QORJIN
207 subscribers
6 photos
3 links
QORJIN - қаржылық сауат арнасы:
✅️ Отбасылық бюджет.
✅️ Ақшаны дұрыс басқару.
✅️ Жинақ және инвестиция негіздері.

Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
Download Telegram
Channel created
Channel photo updated
👍5🆒1
📄QORJIN арнасының ережелері:

Бұл жоба өз күшімізбен, қоғамдық негізде жасалып жатыр.

Біз ақпаратты барынша дәл және түсінікті жеткізуге тырысамыз, дегенмен кейбір қателіктер болуы мүмкін, сол үшін түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қазақта сөз бар: көш жүре түзеледі.

🗿 Негізгі ережелер:

Пікірлерде жеке адамға тиісуге болмайды.
Қорлау, балағат сөздер, агрессияға жол берілмейді.
❗️ Бұл арнада саясат, соғыс, дін тақырыптары қарастырылмайды және пікірлерде де бұл тақырыптарды көтерудің қажеті жоқ.

🚫 Ережелер сақталмаған жағдайда - блок қойылады.

🙏 Бір-бірімізге құрметпен қарайық, пікір мәдениетін сақтай.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7👍5
🔝 QAMS QORJIN атты жаңа Telegram-арнасын іске қосты

Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығы QAMS қазақ тіліндегі қаржылық сауаттылыққа арналған жаңа Telegram-арнаны іске қосты.
Қауымдастық туралы толығырақ: qams.kz.

Арна туралы:
Арна қаржы нарығына, инвестицияға, депозитке, несиеге және жеке ақша басқаруға қызығатын барша адамға арналған.
Біз бұл арнаны бір себеппен аштық: қазақ тілінде қаржы туралы қарапайым, тұрақты және пайдалы контент дамыту.
Көп адам қаржылық шешімді түсінбей қабылдайды, кейде алаяқтарға алданып қалады, кейде өз ақшасына өзі ие бола алмай жатады.
QORJIN осы жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін құрылды: қаржы әлемін түсінікті тілмен жеткізу, маңызды жаңалықтарды қарапайым етіп түсіндіру, пайдалы дағды қалыптастыру.

Неге QORJIN?
Қоржын қазақта жинақтың, ырыстың, сақталған дүниенің белгісі.
Қаржы тілінде де бұл атау жақын: әр адамның өз ақшасы, өз қоры, өз инвестициялық қоржыны бар.
Сондықтан QORJIN тек атау емес, бұл ақшаға саналы қараудың белгісі.

Бұл арнада не болады?
Қаржы нарығындағы маңызды жаңалықтар,
Инвестицияны қарапайым тілмен түсіндіру,
Депозит, несие, карта, инфляция, валюта туралы пайдалы материалдар,
Алаяқтық схемаларды талдау,
Өмірден алынған мысалдар,
Кейде юмор, кейде ащы шындық, бірақ әрдайым пайдалы контент.

Біздің мақсат: қаржыны күрделендірмей, қазақша, түсінікті және қызықты жеткізу.

📌 QORJIN арнасына қош келдіңіздер!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👍4👏2🆒1
📊🇰🇿KASE биржасында жаңа ETF қорлары саудаға шықты: не білу керек

Не зат:
BCC Invest пен KASE екі ETF қорын іске қосты,
бұл ETF жаппай инвесторға бағытталған.

Қандай ETF:
1️⃣ KASXf - KASE акциялар индексіне байланған,
2️⃣ MBM_f - мемлекеттік бағалы қағаздар индексіне байланған.

📈 Бағасы мен шарттары:
номинал бағасы - ₸1,
комиссия - 0,5%.

📊 Құрамы (KASXf) - ТОП-5 акция ~75%: КазМунайГаз (KMGZ) - 19,15%, Halyk (HSBK) - 14,53%, BCC (CCBN) - 14,34%, Kazatomprom (KZAP) - 13,82%, Kaspi (KSPI) - 13,72%.

📊 Құрамы MBM_f:
75% - мемлекеттік бағалы қағаздар,
25% - РЕПО нарығы.

ℹ️ ETF деген не:
ETF - акциялар мен облигациялардан тұратын қор,
ол биржада бір акция сияқты саудаланады,
бір ETF сатып алу арқылы бірнеше активке бірден инвестиция жасайсыз.

☢️ Маңыздысы:
⚠️ Сауда басталған күні баға ₸1-ден ₸1,5-ке дейін өсті (+50%),
⚠️ бірақ бұл тұрақты өсім емес.

QAMS атқарушы директоры Данияр Темірбаевтың ескертуі:

💬 «Алайда KASXf бастапқы бағасы ₸1 болғандықтан, спекулянттардың “ойыншығына” айналып кетуі мүмкін деп алаңдаймын. Мұндай “арзан баға” эффектісін біз бұрын ForteBank акцияларында көрдік ₸3–5 деңгейінен оларды жасанды түрде қатты өсірді.

