Air Astana press-releases
3.05K subscribers
224 photos
3 videos
9 files
234 links
әуекомпанияның БАҚ үшін ресми ақпараты / официальные сообщения авиакомпании для СМИ
Download Telegram
Air Astana поддерживает развитие местных поставщиков

Air Astana участвует в программе финансирования цепочки поставок, реализуемой Европейским банком реконструкции и развития (ЕБРР) совместно с Банком ЦентрКредит. В рамках программы поставщики Air Astana станут первыми в Казахстане, кто получит доступ к механизму обратного факторинга при поддержке ЕБРР.

Ожидается, что программа окажет поддержку прежде всего местным малым и средним предприятиям, поставляющим Air Astana товары и услуги, включая офисное снабжение, кейтеринг и техническое обслуживание. Она позволит поставщикам получать досрочную оплату по счетам с дисконтом, что способствует улучшению их денежных потоков и снизит зависимость от традиционных инструментов финансирования оборотного капитала.

Air Astana последовательно совершенствует процессы закупок, укрепляя сотрудничество с поставщиками по всей территории Казахстана. В прошлом году компания запустила собственный тендерный портал, направленный на повышение прозрачности закупок товаров и услуг авиакомпании. С 2023 года Air Astana проводит ежегодную ESG-премию для поставщиков, демонстрирующих лучшие результаты в области экологических, социальных и управленческих практик.
Air Astana жазғы навигацияға көшті

Air Astana 29 наурыздан бастап жазғы навигацияға көшті. Бұл кезеңде қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігі артады, маусымдық рейстер жанданады және жаңа рейстер қосылады.

29 наурызда Airbus A321LR ұшағымен сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері қатынайтын Алматы-Шанхай жаңа бағытының бірінші рейсі орындалды. 2 маусымнан бастап аптасына екі рет Астана-Гуанчжоу, сондай-ақ Астана мен Алматыдан Ларнакаға (Кипр) Airbus A321LR әуе кемесімен жаңа рейстер орындалады.

Астана мен Алматыдан Бейжіңге, Ыстамбұлға және Антальяға рейстер жиілігі біртіндеп артады, ал Астанадан Франкфуртқа рейстер мамыр айынан бастап күн сайынғы болады. Сондай-ақ Алматыдан Үрімшіге, Тбилиси мен Ташкентке рейстер жиірек болады.

Алматыдан Нячанг/Дананг (Вьетнам), Батуми, Подгорица (Черногория), Бодрум қалаларына, Астанадан Нячанг/Дананг, Подгорица, Тбилиси, Бодрум және Ташкент қалаларына, Атыраудан Тбилисиге бағыттар бойынша рейстер қайта орындалады. Алматыдан Мальдив аралдарына маусымдық әуе қатынасы мамыр айының соңына дейін ұзартылды.

Қазақстандықтар үшін Мальдив, Түркия, Қытай, Вьетнам, Грузия және Өзбекстанға визасыз режим қолданылады.
Air Astana перешла на летнюю навигацию

Air Astana перешла на летнюю навигацию, которая действует с 29 марта по 24 октября. В этот период увеличивается частота полетов по действующим направлениям, возобновляются сезонные и открываются новые рейсы.

29 марта был выполнен первый рейс нового направления Алматы-Шанхай, который осуществляется по вторникам, четвергам и воскресеньям на авиалайнере Airbus A321LR. Cо 2 июня стартуют новые рейсы Астана-Гуанчжоу с частотой полетов по вторникам и четвергам, а также Астана- Ларнака (Кипр) со 2 июня и Алматы-Ларнака с 4 июня, выполняемые на Airbus A321LR.

Ожидается постепенное наращивание частот из Астаны и Алматы в Пекин, Стамбул и Анталью, из Астаны во Франкфурт рейсы станут ежедневными с мая. Также ожидается увеличение рейсов из Алматы в Урумчи, Тбилиси и Ташкент.

Возобновляются рейсы по направлениям из Алматы в Нячанг/Дананг (Вьетнам), Батуми, Подгорицу (Черногория), Бодрум, из Астаны – в Нячанг/Дананг, Подгорицу, Тбилиси, Бодрум и Ташкент, из Атырау в Тбилиси. Сезонное авиасообщение из Алматы в Мале (Мальдивы) продлено до конца мая.

