Құран оқып үйренейік (тәжуид)
1.02K subscribers
49 photos
157 videos
17 files
118 links
Құран (тәжуид) сабақтары. Тәжуид ережелеріне арналған кітаптар бойынша дәрістер сериясы. Құран аяттары, намаз дұғаларының дұрыс оқылу үлгілері және т.б.

Канал иесі - Ыстамбұл Мармара университеті докторанты @darkhan_abishev
Download Telegram
Forwarded from Olzhas Hanafin (Olzhas Hanafin)
Oqy da jogaryla.pdf
5 MB
Сыйлық🎊🎁

Ойлана келе, сіздерге Құран оқып үйрену мен жаттау жайлы “Оқы да, жоғарыла!” кітабын сыйға тартуды жөн көрдік.

Кітап кез келген Құран оқу білетін және білмейтін адамға да арналған. Алла пайдасын беріп, баршамызға Құранды жүрегіміздің көктемі етсін.

Жақсылықты таратып, достар мен жақындарыңызбен бөліссеңіздер болады.

Ал сыйлықты қабыл алыңыздар🎊🎁

https://t.me/Olzhas_Khanafin
Бүгін маған ерекше әсер еткен аят:

"Ант болсын, сіздерді алғаш рет қалай жаратқан болсақ дәл солай жеке-жеке бізге қайтып ораласыздар және (дүниеде) сіздерге берген нәрселерді артта тастайсыздар. Аллаға серік деп білген шапағатшыларыңызды да жаныңызда көрмейтін боламыз. Және ант болсын, араңыз ажырап, (құдай) деп білген заттар сіздерді тастап кетеді".

Әнғам сүресі, 94-аят
Бүгін 95 жастағы әжем қайтты. Төрт-бес жасыма дейін сол кісінің қолында өстім. Бізге көп еңбегі сіңді. Аса мейірімді Алла өзінің кеңшілігімен оны кешіріп, жұмағына кіргізсін! Дұға қылып қоярсыздар. Әтіман Нұрғалиқызы.
Әжемнің алдындағы соңғы борышымды атқарып қайттым шүкір. "Шетелде жүрсің, сенен маған бір уыс топырақ бұйырмай қалады-ау осы!" деп жүретін еді Марқұм. Тілегі орындалып немересі ақырет сапарында жанынан табылды. Алла алдынан жарылқасын! Көңіл білдіріп жатқандарыңыз үшін мың алғыс. Алла баршамызға үлкендердің тірісінде қадірін білуді, өмірі мен өлімінен ғибрат-сабақ алуды жазсын!
ЖАРАТУШЫ АЛЛАҒА БАЙЛАНУДЫҢ ҮШ ФОРМУЛАСЫ:

• АЛЛАНЫҢ САҒАН ТІЛ ҚАТҚАНЫН ҚАЛАСАҢ, ҚҰРАН ОҚЫ;

• АЛЛАҒА ТІЛ ҚАТҚЫҢ КЕЛСЕ, НАМАЗ ОҚЫ ЖӘНЕ ДҰҒА ТІЛЕ;

• АЛЛА ТАҒАЛА СЕНІ ҰМЫТ ҚАЛДЫРМАСЫН ДЕСЕҢ, СЕН ОНЫ ҰМЫТПАЙ, ЗІКІР АЙТ.

Қ.Жұмағұл
المراقبة إحدى ثمرات الايمان بهذه الصفة فمن قارف معصية وهو يعلم أن الله يراه فما أجسره وما أخسره ومن ظن أنه لا يراه فما أظلمه وأكفره

Мұрақаба
(Алла Тағаланың бізді үнемі көріп бақылап тұрғанын түсініп сезіну) — иманның жемістерінің бірі, әрі бірегейі. Олай болса Алла Тағаланың оны көріп тұрғанын біле тұра күнә істеген адам неткен "жүрек жұтқан батыр" әрі бейбақ. Ал күнә жасап Алла Тағала көрмей тұр деп ойлайтын адам неткен залым әрі дінсіз.

Имам Ғазалидің "Алланың көркем есімдері шархы" еңбегінен

https://t.me/tasauuf_zertteuleri
Құран жаттау керемет дүние.
Бірақ ондағы аяттарға ой жүгірту — Алланың бірінші кезектегі әмірі.


