QR Energetıka mınıstrligi
3.17K subscribers
5.61K photos
553 videos
2 files
2.32K links
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Пресс-служба Министерства энергетики РК


https://www.facebook.com/minenergork
https://www.instagram.com/ministry_of_energy/

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press?lang=kk
Download Telegram
⚜️Мәжілісте елішілік құндылықты дамыту мәселелері талқыланды

▪️Парламент Мәжілісінде ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» ұлттық компаниялары мен бизнес өкілдерінің қатысуымен тақырыптық отырыс өтті.
Жиын мұнай-газ саласындағы ұлттық жобаларда жергілікті қамтуды дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне арналды.

▪️Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров өз баяндамасында Министрлік тарапынан елішілік құндылықты дамыту және жергілікті қамту үлесін арттыру, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау мақсатында тиімді жүйе қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

▪️Сонымен қатар вице-министр «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «QazaqGaz» ҰК» АҚ сатып алуларына қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді кеңінен тарту шараларына тоқталды. Атап айтқанда, елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын әзірлеу, жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша мақсатты индикаторларды белгілеу, сондай-ақ сатып алу рәсімдерін жетілдіруге бағытталған тетіктерді енгізу көзделген. Бұдан бөлек, қазақстандық жеткізушілермен ұзақмерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасау арқылы отандық өндірісті қолдау мен ынталандыру жұмыстары жалғасатыны айтылды.

✔️Қорытындылай келе, Министрлік пен ұлттық компаниялар ағымдағы жылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша жергілікті қамтуды дамыту мәселелерін одан әрі пысықтау жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1
⚜️Развитие внутристрановой ценности обсудили в Мажилисе

▪️В стенах Мажилиса Парламента прошло очередное тематическое заседание с участием представителей Министерства энергетики Республики Казахстан, национальных компаний ҚазМұнайГаз, QazaqGaz и представителей бизнеса, которое было посвящено вопросам развития внутристрановой ценности и поддержки отечественных товаропроизводителей в нефтегазовых проектах национальных компаний в области углеводородов.

▪️Вице-министр энергетики Ерлан Акбаров, в своем докладе отметил о проводимой Министерством работе в обеспечении создания эффективной системы развития внутристрановой ценности по увеличению доли местного содержания и поддержки отечественных производителей.

▪️Вице-министр также отметил меры по привлечению казахстанских производителей товаров и поставщиков работ и услуг в закупки недропользователей АО «НК «КазМунайГаз» и АО «НК «QazaqGaz», включающие разработку Программы развития внутристрановой ценности недропользователей, с установлением ряда целевых индикаторов повышения доли внутристрановой ценности в товарах, работах и услугах, а также инструментов и механизмов процесса осуществления закупок, направленных на стимулирование и поддержку казахстанского поставщика работ (услуг) и заключение долгосрочных договоров и офтейк-контрактов с казахстанскими товаропроизводителями.

✔️В завершении, Министерством и национальные компании были озвучены дальнейшие планы на текущий год в части проработки вопросов развития местного содержания в товарах, работах и услуг.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Апта қорытындылары 6-12 сәуір
📌11 электр станциясын кеңейту: ұлттық жоба аясында қай қалалардағы ЖЭО жаңғыртылады?
📌Әділетті энергоауысым: Қазақстан Орталық Азияның инвестициялық даму векторын айқындауда
📌Мұнай, Siemens және сутегі: Қазақстан мен Германия энергетикалық әріптестікті нығайтуда
📌Мәжілісте ірі мұнай-газ жобаларындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мәселесі қаралды
📌9 марафондық қашықтық: Қазақстанда 377 км жылу желісі жаңартылады
📌Қазақстан мен Польша: Санжар Жаркешов PAIH басшысымен энергетикаға инвестиция тарту және көмір химиясын талқылады
📌Серіктестіктің жаңа кезеңі: Қазақстан мен Оңтүстік Корея энергетикадағы ынтымақтастықты кеңейтуде
📌Ғылымнан өндіріске: Қазақстан мен Қытай бірлескен Сутегі технологиялары орталығын іске қосты
📌33,7 млрд кВт·сағ: І тоқсанда Қазақстанда электр энергиясын өндіру профициті қамтамасыз етілді
📌Мәжілісте елішілік құндылықты дамыту мәселелері талқыланды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Дайджест недели 6-12 апреля
📌Расширение 11 электростанций: в каких городах модернизируют ТЭЦ в рамках нацпроекта?
📌Справедливый энергопереход: Казахстан задает вектор инвестиционного развития Центральной Азии
📌Нефть, Siemens и водород: Казахстан и Германия укрепляют энергетическое партнерство
📌В Мажилисе рассмотрели повышение доли казахстанского содержания в крупных нефтегазовых проектах
📌9 марафонских дистанций: в Казахстане обновят 377 км теплосетей
📌Казахстан и Польша: Санжар Жаркешов обсудил с главой PAIH инвестиции в энергетику и углехимию
📌Новый этап партнерства: Казахстан и Южная Корея расширяют сотрудничество в энергетической сфере
📌От науки к производству: Казахстан и Китай запустили совместный Центр водородных технологий
📌33,7 млрд кВт·ч: в I квартале в Казахстане обеспечен профицит производства электроэнергии
📌Развитие внутристрановой ценности обсудили в Мажилисе
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың Ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтауы!