Для казахстанцев действует безвизовый режим на Мальдивы, в Турцию, Китай, Вьетнам, Грузию и Узбекистан.
Ибрахим Жанлыел Air Astana тобының Бас атқарушы директоры қызметіне кірісті

Air Astana компаниясында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Ибрахим Жанлыел бүгін, 1 сәуірде Air Astana тобының жаңа Бас атқарушы директоры (CEO) қызметіне кірісті.

Ибрахим Жанлыел 2017 жылдан бері әуекомпанияның қаржы жөніндегі директоры қызметін атқарды. Бұған дейінгі 14 жыл ішінде ол компанияның стратегиялық және қаржылық дамуын қалыптастырған басқарушылар құрамында болды және 2024 жылы компанияның үш қор биржаларында тіркелуіне үлес қосты.

CEO ретінде Ибрахим Жанлыел операциялық орнықтылықты нығайтуға, тұрақты өсімді қолдауға және Air Astana мен FlyArystan аясындағы екі брендті стратегияны ілгерілетуге назар аударады.

Жаңа тағайындалуына қатысты Ибрахим Жанлыел былай деді: «Air Astana компаниялар тобының Бас атқарушы директоры қызметін атқару мен үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік. Бұл мен үшін маңызды кезең әрі 7 000 қызметкеріміз бен барлық мүдделі тарабымыз үшін сабақтастықтың көрінісі. Компанияның негізін қалаушы қағидаттарын сақтау және дамыту клиенттеріміз бен барлық серіктесіміз алдындағы міндеттемем. Бұл халықаралық деңгейдегі операциялық, қауіпсіздік және қызмет көрсету стандарттарының ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуді, сондай-ақ корпоративтік басқару мен коммерциялық және қаржылық тәуелсіздікті нығайтуды қамтиды.

Air Astana тобы Орталық Азия мен Кавказ өңірінде әуе кемелері паркі мен жолаушылар саны бойынша айқын көшбасшы. Географиялық тұрғыдан әлем халқының жартысы тұрып жатқан жерге жақын орналасуымыз болашақта осының артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді. Мен Air Astana-ны басқаруды және компанияның табысты даму тарихының ары қарай жалғастыруды асыға күтемін. Мақсатымыз - Орталық Азиядағы хабтарымыз арқылы ұшатын жолаушылар үшін таңдаулы әуе компаниясы ретіндегі жайғасымызды нығайту».
Ибрахим Жанлыел вступил в должность СЕО Группы Air Astana

Сегодня, 1 апреля 2026 года, Ибрахим Жанлыел вступил в должность главного исполнительного директора (CEO) Группы компаний Air Astana.

Ибрагим Жанлыел занимал должность главного финансового директора авиакомпании с 2017 года и на протяжении предыдущих 14 лет входил в состав руководящей команды, формировавшей стратегическое и финансовое развитие перевозчика, что в итоге привело к выходу компании на фондовые рынки Великобритании и Казахстана в 2024 году.

В должности СЕО Ибрахим Жанлыел сосредоточится на повышении операционной эффективности, обеспечении устойчивого роста и дальнейшего развитии двухбрендовой стратегии Air Astana и FlyArystan.

Комментируя свое назначение, Ибрахим Жанлыел отметил: «Для меня большая честь возглавить Группу Air Astana. Это важный этап не только в моей карьере, но и знак преемственности для всех наших 7 000 сотрудников и заинтересованных сторон. Я намерен сохранить и укрепить ключевые принципы, заложенные с момента основания компании, обеспечивая высочайшие стандарты операционной деятельности, безопасности и качества обслуживания, высокий уровень корпоративного управления, а также коммерческой и финансовой независимости.

Группа Air Astana уже занимает лидирующие позиции по размеру флота и пассажиропотоку в Центральной Азии и Кавказском регионе. Наше географическое положение в непосредственной близости к почти половине населения мира открывает уникальные возможности, которые мы намерены стратегически использовать в будущем. Я с воодушевлением смотрю на возможность возглавить компанию и продолжить развитие ее успешной истории, укрепляя позиции Air Astana как авиакомпании выбора для путешествий через наши хабы в Центральной Азии».
Air Astana әуе паркін кеңейтуді жалғастыруда

Бүгін Air Astana әуе компаниясы Гамбург қаласындағы (Германия) өндіруші зауыттан тікелей жеткізілген жаңа Airbus A321neo ұшағын қабылдады.

Жаңа әуе кемесі Air Astana тобы флотының 63-ші ұшағы болып, әуекомпанияның тасымалдау сыйымдылығының одан әрі өсуіне және маршруттық желінің дамуына ықпал етеді.

Негізінен Airbus әуе кемелерінен тұратын Air Astana флоты операциялық тиімділікті және сенімділікті қамтамасыз етеді. Airbus A321neo - жоғары отын тиімділігі, жайлылық пен қоршаған ортаға әсерінің төмендігімен ерекшеленетін заманауи ұшақтар тобына жатады.

Жаңа әуе кемесі ішкі және халықаралық бағыттарда пайдаланылатын болады.
Air Astana продолжает расширение авиапарка

Сегодня Air Astana встретила свой новый самолет Airbus A321neo, прибывший напрямую с завода-производителя в Гамбурге (Германия). Воздушное судно стало 63-м во флоте группы Air Astana и поддержит дальнейший рост провозной емкости и развитие маршрутной сети авиакомпании.

Флот Air Astana преимущественно состоит из самолетов Airbus, что обеспечивает высокий уровень унификации, операционной эффективности и надежности. Airbus A321neo относится к семейству современных самолетов Airbus, отличающихся высокой топливной эффективностью, комфортабельностью и сниженным воздействием на окружающую среду.

Новый самолет будет задействован как на внутренних, так и на международных маршрутах.
Air Astana Шанхай бағытының іске қосылуына орай баспасөз конференциясын өткізді

Air Astana бүгін Шанхайдағы Peace Hotel қонақүйінде Алматы-Шанхай жаңа тікелей бағытының іске қосылуына орай баспасөз конференциясын өткізді. Қытайдың ең ірі әрі іскерлік белсенділігі жоғары қаласына жаңа рейстің ашылуы Air Astana-ның Қытайдағы маршруттық желісін кеңейтудегі маңызды қадам болып табылады.

Наурыз айының соңында іске қосылған Алматы–Шанхай бағыты аптасына үш рет орындалады және Air Astana-ның Бейжің, Гуанчжоу, Санья, Үрімші және Инин бағыттарына орындалатын рейстерін толықтырады. Шанхай бағытының қосылуы әуекомпанияның 2002 жылғы желтоқсанда Алматы-Бейжің рейсінен басталған Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе байланысын дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді ұстанымын растайды.

Шанхай бағытының ашылуымен Air Astana тобы Қазақстан мен Қытайдың алты қаласы арасында аптасына 32 рейске дейін ұсынып, жолаушыларға кеңейтілген сапар мүмкіндіктерін береді. Бұл Орталық Азия, Кавказ, Еуропа және Азия арасындағы тікелей және транзиттік жолаушылар ағындарын дамытуға ықпал етеді. 2025 жылы Топ Қазақстан мен Қытай арасында 250 000-нан астам жолаушы тасымалдап, көрсеткішті 2024 жылмен салыстырғанда 96%-ға арттырды.

«Шанхай бағытының іске қосылуы – біздің маршруттық желімізді дамытудағы маңызды кезең әрі Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың нығаюының айқын көрінісі. Біз іскерлік және туристік сегменттер бойынша тұрақты әрі қарқынды өсіп келе жатқан сұранысты байқап отырмыз, бұған визасыз режим де ықпал етуде. Шанхай - жаһандық маңызы бар ірі қала, және Қытайдағы алтыншы бағытымыз ретінде бұл бағыт екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайтып қана қоймай, біздің маршруттық желіміз арқылы ары қарай сапарлайтын жолаушылар үшін де кең мүмкіндіктер ашады», – деді Air Astana тобының бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.
Air Astana провела пресс-конференцию в Шанхае

Air Astana сегодня провела пресс-конференцию в отеле Peace Hotel в Шанхае, по случаю запуска нового прямого маршрута Алматы-Шанхай. Открытие направления в крупнейший и один из наиболее динамичных деловых центров Китая является важным шагом в расширении маршрутной сети Air Astana в Китае.

