POLISIA.KZ
29.8K subscribers
6.96K photos
5.46K videos
181 files
8.3K links
Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары
Новости МВД Республики Казахстан
Download Telegram
💠 Түркістан төріндегі тарихи саммит қауіпсіз өтуде

Толық ақпарат сайтта.

БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

***

💠 Исторический саммит в Туркестане проходит в условиях безопасности

Информация на сайте.

НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💠 Астанада "Генералдар кеңесінің" 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Толық ақпарат сайтта.

#
БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

***


💠 25 лет на страже Отечества: "Совет генералов" Казахстана отметил юбилей

Информация на сайте.

#
НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚨 Полиция алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертеді

Соңғы уақытта егде жастағы азаматтар алаяқтардың құрбанына жиі айналуда. Қаскөйлер өздерін банк немесе мемлекеттік орган қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаумен азаматтардың ақшасы мен жеке мәліметтеріне қол жеткізуге тырысады.

📌 Қазіргі кезде ең көп таралған бірнеше алаяқтық тәсілдері бар.

💰 Алаяқтар банк шотынан ақша ұрланғалы жатқанын айтып, қаражатты шұғыл түрде "қауіпсіз шотқа" аударуға көндіреді. Ол үшін сілтемелер жіберіп немесе арнайы қосымша орнатуды сұрайды.

📱 "Қауіпсіздік жүйесін жаңарту" деген сылтаумен белгісіз бағдарламаларды жүктеуді ұсынады. Мұндай қосымшалар орнатылғаннан кейін алаяқтар банк деректеріне толық қол жеткізе алады.

🏠 Кей жағдайларда қаскөйлер өздерін коммуналдық қызмет немесе зейнетақы ұйымдарының қызметкері ретінде таныстырып, төлемдерді қайта есептеу немесе есептегіштерді тексеру сылтауымен SMS-кодтар мен жеке мәліметтерді сұрайды.

⚠️ Сонымен қатар алаяқтар эмоцияға қысым жасау тәсілін де қолданады. Олар туысыңыз қиын жағдайға тап болғанын айтып, шұғыл ақша аударуды талап етеді.

🌀 Бұдан бөлек, қазіргі технологияларды пайдаланып, жақын адамның дауысын немесе бейнесін қолдан жасап, сенімге кіруге тырысады. Мұндай жағдайда ақпаратты міндетті түрде қайта тексеру қажет.

📌 Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды.

✔️ Сабыр сақтап, асығыс шешім қабылдамаңыз.
✔️ Банкпен немесе мемлекеттік органдармен тек ресми нөмірлер арқылы байланысыңыз.
✔️ Банк картасының деректерін, SMS-кодтарды, құпиясөздер мен ПИН-кодтарды ешкімге айтпаңыз.
✔️ Белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз және күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
✔️ Күмән туған жағдайда міндетті түрде жақындарыңызбен ақылдасыңыз.

👨‍👩‍👧‍👦 Полиция азаматтарды егде жастағы туыстарына алаяқтықтың кең таралған тәсілдерін түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын ескертуге шақырады.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

🚨 Полиция предупреждает о новых схемах мошенничества

Пожилые люди все чаще становятся жертвами мошенников. Злоумышленники представляются сотрудниками банков или государственных органов и под разными предлогами пытаются получить доступ к деньгам или личным данным.

📌 Чаще всего используются несколько распространенных схем.

💰 Мошенники могут сообщить, что с банковского счета якобы пытаются похитить деньги, и убедить срочно перевести средства на "безопасный счет". Для этого они отправляют ссылки или просят установить приложение.

📱 Под предлогом "обновления системы безопасности" злоумышленники предлагают установить неизвестные программы. После установки они получают полный доступ к банковским данным.

🏠 Нередко мошенники представляются сотрудниками коммунальных служб или пенсионных организаций и просят назвать SMS-коды или личную информацию якобы для перерасчета выплат или проверки счетчиков.

⚠️ Еще одна распространенная схема — давление на эмоции. Мошенники сообщают, что с родственником произошла беда, и требуют срочно перевести деньги.

🌀 Кроме того, используются современные технологии — поддельные аудио и видео с имитацией голоса близких людей. В таких случаях важно не доверять сразу и обязательно перепроверять информацию.

📌 Чтобы не стать жертвой мошенников, важно соблюдать простые правила безопасности.