🔬Құрметті ғылым саласының қызметкерлері!
Сіздерді Ғылым қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ғылым – қашанда прогрестің қозғаушы күші, инновациялық дамудың негізі және тұрақты болашақтың басты кепілі. Бүгінде жаһандық сын-қатерлер мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында ғылыми жетістіктер энергетика саласын жаңғыртуға кең мүмкіндік беріп отыр.

🔺Отандық ғалымдар Қазақстан энергетикасының дамуына зор үлес қосып келеді. Дәстүрлі салалармен қатар, сутек энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері және саланы цифрландыру сияқты перспективалы бағыттарда да нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіз еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға қызмет етуде.

🔺Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз және ғылымға деген адалдықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Баршаңызға шабыт, ғылыми табыстар мен жаңа жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43
🔷Алғашқы 170 мегаватт: Қызылорданың жаңа газ электр станциясы тәулік бойы энергия өндіре бастады

▪️Қызылордадағы қуаттылығы 240 МВт және жылу энергиясын өндіру көлемі 277 Гкал болатын жаңа бу-газ қондырғысында (БГҚ) іске қосу-реттеу жұмыстарының белсенді кезеңі жүріп жатыр.

▪️Түркиялық «Aksa Energy» компаниясының тікелей жеке инвестициялары есебінен іске асырылып жатқан жоба аймақтың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін толық өтеуге бағытталған.

▪️Қазіргі уақытта екі газ турбиналы қондырғы тәулік бойы жұмыс істеп, біртұтас энергия жүйесіне 170 МВт қуат беріп отыр және еліміздің оңтүстік аймағы үшін қосымша генерацияны қамтамасыз етуде.

▪️Жақын арада тағы бір бу турбинасын пайдалануға беру жоспарланған, бұл станцияны жобалық көрсеткіштерге шығаруға мүмкіндік береді.

▪️Қызылорда БГҚ-сын іске асыру – Энергетика министрлігінің Қазақстанның энергетикалық негізін жаңарту жөніндегі ауқымды жоспарының бір бөлігі. Ағымдағы жылы республикада дәстүрлі және жаңартылатын энергияның рекордтық 2,64 ГВт қуатын пайдалануға беру жоспарланып отыр.

▪️Жылдық жоспарға төрт бу-газ қондырғысын, екі жел және төрт күн электр станциясын іске қосу, сондай-ақ екі нысанның қуаттылығын кеңейту жұмыстары енгізілген.

🔺Жаңа энергия нысандары жылына шамамен 16 млрд кВт*сағ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Бұл шаралар 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығын толық жоюға, ал 2029 жылға қарай қуаттардың тұрақты профицитін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔷Первые 170 мегаватт: Новая газовая ТЭЦ Кызылорды начала круглосуточно вырабатывать электроэнергию

▪️На новой парогазовой установке (ПГУ) в Кызылорде мощностью 240 МВт с выработкой 277 Гкал тепловой энергии идет этап активных пусконаладочных работ.

▪️Проект, реализуемый за счет прямых частных инвестиций турецкой компании Aksa Energy, нацелен на полное закрытие потребностей региона в электро- и теплоснабжении.

▪️На текущий момент две газотурбинные установки работают в круглосуточном режиме, выдавая 170 МВт мощности в единую энергосистему и обеспечивая дополнительную генерацию для южной зоны страны.

▪️В ближайшее время планируется ввод в эксплуатацию еще паровой турбины, что позволит вывести станцию на проектные показатели.

▪️Реализация Кызылординской ПГУ является частью масштабного плана Министерства энергетики по обновлению энергетического каркаса Казахстана. В текущем году в республике запланирован ввод в эксплуатацию рекордных 2,64 ГВт мощностей традиционной и возобновляемой энергии.

▪️В годовой план включены запуск четырех парогазовых установок, двух ветровых и четырех солнечных электростанций, а также расширение мощностей на двух объектах.

