «Апамның шәйі Premium gold», Al-Hayat Golg, «БАЛҚИЯ Premium Gold», Sultan Suleyman, Pakistan tea, Aje Onim, Al-Jannat Premium, Alfarah және өзге де маркалар бар.

Мақаланы оқу

t.me/SarapshyInfo
Қазақстан шенеуніктерінің қанша табыс тапқаны белгілі болды

Премьер-министрдің орынбасары және ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен оның жұбайы Сания Садықованың 2024 жылғы жиынтық табысы 88,7 млн теңгені құраған, оның барлығы бағалы қағаздар нарығындағы инвестициядан түскен.

Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың жұбайы 69,6 млн теңге, қаржы вице-министрі Асет Тұрысовтың әйелі 6,8 млн теңге, қорғаныс вице-министрі Қаныш Абубакировтың жұбайы 34 млн теңге табыс тапқан.
Қазақстанның Эстониядағы елшісі, әр жылдары БҚО және Астана әкімі қызметін атқарған Алтай Көлгіновтің жұбайының табысы 16,9 млн теңгені құраған.

Толығырақ

t.me/SarapshyInfo
Жамбылда сарбаздың қазасына байланысты қылмыстық іс қозғалды

2026 жылдың 6 қаңтарында әскерде қызмет ететін азаматтың жүрегі тоқтаған. Дәрігерлер көрсеткен жедел медициналық көмекке қарамастан, ер адам ауруханада көз жұмған. Оған «лейкоз» диагнозы қойылды.

Оқиғаға байланысты әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Мақаланы оқу

t.me/SarapshyInfo
Қазақстанда мыңнан астам жүргізуші куәлігінің күші жойылды

Қазақстанда денсаулық жағдайына байланысты көлік айдай алмайтын азаматтардың жүргізуші куәліктері күшін жоя бастады.

Ішкі істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі өз дерекқорларын салыстырып, диспансерлік есепте тұрған шамамен 370 мың адамды тексерген.

Толығырақ

t.me/SarapshyInfo
Министрлік сиыр еті экспортына неге шектеу қойылғанын түсіндірді

Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қатысты квоталардың 2026 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылу себебі белгілі болды.

Квота мөлшері мал бордақылау алаңдарының қуатына байланысты белгіленеді. Министрлік өкілдері кейбір компаниялардың малды бордақыламай, тек қайта сату арқылы экспортқа шығаратынын атап өтті.

Толық мақала

t.me/SarapshyInfo
Қазақстан халқының 15%-ы кедей өмір сүреді — Дүниежүзілік банк

Дүниежүзілік банк Қазақстан халқының 15%-ы кедей өмір сүретінін мәлімдеді. Ұйым әдістемесіне сәйкес, елдегі кедейлік шегі бір адамға күніне 8,3 долларды құрайды.

Halyk Finance деректеріне сәйкес, 2025 жылдың үшінші тоқсанында халықтың нақты табысы 3,4%-ға төмендеген. Сол кезеңде азық-түлікке кететін шығындар мен несие төлемдері азаматтардың табысының шамамен 60%-ын құраған. Ал 2025 жылы Қазақстандағы модальды жалақы 116 059 теңгені құрады.

Толығырақ оқу үшін сілтемені басыңыз

t.me/SarapshyInfo
Атырауда жоғалған отбасының өліміне күдіктілер туралы ақпарат пайда болды

Атырау облысының Қызылқоға ауданында жоғалған ерлі-зайыптының денесі табылды. Жангелдин ауылындағы ес-түссіз кеткен отбасыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Ауыл тұрғындары Мұқанғалиевтер әулетін ешкімге зияны жоқ екенін айтады.

Толығырақ

t.me/SarapshyInfo
Қазақстандағы барлық АЭС мемлекет қарауына өтті

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы енді «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясына иелік етпейді.

2025 жылдың 30 желтоқсанынан бастап «Қазақстандық атом электр станциялары» мемлекетке қайтарылды. Келісімге Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қол қойды.

Мақаланы оқу

t.me/SarapshyInfo
БҚО-да жеті колледж сенімгерлік басқаруға беріледі

БҚО-да жеті колледж сенімгерлік басқаруға беріледі. Осыған байланысты заңгер Бауыржан Зәки облыс әкімдігі осыған байланысты қоғамдық тыңдалым өткізілген жоқ деп мәлімдеді.

2025 жылдың 24 қазаны күні премьер-министр Олжас Бектенов «Квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» №894 қаулысын қабылдаған. Осы қаулыға сәйкес кейбір нысандар жеке кәсіпкерлер немесе компаниялар иелігіне өтеді.

БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Зәки  колледж оқытушылары мен студенттері білім мекемелерінің сенімгерлік басқаруға берілуіне қарсы екені туралы хат жазғанын хабарлады.

Толығырақ мақаладан оқыңыз

t.me/SarapshyInfo
Жемқорлық дауы: Құлыбаевтың Британ ханзадасынан сатып алған үйі күдікке ілінді

Қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевтың 2007 жылы Ұлыбритания ханзадасы Эндрю Маунтбеттен-Виндзордан 15 млн фунт стерлингке сатып алған резиденциясы дау тудырды. Құлыбаев аталған қаражатты коррупцияға қатысы бар компания арқылы өндірген.