"Бұл Құран аяттары туралы ойлансын әрі ақыл иелері сабақ алсын деп саған түсірілген қасиетті кітап". (Сад сүресі, 29-аят)

https://t.me/Quran_bilimderi
Үш айлар

Елде болғанда көбінесе Рамазанды білетінбіз. Бірақ Түркияға келгелі Ережеп пен Шағбанды да қосып "Үш айлар" деп қарсы алып жататынын көрдік. Елімізде де осы дәстүр тарап жатқанын байқауға болады. Негізінен бұл екі ай Рамазанға дайындық айлары десе болады. Әсіресе аздап ораза ұстап ағзаны дайындауға тамаша мүмкіндік. Ағзамен қатар кітаптар оқу арқылы ақылды, құлшылық жасау арқылы рухты әзірлеу маңызды.

Ережепті дәнді егу, Шағбанды күтіп баптау, Рамазанды жемісін көру уақытына ұқсататындығы осыдан келіп шығады. Яғни Рамазанды жоғарғы дәрежеде өткізу үшін Ережеп пен Шағбанда керекті дайындықтар жасалып, кемшіліктер түгенделіп бітуі тиіс. Бұл нәрсені істемей Рамазанға кіретін болсақ көбінесе алғашқы 5-10 күн аш жүруге үйренумен, тағы 5-10 күн ұйқы режимін қалыптастырумен өтеді. Сөйтіп енді рахатын көретін кезде ораза бітіп қояды.

Сондықтан "Қыстың қамын жазда ойла демекші" Рамазан келмей тұрып осы қиналатын тұстарды тәртіпке келтіріп қою керек. Әсіресе ұйқымен араны дұрыстап алу қажет. Әдетте Рамазан дегенде барлық нәрсе саябырсып, жұмыс тоқтап қалып жатады. Бұл өз кезегінде кейбір міндеттердің ақсауына әкеліп соғады. Сол себепті мақсат аштық пен ұйқыны реттеу арқылы жұмыс немесе оқу тұрғысынан Рамазан мен басқа кез келген ай арасында айырмашылық болмауын қамтамасыз ету.

Айта кету керек биыл Ережеп 1-қаңтарда басталды. Демек дайындыққа кірісе берсек болады. Өз басым осы екі айды ораза ұстаумен қатар ораза, намаз туралы кітаптар оқуды жоспарлап отырмын. Ал Рамазан Құран түскен ай болғандығы үшін бос уақытымды қасиетті кітапты оқып түсінуге арнамақпын. Іске сәт!

https://t.me/darhan_abishev
Назарларыңызға былтыр Рамазанға қарсы жүргізген Тәжуит бойынша сабақтар тізімін ұсынамын. Керекті сабақтың үстіне басып қарай аласыздар. Сабақтар қысқа-қысқа.

1-сабақ, "Әлиф", "Ра"
2-сабақ, "Зә"
3-сабақ, "Мим"
4-сабақ, "Тә"
5-сабақ, "Нун"
6-сабақ, "Йа"
7-сабақ, "Бә"
8-сабақ, "Кәф"
9-сабақ, "Ләм"
10-сабақ, "Уә"
11-сабақ, "Һә"
12-сабақ, "Фә"
13-сабақ, "Қаф"
14-сабақ, "Шин"
15-сабақ, "Син"
16-сабақ, "Сә"
17-сабақ, "Сад"
18-сабақ, "Та"
19-сабақ, "Жим"
20-сабақ, "Хә" және "ха"
21-сабақ, "Ғайн" және "ъайн"
22-сабақ, "Дәл" және "дад"
23-сабақ, "Зәл"
24-сабақ, "За"
25-сабақ. "Мәд" әріптері (1)
26-сабақ. "Мәд" әріптері (2)
27-сабақ. "Мәд" әріптері (3)
28-сабақ. "Мәд" әріптері (4)
29-сабақ. "Мәд" әріптері (5)
30-сабақ. "Тәшдид" (1)
31-сабақ. "Тәшдид" (2)
32-сабақ. "Тәшдид" (3)
33-сабақ. "Тануин"
34-сабақ. "Тануинді тәшдид"
35-сабақ. "Әлиф пен ләмнің оқылуы"
36-сабақ. "Әлиф пен ләмнің оқылуы (2)"
37-сабақ. "Сөздердің қосылып оқылуы"
38-сабақ. "Һамзаның оқылуы"
39-сабақ. "Тә марбута, жасырын әлиф, йа және уа әріптері"
حسن_البيان_فى_ليلة_النصف_من_شعبان_للغماري_3.pdf
1.1 MB
Бараат түні

Бараат түні туралы жазылған мына кішігірім кітапшаны оқып шықтым. Ғалым мәселені қысқа да нұсқа қылып берген екен.