🔺Ожидается, что новые энергообъекты будут производить порядка 16 млрд кВт*ч электроэнергии в год. Данные меры позволят полностью ликвидировать энергодефицит в стране уже к концу первого квартала 2027 года, а к 2029 году обеспечить устойчивый профицит мощностей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
⚜️Қазақстанда кадрларды даярлау ЖЭО-ны жаңғырту және цифрлық желілерді дамытудың нақты міндеттеріне бейімделеді

▪️Алматы — Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында Энергетика жөніндегі индустриялық кеңестің екінші отырысы өтті. Кездесу Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға және «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасын талқылауға арналды.
ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың төрағалығымен өткен отырысқа бейінді министрлік басшылығы, ірі энергетикалық холдингтердің топ-менеджменті және еліміздің жетекші ғалымдары қатысты.

▪️Қабылданған жоба еліміздегі көмір генерациясын дамытудың алдағы бес жылдық кезеңін қамтиды. Ол көмір генерациясын дамытудың таза технологияларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ саланың бейінді мамандарын даярлау сапасына серпін беруге бағытталған. Цифрлық инфрақұрылым мен есептеу қуаттарының жедел өсуі энергетика саласынан тек көлемді арттыруды ғана емес, сонымен қатар терең технологиялық трансформацияны талап етеді.

▪️Вице-министр АЭжБУ-дың техникалық базасымен танысты. Делегацияға автоматтандыру және зияткерлік жүйелер саласындағы зертханалық әзірлемелер ұсынылды, олар импортты алмастыруға және ұлттық желілердің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған. Технологиялық блок аясында сарапшылар саланы 2030 жылға дейін дамыту стратегиясын талқылады: «таза көмір» технологиялары - шығарындыларды азайту мақсатында, жасанды интеллект - энергетикадағы предиктивті талдау үшін және Smart Power Grid - желілерді басқарудың цифрлық жүйелері.

▪️Ұлттық жобаны іске асыру аясында адами капиталды дамытуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар атап өткендей: ЖЭО-ларды технологиялық жаңғыртудың табыстылығы мен экологиялық стандарттарды енгізу тікелей персоналдың біліктілігіне байланысты. Ұлттық жоба жаңа буын инженерлерін оқытуды ғана емес, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кадрларды ауқымды қайта даярлауды да қарастырады.

▪️Бұл икемді білім беру бағдарламалары мен құзыреттілік орталықтарын құруды көздейді, онда практик-мамандар цифрлық сервистермен және заманауи декарбонизация жүйелерімен жұмыс істеуді меңгере алады. Осы стратегияны және ғылым мен индустрия арасындағы синергияның маңыздылығын талқылауға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты: АЭжБУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ, Satbayev University және Toraighyrov University.
Кеңес жұмысы Ұлттық жобаның міндеттерін білім беру және ғылыми орта ресурстарымен үндестіруге мүмкіндік берді. Кездесудің негізгі нәтижесі — ЖЭО-ларды технологиялық жаңғырту және цифрлық желілерді дамытудың нақты сұраныстарына сәйкес кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесін құру туралы уағдаластық болды.

✔️Энергетика министрлігінің, салалық холдингтер мен жоғары оқу орындары қоғамдастығының өзара іс-қимылы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және 2030 жылға дейінгі Стратегияны табысты іске асырудың негізіне айналады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️В Казахстане начнут готовить кадры под конкретные задачи модернизации ТЭЦ и цифровых сетей

▪️АЛМАТЫ - На базе Алматинского университета энергетики и связи им. Г. Даукеева состоялось второе заседание Индустриального совета по энергетике. Встреча была посвящена практической реализации поручений Главы государства и обсуждению утвержденного Национального проекта «Развитие угольной генерации».

▪️Заседание под председательством Вице-министра энергетики Сунгата Есимханова объединило руководство профильного министерства, топ-менеджмент крупнейших энергетических холдингов и ведущих ученых страны.
Принятый проект охватывает предстоящий пятилетний период развития угольной генерации в стране. Он направлен на обеспечение чистых технологий развития угольной генерации, а также на придание импульса качеству подготовки профильных специалистов отрасли. Ускоренный рост цифровой инфраструктуры и вычислительных мощностей требует от энергетической отрасли не просто наращивания объемов, но и глубокой технологической трансформации.

▪️Вице-министр ознакомился с технической базой АУЭС. Делегации были представлены разработки лабораторий в области автоматизации и интеллектуальных систем, нацеленные на импортозамещение и повышение энергоэффективности национальных сетей. В рамках технологического блока эксперты обсудили Стратегию развития отрасли до 2030 года: технологии «чистого угля» для минимизации выбросов, искусственный интеллект для предиктивной аналитики в энергетике и Smart Power Grid - цифровые системы управления сетями.

