OTYRAR QAZ
424 subscribers
988 photos
632 videos
22 files
980 links
«Отырар TV» телеарнасының Telegram-арнасы.
Шымкент пен Түркістан жаңалықтары, пайдалы ақпарат

WhatsApp: +7 747 996 82 19

сайт: kz.otyrar.kz

instagram.com/otyrarkz

youtube.com/c/tvotyrar
Download Telegram
Бүгін - жұма, 11 наурыз.

☁️ Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр
Күндіз 18°, түнде 9°

☁️ Түркістан облысында күн бұлтты, жаңбыр
Күндіз 16°, түнде 11°
Шымкентте рұқсатсыз жұмыс істеген 21 шетелдік анықталды

Қала аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұрғындарды, ел аумағынан заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар азаматтарды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Операция барысында Еңбекші ауданында арнайы рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген 21 Өзбекстан Республикасының азаматы анықталып, олардың жеке басын анықтау мақсатында Шымкент қаласы полиция департаментінің қабылдап-тарату орталығына орналастырылды. Оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабымен, яғни, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы бойынша әкімшілік хаттама толтырылады екен.
#тағайындау
Кентау қаласының әкімі тағайындалды

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Кентау қаласының әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды. Облыс әкімі жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының
тапсырмаларын мерзімді әрі нәтижелі орындауды басты назарға алуды міндеттеді. 100 мыңнан астам тұрғыны бар Кентау қаласының жаңа әкіміне үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айтып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Рашид Аюпов аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғысын жеткізіп, алдағы уақытта Кентау қаласының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынына уәде берді.

Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында туған. 2019 жылғы шілде айынан 2021 жылға дейін Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарды. Өткен жылдан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды.
Шымкентте 81 көпбалалы ана «Алтын алқа» иегері атанды

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 2299 «Алтын алқа», 7515 «Күміс алқа» иегерлері бар. Биыл президент жарлығымен олардың қатары тағы да толықты. Мегаполисте жыл басынан бері 425 көпбалалы ананың 81-і «Алтын алқа», 344-і «Күміс алқа» иегері атанды.

Жыл сайын «Алтын алқа» жеті немесе одан да көп, ал «Күміс алқа» алты баланы тәрбиелеген аналарға беріледі. Сондай-ақ қалада 373 ана «Батыр ана», 591 ана I,II дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері болса, 4 және 5 перзент өсіріп отырған 43 046 көпбалалы ана бар.

Мейрам кезінде 11 мыңға жуық көпбалалы анаға 5 АЕК яғни 15 315 тг көлемінде бір реттік сыйақы берілген.
Бүгін – дүйсенбі, 14 наурыз.

☁️ Шымкентте күн бұлтты
Күндіз 10°, түнде 5°

☁️ Түркістан облысында күн бұлтты
Күндіз 12°, түнде 3°
​​#хабарландыру
Шымкентте Әл-Фараби алаңы уақытша жабылады

Шымкент қаласында Наурыз мейрамын тойлауға байланысты 2022 жылғы 19 наурыз, сағат 9:00-ден бастап 23 наурыз, сағат 00:00-ге дейін Әл-Фараби алаңы Асқаров көшесінен Б.Момышұлы көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.

Көлік жүргізушілері бағыттарын суреттегі схемаға сәйкес үйлестіре алады.

Сондай-ақ, №52, №92 қоғамдық көлік бағыттары өзгереді. Өзгерген жол сызбасы суретте көрсетілген.
Бүгін Шымкентте нөсер жауын болады

Шымкентте 14 наурыз кешкісін қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с
ҚР Үкіметі сыртқы экономикалық теріс құбылыстарға қарсы жоспарын жүзеге асырып жатқанын хабарлады.

Атап айтқанда, қаржы нарығының орнықтылығын және теңгелік депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірлепті.

Екінші деңгейдегі банктерде 2022 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 15,3 трлн. теңге немесе активтердің 40% құрайтын өтімділігі жоғары активтердің біршама қоры бар екен.

Заңда белгіленген шекте жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. Ағымдағы жылғы қаңтарда халықтың теңгелік жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы 20 млн теңгеге дейін, сондай-ақ түрлері мен валюта бойынша әртүрлі депозиттерге кепілдік берудің ең жоғары жиынтық сомасы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ тарапынан ұлғайтылды.

Бұдан басқа, бағаның өсуін тежеу мақсатында Үкімет Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр.

💬 Халықты үрейленбеуге және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз, - делінген хабарламада.
Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жөнелтті

Бүгін, 2022 жылғы 14 наурызда Алматы әуежайынан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберді.

Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы - 28,2 тонна. Бұған 17 дәрі-дәрмек кіреді: антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертезивті препараттар.

Украина азаматтарына гуманитарлық көмек екі рейспен, яғни екіншісін ертең, 15 наурызда жөнелтеді.
Қазақстанда бидай қымбаттады

Елімізде 1 тонна бидай бағасы 130 мың теңгеге жетті. Бұл туралы "Қазақстан астық өңдеушілер одағының" вице-президенті Таисия Коллегова айтты.

Оның сөзінше, бұған РФ үкіметінің 10 наурызда ЕАЭО елдеріне бидай және басқа бірнеше дақылдың еркін экспортын шектеу жөніндегі шешімі себеп болған.
Бұл шешім 17 наурызда күшіне енеді.
Бизнес-идеяларға берілетін қайтарымсыз грант алуға өтініш қабылдау 1 сәуірде басталады

Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимде 10 күн қабылданады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Содан кейін аудандық/қалалық комиссия берілген өтініштерді қарайды.
Комиссия отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстырады. Өтінім берілген күн комиссияның шешіміне әсер етпейді.