Егер KASE мен BCC Invest бағаны манипуляциялау әрекеттерінің алдын алмаса, мұндай жағдайлар қайталануы мүмкін. 10 сәуірдегі сауданың басында баға ₸1-ден ₸1,5-ке дейін, яғни 50%-ға өсті. Бірақ ₸1-ден сатып алғандардың бәрі бірдей ₸1,5-ке сата алмады ондай бағамен сатып алушылар болмады».

Қарапайым тілмен:
✔️ баға тез өссе - тәуекел де жоғары,
✔️ түсінбей кірсеңіз - шығынға ұшырау ықтималдығы жоғары,
✔️ инвестиция - алдын ала ойластырылған шешім.

⚠️Неден сақ болу керек:
ажиотажға ермеу,
тек өсімге қарап шешім қабылдамау,
әр инвестицияны түсініп жасау.

❗️❗️❗️ Бұл материал инвестициялық ұсыныс болып табылмайды!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13👍32🥰1👏1🆒1
4👍3🔥3
3🔥3
📈🇰🇿🛢 Қазақстан мұнайы Brent-тен қымбат: Негізгі себептер

Нарықта сирек кездесетін жағдай: біздің CPC Blend маркалы мұнайымыз әлемдік эталон Brent-тен асып түсті.

💰 Қазіргі баға: $117,65 (CPC) vs $97,9 (Brent). Айырмашылық - тұтас $20!

🤔 Бұл неге?
Әдетте біздің мұнай Brent-тен әрқашан арзан сатылатын. Себебі: логистика күрделі, теңізге тікелей шығыс жоқ, тасымал тәуекелі жоғары. Сондықтан сатып алушыларға әрдайым жеңілдік (дисконт) берілетін.

📊 Неге баға шарықтап кетті?
1️⃣ Геосаясат: Таяу Шығыстағы шиеленіс жеткізілімге қауіп төндірді. Нарық «тыныш» аймақтардан мұнай іздей бастады.
2️⃣ Сапа: CPC Blend - күкірті аз, жеңіл мұнай. Мұндай шикізатты өңдеу зауыттар үшін өте тиімді.
3️⃣ Сұраныс: Еуропа мен Азия қазір осы марканы жарыса сатып алып жатыр. Сұраныс жоғары жерде - баға да жоғары.

🛢️ CPC Blend деген не өзі?
Бұл - біздің басты экспорттық мақтанышымыз. Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ мұнайының қоспасы. Ол КТК (Каспий құбыр консорциумы) арқылы Новороссийск портына дейін жетіп, әлемге тарайды.

💰 Бұл біздің қалтамызға қалай әсер етеді?
Мұнай - бюджеттің «күре тамыры».
▪️ Елдегі барлық салықтың 30–36%-ы осы саладан түседі.
▪️ ЖІӨ-нің 20%-ын мұнай құрайды.
Яғни, мұнай қымбат болса - Ұлттық қор толығады, бюджеттік жобаларға ақша көбейеді.

💡 Түйін:
Қазіргі «қымбатшылық» - уақытша тренд болуы мүмкін. Нарық саябырсығанда баға бұрынғы қалыпқа (Brent-тен төмен) қайта келеді. Бірақ дәл қазір Қазақстан мұнайы әлемдік нарықта трендте! 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
10👍8🔥3🤩1🆒1
3👍2
👍31🔥1🆒1
📈🏠 2026 жылдың екінші жартысында үй бағасы мен сұраныс қалай өзгереді?

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік нарығында екі түрлі тренд байқалады: жаңа үйлер қымбаттап жатса, ескі үйлер мен жалдау ақысы керісінше арзандауда. Нарықтағы басты жаңалықтарға тоқталайық:

📊 Нарықтағы қазіргі ахуал (БНС наурыз айындағы деректері):

🔹 Жаңа үйлер неге қымбат?
Биыл наурызда жаңа пәтерлер (первичка) былтырғымен салыстырғанда 16,6%-ға бір-ақ секірді. Бұған халықтың зейнетақы жинағын жаппай ала бастауы мен салықтың (ҚҚС) өсуі тікелей әсер етті. Астанада баға өсімі өте жоғары (+2,2%).

🔹 Вторичка мен аренда төмендеп жатыр
Ескі үйлер нарығында баға айына 1,5%-ға арзандады. Пәтер жалдау ақысы да наурызда 1%-ға түскен. Демек, үйін сатқысы келетіндер мен жалға берушілер клиент табу үшін бағаны сәл де болса түсіруге мәжбүр.

🔹 Сауда қызып тұр
Наурызда Қазақстан бойынша 28,5 мың үй сатылған. Бұл ақпанмен салыстырғанда 4%-ға көп. Көбіне халық Алматы мен Астанадағы 1-2 бөлмелі пәтерлерді таңдайды.

🗣 Halyk Finance сарапшылары не дейді?
Аналитиктердің болжамы бойынша, жылдың екінші жартысында «қызу басылады». Ипотека талаптарының қатаюы мен зейнетақы ақшасын алудың шектелуі сұранысты азайтуы мүмкін. Сондай-ақ, 1 шілдеден бастап жаңа Құрылыс кодексі күшіне енбек. Ол құрылыс сапасын қатаң бақылайды, бұл пәтер бағасын ұстап тұруы мүмкін, бірақ сатып алушылар азаяды деген қауіп бар.

🤔жаңалық: Тұрғын үй жинақ жүйесіндегі (ЖССБ) үлкен өзгеріс

Осы уақытқа дейін тұрғын үй жинақ жүйесі тек бір мемлекеттік банкте ғана болса, енді бұл нарыққа екінші деңгейлі банктер де белсенді шыға бастады. Ауқымды Freedom Inside форумында Тимур Турлов Freedom Bank-тің маусым айында іске қосылатын жаңа жинақтаушы ипотекалық өнімі туралы жариялады.

Бұл қарапайым сатып алушы үшін несімен тиімді?
Төмен ставка: Жинақтау жүйесі арқылы үй бағасының жартысын (50%) жинасаңыз, несие пайызы небәрі 5% болады. 30% жинағандарға 10%-дық ставка қарастырылған.
Зейнетақы ақшасын пайдалану: Жетпей тұрған соманы зейнетақы қорындағы артық ақшамен (излишки) толтыруға рұқсат.
Бәсекелестік: Жеке банктердің бұл жүйеге келуі халық үшін жаңа таңдау мүмкіндігін береді. Енді тиімді шарттарды тек бір жерден ғана іздеудің қажеті жоқ.
Ыңғайлылық: Барлық процесс онлайн форматта, цифрлық витрина арқылы жүзеге асырылмақ.

💡 Түйін:
Бір жағынан сарапшылар нарық «суиды» десе, екінші жағынан жеке банктерде тұрғын үй жинақ жүйесінің пайда болуы халыққа жаңа мүмкіндік сыйлауда. Бұл қадам нарықты жандандырып, үй бағасын ұстап тұра ала ма? Қалай ойлайсыз?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6🔥4🤔1
🛍 Бөліп төлеу (рассрочка) енді несие ретінде реттеледі: мемлекет жаңа шектеулер дайындап жатыр

Егер сіз де тауарларды бөліп төлеуге алғанды жақсы көрсеңіз, бұл жаңалықты білуіңіз керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында маркетплейстердегі бөліп төлеу жүйесін (BNPL) заңмен реттеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Агенттік басшысының айтуынша, бұл сала енді кәдімгі несие сияқты қатаң бақылауға алынбақ. Оның себебін ол былай түсіндірді:

🗣
Мәдина Әбілқасымова:

«Біз BNPL нарығын реттеу бойынша жаңа заң немесе заңнамалық түзетулер әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Бұл қаржы ұйымдары емес, маркетплейстер немесе сауда үйлері беретін бөліп төлеуге қатысты. Ол жерде несиелік өнімнің барлық белгілері бар».


Сондай-ақ, Ұлттық банк пен Агенттік қазақстандықтардың қарыз жүктемесін азайту үшін жаңа қадамдарға бармақ:

Қарыздың максималды сомасына лимит келеді
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрбір қарыз алушы үшін қарыздың ең жоғары сомасына (абсолюттік лимит) шектеу қойылмақ. Бұл дегеніміз - егер сіздің жалпы қарызыңыз мемлекет белгілеген шектен асып кетсе, жаңадан бөліп төлеуге зат алу немесе несие рәсімдеу мүмкін болмайды.

Маркетплейстерге арнайы ереже
2025 жылы агенттік банкке тиесілі емес маркетплейстерде бөліп төлеу берудің нақты ережелерін бекітеді. Әбілқасымованың пікірінше, мұндай қызметтер іс жүзінде несиелік қызмет болып саналады, сондықтан олар да соған сай жауапкершілік арқалауы тиіс.

💡 Түйін:
Мемлекет «бөліп төлеуді» (рассрочка) кәдімгі несиемен теңестіріп, оны бақылауды күшейтпек. Мақсат - халықты шамадан тыс қарызға батудан сақтау.

Осы шектеулер туралы не ойлайсыз? Бөліп төлеуге де несие сияқты лимит қойылғаны дұрыс па? 👇
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍73🔥1👏1🙏1
5👍3