▪️Особое внимание в рамках реализации Нацпроекта уделено развитию человеческого капитала. Участники подчеркнули: успех технологической модернизации ТЭЦ и внедрение экологических стандартов напрямую зависят от квалификации персонала.

▪️Национальный проект предусматривает не только обучение инженеров нового поколения, но и масштабную переподготовку действующих кадров.
Это предполагает создание гибких образовательных программ и центров компетенций, где специалисты-практики смогут освоить работу с цифровыми сервисами и современными системами декарбонизации. В обсуждении этой стратегии и важности синергии между наукой и индустрией приняли участие представители ведущих вузов страны: АУЭС, КазНУ им. аль-Фараби, КарТУ им. Абылкаса Сагинова, Satbayev University и Toraighyrov University.
Работа Совета позволила синхронизировать задачи Национального проекта с ресурсами образовательной и научной среды. Основным результатом встречи стала договоренность о создании системы подготовки и переподготовки кадров под конкретные запросы технологической модернизации ТЭЦ и развития цифровых сетей.
Взаимодействие

▪️Министерства энергетики, отраслевых холдингов и вузовского сообщества станет фундаментом для обеспечения энергетической безопасности страны и успешной реализации Стратегии до 2030 года.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🔷Қазақстан Қарашығанақ газ өңдеу зауытын салу жұмысын жеделдетуде

▪️Астанада Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың төрағалығымен Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысы мәселелері бойынша кеңес өтті. Талқылауға «Самұрық-Қазына» қорының, «QazaqGaz», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компанияларының, «ҚМГ Қарашығанақтың» басшылығы және акционерлер қатысты.

▪️Энергетика министрі қуаттылығы жылына 5 млрд м³ дейін газ өңдейтін Қарашығанақ ГӨЗ-ін салу Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы және Газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарының негізгі элементі екенін атап өтті. Жобаның басты мақсаты — ішкі нарықтың тауарлық газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін өтеу және тарихи тұрғыда Орынбор ГӨЗ-іне тәуелді өңдеу қуаттарын әртараптандыру арқылы импортқа тәуелділікті төмендету.

▪️Кездесу барысында Ерлан Ақкенженов жобаның іске асырылу барысы туралы есептерді тыңдады: қазіргі уақытта жобаның экономикалық тиімділігі расталды және Қытайдың «CITIC Construction» корпорациясымен ынтымақтастықтың базалық принциптері туралы келісімге қол қойылды. FEED (базалық жобалау) кезеңіне дайындық жүріп жатыр, сондай-ақ жер учаскесі, инфрақұрылым және шикізат базасымен қамтамасыз ету мәселелері пысықталуда.

▪️Стратегиялық жобаның бірыңғай операторы болып «QazaqGaz» ұлттық компаниясы белгіленді. Бұл шешім практикалық іске асыру сатысына жедел өту қажеттілігінен және компанияның ірі газ активтерін басқарудағы ұзақ мерзімді бейінді тәжірибесіне байланысты қабылданды.
Қатысушылар Қарашығанақ жобасының шетелдік акционерлерімен келіссөздер барысына ерекше назар аударды. Министр шикі газды кепілді жеткізу, баға белгілеу (ішкі нарықтың рентабельділігін қамтамасыз ету үшін әділ босату бағасын қалыптастыру) және зауытты кен орнының қолданыстағы инфрақұрылымымен интеграциялау (brownfield) мәселелерін тезірек реттеу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар кеңес барысында газды кәдеге жаратқаны үшін төлем механизмін (Evacuation fee) әділ реттеу мәселесі көтерілді.

▪️Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов келіссөздердің созылуы жобаның белсенді құрылыс кезеңіне өтуіне кедергі келтіріп отырғанын айтты.
«Қазақстан үшін бұл зауыттың маңызы зор, сондықтан жобаның басталу мерзімін шексіз кейінге қалдыруға жол берілмейді. Мемлекетке нәтиже керек. Жоба қарқынды түрде және біздің ұлттық экономикалық мүдделерімізге толық сәйкес іске асырылуы тиіс. Консорциумнан сындарлы және жедел ұстаным күтеміз», — деп қадап айтты Ерлан Ақкенженов.

✔️Кеңес қорытындысы бойынша Министр мемлекеттің ұстанымы өзгермейтінін: жоба ұлттық мүдделер үшін барынша тиімді жүзеге асырылуы керек екенін, ал барлық қатысушылармен ортақ мәмілеге келу — жақын болашақтағы басым міндет екенін жеткізді. Тапсырмалардың орындалуы мен жобаның іске асырылу барысы ерекше бақылауға алынды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍51