This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Желіде Қостанайда өткен футбол кезінде ресейлік бапкерлер біздің төрешіні кемсітіп, "…ты кто такой вообще? Чукча е**ная... По факту же. Пускай гордится своей нацией" деп сөйлегені тарап жатыр.

Футбол қауымдастығы мен жанкүйерлердің жауабы қандай.
#қоғампікірі
Пікірсайыс қозғалысы🇰🇿
Назарбаев Университетінің бұрынғы басшысы Шигео Катсу Назарбаев қорын қорғауды жалғастырып жатқан сияқты. Сонымен қатар, Шигео Катсу бір сөзінде "қаңтар оқиғасынан кейін маған қысым басталды, ал Кәрім Мәсімов жазықсыз құрбан болды" дегендей қылыпты. Осыған…
Желіде Назарбаев қоры жүргізетін астыртын ақпараттық пропаганда туралы мәлімет тарады.

Ол жерде 8 млрд доллар байлығы бар — көптеген қоғамдық қордан тұратын, бірақ түбі Назарбаевтың пайдасына жұмыс істейтін адамдар қазіргі билікті қаралау жұмысын жүргізіп жатыр делінген.

Назарбаев қоры "біздің саяси манипуляцияға қатысымыз жоқ, мақсатымыз тек жастарды қолдау" деп жауап беріпті.
#қоғампікірі
Желіде зорлық-зомбылық видеолары жиі тарап жүр...

Осындайда жағдайды көріп тұрған адамдар араласып, әлсізге қорған болуы керек пе?

Әлде екі адамның арасына түспегені дұрыс па?

https://t.me/ladakz/32426
#қоғампікірі
Бүгін, 3 мамыр Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні✍🏼

Шекарасыз тілшілердің хабарлауынша, бұқаралық ақпарат құралдары барлық елде қысымға ұшырап жатыр:

🟩жасыл — жақсы,
🟨сары — қанағаттандырарлық,
🟧алқызыл — мәселе бар,
🟫қоңыр қызыл — күрделі,
🟥қою қызыл — ауыр жағдай.

Шынайы еркіндік деген не?
#қоғампікірі
Бүгін Израиль Газа аймағындағы Рафак қаласына шабуыл жасады

🔺35 мыңдай палестиналық және мың жарымдай израильдік қаза тапты
🔺80 мыңдай палестиналық және 6 мыңдай израильдік жараланған
🔺70 мыңнан астам үй қирап қалды
🔺Газа аумағында 2 миллионнан астам адам босып кетті...
#қоғампікірі