POLISIA.KZ
30K subscribers
6.86K photos
5.43K videos
181 files
8.22K links
Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары
Новости МВД Республики Казахстан
Download Telegram
🏒 Мұз үстіндегі бәсеке: ШҚО-да өткен ІІМ турнирінде "Титан" тағы топ жарды

🏆 Өскеменде ішкі істер органдары арасында шайбалы хоккейден ҚР ІІМ кубогы жолындағы республикалық жарыс аяқталды.

🥇 4 күнге созылған бәсеке қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің "Титан" командасы қатарынан үшінші рет чемпион атанды.

🥈 Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының "Достар" командасы иеленді.

🥉 Ал үздік үштікті Қарағанды облысының "Жігіттер" құрамасы түйіндеді.

👏 Бұл жарыс жақында құрылған "ARLAN" спорт клубының қолдауымен ұйымдастырылды. Сондай-ақ турнир барысында үздік ойыншылар анықталып, ерекше көзге түскен қатысушылар марапатталды.

Толық ақпарат сайтта.

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
🏒 Мұз үстіндегі бәсеке: ШҚО-да өткен ІІМ турнирінде "Титан" тағы топ жарды 🏆 Өскеменде ішкі істер органдары арасында шайбалы хоккейден ҚР ІІМ кубогы жолындағы республикалық жарыс аяқталды. 🥇 4 күнге созылған бәсеке қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏒 Соревнования на льду: "Титан" вновь стал лучшим на турнире МВД в ВКО

🏆 В Усть-Каменогорске завершился республиканский турнир по хоккею с шайбой на Кубок МВД РК среди подразделений органов внутренних дел.

🥇 По итогам четырехдневных соревнований команда департамента полиции Восточно-Казахстанской области "Титан" в третий раз подряд стала чемпионом.

🥈 Второе место заняла команда "Достар" Северо-Казахстанской области.

🥉 Третье — "Жігіттер" Карагандинской области.

👏 Турнир был организован при поддержке недавно созданного спортивного клуба "ARLAN". В ходе соревнований также были определены лучшие игроки, а отличившиеся участники отмечены наградами.

Информация на сайте.

#НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ ШҚО-да синтетикалық есірткі өндіретін зертхананың қызметі тоқтатылды

Ақпарат сайтта.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

⚡️ Лаборатория синтетических наркотиков пресечена в ВКО

Информация на сайте.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🍀 Таза Қазақстан: тәртіп сақшылары экологиялық акцияға қатысты

Ішкі істер органдарының жеке құрамы республика бойынша экологиялық акцияға қатысты.

Әрбір бөлініс қызметкерлері ғимарат аумақтарын тазалап, жолдар мен тротуарлардың жиегін ақтап, ағаш пен гүл көшеттерін отырғызды.

Тәртіп - тазалықтан басталады. Таза Қазақстан - біздің Отанымыз!

⚜️⚜️⚜️

🍀 Таза Қазақстан: стражи порядка приняли участие в экологической акции

Личный состав органов внутренних дел принял участие в экологической акции по всей республике.

Сотрудники каждого подразделения очистили территории зданий, побелили бордюры вдоль дорог и тротуаров, а также высадили саженцы деревьев и цветов.

Порядок начинается с чистоты. Чистый Казахстан — наша Родина!

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥇 ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

25-26 сәуір күндері Қарағанды қаласында NPA Kazakhstan федерациясы ұйымдастырған “Даланың қуаты VI" күштік спорт түрлерінен Азия чемпионаты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша ІІМ жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментінің арнайы кәсіби даярлық басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Мұрат Токушев жоғары дене дайындығы мен кәсібилігін көрсетті.

Ол "стритлифтинг қайталама стандарт — кеудені жерден көтеру" дисциплинасында бірінші орын иеленіп, спорт шебері нормативін орындады.

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

***

🥇Сотрудник МВД стал чемпионом Азии по стритлифтингу

С 25 по 26 апреля в Караганде прошел чемпионат Азии по силовым видам спорта "Даланың қуаты VI", организованный федерацией NPA Kazakhstan.

По итогам соревнований старший инспектор по особым поручениям управления специальной профессиональной подготовки департамента по работе с личным составом МВД Мурат Токушев продемонстрировал высокий уровень физической подготовки и профессионализма.

Он занял первое место в дисциплине “стритлифтинг многоповторный стандарт - отжимания, успешно выполнив норматив мастера спорта.

#НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️ІІМ Halyk+ жалған платформасына қатысты алаяқтық туралы ескертеді

Толық ақпарат сайтта.

❗️МВД предупреждает о мошенничестве с фейковой платформой Halyk+

Подробная информация на сайте.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💠 Қауіпсіз Қазақстан: Атырауда шетелдік саяхатшылар туристік полицияға алғыс білдірді

Атырауда туристік полиция қызметкерлері Швейцария мен Германия елдерінен келген саяхатшыларға көмек көрсетті. Қала ішінде олардың қажетті жерлеріне жетуіне бағыт-бағдар беріп, Қазақстан аумағында ұялы байланыс қызметтерін пайдалану, қауіпсіздік талаптары және туристерге маңызды өзге де ақпараттарды түсіндірді.

Шетелдік қонақтар көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдіріп, Қазақстанның қонақжайлылығы мен қауіпсіздігіне жоғары баға берді.

– Бұл ел керемет, біз өз елімізде жарнамалайтын боламыз, – деп әсерлерімен бөлісті туристер.


Айта кетейік, туристік полицияның негізгі мақсаты – өңірге келген шетелдік және отандық туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жан-жақты ақпараттық қолдау көрсету.

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

***

💠 Гостеприимство и безопасность Казахстана: иностранные туристы выразили признательность

В Атырау сотрудники туристической полиции оказали содействие путешественникам, прибывшим из Швейцарии и Германии. Им была предоставлена необходимая помощь в ориентировании по городу, разъяснены вопросы использования услуг мобильной связи на территории Казахстана, требования безопасности, а также иная важная информация для туристов.

Иностранные гости выразили благодарность за оказанную помощь и высоко оценили гостеприимство и уровень безопасности в Казахстане.

– Эта страна произвела на нас большое впечатление, мы обязательно будем рекомендовать ее у себя на родине, – поделились своими впечатлениями туристы.


Отметим, что основная задача туристической полиции – обеспечение безопасности иностранных и отечественных туристов, а также предоставление им всесторонней информационной поддержки.

#НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдікті ұстады

Киберполицейлер Шымкент қаласының тұрғындары зардап шеккен алаяқтық схеманың жолын кесті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Алматы қаласында тұратын интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерді ұйымдастыруға және үйлестіруге қатысы бар шетелдік азамат.

Алаяқтық схемасы психологиялық қысым көрсетуге негізделген: қаскөйлер жәбірленушілерге қоңырау шалып, өздерін банк немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, түрлі сылтаулармен ақшаны “қауіпсіз шоттарға” аударуға көндірген. Соның салдарынан азаматтар өз жинақтарынан айырылған.

Қазіргі таңда алаяқтықтың үш фактісі анықталды. Келтірілген жалпы шығын шамамен 8 миллион теңгені құрайды.

Тексеру барысында ұрланған қаражат аударылған шоттар да анықталды. Олар Алматыда тұратын төрт шетелдік студенттің атына рәсімделгені белгілі болды. Олардың банк карталары мен шоттары заңсыз схема аясында пайдаланылып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және әрі қарай аудару үшін қызмет атқарған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

❗️ Полиция азаматтарды мұқият болуға шақырады: бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіздер, оларлың нұсқауымен қаржылық операциялар жасамаңыздар. Банк қызметкерлері мен мемлекеттік органдар ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
⚡️ Шымкентте полиция интернет-алаяқтыққа қатысы бар шетелдікті ұстады Киберполицейлер Шымкент қаласының тұрғындары зардап шеккен алаяқтық схеманың жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері…
⚡️ Иностранец задержан за организацию интернет-мошенничества в Шымкенте

Киберполицейские пресекли деятельность мошеннической схемы, жертвами которой стали жители Шымкента.

В ходе оперативно-розыскных мероприятий сотрудниками управления по противодействию киберпреступности установлен и задержан подозреваемый — иностранный гражданин, находившийся на территории города Алматы и причастный к организации и координации дистанционных мошенничеств.

Схема была построена на психологическом воздействии: злоумышленники звонили потерпевшим, представляясь сотрудниками банков и государственных структур, и под различными предлогами убеждали их перевести денежные средства на "безопасные счета". В результате граждане лишались своих сбережений.

На сегодняшний день установлено три факта мошенничества. Общая сумма причиненного ущерба составила около 8 млн тенге.

В ходе проверки также установлены счета, на которые поступали похищенные средства. Они оказались оформлены на четырех иностранных студентов, проживающих в Алматы. Установлено, что их банковские карты и счета использовались в противоправной схеме, выступая транзитным звеном для обналичивания и дальнейшего перевода денежных средств.

Подозреваемый задержан и водворен в изолятор временного содержания. Проводится расследование.

❗️ Полиция призывает граждан проявлять бдительность: не доверять телефонным звонкам от неизвестных лиц, кем бы они ни представлялись, и не совершать финансовые операции по указанию третьих лиц. Сотрудники банков и государственных органов не требуют перевода денежных средств по телефону.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☄️ ІІМ мал контрабандасының арнасын жойды: шамамен 1000 бас мал елден шығарылмады

Ақпарат сайтта.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

☄️ МВД ликвидирован канал контрабанды скота: около 1000 голов не покинули страну

Информация на сайте.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔔 Көкшетауда 100-ден астам қоғамдық автобуста интернет-алаяқтыққа қарсы бейнероликтер көрсетілуде

📢 Көкшетауда интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ауқымды ақпараттық-профилактикалық науқан басталды. Өңірлік полиция департаментінің бастамасымен 110 қалалық автобуста профилактикалық бейнематериалдар көрсетіліп жатыр.

👮‍♂️ Киберполиция қызметкерлері атап өткендей, облыс орталығында күн сайын 100 мыңға жуық адам қоғамдық көлік қызметін пайдаланады, яғни ақпараттандырудың жаңа форматы қала тұрғындарының барынша кең аудиториясын қамтуға мүмкіндік береді.

📹 Ескертулер мен практикалық ұсыныстары бар бейнероликтер әр 3-5 минут сайын автобус салондарында трансляцияланады. Олар интернеттегі алаяқтықтың кең таралған схемаларын және азаматтарға арналған іс-қимыл алгоритмін егжей-тегжейлі түсіндіреді.

🛡️Қысқа сапардың өзінде жолаушылар алаяқтарды қалай тануға және жеке деректері мен қолма-қол ақшаларын қорғауға болатындығы туралы пайдалы ақпарат ала алады.

✅️ Полиция мұндай алдын алу шаралары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, киберқауіпсіздіктің тұрақты дағдыларын қалыптастыруға және интернет-алаяқтықты азайтуға ықпал ететінін атап өтті.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
🔔 Көкшетауда 100-ден астам қоғамдық автобуста интернет-алаяқтыққа қарсы бейнероликтер көрсетілуде 📢 Көкшетауда интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ауқымды ақпараттық-профилактикалық науқан басталды. Өңірлік полиция департаментінің бастамасымен 110…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔔 Более 100 пассажирских автобусов задействовали в профилактике интернет-мошенничества в Кокшетау

📢 В Кокшетау дан старт масштабной информационно-профилактической кампании, направленной на предупреждение интернет-мошенничества. По инициативе регионального департамента полиции 110 городских автобусов оснащены видеоматериалами профилактического характера.

👮‍♂️ Как отмечают сотрудники киберполиции, ежедневно услугами общественного транспорта в областном центре пользуются порядка 100 тысяч человек, а значит новый формат информирования позволяет охватить максимально широкую аудиторию горожан.

📹 Видеоролики с предупреждениями и практическими рекомендациями транслируются в салонах автобусов с периодичностью каждые 3–5 минут. В них подробно разъясняются наиболее распространенные схемы интернет-мошенничества и алгоритм действий для граждан.

🛡️ Даже за время непродолжительной поездки пассажиры могут получить полезную информацию о том, как распознать мошенников и обезопасить свои персональные данные и денежные средства.

✅️ Полиция подчеркивает, что подобные профилактические меры направлены на повышение правовой грамотности населения, формирование устойчивых навыков кибербезопасности и снижение числа преступлений в сфере интернет-мошенничества.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көлік полицейлері вокзалда жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті

Маңғыстау станциясындағы көлік полицейлері Бауыржан Исмайлов пен Нұрсұлтан Сүйесінов теміржол вокзалы аумағында ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды.

Күту залында кезекшілік атқарып жүрген сақшылар өзін жайсыз сезініп, жағдайы күрт нашарлаған жолаушыны байқап, азаматқа дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Полицейлердің уақытылы әрекетінің арқасында жолаушының жағдайы бір қалыпқа түсті. Көп ұзамай оқиға орнына медицина қызметкерлері келіп, жолаушы дәрігерлерге тапсырылды.

Аталған жағдай полиция қызметкерлерінің кез келген сәтте азаматтарға көмек көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

***

Оперативная помощь: транспортные полицейские стабилизировали состояние пассажира на вокзале


Сотрудники отдела полиции на транспорте на станции Мангистау — Бауыржан Исмайлов и Нурсултан Суйесинов — проявили оперативность и профессионализм на территории железнодорожного вокзала.

В зале ожидания вокзала ими был замечен пассажир, у которого произошло резкое ухудшение самочувствия. Транспортные полицейские незамедлительно оказали ему первую медицинскую помощь.
Благодаря своевременным и грамотным действиям стражей порядка состояние мужчины было стабилизировано.

На место происшествия были вызваны медицинские работники, после чего он был передан под наблюдение врачей.

Данный случай в очередной раз подтверждает готовность полиции оказать помощь гражданам в любой ситуации.

#НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 ІІМ госпиталінде полиция қызметкерлеріне арналған оңалту орталығы ашылды

Ішкі істер министрлігінің Орталық госпиталінде қызметтік міндетін атқару барысында жарақат алған және түрлі ауруларға шалдыққан ІІО қызметкерлеріне арналған оңалту орталығы жұмысын бастады.

Полиция қызметі әрдайым қауіп-қатермен байланысты. Тәуелсіздік жылдары ішінде қызметтік борышын өтеу кезінде бес мыңға жуық қызметкер түрлі жарақат алған. Бұл жай ғана статистика емес — әрбір санның артында азаматтарды қорғап жүріп, өздері де қолдау мен оңалтуды қажет ететін адамдардың тағдыры тұр.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша госпитальда қызметкерлерді кешенді оңалтудан өткізуге барлық жағдай жасалған. Мұнда олар қалпына келтіру емін алып, толыққанды өмірге және қызметке қайта оралуға мүмкіндік алады.

Алғашқы қабылдау 20 сәуірде өтті — орталыққа еліміздің әр өңірінен 12 қызметкер жіберілді. Оңалту негізгі медициналық бағыттар бойынша жүргізіледі: травматология, неврология, кардиология және терапия.

Пациенттерге заманауи емдеу процедураларының кең ауқымы қолжетімді: емдік дене шынықтыру, массаж, механотерапия, гидрокинезотерапия, бальнеотерапия, лазерлік терапия және өзге де қалпына келтіру әдістері.

Орталықтың жұмысы тұрақты негізде ұйымдастырылады — қабылдауларды тоқсан сайын өткізу жоспарланып отыр.

Орталықтың ашылуы — жеке құрамды қолдау жүйесіндегі нақты қадам. Ішкі істер министрлігі ел қауіпсіздігі үшін күнделікті жауапкершілік жүктелген қызметкерлерді қолдау деңгейін арттыруда.

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
🔹 ІІМ госпиталінде полиция қызметкерлеріне арналған оңалту орталығы ашылды Ішкі істер министрлігінің Орталық госпиталінде қызметтік міндетін атқару барысында жарақат алған және түрлі ауруларға шалдыққан ІІО қызметкерлеріне арналған оңалту орталығы жұмысын…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 В Госпитале МВД открыт реабилитационный центр для сотрудников полиции

В Центральном Госпитале МВД начал работу реабилитационный центр для сотрудников органов внутренних дел, получивших травмы и заболевания во время службы.

Полицейская служба связана с постоянным риском. За годы независимости при исполнении служебного долга различные ранения получили порядка пяти тысяч сотрудников. Это не просто статистика — за каждой цифрой стоят судьбы людей, которые, защищая граждан, сами нуждаются в поддержке и восстановлении.

По поручению Министра внутренних дел в Госпитале созданы условия для комплексной реабилитации сотрудников. Здесь они смогут пройти восстановительное лечение и вернуться к полноценной жизни и службе.

Первый заезд состоялся 20 апреля — в центр направлены 12 сотрудников из разных регионов страны. Реабилитация проводится по ключевым медицинским направлениям: травматология, неврология, кардиология и терапия.

Пациентам доступен широкий спектр современных процедур: лечебная физкультура, массаж, механотерапия, гидрокинезотерапия, бальнеотерапия, лазеротерапия и другие методы восстановления.

Работа центра будет организована на постоянной основе — заезды планируется проводить ежеквартально.

Создание центра — это конкретный шаг в системе поддержки личного состава. МВД последовательно усиливает заботу о сотрудниках, для которых служба — это не просто работа, а ежедневная ответственность за безопасность страны.

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
☄️ Павлодарда ірі есірткі арнасы жойылды

Ақпарат сайтта.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

☄️ Крупный наркоканал ликвидирован в Павлодаре

Информация на сайте.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚸 Дропперлікке жол жоқ: алаяқтық схемалардан сақ болыңыз

💳 Дропперлік — қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі. Бұл — үшінші тұлғалардың заңсыз ақша айналымы үшін азаматтардың банк шоттарын немесе төлем карталарын пайдалануы.

💵 Қара ниеттілер азаматтарды алдап, "жеңіл табыс" ұсынады. Мұндай ұсыныстар қауіпсіз болып көрінгенімен, олардың артында заңға қайшы әрекеттер жатыр.

⚡️ Полиция банктер күмәнді қаржылық операцияларды тұрақты түрде бақылауда ұстайтынын ескертеді. Егер қысқа уақыт ішінде көптеген аударым жасалса, әртүрлі тұлғалардан қаражат түссе немесе шоттар алаяқтықпен байланысты болса, келесі шаралар қабылданады:

🔴 есепшотқа қызмет көрсетуді уақытша шектеу;

🔴 жүргізілген операциялар бойынша түсініктемелер мен құжаттар талап ету;

🔴 шоттағы қаражатты толық бұғаттау;

🔴 материалдарды құқық қорғау органдарына жолдау;

🔴 азаматты банктің “қара тізіміне” енгізу.

Мұндай жағдайда азамат банк қызметтерін пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

❗️ Есте сақтаңыз, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды. Сақ болыңыз!

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
POLISIA.KZ
🚸 Дропперлікке жол жоқ: алаяқтық схемалардан сақ болыңыз 💳 Дропперлік — қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлерінің бірі. Бұл — үшінші тұлғалардың заңсыз ақша айналымы үшін азаматтардың банк шоттарын немесе төлем карталарын пайдалануы. 💵 Қара ниеттілер…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚸 Полиция предупреждает о дропперстве и его последствиях

💳 Одним из распространенных видов финансового мошенничества является дропперство. Это использование банковского счета или карты третьими лицами для незаконного оборота денежных средств.

💵 Преступники обманывают граждан, предлагая "легкий заработок". Такие предложения могут казаться безопасными, однако за ними стоят противоправные действия.

⚡️ Полиция предупреждает, что банки отслеживают подозрительные финансовые операции. Если за короткий период происходит множество переводов, поступают средства от разных лиц или счета связаны с мошенничеством, применяются следующие меры:

🔴 временная блокировка обслуживания счета;

🔴 запрос пояснений и документов по операциям;

🔴 возможная блокировка всех средств на счете;

🔴 передача материалов в правоохранительные органы;

🔴 внесение лица в "черный список" банка.

В результате гражданин лишается возможности пользоваться банковскими услугами.

Согласно законодательству Республики Казахстан, за дропперство предусмотрена уголовная ответственность.

❗️ Полиция призывает граждан быть внимательными и строго соблюдать правила финансовой безопасности.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️ Шымкентте полицейлер көшеде дрифт жасаған жүргізушіні тоқтатты: құқық бұзушы қамауға алынды

Полицейлер орталық көшелердің бірінде жүргізушінің қауіпті әрекетін анықтады. Құқық бұзушылық көлік пен жаяу жүргіншілер легі тығыз аймақта болған.

Жүргізушінің әдейі жасаған күрт маневрлері мен көлікті тайғанақтатып жүргізуі айналадағыларға қауіп төндіріп, ауыр салдарға әкелуі мүмкін еді.

Полицейлер жедел шаралар қабылдап, көлікті анықтап, жүргізушіні ұстады.

Құқық бұзушы сот шешімімен жауапкершілікке тартылып, қамауға алынды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

⚡️ Полиция жолдағы қауіпті “ойын-сауыққа” жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын еске салады.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

❗️ Полицейские пресекли дрифт на оживленной улице в Шымкенте: нарушитель арестован

В Шымкенте полицейские пресекли опасное поведение водителя, который устроил дрифт на центральных улицах города.

Нарушение произошло в зоне интенсивного движения, где ежедневно проходят сотни автомобилей и пешеходов.

Резкие маневры и преднамеренное скольжение создавали угрозу для окружающих и могли привести к серьезным последствиям.

Сотрудники полиции оперативно установили транспортное средство и задержали водителя.

По решению суда нарушитель привлечен к ответственности и подвергнут аресту. Автомашина водворена на штрафную стоянку.

⚡️ Полиция предупреждает, что рискованные "развлечения" на дорогах недопустимы и будут пресекаться в установленном законом порядке.

#ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Саудаға салынған сәби, вебкам-студия мен АИТВ жұқтырғандар: қылмыстық схемалар әшкереленді

Cәуір айында ел аумағында ІІМ тарапынан кезекті ауқымды "STOP трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінде адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеліп, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталды.

🔹Торговля младенцем, вебкам-студия и заражение ВИЧ: раскрыты преступные схемы

В апреле МВД на территории республики организовано очередное широкомасштабное оперативно-профилактическое мероприятие "STOP трафик". В результате зарегистрировано 41 преступление, связанное с торговлей людьми, в том числе 9 фактов в отношении несовершеннолетних.