Маршрут Алматы-Шанхай, запущенный в конце марта, выполняется три раза в неделю и дополняет действующие рейсы Air Astana в Пекин, Гуанчжоу, Санью, Урумчи и Инин. Запуск рейсов в Шанхай в маршрутную сеть подтверждает долгосрочную приверженность авиакомпании развитию транспортной связанности между Казахстаном и Китаем, начало которой было положено первым рейсом между Алматы и Пекином в декабре 2002 года.

С учетом нового направления в Шанхай Группа компаний Air Astana предлагает до 32 рейсов в неделю между Казахстаном и шестью городами Китая, расширяя возможности для путешествий и поддерживая как прямые, так и транзитные пассажирские потоки между Центральной Азией, Кавказом, Европой и Азией. В 2025 году Группа перевезла более 250 000 пассажиров между Казахстаном и Китаем, что на 96% больше по сравнению с 2024 годом.

«Запуск рейсов в Шанхай является важным этапом развития нашей маршрутной сети и отражает укрепление связей между Казахстаном и Китаем. Мы наблюдаем устойчивый и растущий спрос как со стороны деловых, так и туристических пассажиров, чему также способствует безвизовый режим. Шанхай - один из ключевых мировых центров, и открытие данного направления, ставшего шестым городом нашей сети в Китае, дополнительно усилит связанность не только между двумя странами, но и обеспечит удобные стыковки для пассажиров, следующих далее по нашей маршрутной сети» - отметил Ибрахим Жанлыел, главный исполнительный директор Группы Air Astana.
Air Astana кезекті рет сервистің жоғары деңгейі үшін беделді халықаралық марапаттарға ие болды

Air Astana 2026 жылғы 14-16 сәуір аралығында Гамбургте өткен жыл сайынғы WTCE көрмесінде борттық қызмет көрсетудің жоғары сапасы үшін бірқатар халықаралық наградаларға ие болды. Әуе компаниясы Travel Plus, Onboard Hospitality және PAX Readership Awards сыйлықтарын бірнеше санаттар бойынша алды.

Air Astana бизнес-класс жол жиынтығы, бизнес-кластағы төсек-орын жабдығы, алты жастан асқан және сәбилерге арналған балалар жол жиынтықтары үшін Travel Plus алтын сыйлығын жеңіп алды, сондай-ақ жолаушыларға арналған сервис пен қолайлылық үшін бес жұлдызды рейтингке ие болды.

Onboard Hospitality қазылар алқасының жоғары бағасына «Жас жолаушыларға арналған үздік жол жиынтығы» ие болды.

Бұдан басқа, Air Astana ТМД өңіріндегі PAX Readership Awards сыйлығының «Үздік жолаушылар тәжірибесі», «Үздік борттық тамақ», «Эконом-кластағы үздік жол жиынтығы», «Үздік балалар жол жиынтығы», «Бизнес-кластың үздік жол жиынтығы» және «Бизнес-кластың үздік асханалық тоқымасы» санаттарында жеңімпаз атанды.

WTCE (World Travel Catering & Onboard Services) - кейтеринг, бөлшек сауда және жолаушыларға арналған сервис саласындағы жетекші халықаралық көрме. Іс-шара 2012 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және Air Astana бірнеше рет оның лауреаттарының қатарына кірді.
Air Astana в очередной раз получила престижные награды за высокий уровень бортового сервиса

Air Astana получила ряд международных наград за высокое качество бортового обслуживания на ежегодной выставке WTCE, проходившей в Гамбурге с 14 по 16 апреля 2026 года. Среди достижений авиакомпании — премии Travel Plus, Onboard Hospitality и PAX Readership Awards сразу в нескольких категориях.

Авиакомпания завоевала золотую награду Travel Plus за дорожный набор бизнес-класса, коллекцию постельных принадлежностей бизнес-класса, детские дорожные наборы для пассажиров старше шести лет и для младенцев, а также получила пятизвёздочный рейтинг за сервис и удобства для пассажиров.