✔️ Не поддавайтесь панике и не принимайте поспешных решений.
✔️ Связывайтесь с банками и государственными органами только по официальным номерам.
✔️ Никому не сообщайте данные банковских карт, SMS-коды, пароли и ПИН-коды.
✔️ Не устанавливайте неизвестные приложения и не переходите по сомнительным ссылкам.
✔️ В случае сомнений обязательно посоветуйтесь с близкими.

👨‍👩‍👧‍👦 Полиция призывает предупредить пожилых родственников и объяснить им основные меры безопасности.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

🔹 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» форматындағы салалық ведомстволардың екінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға келген Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунды, Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрі Ұлан Ниязбековті, Тәжікстан Республикасының Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданы, Түрікменстанның Ішкі істер министрі Мұхаммет Хыдыровты және Өзбекстан Республикасының Ішкі істер министрі Азиз Ташпулатовты қабылдады.

🔘 Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, киберқауіпсіздік, экстремизммен және басқа да қазіргі сын-қатерлермен күрес мәселелері талқыланды.

***

Глава государства принял министров внутренних дел и общественной безопасности стран формата «Центральная Азия – Китай»
 
🔹Президент Касым-Жомарт Токаев принял министра общественной безопасности Китайской Народной Республики Ван Сяохуна, министра внутренних дел Кыргызской Республики Улана Ниязбекова, министра внутренних дел Республики Таджикистан Рамазона Рахимзода, министра внутренних дел Туркменистана Мухаммета Хыдырова и министра внутренних дел Республики Узбекистан Азиза Ташпулатова, прибывших в Астану для участия во второй встрече профильных ведомств в формате «Центральная Азия – Китай».
 
🔘В ходе встречи были обсуждены вопросы обеспечения региональной безопасности, противодействия транснациональной преступности, незаконному обороту наркотиков, киберпреступности, экстремизму и другим современным вызовам.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері мен Қытайдың құқық қорғау органдары арасындағы ықпалдастықты арттыру өңірде тұрақтылықты және қауіпсіздікті сақтауда маңызды екенін атап өтті

– Ұйымдасқан трансұлттық қылмыс тамыр жайып, аясын кеңейте түсті. Киберқылмыс табысы жоғары жаһандық индустрияға айналды. Бұл адамдарды миллиардтаған доллар шығынға ұшыратады. Цифрлық жүйені қылмыстық топтар өз қызметтерін үйлестіруге, табыстарын жылыстатуға, ешбір мемлекеттің шекарасына қарамайтын шабуыл жасауға жиі қолданады. Маңызды көлік және сауда бағыттары түйісетін Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары. Осы орайда, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына және адам саудасына қарсы тұру мәселесі өзекті болып отыр. Күш-жігер біріктіру, ақпарат алмасу, институционалдық ықпалдастықты нығайту және заманауи технологияларды енгізу арқылы ғана бұл сын-қатерлерге қарсы тұра алатынымызға сенімдімін. Қазақстан қауіпсіздік саласындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуді дәйекті түрде қолдайды. Біз азаматтарымызды қорғау мен елдерімізді орнықты дамыту бағытындағы ашық диалогқа, үздік тәжірибелерді алмасуға және бірлесіп шешім қабылдауға дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Глава государства отметил, что укрепление взаимодействия между правоохранительными органами стран Центральной Азии и Китая имеет важное значение для обеспечения стабильности и безопасности в регионе
 
– Транснациональная организованная преступность становится все более гибкой и интегрированной. Киберпреступность превратилась в высокоприбыльную глобальную индустрию, наносящую ущерб в миллиарды долларов. Цифровая среда все чаще используется преступными группировками для координации своей деятельности, отмывания доходов и проведения атак, не признающих государственных границ. Центральная Азия, находясь на пересечении важных транспортных и торговых маршрутов, объективно остается в зоне повышенного внимания транснациональных преступных сетей. В этой связи особую остроту приобретают вопросы противодействия транснациональной организованной преступности, незаконному обороту наркотиков и торговле людьми. Убежден, только через объединение усилий, обмен информацией, укрепление институционального взаимодействия и внедрение современных технологий мы сможем эффективно противостоять этим угрозам. Казахстан последовательно выступает за углубление регионального и международного сотрудничества в сфере безопасности. Мы готовы к открытому диалогу, обмену лучшими практиками и совместной выработке решений, направленных на защиту наших граждан и обеспечение устойчивого развития соответствующих государств, – сказал Касым-Жомарт Токаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде өзара үйлесімді, нақты шешімдердің үлгісі болатынына сенімдімін»

🟦Президенттің пікірінше, қылмыстық элементтердің өңірдегі ішкі тұрақтылықты бұзуына жол беруге болмайды. Бұл орайда жүйелі әрі батыл әрекеттер қажет.

– Қазақстан заң үстемдігін қамтамасыз етуді құқық қорғау қызметі ғана емес, мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыты ретінде қарастырады. Біз «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын дәйекті түрде нығайтып келеміз. Аталған қағидат жаңа Конституциямызда елімізді одан әрі жаңғыртудың басты алғышарттарының бірі ретінде көрініс тапты. Маңызды міндеттердің бірі – ұйымдасқан трансұлттық қылмыстық топтардың қаржы ағынына тосқауыл қою. Экстремизм идеяларының таралуын, лаңкестік топтардың адамдарды интернет арқылы арбауын белсенді түрде әшкерелеп, террорлық актілерге астыртын әзірлік әрекеттерін алдын ала анықтаған жөн. Айтылған қатерлердің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Оған тек жан-жақты, кешенді түрде күш-жігер біріктіре отырып төтеп бере аламыз. «Орталық Азия – Қытай» форматы елдеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде өзара үйлесімді, нақты шешімдердің үлгісі болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық және экономикалық тыныс-тіршіліктің онлайн кеңістікке ойысуы киберқауіпсіздік мәселесін мүлдем жаңа деңгейге көтерді деп санайды.

– Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыс ешқандай шекараға бағынбайды. Азаматтарымызға, бизнеске және мемлекеттік органдарға зардабын тигізіп отыр. Гибридті және ақпараттық технологиялар жалған мәлімет, яғни, «фейк» тарату құралы ретінде қолданылады. Өшпенділік өртін үрлеп, алауыздық туғызады. Деструктивті элементтердің қолындағы жасанды интеллект ауыр салдарға әкеліп соғатын өте жойқын ақпараттық қаруға айналды. Заң талаптарына қайшы контент толассыз көбейіп жатыр. Осыған байланысты қазіргі ықпалдастық тетіктерін жүйелі түрде жетілдіріп, киберқауіпсіздікке қарсы проактивті іс-қимылға көшу керек, – деді Президент.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев: «Уверен, что формат «Центральная Азия – Китай» станет примером согласованных и конкретных мер обеспечения безопасности наших стран»

🟦Как подчеркнул Президент, нельзя допустить, чтобы преступные элементы подрывали внутреннюю стабильность в регионе. В этом контексте, по его мнению, нужны более системные и решительные действия.

– Обеспечение верховенства закона рассматривается Казахстаном не только как правоохранительная функция, но и как стратегический приоритет государственной политики. Мы последовательно реализуем курс на укрепление концепции «Закон и Порядок». Этот принцип отражен в новой Конституции в качестве базового элемента последующей трансформации модернизации нашей страны. В числе приоритетных задач – блокировка финансовых потоков транснациональных преступных групп. Следует активнее пресекать распространение идей экстремизма, вербовку в террористические группы через Интернет, выявлять на дальних подступах подготовку к террористическим актам. Все обозначенные мною угрозы тесно взаимосвязаны, противодействие им требует комплексных, комбинированных усилий. Уверен, что формат «Центральная Азия – Китай» станет примером согласованных и конкретных мер обеспечения безопасности наших стран, – отметил Глава государства.


🟦Касым-Жомарт Токаев полагает, что перевод многих сфер общественной и экономической жизни в онлайн-пространство выводит вопросы кибербезопасности на совершенно новый уровень.

– Преступность в сфере информационных технологий не признает границ, затрагивая граждан, бизнес и государственные органы наших стран. Гибридные и информационные технологии служат инструментом дезинформации и так называемых «фейков», распространяют язык ненависти, разжигают конфликты. Искусственный интеллект в руках деструктивных элементов превращается в информационное оружие, причем очень мощное по своим деструктивным последствиям оружие. Противоправный контент, или, как сейчас принято говорить, противоправное содержание, штампуется конвейерным потоком. В этой связи существующие механизмы взаимодействия нуждаются в системном совершенствовании и проактивном противодействии киберпреступности, – заявил Президент.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы өңір елдерінің экономикалық ынтымақтастығын нығайту мен дамыту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қауіпсіздік мәселесімен тығыз байланысты екенін айтты

– Транскаспий халықаралық көлік бағыты еуразиялық логистиканың стратегиялық элементіне айналып келеді. Жаһандық сауда тізбегінің трансформациясына және геосаяси қысымның күшеюіне сәйкес оның маңызы еселеп артты. Сонымен қатар жүк тасымалын ұлғайтудың белгілі бір қауіп-қатерлері бар. Әңгіме трансұлттық қылмыс, соның ішінде контрабанда, есірткі, қару-жарақ тасымалы туралы болып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🟦Президент өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру үшін «Орталық Азия – Қытай» форматының әлеуетін пайдалану қажеттігін жеткізді.

– Менің ойымша, ішкі істер министрліктері бір-бірімен ынтымақтастықты күшейтіп, қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп мәселелеріне қатысты ақпараттармен бөлісуге тиіс. Бұл халықтарымыздың арман-тілегіне толығымен сай келеді. Жұртшылық мемлекеттер басшыларынан өз елдерін тәртіпке келтіріп, қалыпты әрі қауіпсіз өмірге қолайлы жағдай жасау үшін аса шұғыл, тиімді шешімдер қабылдауды талап етіп отыр. Балаларымыз, жалпы халық ел басшыларының, ішкі істер министрлері мен басқа да ведомство жетекшілерінің заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын қабылдап жатқандарына көздері жетіп, өздерін қауіпсіз сезінуі қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства отметил, что укрепление и развитие экономического сотрудничества стран региона, реализация совместных инфраструктурных проектов тесно связаны с вопросами безопасности

– Транскаспийский международный транспортный маршрут становится стратегическим элементом евразийской логистики. Его значимость кратно возрастает в условиях трансформации глобальных торговых цепочек и роста геополитической напряженности. Между тем наращивание грузопотоков сопряжено с определенными рисками. Речь идет о транснациональной преступности: перевозке контрабанды, наркотиков, оружия, – сказал Касым-Жомарт Токаев.


🟦Президент указал на необходимость реализации имеющегося потенциала формата «Центральная Азия – Китай» для выстраивания эффективной системы региональной безопасности.

– Министерства внутренних дел, на мой взгляд, должны усилить сотрудничество друг с другом, делиться информацией друг с другом по самым чувствительным вопросам, касающимся безопасности и общественного порядка. Это полностью соответствует потребностям и чаяниям наших народов. Они требуют от руководителей своих государств принять самые срочные, самые эффективные меры для того, чтобы навести порядок и создать благоприятные условия для нормальной, безопасной жизни, чтобы наши дети чувствовали себя в безопасности, и граждане могли бы с уверенностью сказать, что руководители наших стран, министры внутренних дел и других ведомств предпринимают усилия для наведения необходимого общественного порядка в соответствии с законодательством, – подчеркнул Глава государства.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен және Орталық Азия мемлекеттерімен өзара сенім, тату көршілік, ортақ жауапкершілік негізіндегі ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше мән беретінін жеткізді

🟦Кездесуге қатысушылар өзара байланыстарды жолға қоюға, жедел ақпарат алмасуға, кәсіби қарым-қатынастарды дамытуға және құқық қорғау органдарының қызметіне заманауи технологияларды енгізуге ниетті екендерін растады.

🟦Президент аталған жиынның Орталық Азия мен Қытай аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша серіктестік пен ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По словам Касым-Жомарта Токаева, Казахстан придает особое значение развитию сотрудничества с Китайской Народной Республикой и государствами Центральной Азии на основе взаимного доверия, добрососедства и совместной ответственности

🟦Участники встречи подтвердили намерение расширять практическое взаимодействие, укреплять обмен оперативной информацией, развивать профессиональные контакты и внедрять современные технологии в деятельность правоохранительных органов.

🟦В завершение Президент выразил уверенность в том, что итоги встречи придадут дополнительный импульс укреплению партнерства и взаимодействия в сфере обеспечения безопасности на пространстве Центральной Азии и Китая.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ҚХР және Орталық Азия елдерінің ішкі істер министрлерімен кездесу

****

Встреча с министрами внутренних дел КНР и стран Центральной Азии


🎦 t.me/aqorda_resmi