Тергеу деректеріне сүйенсек, 2007 жылы Тимур Құлыбаев Беркшир графтығындағы Sunninghill Park резиденциясын сатып алған. Бұл үшін ол Enviro Pacific Investments компаниясынан қарызға ақша алған.

Толығырақ

t.me/SarapshyInfo
Елде заңсыз лотерея өткізгендерге 50 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанда заңсыз ұтыс ойындарын өткізген азаматтарға 50 млн теңгеге жуық айыппұл тағайындалды.

Комитет мәліметінше, жауапкершілікке 121 адам тартылып, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 49,9 млн теңгені құраған.

Мақаланы оқу

t.me/SarapshyInfo
Шымкенттің экс-әкімі Samruk-Kazyna Сonstruction менеджері қызметіне кірісті

Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахимов Samruk-Kazyna Construction компаниясының басқарма төрағасының орынбасары қызметіне кірісті.

Әбдірахимов бұл лауазымға 2025 жылдың 29 желтоқсанынан бастап тағайындалған.

Толығырақ

t.me/SarapshyInfo
БҚО-да 100 млн теңге пара алған кірістер департаментінің басқарма басшысы ұсталды

Батыс Қазақстан облысында заңсыз импортқа жол берген Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Дамир Рахымбеков қамауға алынды. Тергеу барысында күдіктінің 100 млн теңгеден астам пара алынғаны анықталды.

Мақаланы оқыңыз

t.me/SarapshyInfo
Ресей теміржолдарының Петропавлдағы бөлімшесіне айыппұл салынды

Вагон салмағын өлшеу кезінде бағаны қымбаттатқан Петропавлдағы жол бөлімшесіне айыппұл салынды.

Сот шешімімен филиалға 1,88 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 7,3 млн теңге көлемінде монополиялық кіріс тәркіленді.

Толығырақ

t.me/SarapshyInfo
«Cабақ түсінбейтін, қосымша сабаққа тәуелді ұрпақ өсіп келеді»

Қазіргі репетиторлардың дәурені министрлік жүргізген реформалардың жемісі. Жүйесіздік пен шалағайлық білім саласын осындай жағдайға жеткізді. Біресе біреуге, біресе екіншіге еліктеп, білім жүйесін сынақ алаңына айналдырдық. Нәтижесінде мектепте сабақ түсінбейтін, қосымша сабаққа тәуелді ұрпақ өсіп келеді.

Біз шетелдің өнімін пайдаланғанды жақсы көреміз, бірақ олардың өмір сүру стандарттарын қабылдауға құлықсызбыз…

Мақаланы оқу үшін сілтемені басыңыз

t.me/SarapshyInfo
👏3
Ақтауда суды сүзгіден өткізу жобаларының 50%-ы аяқталды

Ақтау қаласында ауыз су және кәріз жүйелерін жөндеу жұмысы жүргізілуде.

Қаладағы сумен жабдықтау желілерін жаңарту жұмыстарының бірінші кезеңі аясында жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын 18 жоба атқарылып, желілердің тозу деңгейі 11%-ға төмендеді.

Толығырақ

t.me/SarapshyInfo
Оралда сатушыны тапаншамен қорқытқан ер адам ұсталды

12 қаңтардан 13 қаңтарға қараған түні Орал қаласындағы жанармай құю бекетінде тапанша қолданып, сатушыға күш көрсетпек болған азамат қамауға алынды.

Мақаланы оқу

t.me/SarapshyInfo
БҚО-да бірнеше ауданда ауыз су сапасы талапқа сай емес екені анықталды

Өңірдің орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінде санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 4163 сынама зерттеліп, оның 210-ы талапқа сай келмейтіні анықталды. Сәйкессіздіктер Ақжайық, Жангала, Жәнібек, Бәйтерек, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау аудандарында тіркелген.

Ал микробиологиялық көрсеткіштер бойынша Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласында алынған 4273 сынаманың 179-ы нормаға сәйкес келмейді.

Толығырақ

t.me/SarapshyInfo
Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлер шабуылға ұшырады

13 қаңтарда Қара теңіздегі Қазақстан мұнайын тасымалдауға арналған екі танкерге дрон зақым келтірді.

Каспий құбыр консорциумы маңында шабуылға ұшыраған танкерлер шабуыл кезінде бос болған. Мальта туымен жүрген Matilda танкері Қарашығанақ кен орнынан келетін мұнайды, ал екінші кеме Delta Harmony танкері «Теңізшевройлдан» жеткізілетін мұнайды күтіп тұрған. Екі танкер де Грекия компанияларына тиесілі.

Мақаланы оқу

t.me/SarapshyInfo
БҚО-да газ іздеу жұмыстары басталды

Батыс Қазақстан облысында Каменское газ-конденсат учаскесінің көмірсутек әлеуетін бірлесіп бағалау жұмыстары басталды.

Келісім аясында кен орнында геологиялық және геофизикалық жұмыстар кешені жүргізіліп, учаскенің ресурстық әлеуеті мен коммерциялық тиімділігін бағалау жоспарланған.

Толығырақ

t.me/SarapshyInfo