Высшей оценки жюри Onboard Hospitality удостоился дорожный набор для младенцев в номинации «Лучшие дорожные наборы для юных пассажиров».

Кроме того, Air Astana стала победителем премии PAX Readership Awards в регионе СНГ в категориях: «Лучший пассажирский опыт», «Лучшее бортовое питание», «Лучший дорожный набор эконом-класса», «Лучший детский дорожный набор», «Лучший дорожный набор бизнес-класса» и «Лучший столовый текстиль бизнес-класса».

WTCE (World Travel Catering & Onboard Services) — ведущая международная выставка в сфере кейтеринга, розничной торговли и сервисных решений для пассажиров. Мероприятие проводится ежегодно с 2012 года, и Air Astana неоднократно входила в число его лауреатов.
Air Astana ұшқыштарды даярлау мүмкіндіктерін кеңейтуде

Air Astana тобы Астанадағы Оқу орталығында екінші толықфункционалды тренажерді пайдалануға енгізу арқылы Airbus ұшқыштарын даярлау мүмкіндіктерін кеңейтті.

Acron Aviation компаниясы әзірлеген жаңа Reality7e тренажері Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) стандарттары мен Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі енгізген сертификаттау жүйесі аясында сертификатталды. Air Astana Қазақстанда тренажерді осы қос жүйе бойынша сертификаттаған алғашқы әуе компаниясы болды.

Оқу базасының кеңеюі әуекомпанияның ұшқыштарды даярлау тиімділігін арттыруға және озық авиациялық технологияларды енгізуге деген ұстанымын растайды.

Толықфункционалды тренажер жоғары нақтылықпен алты дәрежеге дейінгі қозғалысты модельдейді. Ұшу деректерінің кең ауқымын пайдалана отырып, ол әуе кемесінің аэродинамикалық сипаттамаларын, басқару жүйелерін және жердегі пайдаланылуын дәл бейнелейді, осылайша ұшқыштарды шынайы жағдайға барынша жақын ортада даярлауды қамтамасыз етеді. Air Astana 2023 жылдың жазында алғашқы осындай тренажерді орнату арқылы Орталық Азияда Reality7e тренажерлерін енгізген алғашқы әуе компаниялардың бірі болды. Әр алты ай сайын 600-ден астам Airbus ұшқышы тренажерде оқудан және біліктілігін тексеруден өтеді.

Air Astana Оқу орталығына авиация саласының делегациялары мен мемлекеттік органдар келіп тұрады. Бұл оның Орталық Азиядағы авиациялық мамандарды даярлайтын заманауи орталық ретіндегі мәртебесінің артып келе жатқанын көрсетеді. Соңғы қонақтардың қатарында орталықтың мүмкіндіктерімен танысып, тренажерде демонстрациялық ұшуға қатысқан Қазақстандағы Ұлыбритания Елшісі Салли Аксуорти бар.
Air Astana расширяет возможности подготовки пилотов

Группа Air Astana расширила возможности подготовки пилотов Airbus за счет ввода в эксплуатацию второго полнофункционального тренажера в Учебном центре авиакомпании в Астане.

Новый тренажер Reality7e, разработанный компанией Acron Aviation, сертифицирован в соответствии стандартов Европейского агентства по безопасности полетов (EASA), а также в рамках системы сертификации, внедренной Авиационной администрацией Казахстана. Air Astana стала первой авиакомпанией в Казахстане, получившей сертификацию тренажера по данной двойной системе.

Расширение учебной базы подтверждает приверженность авиакомпании повышению эффективности в подготовке пилотов и внедрению передовых авиационных технологий.

Полнофункциональный тренажер воспроизводит до шести степеней подвижности с высоким уровнем реалистичности. Используя обширные массивы полетных данных, он точно моделирует аэродинамические характеристики, системы управления воздушным судном и наземную эксплуатацию, обеспечивая подготовку пилотов в условиях, максимально приближенных к реальным. Air Astana стала одной из первых авиакомпаний в Центральной Азии, внедривших тренажеры Reality7e установив первый тренажер летом 2023 года. Более 600 пилотов Airbus проходят обучение и регулярные проверки на тренажере каждые шесть месяцев.