Автор осы түн туралы келген хадистер мен ғалымдардың пікірлерін талдай келе мынадай қорытынды жасайды. Бараат түні мұсылмандар үшін қасиетті түн екенінде күмән жоқ. Бұл түні Алла Тағала тәубе қылған адамның тәубесін қабыл қылады. Бір қажет сұрағанға қажетін, денсаулық сұрағанға шипа береді. Адамның бір жылдық тағдыры анықталады деп те келеді.

Дегенмен осы түнде оқылатын арнайы намаз немесе дұғалар жоқ екендігін айтады. Пәленше рәкағат намаз, пәленше сүре оқылады деп келетін риуаяттар ойдан шығарылған деп түйіндейді.

Сондай-ақ, Бараат түнін құлшылық ғибадат, дұға истиғфармен, күндізін оразамен өткізу абзал дейді. Олай болса бүгінгі Бараат түні мүбәрак болсын! Алла Тағала баршамызды кешіріп сүйікті құлдарының қатарына қоссын!

https://t.me/tasauuf_zertteuleri
Рамазан айы мүбәрак болсын!
Рамазан айы туралы мынадай екі еңбек жарық көрген екен. Құтты болсын!
Қадір түні мүбәрак болсын!
Қош бол, ей айлардың серкесі!
Бүгін оразаның соңғы күні. Ертең Ораза айт. Бүгін бір ай бойы ұстаған ораза, оқыған намаз, берген зекет, садақа, пітір, жалпы қандай ізгі амал жасаған болсақ солардың қабыл болуын Алла Тағаладан тілейтін күн.

Сондай-ақ, бүгін тарауық оқылмайды білесіздер. Әйтседе бүгінгі түнді құлшылықпен өткізу өте маңызды. Себебі бір жұмыс біткенде оның жалақысы берілетіні сияқты бүгін Алла Тағала "ақысын өзім беремін" деген оразаның сауабын беретін күн.

Сондықтан қапыда қалмайық, ағайын! Ендігі мақсат Рамазандағы құлшылықты, тақуалықты, ізгілікті жыл он екі ай бойы жалғастыру. Баршамызға Алла жар болсын!

Ертең басталатын Ораза айт мүбәрәк болсын!
كيف نحبب القرآن لأبنائنا.pdf
1.3 MB
Алдағы уақытта мына "Балаларымызға Құрынды қалай жақсы көргіземіз?" атты кітаптан түйгендерімді бөлісіп отырамын. Кітап негізгі екі қағидаға сүйенеді:

Біріншісі - Құранға сый-құрмет көрсетуде балаларға үлгі болу.

Екіншісі - балаларға Құранды жаттатудан бұрын Құранды жақсы көргізу.
Авторымыз бірінші кезекте балалардың Құранды жақсы көруіндегі отбасы рөлінің маңыздылығына тоқталады. Осылайша Құранға қатысты отбасы түрлерін айтады:

1) Ата-ана өздері үйде Құран оқымайды бірақ балаларын Құран жаттау курсына немесе ұстазға беріп әлек болады.

2) Дінді қатты ұстанатын ата-ана. Балаларына дінді күшпен, қатал түрде үйретеді.

3) Құранды мүлдем ұмытып кеткен ата-ана. Құран орнына өлең, музыка тыңдайды.

4) Құранды жақсы көріп оған амал ететін отбасы. Құранға болған махаббаты бүкіл болмысынан көрініп тұратын ата-ана. Бұндай үйде мейірім-махаббат басым болады. Осылайша балалар Құранды жақсы көре бастайды.
Үлгі болу

Саад Рияд (кітап авторы) бірдеңені үйретудің көп жолы бар екендігін айта келе ең тиімді тәсілдің үлгі арқылы, практикада көрсету екендігін айтады. Олай болса бала Құранды жақсы көргенін қаласақ, бұның жолын өзіміз көрсету керекпіз. Яғни өзіміз бірінші кезекте Құранды жақсы көру керекпіз. Демек ата-ана (ұстаз) Құранды жаттаудың пайдаларын айтып, бірақ өзі жақсы мінезден жұрдай болса бала Құранды жақсы көруі былай тұрсын одан безетін болады. Керісінше сөзімен ісі бір болса балалар әке-шешесін үлгі алады дейді.