Учебный центр Air Astana регулярно посещают делегации авиационной отрасли, а также представители государственных органов и авиационных властей, что отражает его растущий статус как современного центра подготовки авиационных специалистов в Центральной Азии. В числе гостей Посол Великобритании в Казахстане Салли Аксуорти, которая недавно ознакомилась с возможностями центра и приняла участие в демонстрационном полете на тренажере.
Air Astana транзиттік жолаушылар ағынын арттырып, халықаралық маршруттық желіні кеңейтуде

Air Astana компаниялар тобы Орталық Азиядағы транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда: 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан арқылы өтетін халықаралық транзиттік жолаушылар ағыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65%-ға артты.

Жыл басынан бері транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 137 000 жолаушыдан асты, оның ішінде халықаралық транзиттік ағын 48 000-нан астам жолаушыны құрады. Транзиттік жолаушылар ағынының өсуі маршруттық желінің дамуы және тасымалдау сыйымдылығының Таяу Шығыстан Сеул, Бангкок, Пхукет, Фукуок, Мале, Стамбул, Дели, Ташкент және Тбилиси бағыттарына үйлестірілуі есебінен қамтамасыз етілді.

2026 жылы әуекомпания Алматыдан Шанхайға тікелей рейстерді іске қосты, сондай-ақ Астанадан Гуанчжоу (Қытай), Ларнака (Кипр) және Даламан (Түркия) бағыттарына жаңа рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Сеул және бірқатар өзге халықаралық бағыттар бойынша рейстер жиілігі ұлғайтылуда.
Air Astana усиливает транзитный пассажиропоток и расширяет международную маршрутную сеть

Группа компаний Air Astana продолжает укреплять позиции транзитного хаба в Центральной Азии: в первом квартале 2026 года международный транзитный пассажиропоток через Казахстан увеличился на 65% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

С начала этого года общий объем транзитных перевозок превысил 137 000 пассажиров, при этом международный транзитный поток составил более 48 000 пассажиров. Рост транзитного потока обеспечен развитием маршрутной сети и перераспределением провозных мощностей с Ближнего Востока в пользу рейсов в Сеул, Бангкок, Пхукет, Фукуок, Мале, Стамбул, Дели, Ташкент и Тбилиси.

В 2026 году авиакомпания открыла прямые рейсы из Алматы в Шанхай, планирует запуск новых направлений из Астаны в Гуанчжоу (Китай), Ларнаку (Кипр) и Даламан (Турция), а также увеличивает частоту полетов на действующих международных маршрутах, включая Сеул и ряд других направлений.
Таяу Шығыс бағытындағы рейстердің уақытша тоқтатылуы ұзартылды

Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы Дубайға тұрақты рейстердің уақытша тоқтатылуын 31 мамырға дейін ұзартты.

Орындалмайтын рейстер жолаушыларына әуекомпания әуе билеттерінің толық құнын айыппұлсыз қайтаруды немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейстеріне тегін қайта брондауды ұсынады. Сондай-ақ тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы ұшу мерзімі 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған.

Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды.

Әуекомпания өңірдегі жағдайды жіті бақылап, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді.



Продление отмены рейсов на Ближний Восток

В связи с сохраняющейся напряженной ситуацией на Ближнем Востоке авиакомпания Air Astana продлевает приостановку регулярных рейсов в Дубай по 31 мая включительно.

Пассажирам отмененных рейсов авиакомпания предлагает полный возврат стоимости авиабилетов без штрафов либо бесплатное перебронирование в том же классе обслуживания на рейсы с вылетом до 31 июля включительно. Также возможно бесплатное изменение маршрута на рейсы Air Astana с доплатой разницы в тарифе и аэропортовых сборах с вылетом до 31 июля включительно.

Если по билету ранее уже было произведено перебронирование с удержанием штрафа, удержанная сумма возврату не подлежит.

Авиакомпания следит за развитием ситуации в регионе и информирует пассажиров в случае дополнительных изменений.